https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 19 20 21 22 23 24 25

8.3. Ғылыми алмасуды ынталандыру

Әрбір елдердегі ғылыми зерттеулер деңгейлерінің әлемдік деңгейге деген объективті ұмтылысы ұлттық академиялық қоғамдастықтардың халықаралық ғылыми қоғамдастықтардың құрамына кіріп бірігуіне әкеледі. Бұл бірігудің (интеграцияның) негізіне келесі себептер жатады:

• тек қана ғылым жетістіктерімен ғана емес, сондай-ақ олардың әдістемесімен (методологиясымен) алмасу;

216

• ғалымдардың жеке қарым-қатынасы мен академиялық алмасу, басқаша айтсақ, ғалымдардың зерттеулермен танысу үшін шет елдерге баруы;

• адамзаттың негізгі моселелерін шешуге бағытталған әртүрлі мемлекеттердің кездесуіне ықпал жасайтын әлемдегі саяси жағдай.

Ғылыми алмасудың тиімділігі әр түрлі себептерге байланысты келеді. Бірінші ретте, бүл ғылыми зерттеулердің нәтижелерін кең түрде басылымдарда жариялау. Екінші ретте, осы басылымдардың иелері немесе олардың ғылыми мектептері бүкіл әлемнің ғылыми жүртшылығына әйгілі болады. Егер де осы ғылыми нәтижелер әлемдік ғылымның деңгейіне сәйкес келсе, ол жағдайда олар (авторлар) ғылыми конгресстер, симпозиумдар, конференциялар жұмысына қатысуға шақырылады.

Қазіргі кезде осындай ғылыми алмасуларды қолдаушы көптеген мемлекеттік емес ғылыми мекемелер, қорлар бар: "академилық алмасудың немістік қызметі" (DААD) (Германия), Дж. Фулбрайт қоры (США), ТМД ғалымдарының араласып тығыз жұмыс істеулеріне көмектесетін халықаралық қауымдастық - INTAS және т.б.

Қазіргі заманғы халықаралық ғылыми алмасу негіздері:

1. Басылымдар мен бейнеақпараттарды (видеоин-формацияларды) беру.

2. Ғылыми жиналыстар мен көрмелер өткізу.

3. Мамандарды дайындау мен мамандар алмасу.

4. Консалтинг.

5. Біріккен кылыми зерттеу жұмыстары мен технологияларды жасауға қатысу.

6. Өнеркәсіптік қажеттілігі бар өнімдерді тарату.

7. Ғалымдардың бір едден басқа елге ауысуы (трансфер).

8. Жалпы ортақ стандарттар мен эталондарды қабылдау.


9. Жалпыға ортақ ұғымдарды қабылдау. Халықаралық ғылыми білім алмасуды ынталандыру мен жақсарту үшін әртүрлі жұмыстар жүргізіледі:

217

ғалымдарды әртүрлі халықаралық бағдарламаларға, конкурстарға қатысуға шақыру, халықаралық сыйлықтарға, медальдарға және атақтарға ұсыну.

Ғалымдар үшін ең жоғары жетістік болып халықаралық Нобелдік сыйлықтың лауреаты атану, Бұл сыйлық 1901 ж. бері Швециядағы Нобельдік комитеттің шешімімен ғалымдарға физика, химия, медицина, физиология, экономика ғылымдарындағы ең жоғары жетістіктері үшін, әдебиеттегі шығармалары үшін, сондай-ақ әлемдегі бейбітшілікті тұрақтандыру бағытындағы еңбектері үшін беріледі. Ғалымдардың бұл жоғары сыйлығы XX ғ.-дың басында 30 миллиондық кроннан тұратын қорды ашқан швед кәсіпкері, ин-женер-химик, динамитті жасаған Альфред Бернхард Нобельдің қүрметіне аталған. Нобелдік комитетпен басқарылатын финанстық мемлекеттік емес бұл қор қазіргі кезде әлемдегі барлық ғалымдардың жетістіктерін сараптап қана қоймай, Швецияның Королдік банкісімен бірге әр түрлі қаржылық операцияларға қатысады. Осының нәтижесінде қордың мөлшері үлкейді және қазіргі уақытта Нобелдің аманаты бойынша берілетін сыйлықтың көлемі шамамен 1 миллион АҚШ долларын құрайды.

Нобелдік сыйлықтың лауреаты болу - бұл лауреаттың адамзат мәдениетіне енгізген жетістігінің жалпы бағаланғанын білдіреді. Өткен ғасыр бойы жасалған осы сыйлық лауреаттарының тізімі бұл ғылымның XX ғасырдағы тарихи дамуын ғана көрсетіп коймай, сонымен бірге бүкіл әлемдік қоғамның ғылыми жетістіктерге деген ризашылықты көзқарасын көрсетеді.

Ғалымдардың халықаралық ғылыми ақпаратпен алмасудағы белсенділігін ынталандыру тұрғысында және ғалымның осы бағыттағы үлкен жетістіктерін атап өту ретінде басқа елдердің ғалымдарын Ұлттық ғылыми академияларының мүшелігіне қабылдау ресімі де қолданылады. Мысалы, голографияның авторы, 1971 ж. физикадан Нобельдік сыйлықтың лауреаты болған венгер физигі Д. Габор (1900-1979) тек Венгер Ғылым Академиясының мүшесі ғана емес, Ловдондық королдік қоғамның және АҚШ


218

Ұлттық ғылыми академиясының да мүшесі болды. Ал, қатты дененің квантты теориясының негізін салған неміс физигі мен химигі Петер Йозев Вильгельм Дебай (1884-1966) 1936 ж. Нобельдік сыйлықтың лауреаты болды, АҚШ Ұлттық Ғылыми Академиясының жөне көптеген шет елдік ұлттық Ғылыми Академиялардың мүшелігіне қабылданды, Лоренц (Нидерланды ҰҒА), Фарадей, Румфорд (Британдық Королдік қоғамның), Планк (Германия ҒА), Франклин, Гиббс, Никольс, Пристли (Америка ҰҒА) медальдарына ұсынылды.

8.4. Халықаралық келісімдер

Әр мемлекеттердің бір мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеулерінің нәтижелерінде халықаралық келісімдер жасалынады.

халықаралық келісім-шарт (договор) - мемлекеттер арасындағы олардың қүқықтары мен міндеттерін аныктайтын жан-жақты немесе екі жақтық келісім;

халықаралық конвенциялар - белгілі бір арнайы сүрақтарды шешуге арналған халықаралық келісім-шарттардың бір түрі;

халықаралық декларациялар - бірлесіп жұмыс істеу ережелері (жоспарлары);

халықаралық жарғылар (уставтар) - халықаралық мекемелердің (организациялардың) жалпы іс-әрекеттерін реттейтін ережелер;

халықаралык кодекстер - білгілі бір сұрақтар (мәселелер) бойынша қарым-катынасты реттейтін зандық актілер.

Халықаралық келісімдер халықаралық құқықтың негізін жасайтын зандық құжаттар болып табылады.

Ғаламдық халықаралық білім алмасудың зандық тұрғыда қабылдануы XIX ғасырдың басында әлемнің көптеген елдерінде қолданылатын жалпыға ортақ әлемдік өлшем мен салмақ жүйелерін анықтаудан басталды. 1872 жылы Халықаралық метрлік комиссия құрылды (қазір Халықаралық

219

өлшем мен салмақ комитеті). Бұл комиссияның негізгі мақсаты физикалық шамаларды өлшеу бірліктерінің халықаралық прототиптерін жасау болды. Осы бағытта бірінші болып ұзындықтың ең негізгі өлшем бірлігі ретінде метрдің прототипі қабылданды.


1875 ж. 17 мемлекеттер арасында халықаралық өлшемдердің біртектілігін қалыптастыратын халықаралық метрлік конвенция қабылданып, платина мен иридидің қоспасынан метрдің прототипінің 31 көшірмесі жасалынды. Олар осы метрлік конвенцияға қол қойған елдерге эталон ретінде таратылып берілді. Эталон - бұл өлшем бірліктерін қайталап жасауға, сақтауға арналған үлгі (өлшеу кезінде — бұл үлгі өлшем немесе өлшеуіш приборлар). Бұл эталондар әр елдің өлшем мен салмақ палаталарында сақталады. 1960 ж. өлшем мен салмақ бойынша 11-ші Генеральдық конференцияда физикалық шамалардың Халықара-лық бірлік жүйесі қабылданды (СИ). Өлшем мен салмақтың Халықаралық бюросы (Севр қаласы, Франция) халықаралық бірлік жүйесінің эталондарын сақтап, осы бағытқа сәйкес зерттеулер жүргізіп отырады. Осы өлшем біртұтастығын қолдап, өлшем мен салмақ мәселелері бойынша халықаралық конференциялар өткізеді. Бұл жұмыстардың маңыздылығын мына мысалмен келтіруге болады. 1999 ж. АҚШ пен Ұлыбританияның 129 млн. долларлық космос :5<5Аі космосқа ұшырылды, бірақ американдык және ағылшындық мильдің әртүрлілігіне байланысты (1852 және 1853,18 м), бұл корабль Марсқа жете алмады.

1946 ж. стандартизациялау бойынша халықаралық мекеме құрылды. Стандарт деп басқа объектілерді салыстыратын үлгілі объектіні айтады. Эталон да стандарт бола алады. Кебінесе стандарт деп зерттеу объектісіне қойылатын шектердің, ережелердің және т. б. кешені болып келетін нормативті-техникалық құжаттарды айтады.

Соңғы уақытта өнеркәсіп өнімдерінің халықаралық классификациясы (жүйеленуі) жүргізіліп, әрбір

220

енімге біртұтас халықаралық код берілді. Бұл классификация өнеркәсіптік меншіктілікті қорғауға арналған Париж конвенциясының бір бөлігіне жатады (1988 ж.). Әлем елдері импорттық және экспор-ттық өнімдердің сапасын тексерген кезде - серти-фикациялағанда осы конвенцияға сүйенеді.

Әлемдік қоғамдастықтардың ішінде жаратылысты-ғылыми пәндерге байланысты қабылданған көптеген келісімдер де бар:


• озовды бұзатын заттарды қолдануға тиым салу протоколы (Монреаль, 1987);

• мұхитқа қалдықтарды шығару мен тастауға тиым салуға арналған Лондон конвенциясы (1972);

• әдебиеттік және көркемдік шығармаларды сақтауға арналған Берндік конвенция (1886);

• биология мен медицина жетістіктеріне байланысты адамның құқығы мен арожданын қорғау конвенциясы (1989) және т. б.

Семинарға арналған сұрақтар

1. Ғылыми мектептер мен Ұлттық Ғылыми академиялар қалай құрылады және қандай мәселелермен айналысады?

2. Қандай халықаралық ғылыми қоғамдастықтарды білесіз?

3. ЮНЕСКО-ның халықаралық қарым-қатынастағы атқаратын қызметі.

4. Халықаралық Ғылыми Одақтардың Кеңесі қандай сұрақтармен айналысады?

5. Ғаламдық мәселелермен айналысатын тағы басқа қандай мекемелерді білесіз?

6. Әлемдік ғылыми қоғамдастықтардағы ғылым жетістіктерімен алмасу.

7. Халықаралық ғылыми алмасуды қолдайтын қандай қорларды білесіз?

8. Қазіргі уақытта ғылыми алмасудың қандай түрлерін білесіз?

9. Халықаралық келісімдер түрлері.

221

Негізгі әдебиеттер

1. Дятилев Ф. М. Концепции современного естествознания. Учебное пособие для вузов. М • ИНФРА-М, 2000.

2. Ахлибинский Б. В., Храленко Н. И. Основные концепции современного естествознания. Учебное пособие. М.: АГРАФ, 1998.

3. Новый иллюстрированный энциклопедический словарь. /Редколлегия: В. И.Бородулин. А. П.Горкин и др. М.: Изд. Болыиая Российская Энциклопедия, 2000.

4. Философия и методология науки. Под ред. В. И. Кузнецова. М.: Аспект Пресс, 1996. 351с.

5. Данилова В. С, Кожевников Н. Н. Основные концепции современного естествознания. Учебное пособие. М.: Аспект Пресс, 2001. 256с.

Қосымша әдебиеттер

1. Горелов А. А. Концепции современного естествознания. Учебное пособие для вузов. М., 1998.


2. Рузавин Г. И. Методология научных исследований. Учебное пособие для вузов. М., 1999.

3. Кедров Б. М. Предмет и взаимосвязь естественных наук. М., 1962.

4. Горохов В. Г., Розин В. М. Введение в философию техники. Учебное пособие для вузов. М., 1998.

5. Ровкин В. И. Естествознание для гуманитариев Омск. 1993,

222

Тоғызыншы бөлім

ӘЛЕМШҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ

ҒЫЛЫМИ-ЖАРАТЫЛЫСТЫҚ БЕЙНЕСІ

ЖӘНЕ ҒЫЛЫМНЫҢ БОЛАШАҒЫ

(философиялық қорытынды)

Глоссарий

Білім - тәжірибемен дәлелденген танымның нәтижелері, ғылыми шешімдер.

Мәдениет