https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 18 19 20 21 22 ... 24 25

тәрізді, ноосфера да Жердің барлық салаларына ықпал ететін геологиялық күш екенін дәледдеді.

Осылайша, В. И. Вернадский тірі организмдер мен қоршаған ортаның өзара бір-біріне ықпалы туралы ілімді кеңейтті. Биосфераға ноосфераның әсер етуі проблемаларын экология түсініктерімен байланыстырып дамытты.

Қазіргі кезде ноосфсра деп дамудың негізгі әсер етуші факторы болып адамның саналы әрекеті қарастырылатын адам менен табиғаттың өзара әрекеттесу аймағын түсінеді. Ноосфераның құрылымына оның бөлімдері ретінде адамзатты, қоғамдық жүйелерді, ғылыми білімдердің жиынтығын, биосферамен біртұтастықтық жағдайдағы техника мен технологияның мөлшерін жатқызуға болады.

В. И. Вернадскийдің биосфера туралы ілімі бойынша тірі заттар Жердің жоғарғы қабатын өзгертеді. Адамның осындай әрекеті біртіндеп өсе түседі де, адамзат негізгі планетарлық геологиялық күшке айнала бастайды. Сондықтан да адамдар планетамыздың эволюциялық дамуына өздерінін тікелей жауапкершілікті екенін ұмытпау керек. Осы тезисті дұрыс түсіну адамзатқа өзінің болашақта өмір сүруіне қажет. Ал плане-тамыздың қалай болса солай дамуы биосфераны адамның өмір сүруіне жарамсыз етуіне әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан да адамзат табиғаттан қажеттілігін алуда оны биосфераның мүмкіншілігімен әрқашанда санасқан жөн.

Биосфераға әсер ету биосфера мен қоғамның эволюциялық даму барысында саналы түрде реттеліп отыруы керек. Біртіндеп биосфера дамуы бағытталған сипаттағы ноосфераға айналады.

Міне осы ойлардан биосфераның, табиғаттың, ноосфераның эволюциясының, адамның олармен байланыстығының күрделілігін коруге болады. В. И. Вернадский кезінде адамзат осы кезеңге енді ғана аяқ басты деп көрсетіп отырды.

В. И. Вернадский еңбектерінің адамзат үшін орасан мәңі бар. Олардың нәтижесінде экология таза биологиялық саладан тек қана ғылыми-жаратылыс-

205

тық емес, философиялық та мәні бар ғылымаралық салаға айналды.


7.11.4. Табиғи қорларды ұтымды пайдалану және

биосфераны қорғау

Біздің заманымызда адамның табиғатқа деген тағылық қатынасының мысалдары жетіп жатыр. Тез пайда табу мақсатында биосфераның талай мыңдаған жылдар бойы жасалған үйлесімі жойылуда. Адам табиғатты "женді", оны құртумен шұғылданып, өзінің де осы табиғаттың кішкене бөлшегі екенін ұмытты, демек, табиғатты "жеңу" іс жүзінде адамзаттың өзін-өзі құртуы болып табылады. Адамдардың өмір деңгейін көтеруге апаратын ғылыми жетістіктермен бірге тіршілікке зиянды химиялық қалдықтар, жоғары электромагниттік және радиоактивті сәулелену, бұған дейін белгісіз СПИД тәрізді аурулардың пайда болуы, ғаламшар тұрғындарының жалпы денсаулығының нашарлауы түріндегі үлкен шығындар қабаттаса жүруде. Қоршаған ортаға Бүкіл әлемде жыл сайын 3 миллиард тоннадан астам өнеркәсіптің қатты қалдығы, бір миллион тоннадай шаң-тозаң шығып тұрады екен. Бұларға Чернобыль апатын, Семей полигонындағы, Өскемендегі, Арал теңізі айодағындағы экологиялық қиын жағдайларды қосыңыз!,)Тек Қазақстан бойынша жылына адам басына шаққанда 12.2 тонна көмір қышқыл газы ауаға шығарылады (2002 ж. деректер). Республикамызда өнеркәсіптік қатты қалдықтардың 20 млрд.тоннасы, түрмыстық қалдықтардың 14 млрд. кубометрі, радиоактивті қалдықтардың 2.2 млн. тон-насы жиналып қалыпты. Бұл "байлықтарды" қайда жібереміз, қалай құтыламыз, - әлі белгісіз.

Көптеген жасанды полимерлік материалдар мен жуғыш заттар аллергия тудыруда, ал радиоактивті сәулеленулер рак ісіктері мен жыныс жасушаларының генетикалық аппаратында мутациялық өзгерістерге әкелуде. Өткен ұрпақтардың тұрмысының оңтайлы-лығы мен қолайлылығының кепілдері - кемтар бала-

206

лардың туылуы. Жыл сайын Әлемімізде 75 млн. жас сәби дүниеге келеді, оның 1.5 млн., немесе 2%-тейі -әр түрлі мутагендердің әсер етуінің нәтижесінде пайда болган. Жер бетіндегі тіршілік атаулыға төнген небір экологиялық зүлматтың мұнан да басқа мысалдары жеткілікті.

Ноосфера мен адамға тікелей әсер етуден басқа, техникалық ілгерілеу жердегі барлық тіршіліктің негіздерін — биосфераны бүлдіреді және қоршаған ортаға ғаламдық аумақта шынайы қауіп төндіреді: адамның терең ойластырылмаған іс-әрекеттерінің нәтижесіңде атмосфера, жер мен су ластанады. Геосферадағы мұншалықты жедел өзгерістерге бейімделе алмаған жануарлар мен өсімдіктер өледі, ал бұл бұрын табиғи популяциялардың ішінде болған трофикалық байланыстардың бұзылуын білдіреді. Жануарлар мен өсімдіктердің көптеген түрлері әшейін құрып бітеді, басқалары "Қызыл кітапка" тіркеледі. Популяциялардың ішкі құрылымын әлсірету олардың теңгергіштік қызметтерінің өлсіреуіне әкеліп соғады - биосфераның енді адамзат "оның нәзік иықтарына түсірген" қуатты күшке шамасы келе бермейді. Ғаламшарымыздың - біздің үйіміздің ластануы жүріп жатыр. Иә, шындығында

Ж.-Б. Ламарктың 1820 жылдың өзінде "Адамның міндеті әуелі жер шарын мекендеуге жарамсыз етіп, өз тұқымын жоюда тұр деп" әулиелікиен жазған сөздері орындалатын сияқты.

Адамзатты тек қана ауқымды шаралар кешенін жасау арқылы құтқаруға болады, бірақ өзірге оларды қолдануға ешкімнің мүмкіндігі жоқ, өйткені оларды жүзеге асыру үшін миллиардтаған қаржы қажет. Мұнымен қатар, өз көлемі жағынан В.-И. Вер-надскийдің биосфера туралы іліміне жақындайтын жаңа кешеңді ғылымды жасау қажет. Мұндай ғылымға қазіргі заманғы экологиялық дағдарыс туралы деректердің барлығы, олардың көздері, масштабтары мен параметрлері, сондай-ақ оларды жою жолдары туралы ғылымда белгілі барлық жетістіктер түгел кіруі керек. Бірақ әзірге мұндай бағдарлама ғалымдардың ойында ғана. Кім біледі, мүмкін, оны зерттеп дайын-

207

дауға және жүзеге асыруға әлі дәл өзіңіз қатысатын шығарсыз? Табыс тілейміз!

Семинарға арналған сұрақтар

1. Қазіргі заманғы биологияның даму тенденциялары қандай?

2. А. И. Опарин гипотезасының күшті және әлсіз жақтары.

3. Белок биосинтезін генетикалық код қалай басқарып отырады?


4. Нуклеин қышқыддарының генетикалық маңызы.

5. В. И. Вернадскийдің "тірі заттар" деген ілімінің мазмүны.

6. Эволюцияның синтетикалық теориясының мазмұны.

7. "Экология мен адамның денсаулығы" проблемасы.

8. Экологиялық зиянды шаралардың инерциальдығын қалай түсінесіз?

9. Әлемдік мұхиттің энергиясын қолдану мүмкіншіліктері қандай?

10. Генобиоз және голобиоз гипотезалары. Олардың мағынасы мен айырмашылығы.

11. Ноосфера ұғымына түсінік беріңіз.

12. Жердің сыртқы қабытының құрылысы қандай?

13. Жер бетіндегі цивилизациядан басқа тіршілік иелерінің бар немесе жоқ екені туралы қандай дәлелдер (аргументтер) айта аласыз?

14. Тіршіліктің пайда болуы туралы қандай теорияларды білесіз?

15. Макроэволюция дегеніміз не?

16. Ген дегеніміз не? Г.Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары қалай тұжырымдалады?

17. Фенотиптің генотиптен айырмашылығы қандай?

18. Дарвиннің эволюциялық теориясының негізгі факторларын айтыңыз?

19. 1962 ж. биология ғылымында Нобель сыйлығын алған қандай ғалымдарды білесіз?

208

20. Адам эволюциясының перспективалары.

21. Антропогенездің негізгі кезеңдері.

22. Гендік инженерияның қандай соңғы жетістіктерін білесіз?

Рефераттар тақырыптары

1. Ген инженериясының социальды-этикалық мәселелері.

2. Экологиялық катастрофаның мәселелері.

3. Энергетиканың болашақтағы көздері.

4. Гендік инженерия мен ғылымдық этика.

5. Жер эволюциясының негізгі кезеңдері.

6. Адам эволюциясының болашақ бағыттары.

Негізгі әдебиеттер

1. Медевар П., Медавар Дж. Наука о живом. Современные концепции в бнологии. М., 1983.

2. Медников Б. М. Аксиомы биологии. М., 1982.

3. Данилова В. С, Кожевников Н.Н. Основные концепции современного естествознания. М.: Аспект Пресс, 2001. 256с.


4. Богданов К. Ю. Физиквгостях у биолога. М.,1996.

Қосымша әдебиеттер

1. Опарин А. И. Жизнькак форма движения материи. М., 1963.

2. Балахонов А. В. Ошибки развития. Л., 1990. -278с.

3. Биологический энциклопедический словарь. Тал-

лин, 1998.

4. Воронцов Н. Н. Теория эволюции. М., 1990.

5. Карпинская Р. С, Лиссеев И. К., Огурцов А. П. Философия природы, коэволюционная стратегия. М.,

1995.

6. Горелов А. А. Концепции современного есте-ствознания. Учебное пособие для вузов. М.: Центр, 1998. 208с.

209

Сегізінші бөлім

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ

ҚОҒАМДАСГЫҚТА. БҮКІЛӘЛЕМДІК

БІЛІМ АЛМАСУ КОНЦЕПЦИЯЛАРЫ

Глоссарий

Ғылыми мектеп - өз ортасында сыйлылығы жоғары (авторитеті) ғалым басқаратын белгілі бір ғылы-ми бағыты бар ғалымдар тобы.

Евросайенс -ғалымдардың жеке таныстығы мен халықаралық қарым-қатынасты дамыту арқылы европа ғылымдарын жақындастыруды мақсат етіп отырған ғалымдардың, ғылыми мектептердің және ұлттық ғылым академияларының европалық қауымдастығы (ассоциациясы).

Нобель сыйлыгы — Нобельдік комитетпен (Швеция) басқарылатын мемлекеттік емес қаржы қорының халықаралық сыйлығы. Бұл сыйлық 1901 жыл-дан бері физика, химия, медицина, физиология, экономика (1969ж. бастап), әдебиеттік шығармалар салаларында ашылған ұлы жаңалықтарга және әлемдегі бейбітшілікті нығайтуға байланысты жұмыстарға беріледі.

Ғылыми конгресс - адамзатқа өте маңызды мәселелерді талқылауға арналған ғалымдардың халықаралық дәрежедегі кеңесі.

Ғылыми симпозиум - маңызды ғылыми-техникалық мәселелерді талқылауға арналған халықаралық немесе ұлттық дәрежедегі ғалымдар кеңесі.

Монография - бір мәселені немесе сұрақты толық және жан-жақты зерттеулердің нәтижелері келтірілген ғылыми жұмыс (кітап түрінде).


210

Диссертация - Ғылыми кеңеске ғылыми дәреже ал үшін ұсынылатын жеке ғалымның жаңа мәселені зерттеу нәтижелері келтірілген еңбегі (жеке квазимонография және аз тиражды автореферат түрінде).

Мақала - ғылыми зерттеулердің нәтижелері келтірілген көлемі 10 парақтық шығарма (ғылыми журналдарда басылып шығады).

8.1. Халықаралық ғылыми қоғамдастықтар

Жаратылыстанудың немесе оның жеке бағыттамаларының мәселелері әлемнің көптеген елдерінде зертелуде. Ғылыми мекемелердің әр түрлі деңгейлері бар, солардың ішінде өте маңыздыларына ұлттық деңгейді жатқызамыз. Осы деңгейде бірінші ретте сол елдің маңызды мәселелері шешіледі. Осы деңгейдегі ғылымның жетістіктері ұлттық мақтанышқа негіз болады, Бұл жетістіктер ұлттық сана сезімді ғана көрсетіп қоймай, сондай-ақ осы мемлекеттің өнімдерінің басқа өнімдермен салыстырғанда сапалық дәрежесінің қандай екенін білдіреді.

Көптеген елдерде негізінен ортақ ғылыми мақсаттары, даму бағыттары мен қалыптасқан ғылыми салттары бар ұжымдардың, ғылыми мектептердің, ғалымдардың ұйымдасуларынан түзілген ұлттық академиялық қоғамдастықтар құрылады. Өз ортасында беделі жоғары (авторитеті) ғалым басқаратын белгілі бір ғылыми бағыты бар ғалымдар тобы ғылыми мектепті құрады.

Қазіргі уақытта көптеген елдерде өздерінің ұлттық ғылыми академиялары бар. Бірінші рет "академия" терминін Платон (б.э.д. 387) өзінің философиялық мектебін ашқан кезде қолданды. Алғашқы Академиялар негізінен гуманитарлы ілімнің академиялары болды. Қазіргі заманғы академиялардың негізі болған көппрофильді академиялар ХҮІІ-ХУПІ ғғ. қалыптасты. Ұлттық академиялардың құрылуы әлемнің әр түрлі елдеріндегі тек қана жеке ұлы ғалымдардың

211

ғана емес, сондай-ақ ғылыми ұжымдардың жетістіктері ретінде қалыптаса бастаған ғылымның дамуына үлкен үлес қосты. Ұлттық ғылыми академиялар қоғамның ғылыми ресурстары мен жетістіктерін дамытатын қоғамдык институттарға айналды және олар өз жетістіктерін басқа елдер жетістіктерімен салыстыра отырып, ғылым дамуының әлемдік деңгейіне жетуге ұмтылыс жасайды. Бұл деңгей ұлттық ғылымдардың дамуына әрқашанда сілтеме болады және ұлттық академиялық қоғамдастықтардың приоритетті ғылыми зерттеу тақырыптарын іздестіргенде негізгі бағыттаушы және ұйымдастырушы шарт болып келеді.


Соныменен, ғылымды басқарушы мемлекеттік мекемелер мен үлттық Ғылыми Академиялар, бір жағынан, ұлттық маңыздылықты ескере отырып ғылыми зерттеулерді ұйымдастырса, екінші жағынынан, ез зерттеулерін әлемдік ғылыми жетістіктер деңгейіне бағыттайды.

Ғылымның әлемдік деңгейі жеке ғалымдар мен ғылыми ұжымдардың ең жоғарғы жетістіктерінің жиынтығымен сипатталады. Ғылыми жетістіктер барлық адамзаттың меншілігіне тиесілі. Бұл қалай іске асады? Біріншіден, ғыльтми жұмыстар ұлттық, халықаралық басылымдарда мақала, монография және т. б. түрінде жарық кореді. Екіншіден, олар ғалымдардың әр түрлі халықаралық жиналыстарында (конгресстерде, симпозиумдарда, конференцияларда, т. б.) кездесулерінде талқыланады, Үшіншіден, адамзаттың ғатамдық күрделі проблемаларына арналған көптеген зерттеулік жұмыстар халықаралық ғылыми мекемелермен, қорлармен (фондтармен) және орталықтармен қаржыланады.

Бүкіл адамзат игілігіне бағытталған ғылыми ізденістерді ұйымдастыруда алдыңғы қатарда (лидері болып) ЮНЕСКО тұр (білім, ғылым және мәдениет мәселелері бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы). ЮНЕСКО әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің білім министрлерінің 1946 ж. болған конференциясында құрылды, қазір бұл ұйым 185 мемлекетті біріктіреді. ЮНЕСКО-ның мақсаты халықаралық қарым қаты-

212

нае арқылы (оның ішінде ғылыми да) әлемдегі қауіпсіздік пен бейбітшілікті тұрақтандыру.

1899 ж. құрылған Ұлттық ғылыми академиялар Қауымдастығы (Ассоцияциясы) 1949 ж. Ғылыми Одақтардың Халықаралық 5,5Аі болып қайта құрылды (МСНС). Бұл мемлекеттік емес халықаралық ғылыми ұйым жаратылыстану және басқа дәл ғылымдар бойынша 20 халықаралық және 100 үлттық ғылыми мекемелерді біріктірді. Оның негізгі мақсаты - халықаралық ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру. МСНС құрамы биохимиялық, географиялық, математикалық, биологиялық, геологиялық, таза және прикладты физика ғылымдарымен байланысты халықаралық 15 одақтардан тұрады.

1971 ж. бастап МСНС негізінде халықаралық "Адам және биосфера" атты биологиялық бағдарлама жүмыс істейді. Бүл бағдарламада 110 елдің ғалымдары қатысып, биосфераны тұрақтандырып сақтап қалу мәселесін шешуге ат салысуда.


Жоғарыда келтірілген мекемелерден басқа халықаралық ғылыми проектілермен жүмыс істеп жатқан және бір-бірімен бүкіләлемдік ғылыми білім алмасу негізінде қарым қатынастағы тағы да бірнеше халықаралық ұйымдарды келтірейік:

- Бүкіләлемдік метрологиялық ұйымы (ВМО);

- Бүкіләлемдік денсаулық сақтау үйымы (ВОЗ);

- Халықаралық стандартизация ұйымы (ИСО немесе МОС);

- Халықаралық атомдық қуаты агентгігі (МАГАТЭ);

- Халықаралық энергетикалық агенттігі (МЭА);

- Европалық атом қуаты агенттігі ( Евроатом);

- Халықаралық табиғат және табиғи ресурстарды қорғау одағы (МСОП). МСОП жоғалып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларға арналған "Қызыл кітапты" шығарады.

Біріккен Ұлттар Ұйымының табиғатты қорғау жұмыстарына бағытталған "ЮНЕП" бағдарламасының негізінде, қазір көп жылдық халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарымен байланысты "Альпілік істер", "Арктикалық кеңес", XXI ғасырдағы Балтика" және т. б.

213

кіші бағдарлама ізденістері жүргізілуде. 1957 ж. атом қуатын бейбітшілік мақсатта қолдану мүмкіншіліктерін іздестіруге бағытталған халықаралық жұмыстарды біріктіретін Халықаралық Атом Қуаты Агенттігі (МАГАТЭ) қазір беделді ұйымға айналды. МАГАТЭ-нің негізгі мақсаттары:

- атом қуаты облысындағы жаңа мағлұматтарды жинау, шолу және жариялау;

- ядролық материалдарды бақылау жасауға арналған жұмыстарды түйіндеу;

- атом энергетикасы обласындағы ақпараттарды тарату және халықаралық симпозиумдарда, конференцияларда осы бағыттағы ақпараттармен ғылыми алмасуды қамтамасыз ету;

- әр елдерге атом энергетикасы бойыша көмек жасау;

- радиоактивті қалдықтарды жою мәселелері бойынша әр мемлекеттердің жұмыстарын бағыттау принциптерін іздестіру.

1987 ж. халықаралық ғылыми жетістіктермен алмасуды жақсарту мақсатында халыкаралық мемлекеттік емес "Евросайенс" қауымдастығы құрылды. Бұл -жеке ғалымдардың қарым-қатынасы деңгейінде жоне халықаралық бірлескен жұмыстар негізінде европа-лық ғылымның бірігуіне бағытталған ғалымдардың, ғылыми мектептердің және ұлттық ғылыми қоғамдастықтардың европалық қауымдастығы. Осы "Евросайенс" негізінде әр түрлі жұмыс топтары бар:" Европаның жас ғалымдарның болашағы", "Ғылыми саясат", "Ғылым этикасы" және т. б.


Мемлекеттік те, мемлекеттік емес те халықаралық ғылыми ұйымдардың іс-әрекеті халықаралық орталықтарда арнайы құрылған зертханаларда істейтін халықаралық ғылыми ұжымдардың де құрылуына әкеледі. Мысалы, Европалық ядролық зерттеу орталығы (ЦЕРН, Женева, Швейцария), Біріккен ядролық зерттеу институты (ОИЯИ, г. Дубна, Россия), Халықаралық космостық станция (МКС, жақын космос). Ядролық зерттеулердің Европалық орталығы (ЦЕРН) 19 европалық мемлекеттердің қатысуымен 1954 ж.

214

құрылды. Элементарлы бөлшектерді зерттеумен шұғылданатын физиктердің әлемдік қоғамдастықтарының 50% осы ЦЕРН-нің зертханаларда "уақыттың бөлінуі" жүйесі бойынша тәжірибелерге қатысады.

8.2. Әлемдік ғылыми қоғамдастыктардағы білім алмасу

Ақпаратқа (информацияларға) деген ғалымдардың сұранысы зерттеулік жұмыс барысында анықтала бастайды. Ғалымдардың ақпаратқа деген сұраныстарының динамикасы мен көлемі жүргізіліп жатқан ізденістердің түрі мен тақырыбынан, жұмыс деңгейінен, түпкі мақсатынан және т. б. байланысты болады. Жүргізіліп жатқан жұмыстың өнімділігін күшейту үшін әр түрлі немесе бір елде ұқсас мәселелермен айналысып жатқан әр түрлі ғалымдар топтарының арасында ақпараттық байланысты ұйымдастыру керек. Ғалымдардың ақпараттық сұраныстарын қанағаттандырудың мынадай қиындықтары бар:

• қажетті ақпарат әр түрлі ұйымдарда жинақталған және оны табу қиынға түседі;

• әлемдегі жинақталған ғылыми информацияның көлемі өте үлкен, бұл жүргізіліп жатқан зертгеулерге қажетті ақпараттарды табуды қиындатады;

• көптеген ақпаратгар өзі жасалған тілдерде сақталған, бұл белгілі бір тілдік және семиотикалық кедергі жасайды;

• ғылыми ақпаратгар тез ескіреді, сондықтан да ғылымның соңғы жетістіктеріне сәйкес келмейді және жинақтала келе, ізденіске көптігімен "кедергі" жасайды,

Ғылымда ақпараттық қызмет жасау коммуникациялары жақсы ұйымдастырылған, Ғалымдарға керекті ақпараттарды іздестіруде және білім алмасуда көмектесетін көптеген ғылыми мекемелер бар. Бұларға бірінші ретте ұлттық және трансұлттық ақпараттық орталықтар жатады. Мысалы, ғылыми және техникалық ақпараттардың халықаралық орталығы жұмыс істейді (SТІ Іпtегпаtіопаl). Бұл мекеме өлемнің үлкен үш ақпараттық орталықтарының ресурстарын


215

біріктіреді: Ғасһіfогmаtіопzепtrum (ҒІ2), Германия; Сһеmісаl Аbsігасts Sегvісе (САS), СІПА; Jарап Іпfогmаtіоп Сепtег оf Sсіепсе апсі tесһпоlogy, Япония.

Ресейде бірнеше ақпараттық орталықтар бар: ғылыми және техникалық ақпараттардың Бүкілроссиялық институты (ВИНИТИ), ғылыми-техникалық ақпараттың Бүкілроссиялық орталығы (ВНТИЦентр), патенттік ақпараттардың Бүкілроссиялық ғылыми-зерттеу институты. Қазақстанда да осы бағытта ғылыми-техникалық ақпараттардың мемлекеттік институты жұмыс істейді (КазгосИНТИ).

Ғылыми білімдер алмасудың ең кең тараған түріне ғылыми басылымдар жатады. Ғылыми қоғамдастықтарда ғылыми танымның теориялық және практикалық сұрақтарын талқылауға арналған ғалымдар жиналысы (ғылыми конгресстер, симпозиумдар, съездер, конференциялар, ғылыми мектептер) да болып тұрады. Осы жиналыстарда ғалымдардың бір-бірімен танысуы және әр түрлі ғылыми мектептердің түлектерінің ғылыми білімдермен алмасуы жүреді; ғылыми дискуссиялар кезінде талқыланған тақырыптар бойынша жалпы ортақ көзқарастар қалыптасады және өзекті жұмыстардың бағыттамалары жасалынады. Ғалымдардың осындай жиналыстары ұлттық ғылымның даму мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдардың немесе үлкен ғылыми орталықтардың ұйымдастыру арқылы өтеді.



<< предыдущая страница   следующая страница >>