https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 2 3 4 5 6

Дәріс №12. Вербалды емес тілдердің лингвоелтанулық мағынасы.

1. Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi.

2. Тілдік тұлға ұғымы. Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциа

тивті-вербалды жүйе.

1 Тұлғааралық коммуникациядағы сөйлеу тiлi мен мәдениетiнiң рөлi.

Адам қоғамда өзiн қоршаған адамдар тобында өмiр сүредi және дамиды, оның талаптарына сәйкес өз ойлары мен мiнез-құлқын өзгертедi, топтың басқа мүшелерiмен өзара әрекеттесу арқылы әртүрлi байланысты сезiнедi.
Егер қарым-қатынас болмаса, бiздiң рухани, материалды даму деңгейiмiздiң қандай дәрежеге көтерiлгенiн бiлмес едiк. Бiздiң әрқайсымыз өзiмiздiң негiзгi қырларымызды жеке қарым-қатынас тәжiрбиелерiмiз арқылы жанұядағы, мектептегi, жұмыстағы, көшедегi тiкелей қатынастар арқылы игеремiз. Бұл микроорта. Микроортадағы қарым-қатынас арқылы әрқайсымыз әлеуметтiк әлемдi кеңiнен танимыз және қарым-қатынасқа түсемiз, яғни макроорта әсерiн сезiнемiз.
Макроорта – бұл өз ғылымы, мәдениетi, идеалогиясы, заңы, қоғамдық өлшемдерi бар қоғам.
Микро және макроортаның кездесетiн жерi, олардың өзара әрекеттесетiн шек – бұл кiшi топ, онда бiздiң әрқайсымыздың өмiрiмiз өтедi.
Бiздiң әрқайсымыз адамдар арасында өмiр сүрiп және жұмыс iстегендiктен кез-келген жағдайда өз тiлектерiмiзге тәуелсiз түрде адамдармен қарым-қатынасқа түсемiз.
Егер бiз өз өмiрiмiздi бақыласақ онда мынаны байқаймыз:
• басқа адамдармен өзара әрекеттесiп оларды қабылдаймыз және бағалаймыз.
• Жиi түрлi естiгендерiмiздi қызығушылықпен қабылдаймыз.
• Таныстарымызбен немесе кездейсоқ адамдармен өмiрлiк тәжiрбиелерiмiзбен алмасамыз.
• Басқа адамдардың әсерiн сезiнiп оларға елiктеп өз мiнез-құлқымызды өзгертемiз.
• Шешiм қабылдағанда көп жағдайда қасыңдағы адамдардың пiкiрiн есепке аламыз.

Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн.

Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Адамдар арасындағы контакт тіл мен сөйлеу арқылы жүзеге асады. Сөйлеу коммуникациясының негізгі тәсілі болып табылады.
Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тіл – ақпаратты қандай да бір түрде кодпен хабарлайтын белгілік жүйе. Қазіргі қоғамда белгілік жүйелер өте көп, бірақ компьютерлік байланыстың дамуымен олардың кейбір интеграциясы тенденциясы толық анық. Сөйлеудің маңызды факторы болып ақраратты біреудің паралингвистикалық тәсілдері табылады. Оларға мыналар жатады: сөйлеу қаттылығы, темпі (шапшаңдығы), дыбыстарды айту ерекшеліктері, дауыс тембрі, жесттер, мимика, дене тұрысы.

.2 Тілдік тұлға ұғымы. Тілдік тұлға моделінің деңгейлерін анықтау: ассоциативті-вербалды жүйе.


Аудармашы тілдік тұлға ретінде тілдік білімі, сөйлеу әрекетінің барлық түрінен сөйлеу дағдылары, жазбаша және ауызша аудару дағдылары мен іскерліктері, шешендік өнері, әдеби таланты болуы керек.

Аудармашының тілдік білімі дегеніміз – тілдің лексикасын, грамматикасын, фонетикасын білуі, ал сөйлеу дағдылары дегеніміз - өз ойын еркін жеткізе алуы. Сондықтан аудармашы екі тілді де жетік білуі, екі тілде де өз ойын еркін жеткізе алу дағдыларын игеру керек.

Аудармашыға екі тілді жетік білу аздық етеді. Аудармашы өзі аударатын тілде сөйлейтін елдің мәдениетін, тарихын, дінін, салт-дәстүрін, реалияларын білуі тиіс. Жақсы аударма жасау үшінаудармаға қатысатын екі тілдің лексикалық, грамматикалық жүйелерінің заңдылықтарын білумен бірге лингвисткада «узус» деп аталатын яғни «қолданылу» жағдайын сөйлеу клишелерінің бір тілде қолданылуы басқа тілде қолдануға жарамсыз болатындығын, қалай қолдану керектігін білу маңызды. Мәселен, орыс тілінде «резать курицу, несущую золотые яйца», дегенді ағылшындар: «убить гуся, несущего золтые яйца» (to kill a goose that lays golden eggs). Әрине, ағылшынша «қазды» емес «тауықты» деп те айтуға болады, түсінікті болады. Бірақ «олай айтпайды».


Сол сияқты тілінде «осторожно не споткнитесь», дегенді ағылшындар «следите за своим шагом» (mind your step); «приятного аппетита» дегенді ағылшындар «насладиться едать» (enjoy your meal) дейді, әрине ағылшынша «be careful, do not stumble», «pleasant appetite» деп айтуға болады, «бірақ олай айтпайды».

Әр түрлі тілдің «қолданылу құрылыстарының» әртүрлілігі кейде өте нәзік, оларды есепке алмаса аударма күлкілі, немесе дөрекі болып шығуы мүмкін. Аудармашы әрдайым әртүрлі тілдің мәдени,этикалық айырмашылықтарын есте ұстауы қажет.


Дәріс №12.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. Тілдік бірліктердің лексикалық мағынасының қандай компоненттері болады?

  2. Мағыналық денотаттық компонент деген не?

  3. Мағыналық конаттаттық компанент деген не?

  4. Ішкі лингвистикалық компанент деген не?

  5. Эмоционалды лексика мен стилистикалық бояуы бар сөздер деген не және оларды аудару жолдары қандай?

  6. Метафора, метонимия қандай жолдармен аударылады?

  7. Жалқы есімдер, географиялық атаулар, мекеме, фирма, басылым орындары қалай аударылады?

  1. Неологизмдер деген не? Оларды аудару жолдары қандай?

9. Интернационал және псевдоинтернационал (Аудармашының жалған достары) лексика деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

10. Реалия деген не? Оларды аударудың тәсілдері қандай?


Дәріс №13. Вербалды және вербалды емес қарым-қатынастар.


1. Вербалды қарым-қатынас.

2. Вербалды емес қарым-қатынас.


1 Вербалды қарым-қатынас.

Егер коммуникацияны бөлiп қарастыратын болсақ, олардың белгiлiк жүйелердiң әртүрлiсiн қолдануына байланысты вербалды және вербалды емес деп бөлiп қарастырамыз. Осыған сәйкес коммуникативтiк процестiң әртүрлiлiгi байқалады.

Вербалды коммуникация – белгiлiк жүйе ретiнде адам сөзiн қолданады, тiл арқылы табиғи дыбыс шығару. Екi прициптi қосатын фонетикалық белгi жүйесiн лексикалық және синтаксикалық сөз коммуникациясының ең әмбебап құралы болып табылад. Коммуникативтiк процеске қатысушылардың бiр мәселеге байланысты жағыдайды түсiнiп белсендi түде қатысуы үлкен рөл атқарады.


Коммуникациялық жүйе – бұл алынатын және берiлетiн ақпаратты түсiнудi қамтамасыз ету мақсатында адамдар арасындағы хабар алмасу.
Коммуникацияның негiзгi функциялары мыналар:
1.Информативтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесудi ұйымдастыру.
2.Интерактивтi – адамдар арасындағы өзара әрекеттесу түрлерiн пайдалана отырып сұхбаттасушының көңiл күйiне, сенiмiне мiнез-құлқына әсер ету.
3.Перциптивтi – қарым-қатынасқа түсушi серiктестердiң бiрiн-бiрi қабылдауы және өзара түсiнушiлiктi қалыптастыру.
4.Экспрессивтi – эмоционалды бастан кешiрулер сипатын өзгерту.
Коммуникация процесi жүзеге асу үшiн мынадай 4 элемент керек.
1. хабар берушi
2. мәлiмет
3. арнайы ақпарат беру құралы
4. ақпарат алушы.

Сөз адамның сезіміне, көңіл-күйіне өзінің айтылуымен, мән-мағынасымен әсер ете алады. Ол әсіресе адамның интеллектісіне, ой-өрісіне қатты әсер етеді.

Адамның жадындағы көптеген сөз топтары оның сөздік қорын құрайды. Қарым-қатынас жасауда мұндай сөздіктің болуы өте қажет. Осы сөздіктегі сөзді немесе сөз тіркесін қолдану ол сөйлеу мәдениетімен тығыз байланысты. Сөйлеу мәдениеті іскерлік қарым-қатынаста сәлемдесудің, өзін таныстырудың, мәселені шешудің, келісімге келудің, мақсатқа жетудің бірден-бір амалы.

Вербалды қарым-қатынастың түрлері: сәлемдесу, көңіл бөлу немесе өзіне қарату, танысу, шақыру, комлимент айту, құттықтау, қоштасу.

Кез-келген қарым-қатынас біірн-бірі тану-танымауға қарамастан сәлемдесуден басталады. Сәлемдесуді партнерын бірінші болып көрген адам бастайды. Мұнда бірінші немесе кейінгі амандасу ешкімнің намысына, арына нұқсан келтірмейді. Бірақ өзіңнен жасы үлкен адамды немесе лауазымы үлкен адамды көргенде бірінші болып жасы кіші немесе лауазымы кіші адам сәлемдескені дұрыс. «Здравствуйте», «приветствую вас», «How do you do», «Hello», «Сәлеметсіз бе?» деген вербалды түрлер сәл-пәл бас июмен толықтырылады. Сәлемдесуде қол алысу аса қажет емес, ал қол алысу адамдардың арасындағы белгілі бір қатынастарды білдіреді. Жасы кіші адам бірінші болып қол бермейді. Бөлмеге кіргенде бір адаммен қол алыссаңыз басқа адамдармен де қол алысуыңызға тура келеді. Қол алысқанда қолыңызды созған адамның көзіне тіке қарау керек. Бөлмеге кіріп сәлем берген адамның сәлеміне жауап берген дұрыс. Бос болмаған күнде бас изеп сәлемін алғаныңызды көрсетіңіз.


Көңіл аудару, көңіл бөлу, қарату (обращение) – сөйлеу этикетінің элементі. Ол басқа адаммен қарым-қатынас жасауды бастауды білдіреді. Басқа адамды өзіне қарату үшін оған атын, тегін, қызмет атағын айту қолданылады. Көңіл аудару, көңіл бөлу, қаратудың бірнеше мақсаттары болады: біріншіден – сыйласымдылықты; екіншіден – белгілі бір ақпараттың дәл осы адамға арналғандығын, үшіншіден – дәл осы адамның қажет болып тұрғандығын т.б. білдіреді.

Танысу – бұрын таныс болмаған адамдардың бір-бірінің кім екендіктерін анықтау. Ол жай танысу немесе іскерлік танысу.

Шақыру – кездесуге, конфликтті шешуге, мәмілеге келуге,әңгімеге қатысуға т.б. . Іскерлік шақыру орын алған кезде шақырылатын адамның уақыты болатындығын, кездесетін жерін, уақытын анықтап, оны сыпайы дауыс ырғағымен, артық кетпей кездесуге ұсыныс жасаған жөн.

Комплимент айту – адамның жақсы қасиеттерін сәл үстемелеп айтатын сөйлеу этикетінің түрі. Комлимент айту жағымды сөздерді орынды қолданып, тым әсірелемей әңгімелесуші адамның көңілін табатындай болу керек. Комплимент арқылы сөйлесуші адамды өзіне қаратуға немесе көңіл бөлдіруге болады. Ең күшті комплимент өзіңе антикомплимент айту арқылы іске асады. Мұндай әдіс сөйлесуші адамның сізге жауап беруіне жүктейді де, бұл арқылы әңгімелесуге жол ашылады.

Құттықтау – белгілі бір құбылысқа, датаға байланысты айтылатын сөздер. Құттықтау - сөйлесуші адамның жетістіктерін, жақсы қасиеттеріне ерекше тоқтала, мадақтай, комплимент айта сөйлеуді қамтиды. Құттықтауды уақытында, ықыласпен айту керек.

Қоштасу – кез келген қарым-қатынастың аяқталғанын білдіретін сөйлеу этикетінің түрі.


2 Вербалды емес қарым-қатынас.

Адамдар көп жағдайда бір нәрсені айтып тұрғанымен басқадай ойлап тұрады. Сол үшін олардың нақты жағдайын түсініп алу керек. Көп жағдайда эмоцияда тұрған адам:


  • конвенциалды (ортадағы қарым-қатынасқа сәйкес);
  • спонтанды (ойламаған жерден)


Сөйлеп тұрған адамға қатынасын білдіріп алмас үшін тыңдаушы жай ғана вербалды емес түрде, ортадағы қарым-қатынасқа сәйкес ишара білдіреді. Ол кей кезде шын көңілмен болса, көбіне түсініксіз болады.

Адамдар көп жағдайда өз сөздеріне мән беріп, мимикасын бақылап отырады. Бірақ ол бас кезінде бақылай алғанымен аяғына дейін бақылау жасай алмайды. Осындай бақылау жасай алмау арқылы сөйлеуші байқатқысы келмеген сезімін, қатынасын тыңдаушыға байқатып алады. Мұндай жағдай партнерын өте жақсы білген кезде орын алады. Ер адамдарға қарағанда әйел адамдардың эмоциялары оңай байқалады. Адамның эмоциясын мидың оң жақ бөлігі, ал логикасы мен сөйлеуін сол жақ басқарады. Сондықтан, ол басқаларға айтқысы келгенін оң жақ дене бөлігі көрсетсе, ал шын мәніндегі жағдайын сол жақ дене бөлігі көрсетеді.

1. Мимика, бет әлпетті қимылдату. Адамның бет-әлпеті оның ішкі жан-дүниесін жақсы көрсетеді. Бірақ беттің бұлшық еттерін бақылау жасау жеңілірек. Адамның шын ықыласын беттің симметриясы көрсете алады. Егер фальш болған жағдайда оның оң жақ және сол жақ бөліктері мимикамен өзгереді. Кейбір жағдайда мимика өте тез (секундтың жартысындай) болатындықтан байқалмай да қалады. Оны білдіртпеу үшін біраз жаттығу жасап, дайындалу керек. Ал жағымды мимикалар (қуаныш, риза болу) жағымсыз мимикаларға (қайғы, ұят, жақтырмау) қарағанда жеңіл танылады.

Эмоцианы ерін арқылы тез тануға болады (еріннің қатты мимикасы, немесе ерінді тістеу, мазасызданғандықты, ал бір жағына қисайған ерін күлкі, мазақты, скепсисті білдіреді.)

Күлімсіреу достық қарым-қатынасты білдіреді. Ер адамның күлімсіреуі – ол өз-өзіне сенімділігін білдірсе, әйел адамның күлімсіреуі шындыққа жанасады, және көп жағдайда оның көңіл-күйін білдіреді.

Эмоцияны көрстетін бет-әлпет мимикалары мыналар:

  • қуаныш: еріндер қисайыңқы, езулер артқа жиырылған, көздің айналасында ұсақ әжімдер;
  • қызығушылық: қас сәл-пәл көтерілген немесе төмен түсірілген, ал қабақ көтерілген немесе кішірейген;


  • бақыт: еріннің ішкі жағы көтерілген немесе артқа қарай созылған, көздер - сабырлы; байыпты;

  • таңырқау: көтерілген қастар маңдайда әжім түзеді, көздер кеңейтілген, ауыз сәл ашылған, т.с.с. .

Әр түрлі эмоциядағы бет-әлпетті білу басқаны түсіну ғана үшін емес, өз мимикаңды дұрыстау үшін де қажет.

2. Адамның көз арасы және көздері.

Адамның ішкі көңіл-күйін көзден тез білуге болады:

  • көздің қандай да бір өзгеруі – басқадай бір көңіл-күйдің орнағандығын білдіреді;

  • көздің жиі қозғалысы – алаңдаушылық, ұят, өтірік, ашу, қорқынышты білдіреді;

  • көздің жанып тұруы – қызығушылықты білдіреді;

  • жиі кірпік қағу – қызығушылық, өтірік айтуды білдіреді.

Сөйлесу кезінде көзге көп қарамауға тырысқан адам бір нәрсені жасыруы, өтірік айтуы мүмкін. Ал көзге тіке қарап алған адам (қарашығы үлкен болса) қызығушылықпен тыңдап отырғанды, (қарашығы кішкентай болса) ашық жақтырмаушылықты білдіреді.

Көз арастардың белгілері:

  • «еш нәрсені білдірмейтін көз қарас - аса назар аудару;

  • «жан-жағына қарау» - қызығушылықтың жоғалуы;

  • «біресе сөйлесушіге қарайды, біресе басқа жаққа қарайды» - келіспеушілікті білдіреді;

  • «қырынан қарау» - сенбеушілік.


Дәріс №13.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

  1. Фразеологиялық бірліктерді аудару барысында аудармашының алдында қандай екі негізгі міндет тұрады?

  2. Еркін сөз тіркестері деген не?

  3. Бейнелі фразеологизмдер деген не? Оларды аударудың жолдары қандай?

  4. Бастапқы тілдің ұлттық бояуы бар фразеологизмдерді аудару тәсілдері қандай?

  5. Ауызша аудармада фразеологизмдерді аударудың қиындығы неде?



6. Аудармада грамматикалық сәйкестілік деген не?

7Грамматикалық форма мен құрылымдардың экспрессивті-стилистикалық функциясын ескерудің маңызы қандай?


8.Эквивалентсіз грамматикалық бірліктер деген не?

9.Аударма тілінде тікелей сәйкестігі жоқ формалар мен құрылымдардың берілу жолдары қандай?


Дәріс №14. . Тілдегі соматизмдердің ерекшеліктері.


Сұрақтар:

1. Ағылшын тіліндегі соматикалық тіл және оның лингвоелтанудағы мәні.

2. Күнделікті жүріп-тұрудағы соматикалық фразеологизмдер.


1 Ағылшын тіліндегі соматикалық тіл және оның лингвоелтанудағы мәні.

Коммуникация туралы қысқа мағынада түсiндiрсек, ол адамдардың бiрiккен iс-әрекет барысында өзара қызығушылықтарымен, ойлары, көңiлкүйi, сезiмдерiмен алмасу фактi ретiнде түсiндiрiледi. Мұның барлығын ақпарат ретiнде қарап, коммуникация процесiн ақпарат алмасу процесi ретiнде түсiнуiмiз мүмкiн. Коммуникация мәнін түсінуде келесі сөздер кілттік болып табылады: байланыс, контакт, өзара әрекет, алмасу, біріктіру амалы. Адам баласының ойы мен рухани дүниесін, дүние танымын, өмірлік іс-тәжірибесін, практикалық әрекетін оның сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге біртұтастықта қарастыру, басқаша айтқанда, кез келген халықтың тілінде ұлттық-мәдени сипатта бекитін дүние суретін, дүние бейнесін антропоцентристік парадигманың фундаменталды ұғымы ретінде зерттеу - қазіргі заманғы лингвистиканың ең өзекті проблемаларының бірі.

Дүниенің қарабайыр бейнесі өмірлік іс-әрекет барысында, практикалық тәжірибенің жинақталуының нәтижесінде және қоршаған орта құбылыстарын  барлап-бақылаудың, сараптап-пайымдаудың негізінде табиғи қалыптасады. Дегенмен ол ұлттық тілде  тұрақталып, әбден қалыпқа түсіп, сіріленген әлем туралы өте таныс, етене жақын, дағдылы фондық  түсініктердің жиынтығынан тұрады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>