https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4 ... 9 10

Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері.

Нематодтар немесе нағыз жұмыр құрттар класы. Жануарлар әлеміндегі ең көп санды кластың бірі, олардың 10000 түрі белгілі. Еркін тіршілік ететін нематодтар бүкіл жер шарында кең таралған, бірі суда кездессе, екіншілері топырақта тіршілік етуге бейімделген. Нематодтардың қатысуынсыз ешқандай шіру процесі жүрмейді. Паразит ретінде жұмыр құрттар жануарлар мен өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мене бунақденелілердің паразиттері ретінде олар әуені де меңгерген.

Нематодтардың пішіні цилиндр немесе ұршық тәрізді. Көлденең кесіндісі жұмыр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, ал артқы ұшының құрсақ жағында аналь тесігі орналасқан. Нематодтардың денесінің сыртын тығыз күрделі құрылысты көп қабатты кутикула қаптаған. Кутикула нематодтардың ерекше сыртқы қаңқасы, ол ішкі қуыстағы сұйық заттардың қысымымен бірге дене бұлшық еттеріне тірек болып тұрады. Кутикула сол сияқты механикалық бүлінуден және улы заттардан қорғау қызметтерін атқарады.

Кутикуланың астында гиподерма жатады. Тері-бұлшықет қапшығының арасында өте үлкен дене қуысы жатады. Бұл алғашқы дене қуысы оны қоршаған мүшелермен шекараласып жатады және өз қабырғасы болмайды. Тірек қызметінен басқа алғашқы қуыс зат алмасуда да негізгі рөл атқарады. Алғашқы дене қуысы қан айналу жүйесі сияқты организмнің ішкі ортасының қызметін атқарады. Схизоцель деп аталады.

Ас қорыту жүйесі ұзынша түтік түрінде алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек болып үш бөлімге бөлінеді. Еркін өмір сүретін нематодтар әртүрлі ұсақ организмдермен, паразиттер жануар-иесінің сөлімен, кейбіреулері иесінің қанымен, ал өсімдік паразиттері олардың ұлпаларымен қоректенеді.

Жүйке жүйесінің орталық бөлімі жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан жасалынған. Сақинадан алдыға және артқа қарай жүйке салалары тарайды. Екі негізгі жүйке салалары бір-бірімен жұқа жартылай сақиналар тәрізді көптеген комиссуралармен қосылады.

Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік.


Гельминттер (грек. helmіnthos – құрт) – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ауруларын қоздыратын құрттар. Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі. Бұларға: 1) жалпақ құрттардан кейбір кірпікшелі құрттар, трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, темноцефалдар, гирокотилидтердің барлығы, талшықты құрттардың біразы; 2) алғашқы қуысты құрттардан (Nemathelmіnthes типінің өкілдері) жұмыр құрттардың көбі, қылқұрттар мен тікенбас құрттардың барлығы; 3) буылтық құрттардан (Annelіda тип тармағына жататындар), көпқылтанды құрттардың көпшілігі жатады. Гельминттер адамда, жануарларда, өсімдіктерде тұрақты немесе уақытша тіршілік етеді және осы кезде ауру туғызуы мүмкін. Гельминттердің дамуы –дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде өтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады. Гельминттердің адамды, малдықұрт ауруына шалдықтыратын аскаридаэхинококктрихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Дәріс 5. Жұмыр құрттар типі.

Мақсаты: Жұмыр құрттар, олардың негізгі кластары, өкілдері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:

1 Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері.

2 Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.

3 Таспа құрттар класы, құрылысының ерекшеліктері және өкілдері.


  1. Жұмыр құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері.

  2. Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері.

  3. Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік.

Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері.

Жалпақ құрттар типінің өкілдері қосжақтаулы симметриялы (билатералды), олардың денесінен бір ғана симметрия кесіндісін өткізуге болады.

Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесі кезінде үш ұрық жапырақшасы жасалады. Жабын жасайтын эктодерма мен ішек түзетін энтодерманың арасында аралық ұрық жапырақша – мезодерма бар. Көбінесе денесі ұзына бойына созылған және арқа бүйір бағытында қабысқан (жапырақ, тақта, таспа тәрізді).

Жалпақ құрттардың құрылысының негізгі ерекшелігі – тері-бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында жатқан бұлшықет талшықтарының күрделі жүйесі. Бұл бірнеше қабаттарға ыдырап, жануардың бүкіл денесін эпителийдің астында тұтас қапшық ретінде жауып тұрады, ал жоғарғы билатералды жануарларда талшықтар жеке ет шоғырларына бөлініп кетеді. Тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықеттердің жиырылуының нәтижесінде құрт тәрізді қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, олар қуыссыз немесе паренхималы жануарлар: ішкі мүшелерінің арасындағы кеңістік паренхимадан немесе мезодермалы дәнекер борпылдақ ұлпамен толып тұрады. Паренхиманың ролі әртүрлі. Оның қызметтеріне - тірек, қоректік заттардың қоры жиналатын жер мен зат алмасу процестерінде маңызды орын алады.


Ас қорыту түтітігі қарапайым, тек қана екі бөлімнен тұрады: эктодермалы алдыңғы ішек немесе жұтқыншақ және тұйық бітетін энтодермалық ортаңғы ішек. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Паразит түрлерінде ас қорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен.

Жүйке жүйесі жұп ми түйінінен (ганглийден) және одан артқа қарай кететін жүйке бағаналарынан тұрады. Жүйке бағаналары бірімен-бірі сақиналы жүйкелер арқылы қосылған. Екі ұзынабойлық бағаналар өте жақсы дамыған. Жалпақ құрттарда жүйке жүйесінің орталық реттеу аппараты пайда болған.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

Зәр шығару жүйесі протонефридий типті. Олар паренхимада бір шоғыр кірпікшелері бар ерекше жұлдызша клеткалармен аяқталатын тармақталған өзектер жүйесінен тұрады. Протонефридийлер сыртқа ортамен арнайы зәр шығару тесіктері арқылы байланысады.

Жалпақ құрттардың жыныс жүйесі гермафродитті, жыныс өнімдерін шығаратын күрделі өзектерден және іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелерден тұрады.

Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері.

Жұмыр құрттар типіне тән негізгі белгілеріге жатады:


  1. Денесі бунақталмаған (сегменттелмеген).

  2. Денеде алғашқы қуыс пайда болады, ол қоршаған ұлпалармен шекараласып жататын ішкі мүшелердің арасындағы саңылаулар.

  3. Жалпақ құрттардан айырмашылығы - көпшілік жұмыр құрттар дара жынысты және жыныс аппараты өте қарапайым құрылысты.

  4. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

  5. Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген тері бездері немесе протонефридий типтес немесе мүлдем болмайды.
  6. Жүйке жүйесі ортогон типтес және жабынымен тығыз байланысты, сезім мүшелері нашар дамыған.


  7. Ас қорыту жүйесінде артқы ішегі мен аналь тесігі болады.

Нематодтардың құрылысының ерекшеліктері.

Нематодтар немесе нағыз жұмыр құрттар класы. Жануарлар әлеміндегі ең көп санды кластың бірі, олардың 10000 түрі белгілі. Еркін тіршілік ететін нематодтар бүкіл жер шарында кең таралған, бірі суда кездессе, екіншілері топырақта тіршілік етуге бейімделген. Нематодтардың қатысуынсыз ешқандай шіру процесі жүрмейді. Паразит ретінде жұмыр құрттар жануарлар мен өсімдіктердің барлық мүшелерінде кездеседі. Құстар мене бунақденелілердің паразиттері ретінде олар әуені де меңгерген.

Нематодтардың пішіні цилиндр немесе ұршық тәрізді. Көлденең кесіндісі жұмыр. Денесінің алдыңғы ұшында ауызы, ал артқы ұшының құрсақ жағында аналь тесігі орналасқан. Нематодтардың денесінің сыртын тығыз күрделі құрылысты көп қабатты кутикула қаптаған. Кутикула нематодтардың ерекше сыртқы қаңқасы, ол ішкі қуыстағы сұйық заттардың қысымымен бірге дене бұлшық еттеріне тірек болып тұрады. Кутикула сол сияқты механикалық бүлінуден және улы заттардан қорғау қызметтерін атқарады.

Кутикуланың астында гиподерма жатады. Тері-бұлшықет қапшығының арасында өте үлкен дене қуысы жатады. Бұл алғашқы дене қуысы оны қоршаған мүшелермен шекараласып жатады және өз қабырғасы болмайды. Тірек қызметінен басқа алғашқы қуыс зат алмасуда да негізгі рөл атқарады. Алғашқы дене қуысы қан айналу жүйесі сияқты организмнің ішкі ортасының қызметін атқарады. Схизоцель деп аталады.

Ас қорыту жүйесі ұзынша түтік түрінде алдыңғы, ортаңғы және артқы ішек болып үш бөлімге бөлінеді. Еркін өмір сүретін нематодтар әртүрлі ұсақ организмдермен, паразиттер жануар-иесінің сөлімен, кейбіреулері иесінің қанымен, ал өсімдік паразиттері олардың ұлпаларымен қоректенеді.

Жүйке жүйесінің орталық бөлімі жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасынан жасалынған. Сақинадан алдыға және артқа қарай жүйке салалары тарайды. Екі негізгі жүйке салалары бір-бірімен жұқа жартылай сақиналар тәрізді көптеген комиссуралармен қосылады.


Гельминттер және биогельминттер туралы түсінік.

Гельминттер (грек. helmіnthos – құрт) – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ауруларын қоздыратын құрттар. Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі. Бұларға: 1) жалпақ құрттардан кейбір кірпікшелі құрттар, трематодтар, моногенетикалық сорғыштар, темноцефалдар, гирокотилидтердің барлығы, талшықты құрттардың біразы; 2) алғашқы қуысты құрттардан (Nemathelmіnthes типінің өкілдері) жұмыр құрттардың көбі, қылқұрттар мен тікенбас құрттардың барлығы; 3) буылтық құрттардан (Annelіda тип тармағына жататындар), көпқылтанды құрттардың көпшілігі жатады. Гельминттер адамда, жануарларда, өсімдіктерде тұрақты немесе уақытша тіршілік етеді және осы кезде ауру туғызуы мүмкін. Гельминттердің дамуы –дернәсілдік және жыныстық кезеңді екі сатыдан тұрады. Олар дернәсілінің тіршілік ерекшелігіне сәйкес, дамуы басқа тірі организмдерде өтетін (биогельминттер) және дамуы организмнен тыс, сыртқы ортада еркін тіршілік ететін (геогельминттер) түрлері болады. Гельминттердің адамды, малдықұрт ауруына шалдықтыратын аскаридаэхинококктрихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ

университеті, 1997. 2 -бөлім.


Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Дәріс №6. Буылтық құрттар типі.

Мақсаты: Буылтық құрттар типі, негізгі өкілдері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Буылтық құрттардың жалпақ және жұмыр құрттармен салыстырғанда құрылысының еркшеліктері.

  2. Көпқылтанды буылтық