girniy.ru 1 2 3






Жоспар


І Кіріспе



ІІ Негізгі бөлім


2.1. Қазақ диалектологиясының зерттелуі

2.2. С. Аманжоловтың оңтүстік диалектісін зерттеуі.

2.3 О. Нақысбековтың оңтүстік сөйленістерін зерттеу ерекшеліктері


ІІІ Қорытынды


IV Пайдаланылған әдебиеттер


Кіріспе

Халық тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктері- тіл зерттеушілердің назарын ертеден аударып келе жатқан құбылыстардың бірі. Қай тілден болсын осы жергілікті деп аталатын тіл құбылыстарын кездестіреріміз анық. Бірінде аз, бірінде көп дегендейін, әйтеуір, мұндай жергілікті өзгешеліктердің барлық тілде бар екені рас. Қазақ тілі де осы сияқты, қазақ жұрты тараған өлкелердің бәрінде де сол жердің әрқайсысындағы қазақтардың тіліне тән сөз ерекшеліктерінің бар екені байқалып жүрген жайт. Мұны ғылымда диалектілік құбылыстар деп атайды. Диалектілік құбылыстар— халық тілінің жемісі, халық тілі дамуының кезеңі тудырған тіл құбылыстары. Әрбір өлкеде тұратын қазақтардың тілінде кездесетін бұл секілді тіл айырмашылығының пайда болуының тарихи сыры бар. Мәселен, біз осы еңбекте сез еткелі отырған қарақалпақ жерінде тұратын қазақтардың тіліндегі диалектілік айырмашылықты алатын болсақ, олардың көбінің-ақ түптеп келгенде із-өкшесі қарақалпақ тілінде, сонан кейін өзбек, түрікмен тілдеріне қатысты екенін көреміз. Мұның себебін тусіну онша қиын емес. Бұл жерде тұратын қазақтардың ежелден қарақалпақ, өзбек, түрікмен жұртымен іргелес, қоныстас, ағайындас ел болғанымен байланысып жатыр. Ұзақ жылдық тілдік қарым-қатынас нәтижесінде осы аймақ қазақтарының тіліне аталған тілдерден ауысқан сөздер аз емес. Ол сөздер өздері енген тілге әбден етене болып, сіңісіп кеткен. Демек, мұндағы біздің айтайық дегеніміз — қазақ тілінде де жергілікті тіл айырмашылығы бар екендігі, сосын оның өзі кездейсоқ пайда болмағандығы, белгілі тарихи дамудың нәтижесінде туған тіл құбылыстары екендігі. Әрине, бұл құбылыстардың көлемі барлық өлкенің қазақтары тіліне ортақ құбылыстармен салыстырғанда әлдеқайда аз. Бірақ көлем жағынан қанша шағын болғанымен, бұл өзгешеліктерді ескермеуге де болмайды.


Әдеби тіліміздің халық тілі негізінде дамып отырғаны белгілі. Халық тілі, халық диалектілері — әдеби тілді байытудың қайнар бұлағы. Бірақ әдеби тіл халық тілінің материалына талғаусыз қарамайды. Оның ішінен өіне керегін сұрыптап, елеп-екшеп алады. Жергілікті халық тілі әдеби тілмен осындай тығыз байланыста болғандықтан, оның жай-жапсарын жақсы біліп отыру, әрине аса қажет. Әдеби тілде сөйлеуге үйрену, сөз өзідеріне жаттығу мектеп қабырғасында қалыптасатын нәрсе болғандықтан, жергілікті тіл ерекшеліктері жөнінде хабардар болу — тіл пәнінің мұғалімдері үшін өте қажет. Мектептің қайсысын алсақ та, жергілікті халықтың қайнаған ортасына орналасқан мекеме екенін жақсы білеміз. Ал оқушы болса, сол жергілікті халықтың кішкене бір өкілі ғой. Оның тілінің де өзі туып-өскен ортасының тілінен, ата-анасыньщ тілінен алшақ болмайтыны түсінікті жайт. Демек, әр оқушыны әдеби тілде сейлеуге, әдеби тілде жаза білуге жастай баулитын негізгі орта — мектеп. Міне, осыдан кейін жергілікті тіл ерекшелігі деген не, оның әдеби тілге қарым-қатынасы қандай деген жайдан мұғалімдердін, әсіресе тіл пәні мұғалімдерінің хабардар болу қажеттігі туады.

Біз осы еңбекте Шымкент өлкесінде тұратын қазақтардың тілі туралы кейбір деректерге тоқталмақпыз. Әрине, мұнда беріліп отырған тікелей методикалық нұсқаулар жоқ. Алайда қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің өз оқыту тәжірибесінде назар аударарлық кей жерлер туралы бұл еңбектен керекті мәлімет алары даусыз.

Негізгі мәселеге кіріспес бұрын осы жерде мына бір жайды ескерте кетудің қисыны бар. Халық тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттейтін ғылымда — диалектологияда мұндай әр өлкеге тән тіл құбылыстарын диалектілік ерекшелік деп атайды. Белгілі бір аймақтың тұрғын халқының тіліне тән диалектілік ерекшеліктер өзара ұқсас болады. Мұндай бір-біріне ұқсас құбылыстар белгілі ауданның, облыстың, яки жалпы бір территориялық аймақ халқының тілін қамтуы мүмкін. Мұндай бір жүйелі уқсас диалектілік құбылыстары бар территорияны тіл білімінде диалект немесе говор деп атайды. Мұның қазақ тілі білімінде көбірек қолданылып жүргені — соңғы говор деген термин. Шымкентте тұратын қазақтар тіліндегі жергілікті ерекшеліктер деп қайта-қайта айтып жатпау үшін, жұмысымызда тілі әңгімелеыіп отырған өлкедегі қазақтар тілін говор деп атап отырмыз.


Атамыз қазақ: «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» - деп бекер айтпаған. Қазақ сахарасында ер құнын бір ауыз құдіретті билер сөзі шешіп отырған. Сондықтан біздің халқымыз сөзге, оның мағынасына зор көңіл бөледі, айтқан сөздерәінде тұрады. Айтылған сөзді атқан оққа теңейді. Осындай ұлағатты халықтың ұрпағы болғандықтан, сөзге, оның мағынасының тіл мәдениетіне көңіл бөлемін. Сондықтан осы мәселелер жайлы айтып өтпекпін.

Өмірде болған құбылыстар мен заттардың бәрі де белгілі бір сөздермен аталады. Атаусыз сөз жоқ, сөз болмаған жерде атау да жоқ. Сондықтан сөз тарихы – тіл тарихымен, тіл тарихы – халық тарихымен, халық тарихы – қоғам тарихымен тығыз байланысты.

Адам баласы жаратылғаннан бастап, белгілі бір қоғамда өмір сүріп келеді. Өмір сүруге қажетті заттарды өндіруді де олар бірлесіп атқарған. Осындай бірлесіп атқарған еңбектің өзі адамзатты ойлай білуге, сөйлеуге мәжбүр еткен. Тіл адам баласының қол жеткен табыстарын сөздер арқылы көрсетеді. Әрбір тілдің сөздік құрамындағы сөздер сол халықтың басынан өткен ұзақ сонар тарихын оның саяси әлеуметтік өмірін бүкіл күн – көріс тіршілігін, тұрмыс – салтын, мәдени – рухани өмірін, экономикасын айнытпай айқын бейнелеп бере алады. Тілдегі сөз байлығын да біздің барлық білген біліміміз, ойымыз, идеямыз, ұғымымыз сақталған. Сонымен бірге біздің барлық сезіміміз, эмоциямызға дейін осында жазылып қойған.

Қазақ халқының да көш заманнан бері қарай өзімен қоса жасасып келе жатқан бай сөздік құрамы бар. Бұлар халқымыздың басынан кешкен бүкіл өмірінің шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының жақсы айнасы, куәсі деп білеміз.

Сөз байлығы ұрпақтан – ұрпаққа өтіп, бірдей бірге жоғалмай сақталып келеді. Сөз - өте күрделі құбылыс.

Сөз біткеннің бәрінде де белгілі бір мағына болады. Бұл мағына зат пен құбылысты тікелей байланыстырмағанымен, сол ұғымды білдіретін баршаға танымал ортақ, белгі ретінде жұмсалады. Мәселен, нан, сүт, ет, деген сөздерді алсақ осылардың әрқайсысының әрі нақтылы, әрі жалпылық ұғымы бар. Су деп ыдысқа құйып ішкелі тұрған немесе арықтағы ағып жатқан бау – бақша суаратын нақтылы суды да, сонымен қатар дүние жүзіндегі мұхит, теңіз, көл, өзен, бұлақ, құдық біткеннің суын да су деп атай беруімізге болады. Сондықтан да сөз өзі қандай күрделі болса, оның мағынасы да сондай күрделі деп есептеледі.


Ал осы сөзді дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады, бірақ тіліміздегі сөздер үнемі бұлай бола бермейді. Кейбір сөздер жергілікті тіл ерекшеліктеріне сәйкес әрі төңірек аймақтарда әр түрлі айтылып, түрліше мағынаға ие болатын да жағдайлар болады.

Ал осы (су) сөзін дүние жүзіндегі қазақтардың бәрі сол қалпында қолданады.

Осындай жағдайларға байланысты тіл білімінің диалектология деген саласы болады.

Диалектология - / диалектос – сөйлеу логос – ілім / тіліміздегі диалектілер мен говорларды зерттейді.

Диалектологияның міндеті – жергілікті тіл ерекшеліктерін тексереді.

Диалект – деген термин тілдегі жалпыхалықтық сипат алмаған, белгілі бір жерде ғана қолданатын ерекшеліктердің жиынтығын, өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді. Бұл мағынада диалект халық не ұлт тілінің құрамды бөлігі болып табылады.

Өзім Оңтүстік елінің түлегі болғандықтан, Оңтүстік қазақтарының тіліндегі тексикалық, грамматикалық ерекшеліктерге тоқталғым келіп отыр.

Профессор Сәрсен Аманжолов қазақ тілінің Оңтүстік диалектісіне бұрынғы үйсін, қаңлы, дулат және жалайыр тайпа одақтарының тілін жатқызады. Бұл одақтар ерте замандардан бастап – ақ Жетісу, Талдықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының жерін мекен еткен.

Ұлы жүздің XVIII – XIX ғасырларда Қоқан, Хиуа хандықтарын қол астында болуы бұл диалектіге өзбек тілінің ықпалын күшейте түсті.

Бірінші тайпалық тілдердің негізінде қалыптасқандықтан және әр түрлі тілдердің әсері тигендіктен, Оңтүстік диалектісінде кездесетін ерекшеліктердің сипаты біріңғай емес. Кейбіреулері жалпылама түрінде жиі кездеседі. Енді кейбіреулерінің тараған көлемі шағын, белгілі бір ауданда ғана айтылады. Өзгешеліктердің ішінде Оңтүстік диалектісінің басқа диалектілерден айырмасын көрсететін негізгілері бар. Оңтүстік диалектісінің негізгі дыбыстық ерекшеліктері.


С мен Ш алмасуы: Мысық – мышық, есек – ешек.

Д мен Л алмасуы: теңдік – теңлік, тыңда – тыңла.

Б мен П алмасуы: болат – полат

бітіру – пітіру

бейнет – пейнет

М мен П алмасуы: маңай – паңай

мешпет – пешпет

махта – пахта

А мен Ә алмасуы: қатты – кәтті

қайтып – кәйтіп

Ғалым С. Аманжолов Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшеліктерін 20 салаға бөледі.

Берілген миатериалдар Оңтүстік диалектісімен әдеби тіл лексикасы арасындағы айырманы айқын көрсетеді. Оңтүстік диалектісінің лексикалық ерекшелігі халық өмірінің барлық жағын қамтыған.

Оңтүстік диалектісінде өте ерте замандардан сақталып қалған басқа жерде кездеспейтін сөздер де аз емес.

Мойынтаулық қылу – көнбеу, бағынбау

Парт боп кету – ісіп – кеуіп кету

Сауатын шығару – сауатын ашу

Тән алмау – мойнына алмау

Тәнті болу – риза болу

Қазақстанның өзге өңіріне қарағанда Оңтүстік Қазақстанның тілінде диалект сөздер молырақ ұшырасуы екен.


Диплом жұмысының өзектілігі.


Менің диплом жұмысымның объектісі – Шымкент төңірегі қазақтарының тіліндегі диалект сөздер. Мен келтіретін мысалдар тек Шымкент өңірінің қазақтарына ғана тән. Бұл сөздерді Қазақстанның өзге өңірі білмейді де, түсінбейді де, қолданбайды да.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті.

Мен бұл сөздерді біле отырып, зерттей отырып дәл осындай сөздерді сөйлей барысында қолданбау тіліміздің әдеби тілінің нормаларын сақтай отырып, туған тілімізді өркендету, әлде қалай біреулер қолданған жағдайда, оның әдеби қалай біреулер қолданған жағдайда, оның әдеби тілдегі вариантымен ауыстыруын талап ету.

Осындай жұмысты жүргізе отырып, мен өзіме де, өзгеге де әдеби тіл нормасын сақтауға, диалектілермен сөйлемеу талабын қойып жүрмін. Зерттеу жүргізген аз ғана уақыт ішінде өзім өмір сүріп жүрген ортада әдеби нормадағы емес, жергілікті халық сөйлейтін төмендегідей сөздер бар екендігін аңғардым.


Диалектілік варианты Әдеби тіл варианты.


Тұқым, мәйек – жұмыртқа

Шәйнек, пәрнек – аққұман

шемішке, шекілдеуік – пісте

Ауқат – тамақ

Беймарал – алаңсыз

Араба – арба

Шалбар – сым

Тәрізі – түрі, беті, әлпеті.

Әулі – аула

Әсел – бал

Тава, тәпен – тапа

Дарбаза – қақпа

Бесақа – айыр

Көрші – қоңсы

Дәліз – ауыз үй

Шиша – Бөтелке

Ашық – машық – топса

Ащты – ащы

Ақша, пұл – қаражат

Бұрыштама – тәртіп

Нұқыл, өңшең – ылғи

Бәдірең, әгуршік – қияр

Пішіней – күлше

Желеткі – нынша, күртешік

Әкәндоз, кәкәндоз – қалақ

Тәпішке – пайпақ

Шөлки – шұлық

Мысалы:

Диалектілік варианты Әдеби тіл варианты.


Ауқат - тамақ

Әтешкір - қысқаш

Әтубер - абырой

Бақуат - қуатты

Бәдірең - қияр

Бігіз - біз

Білік, пілік - білте

бітпе - жазба

Дава - таба

Дақыл - нәрсе, зат

Датқай - өсекші

Дәке - марлі

Дәс орамал - қол орамал

Дезмал - үтік

Дуал - қабырға

Дүр - шебер

Екше - кимешек

Елік, елгезер - елеуіш

Етмал - ықтимал

Жуалдыз - тебен, ине

Зілмендей - зілдей

Жемелек - шашбау

Қам - шикі

Кеуірт, күкірт - сіріңке

Кәттә - зор, үлкен

Рәнәті - түрі

Азанда - таңартең

Дәу - үлкен

Пиялай - кесе

Шара - керсен

Жүдә, тіпті - өте

Кәртішке - картоп

Дүмбіл - сабық

Дөбелеу - ұру, сабау

Ұйытқы - тамызық

Мада - маш, есек

Шайдос - жезқұман

Іптәр - ауызашар

Табақ - тостақ

Қошеметтеу - марапаттау

Айғай - айқай

Зығыр май - пісте май

Шашық, орамал - сүлгі

Бөпе, шақалақ - нәресте

Шаппа, мүштәр - бәкі

Кірпіш - қыш

Ауышқан - ауысқан

Сапа нан - нан салма

Әйнек - шыны, терезе

Құдай нан - жеті шелпек, жеті нан

Тапта мата - товар мата

Қыжым - доғаба

Нұқыл - неғи

Кеуірт, күкірт - сіріңке

ши, оттық, шақпақ

Кепе - жер үй

Тесе - кетпен

Егер - ер

Сыпыра - теріден істелген дастархан

Мойынтұрық - мойынағаш

Мият - жақтаушы

Кірлен - леген

Айуан, дәліз - ауыз үй

Топы - тақия


Қазақ диалектологиясының зерттелу жайы

Қазақ диалектологиясы — Қазан революциясынан кейін пайда болып, қалыптаса бастаған сала. Оның не бары жетпіс жылдай ғана тарихы бар. Шын мәнінде диалектология мәселесімен шұғылдану 1930 жылдардың аяқ шенінен басталады. Содан бері республика аудандарына жылма-жыл ғылыми экспедициялар шығарылып, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктердің сипатын білдірерліктей көлемді материал жиналды. Диалектілік ерекшеліктерді зерттеу қазақ диалектологиясының теориялық мәселелерін көтеріп, кейбір қорытындылар жасауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде қазақ диалектологиясы қазақ тілі мен әдебиетінен маман даярлап шығаратын жоғары оқу орындарында арнаулы пән ретінде енгізілді.

Қазақ тіл білімінің басқа салаларына қарағанда диалектологияның зерттелу тарихында біраз өзгешелік бар. Қазақ тілінің дыбыстық грамматикалык және лексикалық құрылысының жан-жақты зерттеле бастауы Кеңес дәуірінде болғанмен, олардың зерттелу тарихы революциядан бұрын басталды. Сол кездің өзінде-ақ алғашқы грамматикалар мен сөздіктер жасалып, қазақ тілі зерттеу нысаны бола бастаған, ал қазақ тілінің диалектологиясы жайында мұны айта алмаймыз.


Қазақ тіліндегі диалектілер мен сөйленістердін революциядан бұрынғы жайын көрсетерліктей түркологтардан қалған арнаулы еңбек жоқ, өйткені олардың ешқайсысы да қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктермен арнайы шұғылданбады. Бірақ соған қарамастан революцияға дейін басылып шыққан ауыз әдебиеті нұсқалары мен сөздіктерде диалектілік сипаты бар сөздер, дыбыстық грамматикалық тұлғалар белгілі мөлшерде қамтылып отырған. Ал қазақ тілі жайындағы кейбір мақалалар мен грамматикаларда жекелеген диалектілік ерекшеліктерге жасалған талдаулар немесе қазақ тілінің диалектілерге бөліну-белінбеуі жайында жол-жөнекей айтылған бірен-саран пікірлер бар.


Жергілікті тіл ерекшеліктерін

жинап зерттеу жолдары.

Оңтүстік халықтарының тіл ерекшеліктерін жинау тәсілдері


Диалектілік ерекшеліктерді жинап, зерттеу жолдары әр түрлі. Олардың қайсысын қандай жағдайда қолдану зерттеушінің алдына қойған мақсатына байланысты.

1.Бақылау тәсілі. Диалектілер мен сөйленістерді зерттеудегі ең негізгі материал жергілікті халық тілінен тікелей жиналған материал болып табылады. Халық тілінен материал жиюда әр түрлі әдіс – тәсілдер қолданылады. Солардың бірі – байқау әдісі. Байқау әдісі екі кезеңге бөлінеді: алдын ала жалпы байқау және негізгі нысан бойынша тікелей байқау.

2. Сұрақ қою тәсілі көбінесе лексикалық материал жинауда (шаруашылыққа, әр түрлі затқа, т. б. байланысты) не бұрын алынған материалдың мағынасын, айтылуын анықтау қажет болғанда пайдаланылады. Сұрақ қою үстінде білгісі келіп отырған тұлғаны не зат атауын зерттеушінің өзі айтып қоюдан сақтану керек. «Сіздерде былайша айтыла ма?», «Мұндай сөз қолданыла ма?», деп сұрақ беру орынсыз. Мұндай сұрақтарға жоқ, бар, не айтылады, айтылмайды деп жауап қайтаруы мүмкін. Ал егер зерттеуші затты көріп тұрып, «Бұл қалай аталады?», «Бұл не?» деген сұрақ берсе, білгісі келген сөзді я тұлғаны естиді. Сондықтан сұрақ мүмкіндігінше тікелей емес, жанама түрде қойылғаны жөн.


3. Ауыл – село жайында мәлімет жинау. Зерттеп жүрген ауыл – селоға да көңіл бөлуі керек. Оның қай облысқа, ауданға, ауылдық, селолық әкімшілікке қарайтыны, дәл аты (ресми атынан басқа жергілікті аты), өзінде не маңында қандай өндіріс, кәсіпорны бар, теміржолға, қалаға, аудан орталығына алыс – жақындығы, қандай мәдениет орындары бар, олар қашаннан бері жұмыс істейді т. б. жөнінде толық мәлімет берілу керек. Сол сияқты ауыл, селоның және ондағы тұрғындардың тарихына байланысты материал жинау да қажетті жұмыстың бірі. Мәселен, бұрын қандай уақиғалар, өзгерістер болды, халықтың құрамы қандай, басқа жақтан қоныс аударып келгендер бар ма, бұрын қандай әкімшілік орындарына бағынды т. б. Бұл айтылғандар тілдік материалды жете түсінуге, сөйленістің даму бағытын неғұрлым дұрыс айқындауға мүмкіндік береді.

Тоқаш Бокиннің сөздігінде оңтүстік сөйленістерге тән тұма (бұлақтың көзі, қайнар), тана (тайынша), бұл (мата, тауар), қамчы (қамшы), маңлай (маңдай), сым (матадан тігілген шалбар) т. б. сөздер кездеседі.

Сөйтіп, ревалюцияға дейінгі туркологтардың қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктері мен оның диалектілерге бөліну – бөлінбеуі жайындағы пікірлерін екі топқа бөлуге болады:

а) В. В. Радлов, П. М. Мелиранский (әуелгі кезде), А. М. Позднеев қазақ тілінің диалектілерге бөлінуін жоққа шығарды;

ә) Н. И. Ильминский, Н. Ф. Катанов, П. М. Мелиранский, М. Тереньтев т. б. қазақ тілінің барлық жерде біркелкі емес, өз ішінде диалектілік ерекшеліктері бар екенін мойындады.

Қазақ тіліндегі сөйленістерді зерттеуге аса қажетті тілдік материалдар ревалюциядан бұрынғы басқа зерттеушілер (А. В. Васильев, Н. Н. Пантусов, Ш. Уалиханов, А. А. Диваев, И. В. Аничков, И. Лаптев т. б.) бастырып шығарған ауыз әдебиеті нұсақалырында да кездеседі. Бірақ бұл материалдар осы күнге дейін толық жиақталып қорытылған жоқ.



следующая страница >>