https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 2 3 4 5 6

2. Сөзжасамның, морфологияның және синтаксистің лингвоелтануда дамуы.


Қазіргі уақытта термин жасам мәселесіндегі іс-шаралар негізінен үш бағытта дамып келе жатқаны белгілі. Оның біріншісі, қазақ тілінің өз ішкі мүмкіндіктерін сарқа пайдалану, көнерген сөздерді қайта „жаңарту“; екіншісі, түркі тілдеріндегі түркілік нышанда қалыптасып, қолданылып жүрген терминдерге жүгіну; үшіншісі, кейбір кең тараған халықаралық терминдерді мүмкіндігінше ұлттық тілдің дыбыс жүйесіне бейімдеп қалдыру (Бұл мәселе 2004ж. Терминологиялық хабаршының №1 (7) санында ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның ҚР Үкіметінің 2004ж. 21 сәуірдегі №444 қаулысымен мақұлданған жұмыс Тұжырымдамасында толығымен баяндалады [59, 24-25 бб.].). Мұны айтуымыздың себебі, қазақтың бүгінгі қолданыстағы әліпбиі мен төл сөздерінің арасында толық „келісім“ бар, талас тудырмайды. Ал әліпби мен оның терминдерінің арасында „келісімді“ орнықтыру – бүгінгі міндет. Ешбір тілде терминдік қордың түгел „өзінен“ болуы мүмкін еместігі белгілі. Кеңінен таралған халықаралық терминдерді „қазақи“ айтылымға икемдедік делік, бірақ кейбірінің ғана болмаса, олардың толықтай ассимиляцияланып кетуі неғайбыл. Жаһандану мен урбандану жағдайында енді пәнетійкә, пәнемә, пәнәлөгиә деп отыратын уақыт келмеске кеткен тәрізді. Ал егер осылай айтылудың міндеттеліп, заңмен талап етіліп жатқандай жағдайы болса, уақыт талабына қояр шек жоқ. Ең қызығы сол, қазақ әліпбиі 26/28 єріппен ғана шектелетін болса, терминжасамда көрсетілген «түркілік нышанда қалыптасып, қолданылып жүрген терминдерге жүгіну» мәселесіне келгенде пантүркілік (түркілерге ортақ) терминдерді де дыбыстай алмай қалуымыздың қаупі бар. Бір ғана түрік тілінің әліпбиінде өмір сүріп келе жатқан қазіргі қазақ әліпбиіндегі в, ф, һ, ч әріптеріне сәйкес келетін v, f, һ, Ç сияқты әріптер кездесетін терминдер қаншама. Синтактикалық ұқсасу ағылшын-орыс (қазақ) тілдері аудармаларында жиі қолданылады. Аудармада сөйлемнің құрылысын өзгертудің себебі, сөзбе -сөз, өзгеріссіз аудару тәсілімен аударма эквивалентін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда болады.


Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз – оригинал сөйлемінің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп предикативті структураларымен қайта қайта жасау тәсілін айтамыз. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді не күрделі сөйлемді екі немесе одан көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға алып келеді:

The annual surveys of the labour fovernment were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers. Ежегодные обзоры лейбористского правительства не обсуждались среди рабочих ни на каком этапе, они обсуждались только с предпринимателями.

Both engine crews leaped to safety from a collision between a parcels train and a freight train near Morris Cowley, -------. Вблизи станции Морис Коули в графстве ------- произошло столкновение почтового и товарного поездов. Члены обеих поездных бригад остались невредимы, спрыгнув на ходу с поезда.

Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер көп жағдайларда ауыспалы факторларға байланысты болатын тек қана функциональды бола алады. Аудармада тіпті барлық факторларды ескертетін тиімді сөйлем структурасы табылған күнде де сөйлемнің ең дұрыс, жақсы орын тәртібін қалай таңдау керектігі жайлы сұрақтар туындауы мүмкін.

Орыс тілі мен ағылшын тілінің синтактикалық конструкциясының арасындағы ұқсастық кейде сөзбе-сөз аударуға, яғни сөйлемнің структурасын, сөздердің орын тәртібін өзгертусіз аударуға мүмкіндік береді. Бірақ кейбір факторлардың әсерімен аудармашының грамматикалық өзгертулерге жүгінуіне тура келеді, яғни аудармашы сөйлемді жартылай немесе толықтай қайта құруына немесе сөйлем мүшелерін ауыстырғанда, сөз таптарын ауыстыруға тура келеді. Кейде грамматикалық өзгерту тіпті ұқсас структуралар болған күнде де қажет болады.

Грамматикалық форма мен синтактикалық конструкция аударма процесі кезінде олардың лексикалық толығуынсыз жеке бола алмайды. Ағылшын текстерін аудару барысында, ол әдеби, публицистикалық болсын тіпті газеттік болсын, сөйлемнің грамматикалық структурасынан гөрі жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын ашуға көп уақыт кетеді.


Көп жағдайларда ағылшын тілі мен орыс тілінің синтактикалық конструктуралары бір-біріне ұқсас болғандықтан аудармада көп қиындық келтірмейді. Аудармашы үшін тек ағылшын және орыс тілдерінің кейбір структуралары қиындық келтіреді. Олар қосымша ішкі семантикалық және стилистикалық қасиеттері бар синтактикалық конструкциялар. Мұндай структураларға ағылшын тіліндегі абсолютті конструкциялар жатады.

Аудармада синтактикалық конструкцияларды берудің функциональды принципі сөйлемнің семантикалық және экспрессивті –(бейнесі) негізделеді. Сөйлем формасы, типі жағынан европалық тілдер бір-біріне өте ұқсас келеді. Сондықтан аудармада ағылщын тілін жақсы білетін аудармашы үшін ағылшын тілінің орыс тілінде синтактикалық конструктураларын, атап айтқанда герундийлік комл-ді* аудару өте-мөте қиындық келтіре қоймайды.

Бірақ ішкі қосымша функциясы яғни мағыналық немесе экспрессивті стилистикалық функциясы бар синтактикалық структураларды аудару қиындық келтіреді.

Грамматикалық трансформация – сөздің формасын, сөз табын немесе сөйлем мүшелерін немесе грамматикалық конструкцияларды өзгертіп, ауыстырып қолдану тәсілі. Ең көп тараған грамматикалық трансформациялар: синтактикалық ұқсау, (уподавление), сөйлемді бөліп аудару, бір немесе бірнеше сөйлемді біріктіріп бір сөйлем арқылы беру тәсілдері.

Сөйлемді мүшелерге бөлу аудару тәсілі – оригинал сөйлемнің синтактикалық структурасын аударма тілінің екі немесе одан да көп баяндауышты структуралармен қайта жасау тәсілі. Сөйлемді мүшелерге бөліп ауыстыру бастапқы тілдің жай сөйлемін аударма тіліндегі күрделі сөйлеммен өзгертуге немесе жай сөйлемді күрделі екі немесе одан да көп жеке сөйлемдермен ауыстыруға мүмкіндік береді:

The annual surveys of the Labour Government were not discussed with the workers at any stage, but only with the employers.

Лейбористік өкімметің жыл сайынғы жасайтын шолуы ешбір кезеңде жұмысшылар арсында талқыланған емес. Олар тек қана кәсіпкерлер арсында талқыланатын.


Сөйлемдерді біріктіру тәсілі – оригиналдың синтактикалық құрылысын аудармада екі жай сөйлемді бір күрделі сөйлемге біріктіру арқылы аудару:

That was a long time ago. It seemed like fifty years ago.

Бұл бұрын болса да 50 жыл өткендей көрінді.


Дәріс №9.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Сөзжасамның, морфологияның және синтаксистің лингвоелтануда қарастырылуы.

салалық терминдер мен атауларды мүмкіндігінше қазақыландыру жолында еңбек етіп

көптеген халықаралық лингвонимдер орыс тіліндегі қолданысы бойынша “қазақша” термин ретінде сақталып, бекітілген

Қазіргі уақытта термин жасам мәселесіндегі іс-шаралар негізінен үш бағытта дамып

Сөйлемді мүшелерге бөлу тәсілі дегеніміз

Әр түрлі системадағы тілдер арасындағы грамматикалық сәйкестіктер


Модуль №4 Тіл мен мәдениеттегі реалиялар.

Дәріс №10. Реалия туралы ұғым.


Сұрақтар:


  1. Реалия туралы ұғым.

  2. Реалия-зат және реалия-сөз.

  3. Реалийлерді транскрипция,транслитерация,калькалау,суреттемелік тәсіл арқылы аудару.


1 Реалия туралы ұғым.

Лингвоелтанудың басты зерттеу объектілерінің бірі болып реалиялар табылады. Реалиялар дегеніміз тек белгілі бір ұлт пен халыққа тән мәдениет заттарының, тарихи деректердің, ұлттык фольклор немесе мифологиялық кейіпкерлердің аттары, т. б. Салғастырмалы линвоелтануда реалиялар әдетте зерттеліп жатқан тіл елінің тұрмысымен, экономикасымен, және тарихымен байланысты заттар мен құбылыстарды жэне оқушылардың ана тіліндегі сәйкес сөздері жағынан мүлдем немесе жартылай ерекшеленетін сөздерді тіл мен мәдениеттің арасындагы жақындық, айқын материалдық, және рухани өмірінде жаңа реалиялардыц пайда болуы тілде реалиялардың туындауына әкеледі, сонымен қоса, жаңа реалиялардың пайда болу уақытын дәл анықтауга болады, себебі лексика қоғамдық өмірдің әрбір өзгерістеріне әрекет жасайды.


2 Реалия-зат және реалия-сөз.


Тілдің басқа сөздерімен салыстырғанда, реалиялардың айырыма белгісі болып заттық, мазмұнының сипаты, яғни реалиямен белгіленген заттың, құбылыстың бір жағынан халық пен, екінші жағынан тарихи уақыт тығыз байланысы табылады. Осыдан реалияларға ұлттық (кей кезде жергілікті) және тарихи колорит тән екенін айтуға болады. Зерттелініп жатқан тіл елінің мәэдениетімен тығыз байланысты құбылыс ретінде реалиялар қоғам дамуы өзгерістерінің барлығына әрекет жасайды: бұлардың арасында неологизм-реалияларды, тарихи сөздерді, архаизмдерді бөліпп айтуға болады. Мысалы, 50-60 жылдардағы АҚШ және басқа елдердегі жас ұрпақтың «бүлігі» beat generation –шаршаған, түңілген ұрпақ; сияқты сөздердің пайда болуынан көрінді. Осы реалия 50-шы жылдарда пайда болып, алғашында неологизм ретінде тусінілген, кейін басқа ұғымғаа - hippie - «к,азіргі заманғы қоғамның шарттылығы мен имандылығын жоққ,а шығаратын және әдеттегіден тыс киім мен мінез-құлығы аркылы өзінің қарсылығын білдіретін жастар; хиппи» орнын берді.


3 Реалийлерді транскрипция, транслитерация, калькалау, суреттемелік тәсіл арқылы аудару.

Транскрипция және транслитерация дегеніміз – оригиналдық лексикалық бірліктерінің формасын аударма тілінде әріптердің көмегімен қайта жасайтын аударма тәсілі. Транскрипция бойынша (арқылы) бөгде сөздің дыбыстық формасы қайта жасалынды, ал транслитерация арқылы сөздің графикалық формасы (әріптік құрамы) қайта жасалынады. Қазіргі заманғы аударма практикасында транскрипция транслитерацияның кейбір элементтерін сақтай отырып басты тәсіл болып табылады. Тілдердің фонетикалық және графикалық жүйелері бір-бірінен өзгеше болатындықтан бастапқы тілдің сөздерінің формасын аударма тілінде беру шартты және жуық түрде алынады: absurdist –абсурдист (автор произведения абсурда), kleptocracy – клептократия (воровская элита), skateboarding – скейтбординг (катание на роликовой доске). Әрбір қатар тілдер үшін бастапқы тілдің сөзінің дыбыстық құрамын берудің ережелері жасалынады, транслитерацияның элементтері сақталынғаны жайлы көрсетіледі. Ағылшын – орыс аудармаларында ең көп кездесетін транскрипцияларда транслитерация элементтері негізінен кейбір айтылмайтын дауыссыз дыбыстармен редукцияға ұшыраған дауысты дыбыстар боп келеді. Мысалы: dorset [do:sit] - дорсет, Campbell [‘kœmbәl] - кэмпбелл), сонымен бірге дауысты дыбыстар арасындағы қос дауыссыз дыбыстарды және сөздің аяғындағы дауыстыдан кейін келетін дауыссыз дабыстарды беру: Bonners Ferry – Боннерс Ферри, (boss-босс), аудармада әлдеқашан белгілі үлгіге сөздердің дыбысталуын жақындастыратын, сөздердің орфографияларының кейбір ерекшеліктерін сақтау: (Hercules missile – ракета «Геркулес», deescalation – деэскалация , Columbia – Колумбия). Әдеттегі кейбір бағынбайтын сөздер: тарихи тұлғалардың есімдері және кейбір географиялық атаулар: (Charles I – Карл І, William III – Вильгельм ІІІ, Edinborough - Единбург).

Калькирования дегеніміз – оригиналдың лексикалық бірліктерін, олардың құрамдас бөліктерін – морфеманы немесе сөзді ---- олардың аударма тіліндегі лексикалық сәйкестіктерін ауыстыру жолымен болатын аударма тәсілі. Калькированиянің мәні бастапқы лексикалық бірліктің структурасын көшіре отырып, аударма тілінде қайтадан жаңа сөз немесе тұрақты сөз тіркесін жасау болып табылатын. Мысалы: Superpower – «Сверхдержава», mass culture – «массовая культура», green revolution – «зеленая революция». Кейбір жағдайларда, калькирования тәсілін қолдану калькаланатын элементтердің тәртібін өзгерту жағдайында болады: First-strike-weapon – оружие первого удара, land-based-missile – ракета неземного базирования, rapid deployment force – силы быстрого развертывания. Кейде аударма процесінде транскрипция мен калькирование бірмезгілде болады: transnational – транснациональный, petrodollar – нефтедоллар , mini-skirt – мини-юбка. Экспликация немесе суреттеу (сипаттау) аудармасы дегеніміз – бастапқы тілдің лексикалық бірлігі аударма тілінің сөз тіркестерімен, яғни олардың мағынасын сипаттау (суреттеу) арқылы толық түсінік немесе анықтама беретін лексикалық – грамматикалық ауыстыруды айтамыз. Экспликацияның (суреттеудің) көмегімен оригиналдағы кез-келген эквивалентсіз сөздің мағынасын беруге болады: conservationist қоршаған ортаны қорғауды жақтаушы, whistle –stop speech – сайлау алдындағы үгіт жұмысы кезіндегі кандидаттың сөйлеуі.

Компенсация тәсілі дегеніміз – оригиналдағы бастапқы тіл бірліктерінің элементтерінің мағыналарының жойылуы немесе түсіп қалуын аударма тілінде қандай-да бір басқа тәсілдерімен орнына келтіру тәсілін айтамыз.


Дәріс №10.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Тілдегі және мәдениеттегі реалилер.

2. Реалилер - лингвоелтанудың негізгі объектілерінің бірі.


Дәріс №11. Реалия және термин.


Сұрақтар:

1. Реалиялардың мағыналық құрылымы.

2. Реалия және термин.



1 Реалиялардың мағыналық құрылымы.


Реалийлер дегеніміз тек белгілі бір ұлт пен халыққа тән мәдениеттің тарихи деректердің, ұлттык фольклор немесе мифологиялық кейіпкерлердің аттары.

Сондықтан реалияларға ұлттық және тарихи колорит тән.

Федоров, Верещагин сияқты зерттеушілер реалийлерді аударылмайды деп тауып, оларды баламасыз лексикаға жатқызады. Бірақ реалийлер түпнұсқа мәтіннің бөлшегі болғандықтан мәтінді аударғанда аударманың адекваттылығын сақтау қажет. Олай болса «реалийді аудару қажет пе?» деген сұрақтың орнына қалай аудару керек деген сұрақ туындайды.

Реалийлерді аударуда кездесетін екі түрлі қиындық болады. Біріншісі - аударма тілінде сәйкестіктің болмауы, екіншісі – реалийдің мағынасын, яғни оның ұлттық және тарихи бейнесін бере алу.

Бірақ кейбір реалийлердің жеке сәйкестiктері болады. Жеке сәйкестіктер бір тілден екінші тілге дәл сондай тіл бірлігімен аударылады. Мұндай сәйкестіктер аудармада ешқандай қиындық туғызбайды.

Қандай да болмасын аударма жасағанда сөйлеуші де, тыңдаушы да немесе жазып отырған адам да, тыңдап отырған адам да жалпы фондық білімді меңгерулері тиіс. Бұл әсіресе көркем әдебиетті және бұқаралық ақпарат құралдарын жете түсінуде маңызды роль атқарады. Ал аударманың түсінікті болуы үшін реалийлердің мағыналық құрамын ашып алған жөн.

Таныс реалийлер мағынасын ашуды қажет етпейді. Сол сияқты интернационалды реалийлер де аударманы қажет етпейді. canyon—каньон, глубокое ущелье

grizzly — большой серый медведь.

hamburger — булочка с рубленым бифштексом

cowboy — водитель-лихач

sheriff — шериф;

Аударатын және аударылытын тілдегі таныс емес реалийлер мағынаны ашуды өте қажет етеді.

Олар мәтінде көбіне графикалық ерекшеленумен, яғни курсивпен, тырнақшалармен, қалың шрифтпен көрсетіледі. Бұл осы сөзге ерекше көңіл аудартқанмен оқырманға ол сөздің мағынасын ашып бере алмайды.


Кейбір мәтіндерде реалийдің аудармасы синоним ретінде қатар беріледі «крепостной-иомен», ал енді бірінде сол мәтінде жақшаға алынып, немесе үтір, сызықша арқылы түсіндірмесі беріледі. Batter sea Dog s'Home - a place in Battersea, where lost and unwanted dogs are kept is not far. Мәтінде реалиймен бірге аударуға келмеген жағдайда беттің төменгі жағында сноска арқылы беруге болады. Бірақ бұл оқырманның көңілін бөледі. David Copperfield* - a novel by Charles Dickens.

Реалияларды мағыналық құрылымына қарай келесі түрлерге топтастыруға болады:

1) Этнографиялық реалийлер. Тұрмысқа байланысты реалиялар:

а) киім, аяқ киім: cardigan, jeans, сарафан, бутсы, камзол, бөрік т.б.

Straw skimmer –женская соломенная шляпа с тульей и широкими полями.

б) тамақ, сусын: (wisky, martini, scotch, сэндвич, қымыз, қазы-қарта т.б.

в) тұрмыс мекемелер: бар, клуб, офис, букмекер, спортзал;

г) көлік: такси, мерседес, ауди, тайота;

е) салт-дәстүрлер, мерекелер: Christmas, Halloween, Thanksgiving Day, Наурыз, беташар, қыз қуу;

ж) : өсімдіктер мен жан-жануарлар, қоршаған ортаны қорғау:

Batter sea Dog s'Home -a place in Battersea, where lost and unwanted dogs are kept; daffodil-a very common bell-shaped pale yellow flower of early spring. The daffodil is one of the plants which has an association with Wales.

з) ақша бірліктері; өлшем бірліктері;

2) Қоғамдық-саяси реалиялар. губерния, большевики, лорд, канцлер, сенат, cottage, penthouse speaker, the Lord Chancellor – лорд канцлер, Prime-Minister Parliament, Lord, Barrister, Мәжіліс колхоз, совхоз,субботник.

3) білім жүйесі мен тәрбиеге байланысты реалиялар: Harvard University – один из старейших и крупнейших американских привилегированных учебных заведений. PTA - Parent-Teacher Association;

4) кайырымдылыққа байланысты реалиялар: Help the Aged-a British organization which collects money and helps old people both in the United Kingdom and overseas; Oxfam - the Oxford Committee for Famine Relief; a British Charity organization that helps people in poor countries;


5) мәдениет реалиялар.

а) әдебиет: кейіпкерлер, афоризмдер, қанатты сөздер. David Coppe rfie1d - a novel by Charles Dickens, ;

6) кино мен театр: Chaplin, Charlie- (1889-1977) a comedian and movie star of the early 1900s. His most famous character was the Little Tramp;

в) бейнелі өнер: National Gallery, the- one of London's well-known art galleries, it contains one of the most important collections of Western paintings. Founded in 1824;

г) музыка: blues — блюз: джаз, музыкалық аспаптар.bagpipes- musical instruments played especially in Scotland;

Black Sabbath-a heavy metal group, formerly "Earth", formed in Birmingham.

д) Бұқаралық ақпарат құралдары: BBC, t h e - The British Broadcasting Corporation; The main British radio and television broadcasting company; Time - an American weekly news magazine that is sold in the USA and around the world;


2 Реалия және термин.


Бір қарағанда реалия мен терминнің бір-біріне ұқсастығы байқалады. Терминдердің көптеген лексикалық бірліктерден айырмашылығы нақты бір затты, ұғымды немесе құбылысты анықтайды. Олар бір мағыналы, синонимсіз және олардың сөз тіркестері де болмайды. Терминдер көбінесе шет елден кірген және мағыналары шектеулі сөздер болуы мүмкін. Осы айтылғандар реалияға да қатысты. Сонымен бірге осы екі категориялардың тоғысуында бірнеше бірліктер қатары бар. Олардың термин немесе реалия екнін анықтау қиынға соғады. Оларды «заңды түрде» әрі термин әрі реалия деп айтуға болады. А. Д. Швейцер бұл бірліктерді «термин-реалия» деп атаған.

Релия мен терминнің айырмашылықтары да баршылық. Реалийлер еш күмәнсіз баламасыз лексикаға жатса, терминдер негізінен кез келген контексте аударылатын негізгі тілдік бірліктерге жатады.

Терминдер нақты бір ғылыми ұғым атауы, олар ғылыми тілге қызмет етеді, тілдік ортада дами отырып, терминдік сипатты иеленеді, одан шығып қалған жағдайда термин терминдік қасиетін жоғалтады, ғылым мен техникалық ұғымдардың атауы болудан қалады.


Реалий жергiлiктi әрдiң берілу құралдарының бiрі болатын көркем әдебиетпен байланысты; реалийлер ғылыми мәтiнде қатардағы термин ролін жиі атқарады.

Термин әр елдің тілінде өз тіліндегідей қолданыс табады. Ол заттың атауымен бірге таралады. Терминнің қандай да бір ұлтқа тән екендігін анықтауды талап етудің қажеттілігі жоқ, өзінің шығу жолына қарамастан ол бүткіл адамзатқа тиесілі. Кез-келген ұлт терминді өзінің заңды меншігі ретінде қолдана алады. Ал реалийлерге келетін болсақ ол пайда болған елге ғана тиесілі. Оның терминнен айырмашылығы басқа бір елдің қандай-да бір реалиймен таныстығына қарамастан сол тілге әдебиетпен немесе бұқаралық ақпарат құралдар каналдары арқылы ене алуында. Ол кейде уақытша қолданыста болады, ал кейде кірме сөз ретінде еніп сол елдің тілін байытады немесе ластандырады. Көптеген реалийлер термин болмай-ақ халықаралық деңгейде таралып термин тәрізді кең көлемде қолданылады. Дегенмен ол реалийлерді қолдану барысында олардың тарихи немесе мәдени реңі байқалып тұрады.

Ғылым мен техника салаларында терминдердің маңыздылығы туралы К. Аханов былай дейді: “Ғылым мен техникада терминдердің мәні күшті. Ғылым мен техниканың белгілі бір саласын меңгеру үшін сол салаға тән терминдердің мағынасын, ғылыми мәні мен білдіретін ұғымын жете түсіну қажет. Белгілі бір ғылым саласына тән терминологияны білмей тұрып, ол ғылымды меңгеру де мүмкін емес”.

Терминдердің реалийлерден тағы бір айырмашылығы олардың пайда болуында. Көптеген терминдер жасанды жолмен пайда болады. Терминге, ең алдымен, нақтылық тән. “Терминдер қандай бір контексте қолданылсын, олардың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында беріледі” Тілде қандай да жаңа ұғымға байланысты қалыптасқан сөздер термин ретінде қабылданады. Ал термин жалпыхалықтық лексикадан оған сай ұғым табылмаған жағдайда жасанды жолмен жасалады. Бұлар қолданылу барысында әбден қалыптасып, жасандылығы ұмытылып, үйреншікті терминге айналады.


Саммит” (ағыл. summit) – жоғары дәрежедегі кездесу, referendum (лат. – одан әрі қарастыру үшін) – “жоғары тұрған инстанция мақұлдаған жағдайда халықаралық дипломатиялық терминдер: “memorandum”: 1. Дипломатиялық нота; 2. Есте сақтау үшін жазатын қағаз (меморандум);

ultimatum”: 1. Ультиматум; 2. Талап (ультиматум) т.б.

Ағылшын тіліндегі terrorism, extremism терминдері қазақ тіліне терроризм, экстремизм деп беріледі.

Термин арнайы түрде жасалатын жасанды сөз болғандықтан, оның жасалуына негіз болған тілде бұрыннан бар сөздің мағынасын тарылтуға да, сондай-ақ сол сөздің мағынасын кеңейтуге болады. Терминдер адам қызметінің ерекше түрін атап көрсетіп, ең алдымен, ғылыми, кәсіби деңгейлерін айқындайды. Сондықтан терминдер ғылым мен техниканың, кәсіби және өндірістік салалардың, ғылыми таным мен әлем көрінісінің дамуын бейнелейді.

Ал реалийлер әрдайым табиғи түрде пайда болады. Себебі реалийлер белгілі бір халыққа тән сөздер. Олар сол халықтың тұрмыс тіршілігімен, өмірлік көзқарасымен тығыз байланысты.

Реалийдің ерекше белгісі Г.В. Черновтың атап көрсеткеніндей өз елінде жаппай қолданылуы, танымалдығы болса, өзге елде керісінше таныс болмауы, «бөтендігі» болады. О.С.Ахманованың айтуы бойынша кез келген коммуникативті әрекетті іске асыру үшін «тілдік қарым-қатынастың негізі болатын реалийлерді сөйлеушінің де, тыңдаушының да білулері» тиіс.

А.А. Реформатский термин мен ұғымның өзара байланысы жөніндегі әртүрлі пікірлерді саралай келе, оларды екі бағытқа бөледі: 1. Терминдерді белгілі бір затпен байланысты қарау; 2. Терминді ұғыммен байланысты қарау.

Реалий мен терминнің ұқсастықтары:


Реалий

Термин

  • шет елден кірген және мағыналары шектеулі сөздер болуы мүмкін;


  • нақты бір затты, ұғымды немесе құбылысты анықтайды;

  • Бір мағыналы, синонимсіз және олардың сөз тіркестері де болмайды;


Реалий мен терминнің айрмашылықтары:


  • баламасыз лексикаға жатады

  • аударылатын тілдік бірліктерге жатады

  • тарихпен, мәдениетпен байланысты

  • ғылым мен техникада қолданылады

  • белгілі бір елдің мәдениетіне, тарихына байланысты пайда болады

  • нақты бір ғылыми ұғым атауы, олар ғылыми тілге қызмет етеді, тілдік ортада дами отырып, терминдік сипатты иеленеді

  • табиғи түрде пайда болады

  • жасанды жолмен пайда болады

  • қолдану барысындағы тарихи немесе мәдени реңі байқалады

  • негізгі бір ғана мағынасында қолданылады, нақтылық тән

  • белгілі бір халыққа тән сөздер, халықтың тұрмыс тіршілігімен, өмірлік көзқарасымен тығыз байланысты

  • жалпыхалықтық лексика

  • пайда болған елге ғана тиесілі
  • бүткіл адамзатқа тиесілі



Кез келген ұлттық тіл біліміндегі терминдер мен реалийлердің тарихы, жасалу, даму жолы сол ұлттың тіл білімі тарихымен, тілдік заңдылықтарымен қатар, халықтың тарихымен, әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерімен тығыз байланысты қарастырылуы тиіс.

Реалийлер мен терминдерді дұрыс игеру – тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алудың басты шарты.


Дәріс №11.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Реалилердің түрге бөлінуі.

2. Лингвоелтанудағы топонимдік ақпарат түрлерінің жіктемесі.



<< предыдущая страница   следующая страница >>