https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5 ... 8 9

Табиғат жағдайлары





Байкөл, ғарыштық түсірім.





Васюган өзені.





Балтық теңізі.

Ресейдің табиғат жағдайы алуан түрлілігімен ерекшеленеді. Ол, ең алдымен, алып жатқан аумағының өте үлкен болуымен байланысты. Ресей жерінің көпшілік бөлігін жазықтар (70%-ға жуығын) мен 1000 м биіктікке дейінгі таулы үстірттер алып жатыр. Олардың ауданы жағынан ең ірілері: Шығыс Еуропа (Орыс) жазығы, Батыс Сібір ойпаты мен Орта Сібір таулы үстірті. Олардың оңтүстігі мен шығысын таулар жүйесі қоршай орналасқан. Жер бедерінің құрылымы шаруашылық әрекеттерді жүргізуге қолайлы болып келеді. Үлкен жазықтар ауыл шаруашылығын өркендетуді, өзендердің кеме қатынасына қолайлы болуын, жол және көпір құрылыстарын салуды жеңілдетеді. Алайда жер бедері құрылымының қолайсыз жақтары да жеткілікті. Солтүстікке қарай ендік бағыттағы тау жоталарының болмауы арктикалық ауа массаларының оңтүстіктегі тау белдеулеріне дейін еркін қозғалуына мүмкіндік берсе, керісінше Қиыр Шығыстағы тау жоталары Тынық мұхит үстінен келетін ылғалды ауа массаларының тереңдеп енуіне кедергі жасайды.


Сонымен қатар Ресей жерінің жазық бөлігінің, негізінен, жоғары және орта ендіктерде орналасуы да табиғат жағдайына өзіндік ерекшеліктер қалыптастырады. Солтүстіктегі арктикалық климаттан оңтүстікке Қара теңіз жағалауындағы субтропиктік климаттық белдеуге дейін созыла орналасқанына қарамастан, Ресей жерінде жыл мезгілдері айқын ажыратылатын қоңыржай белдеудің континенттік климаты басым тараған. Батыстан шығысқа қарай өте енді (9 мың км-ге жуық) болуы климат континенттілігін арттырады. Сондықтан Ресейдің батысында, яғни еуропалық бөлікте климат қоңыржай континенттік болса, ал азиялық бөлікте шұғыл континенттік сипатқа ауысады. Азиялық бөлікке жыл мезгілдері арасындағы және тәуліктік температуралық айырмашылықтың үлкен болуы, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, қатал климаттық жағдай (әсіресе қыс кезінде) тән болады. Сондықтан Ресей жерінде көпжылдық тоң басқан аудандардың үлесі жоғары, олардың жалпы ауданы 9 млн км2-ге жуық. Көпжылдық тоң қалыңдығы климат қаталдығына байланысты оңтүстіктен солтүстікке қарай 1 метрден жүздеген метрге дейін жетеді. Мұндай табиғат жағдайы осы аймақтарды игеру мүмкіндігін тежейді.

Географиялық орны, жер бедері мен климаттық жағдайдың арақатынасы Ресей жерінде мынадай табиғат зоналарын қалыптастырады: тундра, орманды тундра, ормандар (тайга, аралас және жалпақжапырақты ормандар), орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары. Таулы аудандарға биіктік белдеулері тән. Осындай табиғат жағдайы ауыл шаруашылығының мамандануына, халықтың орналасуы мен тығыздығына, өнеркәсіп пен құрылыс кешендерінің қалыптасуына өзіндік ықпалын тигізеді.[11]


<< предыдущая страница   следующая страница >>