girniy.ru 1
ҚАЗАҚ ТІЛІ


1. Зат есімге лайық қатарды көрсетіңіз.

A) Бейтарап сөздер.

B) Көмекші сөздер.

C) Етістік.

D) Есім сөздер.

E) Еліктеу сөздер.

2. Негізгі сын есімді көрсетіңіз.

A) Жазғы.

B) Сусыз.

C) Бойшаң.

D) Терең.

E) Көйлек.

3. Бµлшектік сан есімді кµрсетіњіз .

A) Тоқсан.

B) Алпысыншы.

C) ‡ш ширек.

D) Отызѓа тарта.

E) Он-оннан.

4. Тәуелдік жалғаулы өздік есімдігін табыңыз.

A) Өзің.

B) Әр адам.

C) Өзгелер.

D) Біреу.

E) Өзгеріс.

5. Кµсемше ж±рнақтарын табыњыз.

A) -мақ,-мек.

B) -па, -пе.

C) -ар, -ер, -р.

D) -қан, -кен.

E) -ѓалы, -гелі.

6. Омоним болатын сөз қайсысы, табыңыз.

A) Кілт.

B) Былтыр.

C) Балабек.

D) Адам.

E) Он бір.

7. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.

A) Байады.

B) Байиды.

C) Баиыиды.

D) Байыйды.

E) Баииды.

8. Әліпбидегі 10-әріпті белгілеңіз.

A) Қ.

B) Г.

C) Ж.

D) Д.

E) Т.

9. Көмектес септікте тұрған тұйық етістікті көрсетіңіз.

A) Айтуы.

B) Баруға.

C) Сөйлеуден.

D) Келуімнің.

E) Келуіңмен.


10. Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын көрсетіңіз.

A) Мазмұнды әңгіме.

B) Бет бұру.

C) Бұлшық ет.

D) Мектепке бару.

E) Ақын туралы айту.

11. Орал қаласы. Сөйлем түрін анықтаңыз.

A) Атаулы.

B) Толымсыз.

C) Жақты.

D) Толымды.

E) Жақсыз.

12. Одағай сөз қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Өзі осында келіп пе, сірә?

B) Ұялма, қалқам, бір сайра, біз де алалық үлгіні.

C) Ой, әттеген-ай, айырылып қалдым-ау!

D) Балам, амансың ба?

E) Меніңше, жаңағы оты көрінген завод.

13. Сызықша қойылуы тиіс сөз тіркесін табыңыз.

A) Мен жазамын.

B) Ол оқушы.

C) Тоғызыншы сынып.

D) Біз ойнадық.

E) Ол оқыды.

14. Ол бес деген баға алды сөйлеміндегі тырнақшаға алынатын сөзді көрсетіңіз.

A) Бес.

B) Деген.

C) Ол.

D) Баға.

E) Алды.

15. Сингармонизм дегеніміздің анықтамасын көрсетіңіз.

A) Дауыссыз дыбыстармен байланысты үндестік.

B) Кейінгі дыбыстардың ықпалы.

C) Ілгерінді дыбыстардың ықпалы.

D) Дыбыстардың өзара ықпалы.

E) Дауысты дыбыстармен байланысты үндестік.

16. Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A) Ықыласпен.

B) Көлге.

C) Өзеннің.

D) Тауды.

E) Мақтаншақ.


17. Септеулік шылауды көрсетіңіз.

A) Бүгінгі жұмысты тастап мен де келдім.

B) Полк командирі кеткен соң пулеметшінің қасына барды.

C) Бірақ Әбекеңнің сөзінің жаны бар.

D) Қарағым-ай, ерекше жаралған жан екенсің.

E) Құдаша қыз-ау, әнің қандай еді, есімнен бір шықпайды.

18. "Бағыныңқы", "басыңқы" үлгісіндегі байланысы жоқ, өз мағынасынан айырылған сөздерді табыңыз.

A) Он екі бала.

B) Еңбекті сүйе біл.

C) Бетімнен отым шықты.

D) Мен бармақпын.

E) Адал еңбек.

19. Қатыстық сын есімнен болып тұрған анықтауышты табыңыз.

A) Жайқалған егін.

B) Қыздың шашы.

C) Мінезді адам.

D) Жасыл жайлау.

E) Сары ала ат.

20. Жалпылауыш сөзі есімдіктен болған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

B) Ынтымақты ел – сарқылмас көл.

C) Мортық, жусан, алабота – бәрі де жақсы өсіпті.

D) Серік, Берік, Ермек – үшеуі бір сыныпта оқиды.

E) Асқар тау алыстан көрінеді.

21. Ыңғайлас салалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қалаға не мен барамын, не сен барасың.

B) Таң атты, мен ояндым.

C) Ауылда бірде шам болады, бірде болмайды.

D) Риза болғаны сондай - мені құшақтай берді.

E) Қалаға мен барсам, сен болмай шықтың.

22. Қаратпа сөзді табыңыз.

A) Таласпа, жаным-ай, қолыңнан келмеске.

B) Әйтсе де, сізді танымай тұрмын.

C) Ол-ол ма, әңгіме одан да ұлғая түсті.

D) Күз түсіп, ауылдың сұрқай тірлігі басталды.

E) Ал, ойларыңды айт.


23. Дұрыс қойылған тыныс белгіні анықтаңыз.

A) Даусы ащы да, қатал зілді шығады.

B) Сайра да зарла қызыл тіл.

C) Таныды да таң болды.

D) Дауыл көтерілді де, төңірек ұйтқыған қалың қар болды да кетті.

E) Жабыларсың таларсың да жерсің.

24. Білім Заңының қабылдануы қай қатарға тән, белгілеңіз.

A) 1997 жыл, 21 ақпан.

B) 1993 жыл, 5 сәуір.

C) 1998 жыл, 7 қазан.

D) 1999 жыл, 7 маусым.

E) 1999 жыл, 5 қаңтар.

25. Мақалдардан антонимдік қолданыстағы сөздерді табыңыз.

A) Оқу-білім азығы.

B) Көз қорқақ, қол батыр.

C) Кітап-білім бұлағы.

D) Өлімнен ұят күшті.

E) Айтылған сөз-атылған оқ.

26. «Қоңсы» сөзін қай қатарға жатқызамыз, көрсетіңіз.

A) Әдеби тіл.

B) Эвфемизм.

C) Кәсіби сөз.

D) Ауыспалы сөз.

E) Диалект.

27. Орфография - қай елдің сөзі, дұрысын белгілеңіз.

A) Грек сөзі.

B) Орыс сөзі.

C) Парсы сөзі.

D) Араб сөзі.

E) Иран сөзі.

28. Антонимді қосарлама қос сөзді көрсетіңіз.

A) Ауыл-аймақ.

B) Дүркін-дүркін.

C) Ертемен.


D) Қысы-жазы.

E) Ат-мат.


29. Сын-бейне үстеулі тіркесті көрсетіңіз.

A) Тіпті ұзақ емес.

B) Бірден келді.

C) Ілгері кетті.

D) Осыншама ауыр.

E) Бермен кел.

30. ²Еркем, неғып тұрсың?²- деп қала жаздаған Айбала... аузына келіп қалған сөзді ернімен бөгей қойды.

Төл сөз түрін табыңыз.

A) Біреудің сөзі.

B) Дәйексөз.

C) Біреудің ойы.

D) Айтуға оқталған сөзі.

E) Мақал.


ҚАЗАҚ ТІЛІ

ПӘНІНЕН СЫНАҚ БІТТІ