https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 5 6

1. Адам мінезі мен ақыл-ой қабілетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: Қарабайдай қатыгез, дала бүркітіндей қырағы; Ағыл.: a memory like an elephant (сөзбе-сөз: есі пілдей), яғни еске сақтау қабілеті жоғары, тамаша, as blunt as a hammer (сөзбе-сөз: балғадай ақымақ) яғни топас, т.б. 2. Адамның жағдай-күйіне байланысты ФТ-лер: Қаз.: сең соққан балықтай, жарасын жалаған иттей, жаралы арыстандай аласұрды; Ағыл.: as miserable as a bandicoot – (қалталы қөртышқандай) – бақытсыз, аянышты, as still as a mouse – тышқандай жасырынып тұру т.б. 3. Адамның сыртқы келбетін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қырмызыдай ажарлы, ақ маралдай әдемі; Ағыл.: as fair as a lily – лилия гүліндей сұлу, pale as death - өліктей бозарған т.б.
4. Адамның өмірі мен қызметін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: түлкі қуған тазыдай соңына түсу, ит пен мысықтай өмір сүру; Ағыл.: as thick as thieves (бір-біріне ұрылардай жақын болу) – жан дос, айырылмас дос, to live like cat and dog – мысық пен иттей өмір сүру. 5. Адамның эмоциялық жағдайын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: найза үстінде отырғандай, тышқан алған мысықтай;Ағыл.: to shake /quake/ tremble like an aspen leaf – көк теректің жапырағындай қалтырау, to sit on a powder keg – оқ-дәріге толы бөшкенің (күбінің) үстінде отырғандай. 6. Адамның басқа бір адамға немесе затқа қатынасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: жыландай жек көру, құлындай шыңғырту, қойдай бауыздау; Ағыл.: hate smb like poison – біреуді удай жек көру, flieng smb aside like an old boot – біреуді қажеті жоқ ескі аяқ киімдей лақтырып тастау, яғни пайдаланып алғаннан кейін өзінен алыстату, қуу.

7. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: көздің жасындай таза (мөлдір), жаман түйенің жабуындай (келіссіз). Ағыл.: fresh as a daisy – маргаритка гүліндей жас, жаңа, cold as a frog – құрбақадай суық. 8. Түсті сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: ақ бөкеннің таңындай, орман түлкісіндей қызыл, сүттей ақ; Ағыл.: as white as driven snow/as milk – қардай/сүттей ақ, as red as a turkey-cock – күрке тауықтың айдарындай қызыл. 9. Адамның тамақтану процесін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бурадай қарш-қарш шайнау, егінге түскен сиырдай жайпау; Ағыл.: eat like a pig – шошқадай ішіп-жеу, drink like a fish – балықша ішу. 10. Заттар мен құбылыстардың көлемін сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: қойдың құмалағындай, ешкінің асығындай, иненің жасуындай; Ағыл.: as light as a drum – барабандай жеңіл, thin as a lath/rake – ескектей жіңішке.

11. Арақашықтықты сипаттайтын ФТ-лер: Қаз.: есік пен төрдей, ат шаптырымдай жер, қозы/қой өрісіндей жер. Ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулерінің біз жинаған материал ішінде бұл топқа жататындары кездеспеді. 12. Уақытты сипаттаушы ФТ-лер: Қаз.: бие сауымдай уақыт, сүт қайнатымдай уақыт, қас қаққандай. Аталмыш топқа да ағылшын тілінің фразеологиялық теңеулері біз қарастырған материал арасынан кездеспеді.

Теңеу бейнесі қызметін орындаушы семалар негізінде қазақ және ағылшын тілдерінде фразеологиялық теңелеурдің мынадай топтары анықталды:

1. Күнделікті тұтыну заттар атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: сабынша бұзылу, тозған бөздей ыдырау; Ағыл.: to fit like a glove - қолғаптай дәл), as fat as butter - сары майдай толық. 2. Үй жануарлары атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тағасыз аттай тайғанау, егінге түскен сиырдай жайпау; Ағыл.: stubborn as a mule – есектей қиқар, squeal like a stuck pig – шала бауыздалған шошқадай шыңғыру. 3. Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: бұлттай сұрлану, жауар күндей түнеру, желдей есу; Ағыл.: look like thunder – күннің күркіреуіндей көріну, яғни ашулы, ызалы, like greased lightning – найзағайдай шапшаң, жылдам. 4. Аң атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қойға тиген қасқырдай, ақ маралдай керілу, жолбарыстай білекті; Ағыл.: as agile as a monkey - маймылдай икемді, as cross as a bear – аюдай ашулы, as cunning as a fox – түлкідей айлалы. 5. Құс атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: торға түскен қырандай, бұлбұлдай сайрау, жүнін жұлған тырнадай; Ағыл.: as drunk as (a boiled) an owl – жапалақтай мас, as gay as a lark – бозторғайдай көңілді, as a mild as a dove – көгершіндей жұмсақ. 6. Жәндік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: қара құрттай қаптау, шыбындай қырылу, аш кенедей жабысу; Ағыл.: as merry as a grig – көк шегірткедей көңілді, ants in one’s pants – шалбар киген құмырсқадай, яғни ыңғайсыз, мазасыз сезіну. 7. Өсімдік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: тікендей қадалау, қызыл гүлдей құлпыру, жел соққан қамыстай жапырылу; Ағыл.: grow up like mushrooms – саңырауқұлақтай өсу, көбею, shake as a leaf – жапырақтай дірілдеу, stick to smb like a bur – біреуге ошағандай жабысу. 8. Діни атауларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: жын ұрғандай жұлқыну, көктен түскен періштедей, иманындай сақтады. Ағыл.: a certain as preachig – діни уағыздай шын, айқын, as safe as a church – шіркеудей сенімді, берік, as ugly as sin – күнәдай үрейлі, қорқынышты. 9. Азық-түлік атауларынан жасалған ФТ-лер: Қаз.: айрандай ұйып отыру, бал қаймақтай, балға ашытқан қымыздай. Ағыл.: as brown as a berry – жидектей қоңыр, яғни күнге күйген, as full as an egg is of meat – етке толы жұмыртқадай толық, толы, толтырылған. 10. Ауру атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: сүзектен тұрғандай. Ағыл.: avoid like the leper – алапес ауруынан қашқандай, to avoid someone or smth like the plague – чума ауруынан қашқандай. 11. Балық атауларына байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: ақ сазандай бұлқынды, тұмсығы тасқа тиген бекіредей, шабақтай шүпірлету; Ағыл.: as flat as a flounder – камбала балықтай теп-тегіс, жазық, close/dumb as an oyster – устрицадай үндемеу, мылқау, аузын ашпау, swim like a fish – балықтай жүзу. 12. Тарихи оқиғалар мен тарихи тұлғаларға байланысты жасалған ФТ-лер: Қаз.: Абылай аспас асудай, Атымтайдай жомарт, Наушаруандай әділ; Ағыл.: as game as Ned Kelly – Нед Келлидей күшті. Нед Келли атақты қарақшы, as old as Methuselah – Мафусаилдай (библия кейіпкері) кәрі, ескі, as pleased as Punch – Панчодай (көше кезіп жүретін қуыршақ театрының кейіпкері) разы, риза.



2 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынасы.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынаны жасаудағы теңеу бейнесінде қолданылатын ұйытқы сөздерді зерделей келе төмендегідей тұжырым жасауға болады:

1. Мағыналық жіктелу тұрғысынан қазақ тілінде ФТ-дің 12 негізгі мағыналық тобы, ал ағылшын тілінде 10 мағыналық тобы анықталды. Ағылшын тілінде арақашықтық пен уақытты сипаттайтын ФТ-лер біз жинаған материалда кездеспеді.

2. Теңеу бейнесі қызметін атқаратын ұйытқы сөздер екі тілде де 12 тақырыптық топтың атауларынан жасалады. Дегенмен, бір тақырыптық топқа жататын ФТ-лер саны екі тілде бірдей емес. Мысалы, ағылшын тілінде өсімдік атаулары, діни атаулар, құс және жәндік атаулары көбірек кездессе, қазақ тілінде үй жануарлары, күнделікті тұтыну заттар атаулары саны жағынан ФТ-лер жасауда басымырақ қолданылады. Екі тілде де фразеологиялық теңеулер негізінде адамның өмірі мен қызметін, сипаты мен әртүрлі қасиеттерін, мінез-құлқын т.б. қасиеттерін бейнелі сипаттау үшін қолданылатыны байқалады.

3. Тілде көрініс табатын ұлттық ерекшеліктер фразеологизмнің құрамындағы ұлттық мәдени компонентімен байланысты. Мәселен, үй жануарларының тақырып тобын қарасақ, қазақ тілінің фразеологиялық теңеулерінде көбіне жылқы, қой, түйе компоненттері, ал ағылшын тілінде шошқа, тауық, қаз компоненттері жиі қолданылады, яғни кей атаулардың фразажасамдық белсенділігі қазақ тілінде жоғары, ағылшын тілінде төмен болса, ал кейбір атаулардың осы қасиеті керісінше ағылшын тілінде жоғары, қазақ тілінде төмен болып келеді.

Дүниетаным, ойлау қабілетінде салғастырылушы тіл иелері халықтарда ортақ болғанымен, өмір сүру жағдайы, табиғи орталығындағы айырмашылыққа қатысты бейнелеу, суреттеу, әсерлеу нысандары мен эмоционалдық жағынан алғанда әр халықтың өзіндік ұлттық ерекшелігі бар. Мысалы, қазақ тіліндегі қыздың жиған жүгіндей деген фразеологиялық теңеудің ағылшын тілінде баламасын табу өте қиын. Бұл – қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігі, өмір салтымен байланысты әсемдікті танытудың көрінісі. Сол сияқты, ағылшын тіліндегі (as) dumb as a woolden Indian (сөзбе-сөз: дүкен алдында тұрған индеецтей), жалпы топас, ақымақ деген мағынада қолданылады. Жарнама ретінде Америкада темекі сататын дүкендердің алдында индеецтің ағаш мүсіндерін қою осы елдің дәстүріне жатады. Ал американдықтар түсінігінде ертеде индеецтер ақымақ, топас деп бағаланған.


Келтірілген мысалдардан теңеу бейнесінің негізі ретінде екі тілде әр түрлі мағыналық топтардың құрамына кіретін атаулар қолданылатыны көрінеді. Олардың қолдану аясында әр тілге тән ерекшеліктермен қатар, екі тілге де ортақ белгілері де кездеседі. Бұл айтылған ой фразеологиялық теңеулердің концептілік құрылымы мен коннотативтік мағынасына талдау жүргізу арқылы дәйектеледі.

...

Дәріс №6. Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейтін фразеологизмдерге мысалдар келтіріңіз.

2. Құбылыстар мен заттардың сапасын сипаттаушы фразеологизмдерге мысалдар келтіріңіз.

3.Табиғат және қоршаған орта құбылыстарының атауларынан жасалған фразеологизмдерге мысалдар келтіріңіз.

4.Діни атауларға байланысты жасалған фразеологизмдерге мысалдар келтіріңіз

5.Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынасы қандай?

6.Тілде көрініс табатын ұлттық ерекшеліктер фразеологизмнің құрамындағы қандай компонентпен байланысты?

7. Қазақ халқының көшпелі тұрмыс-тіршілігі, өмір салтымен байланысты әсемдікті танытудың көрінісін көрсетеін фразеологизмдерге мысалдар келтіріңіз.


Дәріс №7. Афористика - лингвоелтанудың бастамасы ретінде.


Сұрақтар:


  1. Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.

  2. Қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру.

&&&

1 Тілдік афоризмдердің ұлттық-мәдени семантикасы.

Афоризмдер - тарихи көрнекті  қоғам қайраткерлерінің, ойшылдар мен көркем сөз шеберлерінің, ғалымдардың шығармаларында немесе фольклорлық, публицистикалық туындыларында кездесетін, қолданылуы тұрақты, бейнелі, терең мағыналы нақыл сөздер, афоризмдер. Мақал – мәтелдер сияқты қанатты сөздер де айтайын деген ойды мәнерлеп жеткізу үшін, стилистикалық тәсіл ретінде жұмсалады.


Мысалы:

Абайдағы – білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез; әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсан арқалан; тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық аздырар адам баласын; әкенің баласы болма, адамның баласы бол; еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей; баяғы жартас бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас; адасқанның алды жөн, арты соқпақ; лай суға май бітпес қой өткенге; досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас т.б.   Ыбырайдағы – кел, балалар, оқылық, оқығанды көңілге ықылас пен тоқылық; аурудан аяған күштірек; байлық қанағатта; өзі болған жігіттің аяғынан аямаңыздар т.б.

М.Әуезовтегі – бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан ермейді; ар жазасы ең ауыр жаза т.б. қанатты сөздер айтуға жеңіл ықшамдылығымен, көркемділігімен, терең мағыналылығымен мақал – мәтелдер сияқты халық арасына кең тарап кеткен.

Тарихи тұрғыдан қарағанда қанатты сөздер мақал – мәтелдердің қорын байытатын негізгі көз болып табылады. Осы күнгі мақал – мәтелдерде ақылгөй, дана адамдардың аузынан шығып, замандар бойы халық қолданысында әбден екшеліп, қырналып, жетіліп, біздің заманымызға жеткен қанатты сөздер сияқты, бірақ олар бастапқы қалпын, авторларын сақтамаған. Қанатты сөздер грамматикалық құрылысы жағынан мақал – мәтелдер тектес әртүрлі формада кездеседі.

Фразеологизмдерге мақал – мәтелдердің қатыстылығын және олардың бір бірінен айырмашылығын фразеологизмдерге тән белгілер тұрғысынан қарап анықтауға болады. Осы тұрғыдан қарағанда, фразеологизмдерге тән құрылым тұрақтылығы, даяр қалпында жұмсалу тиянақтылығы, бейнелілігі, мәнерлігі сияқты белгілер мақал – мәтелдерге тән.

Көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жататын мақал – мәтелдер мән – мазмұнның тереңдігімен, өткірлігімен, өміршеңдігімен ерекшеленеді. Көлемінің ықшамдылығына қарамастан, бейнелі тілдік бірліктер нақты да күрделі ойдың себеп – салдарын, халықтың өнер тәжірибесінің қорытындысы мен дәлелін қатар білдіреді. Онда халықтың тарихы, саяси өмірі, тыныс – тіршілігі, дүниетанымы, рухани және материалдық мәдениеті жан – жақты көрініс тапқан. Терең ойды алдай қалыпқа сыйғызған халық даналығын, шешендігі мен асқан шеберлігін танытатын да осы ұлттық сипатқа ие мәдени ентаңбалы (маркерлі) тұрақты орамдар. Әрбір  халықтың  тарихи даму кезеңдеріндегі сан алуан өзгерістер тілдің лексикалық – грамматикалық жүйесінде өзіндік із қалдырып отырғаны белгілі, алайда, өзінің біртұтас жүйесін, тұлға – тұрпаты мен мән мағынасын сақтап  қалған тілдік бірліктер – өздік құрамдағы мақал – мәтелдер.


2. Қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерін этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру.

«Ұлт пен тіл біртұтас» деген қағидаға сәйкес, қазақ және ағылшын мақал – мәтелдерін тек тілдік емес, этнолингвистикалық тұрғыдан қарастыру бірлік астарындағы ұлттық болмысты тану жағынан да өзекті мәселе қатарына жатады.

Сондай – ақ этнолингвистика мен лингвомәдениеттану салаларының жалпы тіл білімінде дербес пән болып қалыптасқан тұсында мақал – мәтелдерді тілдің «таза» ішкі жүйесі (имманентті жүйе) тұрғысынан қарағаннан гөрі, оларды тілі мен мәдениеті алшақ жатқан басқа халықтардың (ұлттардың) тілдік бірліктерімен салғастыра зерттеу арқылы олардың семантикалық құрылымындағы ерекшеліктері мен ұлттық сипатты айқындау аса маңызды болып отыр. Қай елдiң мақал-мәтелдерiн алмасақ та, барлығының ең басты ерекшелiгi – тәрбиелiк маңыздылығы. Ағылшын тiлiндегi мақал-мәтелдердi үйрету негiзiнде тек ағылшын халқының көп ғасырлық өмiрлiк тәжiрибесiмен, әлеуметтiк, этикалық және эстетикалық көзқарастары мен дүниетанымымен таныстырып қана қоймай, ең бастысы сол нақыл сөздер (афоризмдер) мен мақал-мәтелдердiң тәрбиелiк мәнiн түсiндiрiп, сөздiк қорын байытамыз.

Ағылшын тiлiнен қазақшаға аударуда қиыншылықтар кездесетiнi де сөзсiз. Аударманы жасаған кезде басқа тiлдiң көмегi арқылы белгiлi бiр тiлдегi мазмұнды мүмкiндiгiнше дәл жеткiзу, ағылшын тiлiндегi мақалды немесе мәтелдi түсiнiп, оны өз туған тiлiнде түсiндiруге және керiсiнше жасау iскерлiгiне ие болу мiндетi қойылады. Үш тiлдегi мақал-мәтелдердегi немесе нақыл сөздердегi мағыналық реңктiң ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну ағылшын тiлiн үйренуiне елеулi көмек көрсетедi.

Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдер жан-жақты қарастырылып талданды.

Мәселен:

1. Ағылшын, қазақ, орыс тілдеріндегі мақал-мәтелдер жеке тақырыптар бойынша сараланды;

а) Адам және оның қасиеті;

ә) Еңбек және кәсіп;

б) Ғылым-білім. т.б.

2. Мақал-мәтелдер мағыналарына қарай сараланды;


а) Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде сөздік баламасының әр түрлі мағыналарының бірдей болуы;

ә) Мақал-мәтелдердің 3 (қазақ, орыс, ағылшын) тілде сөздік баламасының дәл келуі;

Мыcалы:

Білім – қуат.

Знание – сила.

Knowledge is power.

Бұл мәтелде 4 тілдегі сөздік баламасы және де мағынасы дәл келіп тұр. Бұл синонимикалық мәтелдер, яғни аудару барысында тiкелей аудару арқылы аударылған, мағыналары да, сөздерi де бiрдей. Бұндай ұқсас синонимикалық мақал-мәтелдердi шетел тiл меңгеруде қолдану өте қолайлы.

Екінші мысал:

Бір қарын майды бір құмалақ шірітеді.

Паршивая овца всё стадо портит.

One drop of poison spoils the whole tun of wine.

1) Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа.

Сколько стран, столько обычаев.

Every country has its customs.

2) Сырты жалтырауықтың іші қалтырауық.

Наружность обманчива.

Appearences are deceptive – never judge from appearence.

3) Сиыр баласын торпағым дер, қарға баласын аппағым дер.

Всяк кулик своё болото хвалит.

Every cook praises his own broth.

4) Мысқалы аз, бірақ қымбат.

Мал золотник, да дорог.

A little body often harbours a great soul.

1) Iске уақыт, ермекке сағат.

Делу время, потехе час.

Business before pleasure.

2) Еңбек түбі – қуаныш.

Конец – делу венец.

The end crowns the work.

3) Қыс арбаңды сайла, жаз шанаңды сайла.

Любишь кататься, люби и саночки возить.

After dinner comes the reconing.

4) Тамшы тама берсе тас жарады.

Капля камень точит.

Little strokes fell great oaks.

1) Бiлiм – қуат.

Знание – сила.

Knowledge is power.

2) Өмір бойы үйрен.

Век живи – век учись.


Live and learn.

3) Ақылды көндім десе, ақымақ жеңдім дейді.

Дурак считает себя умным, а умный признаёт глупцом.

The fool does think he is wise,

but the wise man knows himself to be a fool.

4) Көргеніңді көңілге түй.

Учись на чужих ошибках.

Learn wisdom by the follies of others.

1) Денсаулық – зор байлық.

Здоровье дороже богатства.

Good health is above wealth

2) Демі бардың емі бар.

Чем ушибся, тем и лечись.

Take a hair of the dog that bit you.

Мақал-мәтелдерге тән көркемдiгi, ырғақты суреттеуi арқылы олар өте тез есте сақталып, ағылшын тiлiн үйретудiң әр түрлi аспектiлерi мен кез-келген басқа мақсат үшiн иллюстрация ретiнде қолданыла алады.

Бұл бейнелiк нақыл сөздер мен мақал-мәтелдердi қолдану барысында, халық даналығының мағынасына тереңiрек үңiлiп түсiнуге болады. Мақал-мәтелдердiң мәнерлi формасы оларды тез есте сақтауға мүмкiндiк бередi, бұл ағылшын және неміс тiлiндегi мақал-мәтелдерiнде кездесетiн грамматикалық құрылыстарды өңдеуге көмектеседi.

...


Дәріс №7.Өзін-өзі тексеру сұрақтары

1. Афоризмдер деген не?

2.Афоризмдерді неліктен көркем сөз өнерінің тілдік және поэтикалық бұлақтары санатына жатқызады?

3.Қанатты сөздер мен мақал-мәтелдерді аудару мәселелері.

4.Афоризмдер мен мақал-мәтелдер не себептен есте жеңіл сақталады?

5. Нақыл сөздерді қандай топтарға бөлуге болады?

6. Ағылшын тіліндегі мен қазақ тіліндегі афоризмдердің ерекшелігі мен ұқсастықтары қандай?


Модуль №3 Тілдің реляционды бірліктері.

Дәріс №8. Тілдің реляционды бірліктері ұлттық-мәдени мағлұматтардың бастамасы ретінде.

Сұрақтар:

1. Тілдің реляционды бірліктері.

2. Фонетика ұлттық мәдениет феномені ретінде.

3. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі екпін.Оның түрлері.


1 Тілдің реляционды бірліктері.

Қазақ және ағылшын тілдерінің контрастивті зерттелуі лингвистикада енді қолға алына бастаған тың тақырыптардың бірі болғандықтан, екі тілдің дыбыстық және жазу жүйелеріндегі құрылымдық және функционалдық ерекшеліктерін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаулингвоелтану саласының маңызды мәселелердің бірі.

Жазу мен айтылымның алшақтығынан ағылшындар мен американдар, сондай-ақ барлық ағылшын тілділер өз тілінде көріп тұрған (бейтаныс) сөзді оқи алмайды, естіп тұрған сөзін жаза алмайды. Бұл тұжырым күнделікті тұрмыс-тіршілікте жиі кездесетін сөздерден өзге әсіресе терминдер мен ономастиконға келгенде күшіне енеді. Өзге тілдің онимдерін айтпай-ақ қойғанда, адамға өз тілінде күнделікті тұрмыс-тіршілік лексикасынан басқа қаншама жаңа термин, қаншама ономастикалықатау кездеседі. Ағылшын тілділер мұндай сөздерді жазу мен оқудың қиындығынан spell (әріптеп айт (-ыңыз)), spelling (жазылуы), transcription (оќылуы), pronunciation (айтылуы) деген терминдерді қолдану арқылы шығады. АҚШ-тағы айтылуы [SaI'xn] деген, не болмаса Ұлыбританиядағы айтылуы ['kezIk] деген қалалардың атын көлік жүргізуші «Could you please spell» деп, олардың жазылуы Cheyenne, Keswick екендігін әріптеп жазып алмаса, айтылуы бойынша неше күн іздесе де таба алмауы мүмкін. Ал мұндай жалқы есімдерді естілуі бойынша өз бетінше қағазға түсіріп аламын деген кісі міндетті түрде (деуге болады) қателеседі. М. Шахановтың «Заблуждение цивилизации» деген еңбегін ағылшын тіліне аударған американдық аудармашы Уолтер Мей (Walter May) маман ретінде біліктілігіне қарамастан Майк Тайсонның фамилиясын өз бетінше Taison деп жазып , қателесіп кеткен. «Атыңызды әріптеп айтасыз ба?» деп өтінудің мүмкіндігі жоқ, ал қажетті әдебиет көздерінен іздестіргенде дұрысы Tyson деп жазылған болар еді. Ш. Айтматов пен М. Шахановтың «Құз басындағы аңшының зары» (Aitmatov Chingiz, Shakhanov Mukhtar. The Plaint of the Hunter above the Abyss деп аталатын белгілі диалогын аударғанда да (осы) аудармашы осындай бірқатар келеңсіздіктерге жол беріп алады. Сондыќтан spelling, transcription, pronunciation сияқты терминдер күнделікті тұрмыста жиі қолданылатын болғандықтан, бұл лексемалардың мағыналары да ағылшын тілділерге кеңінен танымал. Ал қазақкісі жер-су атын қағазға жазып алса, ол бірден сөздің айтылуын да, жазылуын да жазып алады және ол жер-су атын жаңылмай табу үшін емес, бір ғана мақсатта, ұмытып қалмас үшін жазып алады. Сондықтан қазақ тіліндегі єріптер мен дыбыстардыњ толықтай сєйкестігі салдарынан оқу үдерісі жєне тіл біліміндегі қолданысы аясынан тыс жаѓдайда кез келген қазақ кісініњ аса ќарапайым әріп пен дыбыс ұғымдарын айыра алмауы ғажап емес.


...

2 Фонетика ұлттық мәдениет феномені ретінде.

Қазіргі қазақ тіл білімінде фонема теориясы екі бағытта зерттеліп келеді. Бірі – дәстүрлі, акцентті-фонологиялық бағыт (өкілдері Қ. Жұбанов, І. Кеңесбаев, Ж. Аралбаев, Т. Талипов, т.б.), екіншісі – сингормониялық бағыт (өкілдері Є. Жүнісбеков, Ж. Әбуов, М. Жүсіпов, т.б.).

Ал шын мәнінде, қазақ тілі ағылшын тілімен және көптеген өзге тілдермен, оның ішінде өзі тектес (орыс тілі сияқты) жазуы негізінен фонематикалық принципке негізделген тілдермен де салыстыра қарағанда әріпке дыбысы толығымен сәйкес келетін тіл болып есептеледі. Оған бірден бір дәлел, бүгінгі қолданыстағы жазумен өзге тілдердіњ сөздерін транскрипциялау мүмкіндігінің жоѓары екендігі, әріпке-әріп бере алу мүмкіндігіне ие деуге болады. Ал 26 әріптен тұратын ағылшын әліпбиімен графикалауда бұл мүмкін болмайтын нәрсе. ¤йткені ағылшын әліпбиі µзге тілдердіњ атаулары тұрмақ µз тілініњ онимдерін жазуда икемсіз. Тілдегі єріп, фонема, графема арасындағы к‰рделі орфографиялыќ ж‰йе оныњ онимдеріне келгенде мєселені ушыќтыра т‰седі (Жоғарыда қандай да бір атауды әріптеп айтпайынша дұрыс жазудың мүмкін емес екендігін айтқан болатынбыз). Аѓылшын тіліндегі кµптеген географиялыќ атауларды (фонетикалыќ) транскрипцияныњ кµмегінсіз дұрыс оќу да м‰мкін емес.

Фонема термині қазақ фонологиясындағы дәстүрлі акцентті-фонологиялық бағыттың ұстаным принциптеріне лайық саналады. Ал үндесім бағытын ұстанатын ғалымдар өкілі Ә. Жүнісбек орал-алтай тілдері ұясын құрайтын түркі-монғол тілдерін сингармониялық тілдерге жатқызып, бұл тілдерге сегментті фонетикада сингема терминін, одан әрі аллосегментті белгілеріне аллосингема терминін ұсынады [67, 7 б.]. Ғалымның зерттеулерінде қазақ тілінің дыбыс құрамы мен жүйесі төрт үндесім топқа жіктеледі. „Әр топтың құрамындағы дыбыстардың жасалым, айтылым және естілім сапасы әр түрлі. Қазақ тілінің нақты дыбыстар саны әліпби-дыбыстар санынан төрт есе көп. Қазақ тілінің дыбыс құрамы – үндесім дыбыстар құрамы. Қазақ тілінің дауыссыз дыбыс құрамы тек жуан-жіңішке үндесім негізінде анықталатын болса, онда 9 дауысты, 34 дауыссыз, барлығы 43 дыбыс болады (А. Байтұрсынұлы қисыны). Егер жуан-жіңішке және еріндік-езулік үндесім әуез негізінде анықталатын болса, онда 9 дауысты + 66 дауыссыз, барлығы 75 дыбыс болады. Қазақ тілінде У (W) дыбысының езулік варианты жоқ“ [68, 30 б].


Дегенмен, көптеген әдебиет көздерінде ағылшын тілінің фонологиялыќ ж‰йесі төмендегіше 44 (45, 46) фонемадан ќ±ралады:

дауыстылар – 12: [J], [I], [e], [x], [R], [P] = [O], [L], [V] = [u], [H], [A], [W] =

[E:], [q];

дифтонгтар – 8: [eI], [qV] = [qu], [aI], [aV] = [au], [OI], [Iq], [eq] = [Fq], [Vq] =

[uq];

дауыссыздар – 24: [p], [b], [t], [d], [k], [g], [C], [g], [f], [v], [t], [d], [s], [z], [S],

[Z], [h], [m], [n], [N], [l], [r], [j], [w].

Қазақ және ағылшын тілдерінде мына дауыссыздар баламалы: [p], [t], [k], [b], [d], [g], [s], [S], [z], [m], [n], [r], [l], [j], [N], [w] [Z]. Ағылшын тіліндегі дауыссыздар жүйесінде қазақ тілінде баламасы жоқ 7 фонема емес, небары 3 фонема қалады: [G], [T], [D]. Ал [f], [v], [C], [h] фонемалары баламасы барға саналады. Дегенмен, бұл олардың кірме дыбыстар екендігін жоққа шығармайды.

Екі тілдегі баламасыз дауыстыларды бағамдай қарасақ, баламасыз фонемалар негізінен ағылшын тіліндегі дауыстылардың созылыңқылығы есебінен екенін көруге болады. Бұл қазақ және ағылшын вокализмін салыстырғандағы басты ерекшеліктердің бірінен саналады. Ағылшын тілінде қысқа және созылыңқы дауыстылар бар, дауыстылардың қысқалық-созылыњќылыѓы маѓына µзгертеді:

ship – sheep fill – feel fit – feet

sid – seed slip – sleep sin – seen

Ал қазақ тілінде дауыстылардың қысқалық/созылыңқылық ұғымы айтарлықтай маңызға ие емес, мұндай құбылысты жоқ деуге болады. М.А. Раимбекованың «Длительность гласных в казахском языке» деп аталатын кандидаттық диссертациясының авторефератында «длительность гласных зависит от качества и количества последующих согласных» деп [72], «гласные казахского языка (а, ә, е, о, ө, ы, ү, ұ) имеют неодинаковую длительность; гласные нижнего подъема, широкие (а, ә, е, о, ө), более длительны, чем гласные верхнего подъема, узкие (ы, і, ү, ұ)» деп көрсетеді.

3 Қазақ және ағылшын тілдеріндегі екпін.Оның түрлері.



Cөйлеу тіліндегі дауыстының сөйлемнің ырғағына қарай, логикалық екпінге қатысты созылыңқылығы мағынаға өзіндік әсері бар. Еске сала кететін болсақ, бұл алыс пен алы-ы-ы-ы-ыс, келе жатсам мен келе-е-е-е жатсам деген сияқты сөз қолданыс жөнінде болатын. «Алыс»тан «алы-ы-ы-ы-ыс» алысырақ болса, «келе-е-е-е жатсам»нан «келе жатсам» жылдамырық.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фонемалардың басты ерекшеліктерінің бірі: ағылшын тілінде дыбыстардың екпінді, екпінсіз буында келуіне қарай күшті және әлсіз позициясы олардың аллофондарын жасауда маңызды роль атқарады. Қазақ тілінде инварианттың варианттары фонеманың екпінді-екпінсіз позицияда тұрғандығына байланысты туындамайды және буынның екпінді-екпінсіз позициясына қарай дауыстылар редукцияға түспейді, ағылшын тілінде барлық дауыстылар екпінсіз позицияда әлсіреп, [I] және [q] (sсhwa) дыбыстарына айналады.

Екпін туралы айту үшін буын жөнінен хабардар болуымыз керек. Қазақ тілінде буынның ашық, тұйық, бітеу деген үш түрі бар. Мыс, Ақ-жү-ніс (Ақтұйық, жүашық, нісжабық), Қазақ сөзінде қанша дауысты болса, сонша буын болады. Екпін туралы қазақ тілінде біржақты пікір жоқ, мәселен, Н. Сауранбаевта 2 түрлі болады: басым екпін, бәсең екпін. Басым екпін демнің күшімен айтылады да, көбінесе соңғы буынға түседі. Ал бәсең екпін демнің күші соңғы буынға көшкендіктен, бәсең айтылады. Бұл көбіне бас буында болады. Мәселен, тамызық деген сөзді айтқанда, соңғы зық буыны басқалардан басым естіледі, ал та буыны онан гөрі бәсең естіледі де, ортадағы мыз буыны күңгірт естіледі. Басқа славян, герман тілдерімен салыстырғанда қазақ тіліндегі сол сияқты жалпы түрік тілдеріндегі екпін музыкалы емес, демдік (экспираторлық) екпін, яғни дауыстың не жоғары, я төмен құбылуы арқылы емес, демнің (экспирация) күші арқылы айтылады. Сөйлемдегі, я сөз тіркесіндегі жеке сөздерде де екпін болады. Қай сөзге көңіл аударылса, сол сөз ерекше басым айтылады. Бір сөзге көңіл аудару үшін сөйлемдегі бір сөздің басқа сөздерден әдейі басым айтылуын логикалық (мағына) екпін деп атайды» [41, 48 б.].


Ә. Жүнісбек зерттеулерінде фонетикалық тұрғыда сөз екпіні тегеурінді екпін, әуезді екпін, мөлшерлі екпін деп аталатын 3 түрге бөлінеді [68, 99 б.] және екпіннің фонетикалық типтерінен тыс оның сөздің қай буынына орналасу ыңғайына қарай бөлінетін құрылымдылық типтері бар, олар фонологиялық және морфологиялық болып бөлінеді. Фонологиялық түрі тұрақты екпін, еркін екпін болып екіге бөлінеді. Тұрақты екпін деп сөздің нақтылы бір буынында ғана келетін екпінді айтады. Еркін екпін деп сөздің кез келген буынына түсе беретін екпінді айтады делінеді [68, 102 б.]. Айта кетерлік бір жәйт, Ә. Жүнісбек «Есть ли словесное ударение в казахском языке?» деген мақаласында өзінің сұрағына жауапты «говорить о словесном ударении в казахском языке, как о самостоятельно существующем явлении не следует» [76] деп береді.

Ағылшын тілінде екпіннің орыс тіліндегідей мағына өзгертетін функциясы бар екенін айтамыз. Екпін, ең алдымен, бірқатар сөздердің зат есім және етістік формаларын жасауға қатысады. Мәселен, төмендегі сөздерде екпіннің алмасуына зер салайық:

increase ['InkrJs] [In'krJs]

insult ['InsAlt] [In'sAlt]

impress ['Impres] [Im'pres]

inlay ['InleI] [In'leI]

present ['prez(q)nt] [prI'zent]

Бірінші буынға түскен екпін зат есімді білдіреді де, екпіннің екінші буынға ауысуы сөздің етістік екенін білдіреді. Оқығанда екпіннің дұрыс қойылуы сөздің сөйлемдегі орналасу тәртібіне қарай, яғни оның зат есім, не болмаса етістік тұлғасында тұрғанына қарай анықталады.


Дәріс №8.Өзін-өзі тексеру сұрақтары немесе тестер

1. Тілдің реляционды бірліктері.

2. Фонетика мен интонация ұлттық мәдениет феномені ретінде.

3. Тілдің әлеуметтік құрылымы.


  1. Қазақ және ағылшын тілдерінің дыбыстық және жазу жүйелері.

  2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі екпін.
  3. Қазақ және ағылшын тілдерінің фонетикалық жүйесі.


  4. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланысты тұтас жүйе.

Дәріс №9. Сөзжасамның, морфологияның және синтаксистің лингвоелтануда қарастырылуы.


Сұрақтар:

1 .Сөзжасамның лингвоелтануда қарастырылуы.

2. Сөзжасамның, морфологияның және синтаксистің лингвоелтануда дамуы.


1 .Сөзжасамның лингвоелтануда қарастырылуы.

Қазіргі таңда Мемтерминком, Мемономком, Тіл департаменттері, А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, ономастикалық орталықтар мен коммитеттер, кейбір телебағдарламалар, терминшілер қауымдастығы, т.б. жекелеген тіл жанашырлары салалық терминдер мен атауларды мүмкіндігінше қазақыландыру жолында еңбек етіп келе жатыр. Нәтижесінде ұтымды қазақшаланып, еркін қолданысқа түсіп кетіп жатќан сөздер аз емес. Дегенмен, осындай зерделі еңбектерге қарамастан, орыс тіліндегі формасын сақтап қалып жатқан терминдер де жеткілікті. Мәселен, Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссияның 2003ж. 24 желтоқсандағы мәжілісінде тіл білімі және әдебиет саласы бойынша бекітілген терминдерден мысал келтірсек, лексикография – лексикография, лепті интонация – восклицательная интонация, модальды мағына – модальные значения, қыстырма новелла – вставная новелла, лингвистикалық әдебиет – лингвистическая литература, метафора – метафора, метафраза – метафраза, роман-памфлет – роман-памфлет, роман-эпопея – роман-эпопея, сапфо шумағы – сапфическая строфа, символизм – символизм, фантастика – фантастика, сценарий – сценарий, фольклордағы сюжет – сюжет в фольклоре, хамса – хамса, эпистолярлық жанр – эпистолярный жанр, циклдік эпос – циклический эпос, т.с.с. көптеген халықаралық лингвонимдер орыс тіліндегі қолданысы бойынша “қазақша” термин ретінде сақталып, бекітілген. Мұның қатарын кез келген салада қазақшаланған сөздіктерден алынған мысалдармен толықтыра беруге болады. Қазіргі қолданыстағы 42 әріптің түгелімен тереңге тамырлап кеткенінің дәлелі. Мысалдарға қарағанда, тіпті ь, ъ таңбаларының да алынып тасталмағандығы байқалады. Бұл єріптер кездесетін терминдерді түгелімен ќазаќшалап болѓан жаѓдайда, не болмаса ассимиляцияланған формаларына келісіп болғанда ѓана ондай мүмкіндіктің тууы м‰мкін. Ұлттың тіліне жанашыр ғалымдардың мыналар қазақтың төл дыбыстары, мыналар кірме дыбыстар деп классификациялауы жөн болғанмен, кірме дыбыстардан тµл тілді толықтай „арашалап алу“ ендігі жерде ќиынѓа соѓатын тәрізді. “Қазақ сөзі” кітабында Ө. Айтбайұлы: “... орыс тілінен алынатын (кей – Н.Р.) терминдерді өзгертпейтін болсақ, онда әрине, ф, х, я, э, ц, ч әріптерін алфавитімізге енгізу ќажет. Осы єріптерді орыс графикасына негізделген ќазаќ єліппесініњ ќ±рамына енгізу арќылы ќаншама терминдердіњ айтылуы мен жазылуы бір ізге т‰сті. Бір кезде неше алуан ќиындыќтар туѓызѓан м±ндай терминдердіњ ќалыптасќаны, тіпті сіњісіп кеткені соншалыќ, кейде оларды бµтен тілдік элемент деп те ќарамайтын жаѓдайѓа жеттік”. Р. Сыздықова да ««Орысшылдықтан» қашудың да жөні бар» деп аталатын мақаласында «Интернационалдық қордағы мыңдаған сөздерді, әсіресе ғылыми-техникалық терминдерді (аударылмай сол күйінде алынғандарын) жазуда тұлға-тұрпатын қазақша өзгертпей немесе латын, ағылшын, неміс дегендей түп тамырын (сол тілдерде қалай жазылатынын) іздемей, бүгінгіше (орысша) жазылған түрлерін қалдыру керек» деген өзіндік пікірін жазады. Орыс тілінің өзіне қажеттіліктен қабылданған болу керек, «XVIIғ. дейін орыс графикасында да, тілінде де ч, щ, ц, х, э дыбыстары болмаған, 1760ж. бұлар тек кірме сөздерде айтылғаны үшін қабылданған»


<< предыдущая страница   следующая страница >>