https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 3 4 5 6

Тіл иесінің дүниеге деген «қарабайыр»  көзқарасы, әлемді игеру барысында жинақтаған іс-тәжірибесі мен қордалаған білімінің көне формалары көрініс табатын «біртұтас ұғым-түсініктер әлеміне» реконструкция жасау – дүниенің қарабайыр бейнесінің фразеологиялық фрагментін зерделеуді, оның аталымдық кодтарын (антропоморфтық, антропонимдік, зоонимдік, космонимдік, соматикалық, сандық, түр-түстік, мифтік персонаждық, т.б. ) шешуді талап етеді.


2 Күнделікті жүріп-тұрудағы соматикалық фразеологизмдер.

Соматикальщ фразеологизмдер к,азіргі ағылшын тілінде улкен топты курайды. Соматикальщ фразеологиялык, бірліктер - кұрауыштардың бірі адамның кандай да бір дене мүшесі атауымен - сезбен бершетш кездеп фразеологиялык бірліктер. «Сома» сезі грек тшнде «дене» деген магынаны бшдіреді Соматикальщ фразеологияны зерттеу агылшын тшде сейлеуш! елдермен ешмді карым-катынас жасау ушш, тупнусканы жаксы тусшу ушш кажет. Оньщ максаттарына жету ушш дене мушелершщ кандай атаулары жш жагдайда фразеологиялык бірліктерді құратынын жэне бершген фразеологизмдер курылымдьщ жэне семантикалык денгейде кандай ерекшелштерді аньщтайтынын карастыру кажет.

Орыс, казак жэне агылшын тшшдеп дене мушелерше байланысты фразеологизмдерді салгастыру нэтижесінде мынандай корытындыга келем!з:

1) үш ұлтта да heart (журек) сөзі жанмен, сезіммен, ігілікпен, махаббатпен, адалдьқпен байланыстырылады. Бірақ орыс халқында көп жағдайда «жан» сөзі қолданса, ағылшындьқтарда «жүрек» сөзі Жиі қолданылады, қазақтарда «жан» мен «жүрек» бірдей қолданылады. Осындай сөйлемшелердің мысалдары: One's heart isn't in it Душа не лежит – көңілге жакпайды. To pull at someone's heart - strings - Брать кого-либо за душу - Жан-жүйесін босату. In one's heart of hearts - - Во глубине души - Жүректің терен, түкпірінде. To have a heart-to-heart talk - Говорить по душам. Адам шошынған кезде, орыс халқында «душа в пятки уходит», ал ағылшын халқында «в рот или в горло» ("To have one's heart in one's mouth (throat)"). Қазақ тілінде болса, бұл фразеологиялық тіркес орыс тіліндегідей «жаны бақайына кетті» деп айтылады.


2) "Hand" (қол) еңбексүйгіштік, икемділік, шеберлік сияқты мағыналарына ие. Мысалы: A safe pair of hands - Умелые руки. A dab hand -Золотые руки, мастер. Қазақ тілінде осыған байланысты «он саусағынан өнері тамған», «қолы алтын», «қолынан келу» деген тіркестер бар.

Және керісінше орыс тілінде еріншектік туралы «сидеть, сложа руки» деп айтылса, ағылшын тілінде сөзбе-сөз аударғанда, «сидеть, крутя большими пальцами» дегенді білдіретін "to sit twiddling one's thumbs" ретінде беріледі, ал қазақ тілінде «қол қусыру» деп беріледі

3) "neck" (мойын) сөзіне қатысты фразеологиялық сөйлемшелер өлім жазасы процесімен байланысты, сондьқтан да олар «тәуекел ету» дегенді білдіреді Мысалы, to risk one's neck; to stick one's neck out. Қазақтарда осыған ұқсас мағынада «мойынға алу» деген сөйлемше бар.

4) "Back" (арка) ауыр жұмыспен байланысты мағынага ие: ""to break one's back"- бір нәрсе артында болып жатқандьқтан, көруге мумкіндіктің болмауы. Behind one's back, to bee at the back of smth

Біреуді ашуландырумен байланысты сөйлемше бар: to get (put, set) smb's back.' «Быть в трудном положении» қабырғаға арқамен сүйенумен байланысты ағылшындықтарда - have one's back to the wall, ал қазақ тілінде «жаны алқымға келу» дейді. Ал «сделать себе хуже» деген мағына өз арқаңа қамшы даярлау дегенді білдіретін сейлемше - make a rod for one's own back-пен байланысты.

5) «ears» (құлақ) мушесі есту қызметін атқарады, осыған орай құлақ мынандай негізгі мағыналарда қолданылады: Be all ears - Слушать с большим вниманием - Құлақ салу. Keep one’s ear to the ground - Обращать внимание , быть в курсе - Құлагы турік.

Орыс тілінде «сақ болып журу, сақадай сай тұру» деген мағынада «держать ухо востро», агылшындықтарда - to keep one's eyes peeled (очистить глаза от шелухи), ал қазақ халкында «құлак түру» дейдь "wet behind the ears" сейлемшесі «ысылмаган, балаң» дегенді білдіреді, бұл жаңа туылган жануарда соңғы болып құлагының арты құргайтынына байланысты айтылады. Сонымен бірге «When it comes to girls Peter is still wet behind the ears» деген сейлем орыс тілінде «Что касается девушек, у Питера нос не дорос». Қазақ халқында «ысылмаган, жас» деген мағынада «аузынан уызы арылмаган жас» деген сөз бар.


1. Tongue (тіл) ол да өзінің қызметімен байланысты негізгі мағыналарға ие. Мысалы: To give a tongue - Говорить, высказываться. He has a ready tongue - Он за словом в карман не полезет.

Тым көп сөйлеумен, майдалап сөйлеумен, мысқылдаумен байланысты жағымсыз сипатта қолданылады: His tongue is too long for his teeth - У него слишком длинный язык – Тілі ұзын. To oil one's tongue - Льстить, қазак, тілінде осыган ұ:қсас «майда тілмен өбектеу». A sharp tongue - Острый язык - Тлі ащы.

Сөйтіп, «дене мүшелері» лексикасына байланысты ағылшын және орыс фразеологизмдердің көп бөлігі мағынасы мен бейнелілігі жағынан сәйкес келеді, себебі лексиканың осы қабаты көпшілік пайдаланатын болып келеді және халықтардың ұлттық және тарихи ерекшеліктерімен байланысты емес.


Дәріс №14.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


  1. ... Тілдік тұлға деген не?

  2. Тілдік тұлға моделінің деңгейлері қандай?

  3. Аудармашының тіларалық және мәдениетаралық коммуникациядағы билингв тұлға және дәнекер ретіндегі тілдік тұлғасының ерекшеліктері қандай?

  4. 1. Аудармашы біліктілігі деген не?

  5. 2. Көркем шығарманы аударуда аудармашының шығармашылық тұлғасының ролі қандай?

  6. 3. Ақпараттық текстерді аудару барысында терминдер қалай құрылады?

  7. 4. Аудармашының қосымша коммуникативтік қызмет пен тілдік дәнекерліктің басқа да түрлерін орындалуы қалай жүреді?

  8. 5. Аударма процесінде аудармашының мінез-құлқына қандай факторлар әсер етеді?

  9. 6. Аудармашының өз қызметінің әр қилы аспектілігін түсіну жәрежесі және адамзат білімінің әр түрлі салаларныдағы өзінің жеке тезаурусын ұдайы дамытып отыру қажеттілігінің маңызы қандай?



Дәріс №015. Лингвоелтанулық оқулар.


Сұрақтар:

1.Лингвоелтанулық қарастырудағы көркем әдебиет пен өнердің басқа түрлері. 2.Сюжет пен толғау жайында.

3.Көркем текст жайында мағлұмат.



Сұрақтар:

... 1. Ғылыми –техникалық материалдарды аударудың ерекшеліктері.

2. Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері.Қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері.


Аудармалық эквивалент деп- аударма процессі кезінде аудармашы жеткен оригинал мен аударма текстінің нақты мағынылық жақындылығын айтамыз.

Аудармалық эквиваленттіліктің шегі болып аударма оригиналдық мазмұнының лингвистикалық деңгейін барынша сақтау мүмкіндігі болып табылады.Бірақ әрбір жеке аударма оригиналға мағыналық жақындық әртурлі деңгейде және әртүрлі жолдармен тәсілдермен жетеді.

Бастапқы тіл мен аударма тілі жуйесіндегі айырмашылық және бұл тілдердің әрқайсысының текстері жасау ерекшеліктері әртурлі деңгейде аударма оригиналдың мазмұнын толықтай сақтау мүмкіндігіне шек қояды. Сондықтан аудармалық эквиваленттілік оригиналдағы мазмұн мағынасының әртүрлі элементтерінің әртүрлі деңгейі (типі) анықталады. Эквиваленттіліктің кез-келген деңгейінде аударма тіл аралық қарым-қатынасты қамтамасыз ете алады.

Әрбір функциональды стиль шеңберінде аударма процесінің барысы мен нәтижесіне әсер ететін тілдік ерекшеліктерді бөліп көрсетуге болады. Мысалы, ғылыми-технологиялық сильде ол ғылыми технологиялық материалдықлексикалық граматикалық ерекшеліктері және бірнеше кезекте арнайы лексика, терминдер басты болып саналады.

Стильдің негізгі ерекшеліктері оның информациялылығы , логикалылығы, дәлдігі, түсініктілігі.

Лексика шеңберінде бұл ең бірінші ғылыми-технологиялық терминдер мен арнайы лексика. Терминдер дегеніміз белгілі –бір ғылым, техника саласындағы арнайы объектілер мен ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестері. Термин ретінде тек қана берілген стиль шеңберінде ғана қолданылатын терминдер, сонымен бірге жалпы қолданылатын сөздер де қолданылады. Мысалы: электроника текстерінде қолданылатын мынадай лексикалық бірліктер: coercivity, keraumophone, klystron т.б.басқа ғылыми-технологиялық текстерде қолданылады. Сонымен бірге жалпы мағыналы қолданылып жүрген dead, ripple, degenarasy т.б. сөздер ғылыми-технологиялық текстерде термин ретінде қолданылады.


Терминдер объектіні немее құбылысты оның немесе дәл берілуі керек. Мұндай типті сөздерге ерекше талап қойылады. Ең бірінші термин дәл мағынаны беруі керек, яғни логикалық анықталу жолымен ашылатын, берілген ғылыми –технологиялық саланың ұғым жүйесіндегі ұғым аталған терминмен берілетін белгілі –бір қатаң мағынасы болу керек.

Егерде оптикалық прибордың белгілі бір деталлі viewfinder(видеоискатель) деп аталса бұл термин тек осы детальді атау керек. Термин 1-ақ мағыналы ол контекстке байланысты болмайды. Терин қатаң логикалық системаның бөлігі болуы керек. Терминнің мағыналары мен анықтамалары логикалық классификациялық ережелеріне бағынуы керек. Яғни терминдер объекті мен ұғымды нақты айыра отырып,түсініксіз немесе қарама-қарсылықты мағына бермеуі керек. Сондықтан терминде эмоциональдылық метафора, т.б. теңеулер қолданылмайды.Үлкен көңіл жаңадан құрылған терминдердің жүйелілігіне аударылуы керек. Көптеген салаларда белгілі-бірұғымдар мен объектілер класстары үшін терминдер жасаудың арнайы ережелері жасалынған. М-ы: электрондық лампанын түрлерінің атаулары elektrode терминіне ұқсас лампада қолданылатын электродтардың санын көрсете отырып жасалынады.

Ғылыми-технологиялық материалдарда тек терминалогиялық ж/е арнайы лексикалар қолданылып қоймайды. Онда кез-келген функциональді стильде қолданылатын жалпы халықтық сөздер көп қолданылады. Сондықтан аудармашы тек белгілі- бір саладағы терминдер мен арнайы лексиканы игеріп қоймай тілдің басқа да қыр-сырын меңгеруі керек.

...

Бұқаралық ақпарат құралдарына арналған материалдарды аударудың ерекшеліктері.Қоғамдық-саяси, ресми-іскерлік материалдарды аударудың ерекшеліктері.

.

Газеттік-ақпараттық стиль де өзінің ерекшеліктерімен аударма процесіне әсер етеді. Бұл стильдегі материалдардың негізі міндетті белгілі бір мәліметті тыңдаушыларға жеткізу. Газеттік-ақпараттық хабарлардан айырмашылығы мұнда арнайы мамандар үшін емес, бүкіл халыққа олардың өміріне қатысты, қатысты емес құбылыстар мен оқиғалардың жалпы түсініктілігінде. Бірақ мұндада белгілі бір фактілерді хабарлаудағы ұғымдар мен құбылыстарды дәл жеткізуі керек. Сондықтан мұнда да аталған ойды жеткізуді терминдер мен атаулардың маңызы зор. Газеттік-ақпараттық стиль үшін әсіресе саяси терминология тән.


Газеттік-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, синоним- терминдер,қысқартылған терминдер мен атаулар жиі кездеседі. АҚШ-ң саяси терминологиясында state термині «мемлекет» н/е «штат» дегенді білдіруі мүмкін:Both the state and Federal authorities are bent on estabilishing a police state. Бірінші жағдайда State термині «федералдық» деген анықтауышпен қатар келіп штаттар өкілеті дегенді білдірсе, екінші жағдайда state «мемлекет» деген мағынаны білдіріп тұр. Congressman термині неғұрлым кең мағынада «америка конгресінің мүшесі» дегенді немесе тар мағынада «өкілдерпалатасының мүшес»і дегенді білдіруі мүмкін: Last yeara umberof American Senators and Congressmen visited Greate Britain.

Бір термин текстің идеялық бағытына байланысты әртүрлі мағына беруі мүмкін. Idealism термині философиялық мағынада матерализмге қарама-қарсы көзқарас мағынада және сонымен бірге ideas – «идеялар» мағынада қолданылуы мүмкін.


  1. И. Я. Лернердің анықтамасы бойынша  оқыту — бұл жас ұрпаққа  мәдениетті толық көлемде беру. Жалпы  мәдени қор оның бөлімдерін меңгерудің арқасында адамдардың қол жеткізген  мұрасы болып табылады: физикалық, музыкалық, эстетикалық, көркем мәдениет, сонымен  мектептің бөлек пәндері сияқты: ән айту— музыкалық мәдениеттің  сабағы, сурет салу сабағы—көркем  мәдениеттің сабағы. Соған сәйкес «шет тілі» пәні шет мәдениетті ауқымына алады. 

     Шет мәдениет  — шет тілін оқушыларға шет тілін оқулық, танымдық, дамытушылық  және тәрбиелілік аспектілермен  меңгеру процесін әкелуге мүмкіншілігі бар. Оқудың мақсаты ретінде шет  мәдениет әлеуметтік, лингвоелтанушылық, педогогикалық және психологиялық  оқудың барлық аспектілерімен сәйкес келетін және«шет тілі» пәнінің  мазмұнынан шығатын  мазмұнға ие. Алайда осындай қоғамдық түрде шет мәдениеті  оқудың мақсаты болып табыла алмайды, себебі оны меңгеру бірден емес, ақырындап іске асады. Осыған байланысты шет мәдениетінде бірінші  оның мәндік бөліктері анықталады — мақсат бөліктері, кейіннен олар оқу объектілерінде нақтыланады. Шет мәдениеті мазмұнының элементтерін оқу аспектілерімен сәйкестендіре  келе, оқудың мақсаты ретінде шет  тілдік мәдениеттің бөлігін анықтауға  болады:


1) оқу   аспект—мақсаттың әлеуметтік мазмұны.  Берілген аспект жекеліктердің  арасындағы қатынастың құралы  ретіндегі шет тілін меңгеруді,  сонымен қатар шет тілдік мәдениет  деңгейінің дамытылу процесі  сияқты  жеке жұмыс білімін  иеленуді өзіне қосады.

2) Танымдық  аспекті — мақсаттың лингвоелтанушылық  мазмұны. Жеке тұлғаның рухани  әлемін байыту құралы ретінде  қолданылады және қызметтің құрамдылық  түрлері негізінде жүзеге асады:  оқу және аудиттеу.

3) Дамытушы  аспект — мақсаттың психологиялық  мазмұны. Берілген осы аспектіге  басты мақсат кіреді— оқу жүйесіне  қосылған арнайы құралдармен  дамыту қажет болып табылатын  ауызша мүмкіншіліктерді, психикалық  қызметтерді, қарым қатынас жасай  білуді, негіздеменің белгілі бір   деңгейін дамыту.

4) Тәрбиелеуші  аспект — мақсаттың педогогикалық  мазмұны. Шеттілдік мәдениетті  оқыту барлық жағынан тәрбиелеу  болып табылады.

     Неге  біз шет тілдік мәдениетті оқудің мақсаты ретінде қарастырамыз? Қоғамда  мәдениет бірнеше қызметті атқарады: гуманистикалық, коммуникативті, танымдық, нормативтік және ақпараттық.

     Мәдениет  қызметімен ауызша қызмет әрекеттері тығыз байланысты болады. Себебі тіл  мәдениеттің сақталуы мен бір  адамнан екінші бір адамға берілуінің негізі болып табылады. Ауызша қызметтің  басты әрекеті болып коммуникативті табылады: адам басқа адамдардың әрекетіне, ойларына, сезімдеріне, саналарына әсер ету үшін айтады. Коммуникативті әрекет негізінде ауызша қызмет жеке тәртіпті, ұйымдасуды және басқа  да психикалық процестерді байланыстыруды реттеу қызметін иеленеді. Ауызша қызмет үшін айтылып жатқан нәрсенің мағынасын  ашатын ым, екпінді пайдалану арқылы білдірілетін  эмоциялық айқындылық  қызметі де тән.

     Ауызша  қызмет пен мәдениетті теңестіре  келе, олардың өзара тығыз байланысты екенін көруге болады. Осы бірліктің  әдістемелік мағынасы ауызша қызметпен  мәдениет қызметтерін меңгеру және керісінше мүмкін еместігі болып  табылады. 


№15 сабақтан алған білімді тексеру тапсырмалары

1.Шетелдік аударматанушыларының еңбектеріндегі аударма теориясы мәселелері .

2.Аудакрматанудың Қазақстандағы дамуы :теория және практика...

...


<< предыдущая страница