https://electroinfo.net

girniy.ru   1 2 3 ... 5 6

Модуль№2 Тілдің номинативті бірліктері мен ұлттық-мәдениет туралы мәліметтердің бастау алуы.


Дәріс №4. Лексика, - лингвоелтанудың бастамасы ретінде.

Сұрақтар:

1. Лексика, лингвоелтанудың бастамасы ретінде.

2. Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшелігі

3. Лексикалық фон туралы ұғым.

1 Лексика - лингвоелтанудың бастамасы ретінде.


Лексикалық жүйе материалды әлеммен, әлеуметтік факторлармен сабақтасқан.

«Сөз» - нақты бір заттың, құбылыстың аты. Ол тек қана затты немесе құбылысты белгілеп қоймайды, сонымен бірге уақыт туралы, орта туралы мәлімет бере алады. Лексика арқыл белгілі бір халықтың жинақтаған әлеуметтік тәжірибесінен фрагменттер айтылады. Қандай да бір лексика бірліктерінің бар болуы өмірдегі қажеттіліктен туындайды.

Мысалы Чукоткада қардың әр түрлі қалыпына берілген тоғыз атауы бар болса, аабтар аттардың тегіне байланысты көптеген атауларды қолданады. Либерияда күріштің әр түрлі сортына байланысты өз атаулары бар.

Әрбір халықтың түсті (цвет) айтуында да ерекшеліктер бар. Мысалы навахо тілінде қара түсті қараңғылықтың қара түсі және көмірдің қара түсідеп бөледі. Сонымен қатар әр тілде түсті ажыратуда тілдің символикалық мағынасында да ерекшеліктер бар. Мысалы, орыс тілінде сұр түс күнделікті өмірді, мінездегі салмақтылықты білдірсе, басқа бір тілде сұр түс көңілсіздікті немесе адамдардың таяздығын білдіреді. Ал Англияда сұр түс парасаттылықтың, тектіліктің, жоғары талғамның нышаны. Сонымен бір ғана заттың әр тілде әр түрлі семантикалық бейнелеуі бар екендігін байқадық. Осыған байланысты А.А. Леонтьеваның «ұлттық мағына» бар деген тұжырымдамасын дұрыс деуге болады. Әртүрлі екі тілдегі бір затты атайтын сөз аудармалары эквивалентті болғанымен сол екі елдің мәдениетінде мағыналары бір-біріне ұқсай бермейтіндігін теріске шығаруға болмайды. Бұл жағдай тіл белгілерінің «ұлттық мағынасы» туралы айтуға негіз болады.


Мысалы «ит» деген сөзді алсақ, ол сөздің эквиваленті көптеген елде бар, ал лексикалық мағынасы әр түрлі.

Орыстарда ит – адамның досы;

Эскимостарда ит – шанаға жегетін жануар;

Парсылықтарда ит – киелі жануар (священный)

Қазақтарда ит – жеті қазынаның бірі.

Кейбір тілдерде бірқатар сөздердің пайда болуына әлеуметтік жағдайлар себеп болған. Өткен ғасырда Англияда «кеуде», «аяқ» деген сөздерді айтуға болмаған. Тіпті тауық туралы айтса да бұл сөздерді айтуға болмаған. Осыған байланысты «white meat», «black meat» деген сөз тіркестері пайда болған. «To go to bed» деген сөздің орнына «to retire to bed» деген сөз тіркесі қолданылған. Басқа тілдарде мұндай шектеулер тіркелмеген.

Адам аттары да белгілі бір ұлттық коннотациға ие. Оның нақты мағынасы осы атқа ие адам арқылы анықталады. Бірақ ол тек адамды атап қана қоймайды, сонымен бірге мінезін, қасиетін, сипатын, ерекшелігін анықтайды.

Ал мұндай ерекшеліктерді білу үшін сол елдің әдебиетін, тарихын, әдет-ғұрпын білу қажет.

2 Лексиканың кейбір топтарын аудару ерекшелігі.

Газеттік-ақпараттық стиль де өзінің ерекшеліктерімен аударма процесіне әсер етеді. Бұл стильдегі материалдардың негізі міндетті белгілі бір мәліметті тыңдаушыларға жеткізу. Газеттік-ақпараттық хабарлардан айырмашылығы мұнда арнайы мамандар үшін емес, бүкіл халыққа олардың өміріне қатысты, қатысты емес құбылыстар мен оқиғалардың жалпы түсініктілігінде. Бірақ мұндада белгілі бір фактілерді хабарлаудағы ұғымдар мен құбылыстарды дәл жеткізуі керек. Сондықтан мұнда да аталған ойды жеткізуді терминдер мен атаулардың маңызы зор. Газеттік-ақпараттық стиль үшін әсіресе саяси терминология тән.

Газеттік-ақпараттық материалдарда көп мағыналы терминдер, синоним- терминдер,қысқартылған терминдер мен атаулар жиі кездеседі. АҚШ-ң саяси терминологиясында state термині «мемлекет» н/е «штат» дегенді білдіруі мүмкін:Both the state and Federal authorities are bent on estabilishing a police state. Бірінші жағдайда State термині «федералдық» деген анықтауышпен қатар келіп штаттар өкілеті дегенді білдірсе, екінші жағдайда state «мемлекет» деген мағынаны білдіріп тұр. Congressman термині неғұрлым кең мағынада «америка конгресінің мүшесі» дегенді немесе тар мағынада «өкілдерпалатасының мүшес»і дегенді білдіруі мүмкін: Last yeara umberof American Senators and Congressmen visited Greate Britain.


Бір термин текстің идеялық бағытына байланысты әртүрлі мағына беруі мүмкін. Idealism термині философиялық мағынада матерализмге қарама-қарсы көзқарас мағынада және сонымен бірге ideas – «идеялар» мағынада қолданылуы мүмкін.


3 Лексикалық фон туралы ұғым.

Лингвоелтану саласын зерттеушілер фондық мағынадағы лексикалық фонның орнын тауып қана қойған жоқ, сонымен қатар, терең лингвистикалық мағынаны да көрсете білді. Фондық білім сөздің лексикалық жүйедегі орнын және сөйлеуде қолданылуын анықтайды. «Білім беру» және «Ағарту» салаларынан мынандай мысалдар келтіруге болады. Мысалы ағылшын студентіне: «Сіз стипендияңызды қайда жұмсадыңыз?» деген сұрақ қойса, бұл сұрақ біршама қисынсыз болар еді. Себебі, британдық студент үшін стипендия – қолға берілетін ақша емес, ол оқудың төлемақысына кіретін, білім алу үшін берілген ақша. Бұл сөйлем британдық студент үшін мағынасыз болып көрінер еді. Бұл мысал арқылы Ю.Ю.Дешериева лингвоелтанулық құбылысты анық көрсете білді.

Ағылшын студенттеріне орыс тілінде бірнеше фразалар беріліп, оларды аяқтау ұсынылды. Оларға таныс «білім, оқу» тақырыптары таңдап алынды.

Сөйлемнің басы: Сөйлемнің соңы:


  • Мына оқушы ыстық шілде айында study at school

  • 5а сыныбының оқушылары

5б сыныбының оқушыларынан

өзгеше, they are cleverer and more

intellectual

- Үзіліс кезінде оқушылар to go home and have a dinner

Алынған нәтиже ағылшын студенттерінің біздің білім жүйесін толық білмейтінін көрсетті. Олар сөздің аудармасын білгенмен лексикалық фонды білмеді. Ұлыбританияда сабақ 27 июльге дейін болады. Сыныптар «а», «б», «в» болып оқушылардың үлгеріміне байланысты бөлінеді, ал үзіліс 2 сағатқа дейін созылады. Англия мен Ресейдің мектеп жүйесінің лингвоелтанулық интерверенция құбылыстарын зерттей отырып, Ю.Ю.Дешериева бұл жағдайдың лексикалық фондарының әртүрлі болуына байланысты орын алғандығын көрсетті.


Дәріс №4.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1. Лексикалық фон туралы не білесіз?

2. Тілдің әлеуметтік құрылымы.

3. Ұлттық мәдениет туралы мәліметтердің бастау алуы.

4. Газеттік-ақпараттық құралдарды аударудың ерекшеліктері қандай?

5. Фондық лексиканың лингвоелтануда алар орны.

6. Фондық лексикаға қандай сөздер жатады?


Дәріс №5. Фразеологиялық фонның ұлттық-мәдени спецификасы

Сұрақтар:


  1. Фразеология – елтанудың бастамасы ретінде.

  2. Фразеологиялық теңеулер.

  3. Фразеологиялық теңеулердің фразеологизмдердің басқа түрлерінен айырмашылығы.


1 Тілді, тілдік бірліктерді адами факторлармен, адами құндылықтармен бірлікте қарастыру қазіргі тіл білімінің алға тартып отырған басты бағыттарының бірі. Бүгінгі күні адами факторларға ерекше мән беріп, тіл иесінің тілдік бірліктерді дұрыс, ұтымды қолдану, мән-мағыналарын терең түсіну мәселесі деректерге көп көңіл бөлініп, тіл тек тұлғалық (формалық) жағынан ғана емес, сонымен қатар ол мағыналық, ұғымдық, мәдени-концептілік тұрғыдан жиі қарастырылып, талданатын болды. Тілді ұлттың тарихымен, мәдениетімен, рухани қазынасымен, яғни дүниетанымымен тығыз қарым-қатынаста, бірлікте алып қарастырылған жағдайда ғана ұлттық тілдің табиғатын шынайы танып білуге жол ашылады.

Ұлт мәдениетінің қай түрінде болмасын, онда сол ұлттың бүкіл таным болмысы мен тұрмыс-тіршілік суреті сақталған. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен тілдегі фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер жатады, себебі бұл тілдік бірліктер белгілі бір ұлттың өзге ұлттардан менталдық айырмашылығын көрсететін, салт-дәстүр ерекшеліктерін білдіретін ұлттық өмір көріністерінің айнасы болып табылады.

Қандай да бір тіл болмасын оның фразеологиялық қоры ұлт мәдениетін, менталитетін, ұлттың психологиясын барынша қамтиды.


..

2 Фразеологиялық теңеулер.

Теңеу - танымдық қызметі зор, ең көне, әрі қарапайым, тілде жиі қолданылатын логикалық теңестіру тәсілі. Шындық әлемді танудың қисынды құралы бола отырып, теңеу мейлінше көп қырлы, мазмұнды тілдік құбылысты білдіреді. Ойлау өрісі ретінде теңеудің дүниені эмоционалды түрде қабылдауы және ондағы қайсы бір құбылысты салыстыра бағалау тұрғысынан қандай да бір нысанға мән берудегі салмағы ерекше. Философиялық жақтан қарастырғанда, теңеу адамның абстрактілі ойлауын дамытудың көрінісі болса, лингвистикалық тұрғыдан осы ойдың тілдік қолданыста бейнеленуі. Сонымен бірге теңеу – сипатталушы нысанның бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін көркемдік әдіс. Теңеу – ұқсас, ортақ белгілердің негізінде бір затты екінші затпен салыстыру арқылы сипатталушы нәрсенің бейнелілік, көркемдік, эмоционалды-экспрессивтік сапасын күшейтетін, сол нәрсені жаңа қырынан, поэтикалық қырынан таныстыратын әрі стильдік тәсіл, әрі таным құралы. Басқа тілдік бірліктер секілді тұрақты теңеулер де адамның танымдық мүмкіндігін тілдік қабілетімен сабақтастырудан бастау алатындықтан, басты назар олардың когнитивтік негіздеріне аударылады.

Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің пайда болу көздері әр халықтың тарихымен, заттық және рухани мәдениетімен, өмір-тіршілігімен тығыз байланысты болғандықтан, олардың мағынасының лингвомәдени және когнитивтік тұрғыдан талдау арқылы тарихи-этимологиялық көздерін ашуға болады. Тіл мен мәдениет өзара тығыз байланыстағы бірін-бірі толықтырар біртұтас жүйе.

Фразеологиялық теңеулерде әлемнің тілдік бейнесі антропоцентристік ұстаным негізінде құралады. Адам қоршаған ортаны өзі арқылы, өзіне таныс заттар мен құбылыстар арқылы ғана бағалап, танып біледі. Фразеологиялық теңеулер әр тілде өзіндік ұлттық нақышпен бейнеленіп, ұлттық дүниетаным ерекшеліктерін көрсетеді.

Фразеологиялық теңеулердегі жеке көріністер тек сол тілге ғана тән ерекшеліктермен сипатталып, ұлттық нақышпен бейнеленеді. Олардың лингвомәдени сипатын ашу ұлттық дүниетанымның сыры мен ерекшеліктерін танып білуге септігін тигізеді. Құрамындағы ұлттық-мәдени компоненттер фразеологиялық теңеулердің ұлттық-мәдени сипатын ашады.


Ағылшын және қазақ тілдеріндегі фразеологиялық теңеулер уәжділігі әр түрлі деңгейде көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер екі тілдің де лексика-фразеологиялық қорының мәнді, мағыналы және жүйелі қабатын құрай отырып, ұлт болмысының құндылықтары мен ерекшеліктерін жан-жақты сипаттайды.




Фразеологиялық теңеулердің фразеологизмдердің басқа түрлерінен айырмашылығы.

Фразеологиялық теңеулер фразеологизмдердің басқа түрлерінен өзінің логикалық құрылымы, компаративті мағынасы мен стильдік қызметі арқылы ерекшеленеді. Фразеологиялық теңеулер табиғатын зерттеуде фразеологиялық теңеу мен метафораның өзара байланысы, ұқсастығы мен айырмашылықтарына тоқталу қажет. Осы мәселеге арналған ғылыми еңбектерде фразеологиялық теңеулер мен метафоралар тілде қатар қолданылады, себебі олар өзара тығыз байланысты деген пікір бар. Теңеу мен метафораның ортақтығы – олардың заттар мен құбылыстар негізінде фразеологиялық ассоциация жасауынан көрінеді. Алайда, оларды мазмұн жағынан ажыратып қарастырған жөн. Теңеуде салыстырушы теңеу заты және оған қажетті негіз бар. Ал метафораға ондай негіз қажет емес. Фразеологиялық теңеулер екі затты салыстырудың нәтижесі болса, метафоралар – олардың ұқсастығының нәтижесі She is a fox – ол түлкі; She is as sly as a fox – ол түлкідей қу, айлакер.

Фразеологиялық теңеулер кез келген тілдің фразеологиялық қорының елеулі бөлігін құрайды. Теңеу – көркем ойлаудың ұлттық ерекшеліктері жинақталған, дүниетанымның ұлттық өзгешеліктері бас қосқан логика-философиялық және лингвистикалық категориялардың санатына жатады.

Теңеу лингвистикалық категория ретінде қазіргі тіл білімінің жаңа бағыттарының бәрінің де зерттеу нысаны бола алады. Бұл бағыттардың ішінде құрылымы әр түрлі тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдениеттану және когнитивтік лингвистиканың негізгі ұстанымдарына сүйене отырып салыстырмалы-салғастырмалы зерттеу жүргізудің мәні ерекше. Себебі халықтың дүниетанымы, өмірге және қоршаған ортаға деген көзқарасы, салт-дәстүрі, көңіл-күйі әр халықтың жалпы фразеологиясынан, оның ішінде әсіресе, фразеологиялық теңеулерден көрініс табады. Фразеологиялық теңеулер жекелеген өмір құбылысына нақты баға беретін, ғасырлар бойы атадан балаға мұра ретінде беріліп отыратын, әр халықтың өмірінен қызықты деректерді өз бойына жинақтаған халық мұрасы. Сондықтан, туыстас, не туыстығы жоқ тілдердегі фразеологиялық теңеулерді лингвомәдени және лингвокогнитивтік тұрғыдан зерттеу әр тілдің өрнек бояуын, ұлттық ерекшелігін, менталитетін, қайталанбас қасиетін танып білуге, олардың мағына қалыптасуындағы және тілдік қолданыстағы қасиеттерін ашуға мүмкіндік береді. Осы тұрғыда туыстығы жоқ қазақ және ағылшын тілдерінің фразеологиялық теңеулерінің мағына қалыптасуының негізін ашу ерекше мәнге ие. Теңеулердің ішкі мазмұнын анықтауда уәжтану теориясына жүгінген жөн. Уәждеме теориясына сүйене отырып, бастапқы еркін тіркестер негізінде жасалған фразеологизмдердің түп төркініне зер салып, уәжін айқындау, сол арқылы тіркестің қалыптасу түп көзін тауып, өзіндік ерекшеліктерін ажырату арқылы олардың мәні мен мазмұнын ашуға болады. Фразеологизмдердің фразеологиялық мағынасы олардың ішкі мағыналық құрылымында жатқан бейне арқылы уәжделеді. Мысалы, қазақ тіліндегі құмырсқадай құжынаған, құмға сіңген судай, сүліктей жабысты, ағылшын тіліндегі dumb as a fish (балықтай тілсіз), as brave as a lion (арыстандай айбатты), dance like an elephant (пілше билеу) сияқты тіркестердің фразеологиялық мағыналарының ішкі формасы айқын, яғни олардың мағыналары ішкі формалары арқылы уәжделіп қалыптасқан.


Фразеологизмдердің ішкі формаларының тасалануынан олардың мағыналарының күңгірттенуі шығады. Ондай фразеологизмдердің сырын, жасалу төркінін тілдің ішкі заңдылықтарынан гөрі экстралингвистикалық факторлар мен этимологиядан іздеу қажет. Мысалы, кәрі қойдың жасындай жасы қалды фразеологизмі қой түлігінің тіршілік ету мерзімін (10 шақты жылдай) бақылаудан туған. Осы жайт ауыс мәнде жасы ұлғайған адамға қатысты айтылатын бейнелі тіркестің тууына негіз болған. Ағылшын тіліндегі to fight like Kilkenny cats (Килкени мысықтарындай айқасу) - өлімге бас тігіп қырқысу деген мағынада қолданылатын фразеологизмнің қалыптасуына ХVII ғ. Kilkenny мен Irishtawn қалалары арасындағы қантөгістің аяғы екі қаланың да қирап бітуіне әкелген тарихи уақиға негіз болды.


...

Дәріс №5.Өзін-өзі тексеру сұрақтары


1. Фразеологияның тарихпен және мәдениетпен байланысы қандай?

2. Белгілі бір ұлттың тарихынан, мәдениетінен, таным болмысынан, тұрмыс-тіршілігінен хабардар ететін тілдік бірліктерге ең алдымен неге тілдегі фразеологизмдерді жатқызады?

3. Фразеологиялық теңеулердің лингвоелтанудағы қызметі.

4. Фразеологиялық теңеулердің фразеологизмдердің басқа түрлерінен айырмашылығы қандай?

5. Фразеологизмдердің ішкі формалары қандай?

6. Тарих пен мәдениеттің ерекшелігін көрсететін фразеологизмдерді беріңіз.


Дәріс №6. Фразеологизмдердің стилистикалық ерекшеліктері


Сұрақтар:

1. Адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейтін фразеологизмдер.

2. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің жалпы мағынасы мен фразеологиялық мағынасы.


1 Адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейтін фразеологизмдер.

Қазақ және ағылшын тілдеріндегі фразеологиялық теңеулердің басым көпшілігі «Адам» атты мағыналық макротопқа жатады, олардың мағынасы адам мен оны қоршаған әлемнің өзара әрекетін бейнелейді. Фразеологиялық теңеулердің негізінде адам өмірі мен қызметінің тұстарын бейнелейтініне байланысты екі тілде олардың төмендегідей мағыналық-тақырыптық топтары анықталды:


<< предыдущая страница   следующая страница >>