https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 20 21 22 23 24 25

11. Қазір ғылым төртінші - экологиялық шектеуге тап болды. Оның дамуы биосфераның және оның өзінің жойылуына әкеліп соғуы мүмкін. Ғылым мұны істей алады, бірақ табиғатқа тең бағалы өзі өмір сүре алатындай жасанды (синтетикалық) дүние (әлем) құруға қабілеті жоқ. Жеке адамға да, бүкіл адамзатқа да жаңаны жасаудан гөрі бүлдіру әрқашанда оңайырақ.

227

Сонымен ғылым төрт жагынан шектелген. Эмпирикалық, теориялық және заттық шектеулікке этикалық сипаттағы шектеулік қосылды (мысалы, адамды клондау мәселесі). Сондықтан да "этика және ғылым" мәселесі аса маңызды болып, ғылым - бұл жақсылық па, әлде жамандық па? - деген сұрақ туады.

12. Ғылым әлем туралы ақпаратты жасайды, әрине мұның өз мәні болуы керек. Адамдардың өзі тіршіліктің тізбегінде тұр, сондықтан да олар өмір үшін оның алдында да, өздерінің алдында да жауапты. Неғұрлым күрделі нәрсе соғұрлым бүлінгіш келеді, бірақ сонымен қатар өзін-өзі одан әрі қарай жетілдіруге де қабілетті болады. Бұл Жердегі адамдар арқылы жасалынып жатқан жасампаздық үшін жауапкершілікті күшейте түседі.

9.2. Әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық

бейнесі

Ғалымдардың пайымдауы бойынша XXI ғасырда жаңа ақпаратты (информациялық) өмір сүру ортасы мен өмірдің жаңа ақпаратты бейнесі қалыптасады. Ақпаратты қоғамның ең негізгі көріністері бо-лып экономиканың ғаламдануы мен ақпаратты өмір сүру ортасы болып табылады. XXI ғасырдың орта кезінің өзі қазіргі өмірден көп айырмашылыкты болады. Бұл сіздер өмір сүретін ортадан мүлдем басқаша өмір сүру ортасы болады. Болашағымыз біздің оны қазір қалай болжауымызға тікелей байланысты болады.

XX ғасырда ғылыми төңкерістерге әкелген жаратылыстанудың келесі жаңалықтарын бөліп керсетуге болады:

Астрономия: Үлкен жарылыс пен кеңейіп бара жатқан Ғалам моделі (үлгісі).

Физика: санау нүктесінің материядан энергияға қарай және зат тегінен өріске қарай ауытқуы.


Геология: литосфералық тақталар тектоникасы.

228

Салыстырмалық теориясы: кеңістік пен уақыттың салыстырмалылығы.

Квантты механика: корпускулярлық-толқындық дуализм.

Синергетика: өлі табиғаттағы жаңа құрылымдардың қалыптасуы.

Биология: тіршіліктің пайда болуының үлгілері.

Генетика: тіршілікті қайта жаңғырту механизмі.

Экология: тірінің қоршаған ортамен өз ара әрекеттестігі.

Этология: организмдердің мінез құлқының нысандары.

Социобиология: табиғат пен әлеуметтіктің ара қатынасы.

Кибернетика: өлі және тірі табиғаттағы басқару.

Психоанализ: адам психикасындағы санасыздықтың ролі.

Бұл ғылыми төңкерістер әлем дамуының келесі жалпы зандылықтарын тұжырымдауға мүмкіндік берді:

1. Табиғат эволюциясы (Әлемнен бастап кваркке дейін).

2. Өзін-езі үйымдастыру (өлі жүйелерден биосфераға дейін).

3. Өлі табиғат, тірі табиғат және адам байланыстарының (экологияда) жүйелілігі.

4. Табиғи жүйелердің кеңістік пен уақытқа имманенттілігі (салыстырмалық теориясында).

5. Субъект және объектіге бөлінудің салыстырмалылығы (квантты механика мен синергетикада).

Жаратылыстануда жаңа жалпы ғылыми тұжырым-дамалар мен тәсілдер пайда болды: жүйелік (заттарды жүйе ретінде зерттеу), құрылымдық (ұйымдасу дегейлерін зерттеу), ықтималдық (ықтималдық әдістерін қоддану) және тағы с. с.

XX ғасыр мен XXI-дың басындағы ғылыми жетістіктер әлемнің қазіргі заманғы ғылыми-жаратылыстық көрінісінің келесі бейнесін жасауға мүмкіндік береді.

229


Үйымдасу

Кеністік


Ғылым

Эволюция түрі

деңгейі

бөлімі







Әлем

Мегадуние

Космология

Космостық

Галактика

-"-

Астрономия

-"-

Жұлдыздық

-"-




-"-

жүйелер










Планета



Геология

Геологиялық

Биосфера

Макроәлем


Экология

Экологиялық

Қауымдастық

_ "_

Этология

Биологиялық

Популяция

-"-

а

и

Тур

н

-"-

и

Индивид (дара)

_ "_




и

Клетка




Микродуние

Генетика

Молекула

іі

Химия

Химиялық

Атом

и


Физика

Физикалық

Элементарлы

и

-"-

а

бөлшектер










Кварк

-"-




-"-

Адамзаттың ғылыми жетістіктері деңгейінің тым жоғарылауына байланысты қазіргі заманғы ғылымда күрделі жүйелердің маңызы артып келеді. Бұл жүйелердің негізгі шешуші компоненті болып адам тұлғасы танылады.

9.3. Ғылымның дамуындағы қиындықтар мен парадокстар

Жаратылыстанудың неғүрлым дамыған салаларындағы таным құрылымының іргелі (басты) негізі зерттеу затын таддау, абстракты элементарлы объектілерді бөлу және әрі қарай олардан теориялық модель (үлгі) түрінде бірыңғай тұтас қисынды (логикалық) синтез жасау болып табылады. Бірақ, шынайы өмірдің қандай да болсын бір нұсқасы болатын бұл үлгі әрқашанда шындықтық жағдайдан айырмашылықта болуы мүмкін.

Ғылыми қызмет құрылымының басты (негізгі) өзгешелігі ғылымның салыстырмалы түрде бір-бірінен

230

оқшауланған пәндерге (салаларға) бөлінуі болып табылады. Мұның өзінің дұрыс жағы да бар, өйткені ол шындықтың жекелеген бөлімдерін егжей-тегжейлі зерттеуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда олардың арасындағы байланыстар назардан тыс қалады, ал таби-ғатта, қазірде экологияның заңы ретінде ұсынылып отырған белгілі диалектикалық ережемен айтылғандай, "барлығы да бір-бірімен байланысқан". Қоршаған ортаны кешенді біріктіре зерттеудің қажеттілігі туындаған, әсіресе қазіргі жагдайда ғылымдардың быты-раңқылығы үлкен кедергі болып табылады. Табиғат біртұтас. Табиғаттың барлық құбылыстары туралы ғылым да біртұтас болуы керек.


Ғылымның тағы да бір негізгі іргелік (фундаментальдық) белгісі - адамнан қашып абстракциялануға (дерексізденуге) ұмтылып, мейлінше кескінсіз болуы. Ғылымның бір даму кезеңінде дұрыс орын алған бұл ерекшелік, қазір оны шындыққа сәйкессіз және эко-логиялық қиындықтарға жауапсыз етеді, өйткені адам қазіргі болмысты өзгертудің ең қуатты факторы болып отыр. Осы жерде айта кету керек, ғылыми зерттеулер аймағындағы саясат, адам әрекетінің кез келген басқа нысаны тәрізді, әртүрлі жағдайлардың

- өзгеруін жедел сезінуге икемділігі жоқ, ол оны кешеуілдеп сезінеді.

Адам дүниені танып білу арқылы өзгертеді. Сонда да ғылым, адамға өте құнды, сарқылмайтын қор -ақпаратты бере отырып, шындық (объективті) дүниені бейнелеудің жалғыз ғана тәсілі болып табылады. Бұдан әрі, адамның өзгертушілік әрекетінің масштабтарының өсуі "табиғат-қоғам" жүйесін зерттеулердің тео-риялық деңгейін көтеруді, олардың болжаушылық қуатын күшейтуді талап етеді, мұнсыз табиғатты тиімді басқару мүмкін емес. Техникалық деңгей жоғарылаған сайын табиғаттағы берік те маңызды байланыстардың да бұзылуы көбейіп, баламалық (альтер-нативтік) тандау үшін қажетті ғылыми ұсыныстардың маңызы күшейе түседі.

Ғылым дамуының парадокстарына оның бір жағынан, дүние туралы шындық ақпаратты хабарлауы,

231

сонымен бірге оны жоятындығы жатады (мысалы, әр түрлі эксперименттер кезінде) немесе ғьмыми ақпараттың негізінде бірдеме жойылады (мысалы, тіршілік түрлері, қайта жаңғыртылмай-тын қорлар). Бірақ ең бастысы (негізгісі) ғылым адамдарды бақытты ету мен оларға ақиқатты түсіндіру үмітін жоғалтады. Бұл туралы кезінде Л. Н. Толстой да айтқан болатын. Болмысты ғылымның көмегімен танып білуге болмайды, өйткені ғылыми таным — бұл болмыстың өзімен емес, тек белгілі заттармен (объектілермен) істес болатын жеке таным, - деп пайымдайды қазіргі неміс философы

К. Ясперс.

9.4. Эволюциялық процесс ретіндегі ғылым

Ғылым Әлемнің дамуын зерттеп қана қоймайды, өзі де процесс, эволюцияның факторы мен нәтижесі болып табылады. Егер біз ғылымды эволюциялық механизм ретінде қарастыратын болсақ, оның бірте-бірте өзін-өзі ұйымдастыруға аса қабілетті емес, тым күрделі ұйымдасқан жүйе бола беретіндігін көреміз. Ғылымды қайта құру қажеттілігі дүниенің өзгеріп отыруынан туындайды (оның ішінде ғылымның да ықпалымен), сондықтан тірі организм тәрізді, ғылым да бұл өзгерістерді сезініп, жауап қайтаруы керек.


Жаратылыстанудың ішкі тұтастығы мен оның гуманитарлық және техникалық ғылымдармен байланысы берік те икемді болуы керек. Ғылымның құндылығы тек қана жекелеген жетістіктермен емес, оның бірыңғай жүйе ретінде қызмет етуінің икемділігімен анықталуы керек. Биосфераның біртұтастығы сияқты, ғылым да біртұтас болуға тиіс.

Адам эволюциясы туралы мәселені қарастыра отырып, ғылымның ролін анықтауға келеміз, өйткені ғылым ақыл-парасатты жетілдіруге қосқан үлесінің мәнімен ғана емес, сонымен бірге гендік (тектік) инженерияны және т.б. дамытуға қатысуы мағынасында да эволюцияның басты факторы болып отыр. Ғылым Жер эволюциясының Ұлы Құрастырушысы

232

болды, ал адам эволюциясының өзі де ғылымның қалайша және қандай бағытта дамуына тәуелді болып отыр. Ғылым адам эволюциясын жеделдете де, тежей де алады. Қоғамдық және техникалық прогрестің ықпалымен эволюцияның табиғи механизм-дері өз әрекеттерін тоқтатуы мүмкін, ал осындай жаңа факторларға адам эволюциялық тұрғыда бейімделмеген. Ғылым Әлем эволюциясымен әрқашанда үйлесімді болуы керек. Басқа сөзбен айтқан-да, ғылымның дамуын ретке келтіріп отыратын, ғылымның және өмірдің басқа жақтарының арасындағы кері байланыстың контуры пайда болуы керек.

Әлем эволюциясы сингулярлық нүктеден бастап, әлемнің әр алуандығын ұлғайту, оқшау өмір сүрмейтін, жаңа тұтастықтарға - атомдарға, молекулаларға, клеткаларға және т. с. с. бірігіп, өз заңдары бойынша ретті қызмет атқаратын жаңа бөлшектерді жасау жолымен жүрді. Ал екінші жағынан ғылымның әр алуандығын көбейту бірігумен және реттіліктің өсуімен қоса жүруі керек, ал бұл ғылымның біртұтас біріккен, әр алуан үйлесімді жүйе ретінде қалыптасуы деп аталады.

Ғылымның осы бағыттағы даму эволюциясына деген негізгі сенімді осы дүние танып білу процесінің даму барысына қарай жетіледі деген белгілі диалектикалық ереже береді. Адамның қазірде өзін-өзі генетикалық тұрғыдан да, қоршаған ортаны өзгерте отырып та құрастыруға мүмкіндігі бар. Бұл жерде жаңа мүмкіншіліктер мен жаңа жауапкершіліктер туындайды.


Қазіргі ғылымда табиғат пен қоғамның арасындағы функционалдық қарым-қатынастар жүйесінің күрделенуіне байланысты көтерілітін міндетгерге жауабы болып табылатын маңызды процестер байқалуда. Қазіргі заманғы ғылымдарға тән бағыттар ретінде олардың экологиялануын және осы сияқты тағы басқа мысалдарды келтіруге болады. Көп кешікпей ғылым мәдениеттің аса негізгі бөлігі болып, бүкіл мәдениет бір бүтін және биосфераның бөлігі ретіңде, экологиялық мәдениет болып дамиды деп болжауға болады.

233

Осыған байланысты XXI ғасырда күшсіз әрекеттестікті (табиғаттағы және адам қоғамындағы), алыс жерлердегі, әр түрлі процестерді саналы басқаруды зерттеуге қызығушылық күшейе түсуі мүмкін. Ғылымның жалпы мәні оның адамның іргелі (негізгі) проблемаларын шешу барысында қаңдай жетістіктер беретініне байланысты болады: тұтынушылық цивилизациядан орнықты дамудағы цивилизацияға өту; тұраралық күрес жоқ жағдайда эволюцияға апармайтын агрессияшылдыққа бақылау қою; агрессиялық-тұтынушылық орнына сүйіспеншілік-шығармашылық қасиеті бар жеке тұлғаның жаңа құрылымын жасау.

Қоғам мен әрбір жеке адамның алдына болашақ жаңа ғаламдық мәселелер (проблемалар) қоюда. Бұл мәселелер ғылыми әдебиетте XXI ғасыр дабыддары деп аталады. Оларға мыналар жатады:

• өндірістің өнім үнемдейтін жаңа деңгейлеріне кешуін қамтамасыз ететін технологиялық дабылдар;

• планета ресурстары мен адамзат санының келісімді мөлшерін қамтамасыз ететін демографиялық дабылдар;

• жаңа ақпараттық қоғамға көшуге және жаңа ақпараттық өмір сүру ортасына қалыптасуға байланысты ақпараттық дабылдар;

• ғаламдық мәселелерден қоғамдық түсініктің артта қалып қоюына байланысты динамикалық дабылдар;

• фундаментальды ғылымның жетістіктері мен адам-заттың жаңа өмір сүру жағдайларымен байланысты өмірге деген көзқарастық парадигманы өзгертуге байланысты көзқарастық дабылдар.

Бұл дабылдар шешімі адамзат деңгейінде де, жеке адам деңгейінде де ғаламдық мәдениеттің бірігуінде (интеграциясында) жатыр. Міне, сондықтан да бүгінгі уақытта ғылыми-технологиялық түсініктің қоғамдағы сана-сезіммен, мәдениетпен, әлемнің діндік және философиялық танымымен біртұтас болып бірігуінің маңызы өте зор.


Қазіргі заман талабы мен әлемдік қоғамдастықтардың мүмкіншіліктеріне сәйкес келетін әлемдік кон-

234

цептуальды көзқарасты қалыптастыру жалпы әлемдік адамзаттың алдында тұрған күн тәртібіндегі мәселе. Бұндай әлемтанымға әрбір мәдениетті адамның бүкіл біртұтас адамзат пен оның болашақтағы тағдыры үшін оның этикалық жауаптылығын көрсететін планетар-лық гуманизмді келтіреміз.

Планетарлық гуманизмнің негізгі концепциялары "Гуманистік Манифест 2000" атты құжатта келтірілген. Манифестке әлемдік мәдениет пен ғылымның, демократиялық және құқық қорғаушы ұйымдардың алдыңғы қатарлы өкілдері қол қойды. Бұл планетар-лық гуманизмнің негізгі идеясы қазіргі заманғы және болашақтағы қауіпсіз де, жайлы да адамзаттың өмір сүру ортасын қалыптастыруын жариялайды. Осы идеяның іске асуын авторлар "Адам құқығының жалпылама ортақ декларациясының" орындалуымен байлаңыстырады.

Осыған қатысты маңызды мәселелер:

- тұрақты бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

- адамның жан-жақты дамуы, басқаша айтқанда, әлемдік масштабтағы адамдық прогрестің үдеуі;

- ұлттық өкімет қарамағынан босап шығуға ұмтылатын

халықаралық корпорациялардың іс-әрекетіне бақылау қою;

- әлеуметтік әділдік пен халықаралық келісімдердің орындалуын нығайту;

- жеке мемлекеттердің құқықтық жүйелерінен жоғары тұратын халыкаралық құқықтар жүйесін қалыптастыру;

- қазіргі техногендік экологиялық апаттар жағдайында адамзаттың өмір сүру ортасын сақтап қалуда маңызды роль атқаратын "экоэтика" мен "экоморалдық" приоритеттікті бекіту.

Манифестің осы декларацияларын іске асыру жолдары планетарлық деңгейде әлі толық шешілген жоқ.

235

Семинарға арналған сұрақтар

1. Ғылым дегеніміз не?

2. Ғылым дамуындағы қарама-қайшылықтар.

3. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми жаратылыстық бейнесі.

4. Ғылым эволюциялық механизм ретінде.


5. Ғылым дамуының болашағы.

6. Жаратылыстанудың этикалық мәселелері.

7. Жаратылыстанудың экологиялық маңызы.

8. Табиғат сияқты ғылымның да біртұтастығын қалай түсінесіз?

Рефераттар тақырыптары

1. Жаратылыстанудың болашағы.

2. Жаратылыстанудың адамзат мәдениеті үшін маңызы.

3. Кибернетиканың негізгі жетістіктері мен мәселелері.

Негізгі әдебиеттер



<< предыдущая страница   следующая страница >>