https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 21 22 23 24 25

1. Кузнецов В. И., Идлис Г. М., Гутина В. Н. Естествознание. М., 1996. 384А.

2. Кедров Б. М. Предмет и взаимосвязь естественных наук. М.: Наука, 1967. 436А.

3. Карпенков С. X. Основные концепции естествознания. М., 1998.208А.

4. Горелов А. А. Концепции современого естествознания. М., 1998. 208А.

5. Данилова В.С., Кожевников Н. Н. Основные концепции современного естествознания М.: Аспект Пресс, 2001.

6. Идлис Г. М. Революции в астрономии, физике космологии. М.: Наука, 1985. 232А.

7. Моисеев Н.Н. Современный антропогенез и ци-вилизационные разломы. Эколого-политологический анализ // Вопр. Философии. 1995. N1.

236

Қосымша әдебиеттер

1. Ровинский Р. Е. Развивающаяся Вселенная. М.,

1995.

2. Концепции современого естествознания./ Под ред. В. Н. Лавриенко и В. П. Ратникова. М.: ЮНИТА ДАНА, 1999. ЗОЗс.

3. Крестов Г. А., Березин Б. Д. Оновные понятия современной химии. М., 1986.

4.Ровкин В. И. Естествознание для гуманитариев.

Омск, 1993.

5. Глобальная экологическая проблема. М., 1988.

6. Моисеевв Н. Н. Человек и биосфера, 1985.

7. Гиренок Ф. И. Экология, цивилизация, ноосфе-

ра. М.1987.

8. Гумилев Л. Н. Этногенез и биосфера Земли. М.,

1994.

9. Воронцов Н. Н. Теория эволюции. М., 1999.

10. Капица С. П., Курдюмов С. П., Малинецкий Г. Г. Синергетика и прогнозы будущего. М., 1997.

11. Опарин А. И. Жизнь как форма движения материи. М., 1963.

12. Торосян А. Ц. Основная функция живого и ее

эволюция. М., 1994.

13. Бялко А. В. Наша планета — Земля. М., 1983.

14. Еремеева А. И. Астрономическая картина мира и ее творцы. М., 1984.

15. Баешов А., Дөрібаев Ж.Е., Шакиров Б.С. және тағы басқалар. Экология негіздері. Түркістан, 2000.

16. Чижевский А.Л. Космический пульс земли. М.: Мысль, 1976.


237

ҚОРЫТЫНДЫ

Оқулықтың негізгі алға қойып отырған мақсаты студенттерді "Қазіргі заманғы жаратылыстану концепциялары" пәнінің негізгі мазмұнымен таныстыру арқылы олардың өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру. Біз Әлемнің даму заңдарын ғылымның казіргі даму сатысы тұрғысынан, оның қазіргі методологиясы мен негізгі зерттеу принциптері деңгейінен көрсетуге тырыстық.

Табиғаттың барлық құбылыстарының жалпылама байланыстары, олардың бір-біріне ауысуы мен даму принциптері туралы біздің танып білуіміз күннен-күнге толығу үстінде. Бұл процестердің ең алғашқыда бастамасы болды да, адамзаттың тіршілігі бар кезде оның соңы болмайды.

Жалпы танып білу кезінде әрбір ғылым табиғаттың өзі зерттеген заңдылықтары туралы өзінің шеңберінде тек бірыңғай ғана түсінік бере алады, ал бізді қоршаған әлем туралы шыншыл да жүйелі көзқарас барлық ғылымдардың жетістіктерін біріктіргенде ғана қалыптасады.

Бізге белгілі Табиғаттың ең жоғарғы керемет жетістігі — Жер бетінде адамзаттың пайда болуы. Бұл оның әзірше тек бір ғана өзін түсінетін, өткен тарихын білетін және болашақты ойлайтын саналы мүшесі. Бұл жағдай адамға Жер бетіндегі тіршілікті өте аялап сақтауды міндеттейді. Табиғат адамға сана-сезімділікті беріп, одан өзінің болашақ тағдырына жауапты болуды, Жер бетіндегі барлық тірі мен елі табиғаттың арасындағы қарым- қатынастарға жауапты болуды талап етеді. Ал казір биосферамыздың сақталуында адамзаттың болашағы үшін әрбір өмір

238

сүрушіден өз үлесін қосуды және жауапкершілікті талап ететін уақыт келді.

Табиғаттың заңдылықтарын ашу арқылы оны адамзат игілігіне тиімді түрде пайдалану, қоршаған орта, жер-су тазалығын сақтау, оларға зиянды заттардың қосылуына жол бермеу - көкірегі ашық, көңілі ояу әрбір азаматтың парызы.

Жеке тұлғаның дамуына бағытталған ұсыныстар білім беру жүйесінің негіздеріне қаланған. Себебі, творчестволық ой-ойлау адамның тез өзгеріс жағдайындағы әлемге тез қалыптасуын жақсартады (оңайлатады). Творчестволық мүмкіншіліктердің психологиялық бастапқыларына жататын қасиеттер: біртұтастық көзқарас, тұлғаның ішкі бас бостандығы, оның әлеуметтік жауапкершілігі, басқа көзқарастарға шыдамдылығы, информациялық мәдениеті, өзін-езі дамытуға, өзін-өзі маңыздылауға жөне білімін үздіксіз толықтыруға ұмтылысы.


Жаратылысты-ғылыми мен гуманитарлы пәндерді саналы түрде сөйкестіре отырып пәнаралық білім беру жүйесі осы қасиеттерді дамытуға бағытталған. Бұл пәндер адам миының әртүрлі бөліктерін "жұмыс" істеуге итермелейді, "екіжартышарлы" ойлаудың қалыптасуына әсер етеді. Іргелі және гуманитарлы білім негіздерімен таныстыру арқылы жоғары білімді мамандар дайындау жас мамандардың "майда-шүйделерге" деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады. Осы кейде түсініксіз "майда-шүйделер" арқылы әлемге жаңа идеялар келеді. Тұлғаға өзінің әлемдегі орнын сезінуіне көмектесетін, жауапкершілігі мен шыдамдылығын қалыптастыратын өзіндік рефлексиясын дамыту өте қажетті.

239

СЫНАҚ СҰРАҚТАРЫ

1. Жаратылыстанудың негізгі даму кезеңдері бойынша

1. Жаратылыстану ғылымының қазіргі заманғы әлем танымындағы маңызы.

2. Жаратылыстанудың даму тарихын ғылыми парадигмалардың ауысуы деп қарастыруға бола ма?

3. Әлемнің геоцентрлік үлгісін бірінші рет ұсынған ерте заманғы грек данышпаны.

4. "Бастама" (Начала) деген үлкен еңбек жазған ұлы грек ғалымы.

5. Екінші ғылыми-техникалық төңкерістің жетістігі неде?

6. Әлемнің гелиоцентрлік үлгісін (бейнесін) бірінші рет ұсынған ғалым.

7. Ғылым тарихы бойынша адамзат Табиғатты тануда неше сатыдан өтті?

8. Жаратылыстану жүйесіндегі негізгі (фундаментальды) ғылым.

9. Материяның атомдық құрылысы туралы ұғымды бірінші рет ұсынған ғалым.

10. Демокрит, Аристотель, Эпикур, Эмпедокл қандай ғылым саласында жұмыс істеді?

11. Араб ғылымының жаратылыстанудағы үлесі.

12. Механиканың негізгі зандарын және денелердің еркін құлау заңын кім, қашан ашты?

13. Денелер қозғалуының себептері.

14. Н. Коперник пен И. Кеплер қандай ғылыми жаңалықтар ашты?

15. Ньютон механикасы қандай заңдарға сүйінеді?

240

16. Электромагниттік өріс теориясын жасаған ғалым?


17. Күн жүйесіндегі планеталардың қозғалу заңдарын ашқан ғалым.

18. Бүкілөлемдік тартылыс заңын ашқан ғалым?

19. Салыстырмалы теориясының негізгі концепциялары.

20. Жарық жылдамдығының фундаментальдық сипаттары.

21. Кеңістік-уақыт континуумының бірлігі.

22. Эйнштейн "парадоксы".

23. Салмақ пен энергияның өз ара байланысы.

24. Кеңістік пен уақытқа гравитацияның әсері.

25. Кванттық механиканың негізгі концепциялары.

26. Магниттік және электромагниттік әрекеттесулер қалай бақыланады, олардың табиғаты қандай?

2. Физика концепциялары бойынша

І.Физика ғылымында эрекеттесулердің қандай түрлері қарастырылады?

2. Фундаментальдық константалар дегеніміз не, олардың физика мен Ғаламның үлгілеріндегі атқаратын маңызы.

З.Заттың құрылысы туралы Демокриттен бастап Томсонға, Резерфордқа және Борға дейін қандай гипотезалар болды.

4. “Корпускулярлытолқынды дуализм" дегеніміз не?

5. XX ғ. басында микроәлемді зерттей бастағанда физиктер қандай қиындықтарда тап болды?

б.Қандай элементарлы бөлшектер тұрақты?

7.Адрондар мен лептондардың айырмашылығы.

8.Физикалық вакуум дегеніміз не?

9.Кеңістік пен уақыттың өз ара өзгерісін қандай теория түсіндіреді?

10. Қазіргі заманғы физика тұрғысынан атом құрылысы қандай?

11. Қазіргі заманғы физикада элементарлы бөлшектер туралы түсінікке қандай мағына беріледі? Элементарлық бөлшектердің қасиеттерін айтыңыз.

241

12. Фундаментальдық әрекеттесудің негізгі түрлеріш келтіріңіз және оларға түсінік беріңіз.

13. Аннигиляция реакциясы дегеніміз не?

14. Луи де Бройль болжамы.

15. Паулидің тыйым салу принципін түсіндіріңіз.

16. Әлемнің кез келген затын құрайтын бөлшектердің спины қандай?

17. Күшті және әлсі ядролық әрекеттесулер қалай байқалады.


18. Өрістің бірігу теориясы: маңызы және даму жолдары.

19. Үшінші ғаламдық жаратылыстығылыми төңкерістің мағынасы.

20. Галилей, Максвелл, Ньютон, Фарадей, Эйнштейн өмірбаянына қысқаша шолу.

3. Астрономия концепциялары бойынша

1. Космология мен астрономияның негізгі зерттеу объектілері.

2. Күн эволюциясының даму бағыты және әр түрлі жұлдыздар.

3. Нейтрондық жұлдыздар, пульсарлар, "қара шұңқырлар", олардың пайда болу жағдайлары.

4. Пульсарлар қай уақытта ашылды? Пульсарлар сәулеленуінің тербелісі мен периоды.

5. Астрофизиканың зерттеу бағыттары.

6. "Ақ карликтер" қандай жұлдыздар? 8. Күн жүйесінің пайда болуы?

7. Антропты принциптің мағынасын түсіндіріңіз.

8. Сингулярлы нүкте дегеніміз не?

9. Протожұлдыздар қандай күштердің арқасында пайда болды?

10. Бүкіләлемдік орта (цектр) бар ма?

11. Космологиялық принциптің авторы мен мағынасы.

12. Біздің Күннің нейтрондық жұлдызға, "қара шұңқырға" айналуы мүмкін бе?

242

13. "Үлкен қопарылыс" дегеніміз не, ол қашан болды?

14. Неліктен галактикалар бір бірінен алыстауда?

15. Доплер құбылысын түсіндіріңіз.

16. Біздің галактикамыз қалай аталады және оған ең жақын галактикаларды атаңыз?

17. Ғаламымыздың кеңеюі қай теорияда түсіндіріледі және ол қандай өлшемдермен дәлелденеді?

18. Жер бетіндігі климаттың тұрақтылығына қандай газ жауапты?

19. "Көіпеткі эффектісі" (парник эффектісі) қалай пайда болуда?

20. Атмосфераны құрайтын газдар құрамы.

21. Жер сілкіністерінің себептері.

22. Әлемнің жаңа бейнесі (үлгісі) қашан жасалынады?

4. Синергетика концепциялары бойыпша

1. "Синергея", "синергизм" деген ұғымдарға түсінік беріңіз.

2. Ашық жүйе дегеніміз не?

3. Жүйенің өзін-өзі ұйымдастыруының негізгі жағдайлары.


4. "Ерекше аттрактор", "бифуркация" атты терминдерді түсіндіріңіз.

5. Фрактальдық құбылыстар.

6. Жүйелердің өзін-өзі ұйымдастыруының басталу сипаттамалары.

7. Жердің өзін-озі ұйымдастыруы қалай жүреді?

8. Биоәлеуметтік құбылыстардың табиғаты.

9. Бәсеке жағдайындағы әлеуметтік жүйенің өмір сүру жағдайлары.

10. Экономикадағы дағдарыстарды және оларды болдырмауды өзін-өзі ұйымдастыру тұрғысынан қарастыру.

11. Бенар ұяшығындағы, турбуленттіктегі, лазер генерациясындағы өзін-өзі ұйымдастыру механизмдері.

243

6. Химия концепциялары бойынша

1. Физикалық және химиялық процестердің бір-бірінен айырмашылықтары.

2. Атомды-молекулалық ілімнің негізін салған қандай ғалымдарды білесіз?

3. Химия ғылым ретінде қай ғасырларда қалыптасты?

4. Химияның негізгі мәселесінің әр түрлі шешілу әдістерінің бір-бірімен ретті түрде келуі не себеппен байланысты?

5. Заттың қасиетін көрсететін төрт негізгі факторды келтіріңіз.

6. Заттардың химиялық құрылымы теориясын кім және қашан ұсынды?

7. Флогистон теориясының мағынасы қандай?

8. Зат қүрамының түрақтылығы заңын кім ашты?

9. Ферменттердің тірі организмдер зертханасындағы ролі.

10. Пастердің идеясының мазмұны.

11. Тірі организмдердің негізін қалайтын қандай алты элементті білесіз?

12. Плазмохимия технологиясының артықшылықтарын айтыңыз.

13. Биокатализаторларды иммобилизациялау процесінің мағынасы.

14. Барлық химиялық заттардың қандай бөлігін (пайызын) неорганикалық заттар құрайды?

15. Катализдік жүйелердің өздігінен дамуының мағынасы неде?

16. Стационарлы емес химиялық кинетика нені зерттейді?

17. Ле-Шателье принципінің мағынасы.

18. Д. И. Менделеев химиялық элементтердің периодты жүйесін жасағанда қандай принципті қолданды?


19. Химиялық элементтердің қасиеттерінің периодты түрде өзгеруі қандай себепке байланысты?

20. "Изотоптар" мен "изомерлер" деген ұғымдарға түсінік беріңіз.

244

21. Эволюциялық химияның ақандай мүмкіншіліктері бар?

7. Биология концепциялары бойынша

1. Биологияның негізгі міндеттері.

2. Қазіргі заманғы биологияның негізгі сипаттамалары.

3. Тірілердің қүрылымдық деңгейін келтіріңіз (клеткалық деңгейден есті жануарларға дейін).

4. А. И. Опарин гипотезасының күшті және әлсіз жақтары.


  1. Белок биосинтезін генетикалық код қалай бас

  2. қарып отырады?

6. Нуклеин қышқылдарының генетикалық маңызы.

7. В. И. Вернадскийдің "тірі заттар" деген ілімінің ; мазмұны.

8. Эволюцияның синтетикалық теориясының мазмұны.

9. "Экология мен адамның денсаулығы" мәселесі.

10. Экологиялық зиянды шаралардың инерциальдығын қалай түсінесіз?

11. Әлемдік мұхиттің энергиясын қолдану мүмкіншіліктері қандай?

12. Генобиоз және голобиоз гипотезалары. Олардың мағынасы мен айырмашылығы.

13. Ноосфера ұғымына түсінік беріңіз.

14. Жердің сыртқы қабытының құрылысы қаңдай?

15. Жер бетіндегі цивилизациядан басқа тіршілік иелерінің бар немесе жоқ екені туралы қандай дөйлелдер (аргументтер) айта аласыз?

16. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз?

17. Макроэволюция дегеніміз не?

18. Ген дегеніміз не? Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары қалай тұжырымдалады?

19. Фенотиптің генотиптен айырмашылығы қандай?

20. Дарвиннің эволюциялық теориясының непзп факторларын айтыңыз?

245

21.1962 ж. биолошя ғылымында Нобель сыйлығын алған қандай ғалымдарды білесіз?

22. Адам эволюциясының болашағы.

23. Антропогенездің негізгі кезендері.


24. Гендік инженерияның қандай соңғы жетістіктерін білесіз?

25. Адам миының жарты шарларының функциональды ассиметриялығына түсінік беріңіз.

8. Букіләлемдік білім алмасу концепциялары бойынша

1. Ұлттық ғылыми академиялар қалай құрылады және олардың қоғам өміріндегі ролі.

2. Қандай халықаралық ғылыми қоғамдастықтарды білесіз?

3. Нобельдік сыйлық туралы не білесіз?

4. ЮНЕСКОның халықаралық қарым-қатынастағы атқаратын қызметі.

5. Халықаралық Ғылыми Одақтардың Кеңесі қандай сұрақтармен айналысады?

6. Ғаламдық мәселелермен айналысатын қандай мекемелерді білесіз?

7. Әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы ғылым жетістіктерімен алмасу қалай жүзеге асырылады.

8. Халықаралық ғылыми алмасуды қолдайтын қандай қорларды білесіз?

9. Қазіргі уақытта ғылыми алмасудың қандай түрлерін білесіз?

10. Ғылымның өлемдік деңгейін қалай анықтай-ды?

11. Халықаралық келісімдер түрлері.

246

СӨЗДІК

А

Адамзат - человечество

Аймақ - зона, территория, ареал, регион

Ағза - организм

Ақуыз - белок

Ақпарат - информация

Аспан - небо

Аспап - прибор

Апат - катастрофа

Ә

Әлем - мир, Вселенная

Әдіс - способ, метод

Әдістеме - методология

Әлсіз әрекетгесу - слабое взаимодействие

Әмбабап - универсальный

Б

Бағдарлама - программа



<< предыдущая страница   следующая страница >>