https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 9 10

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Блок 2 Көпжасушалылар (Metazoa) патшалық тармағы


Дәріс №2. Көпклеткалылар патшалық тармағы. Губкалар типі.

Мақсаты: Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы мәліметтер беру. Төменгі сатыдағы көпклеткалыларға жататын Губкалар типі туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы.

  2. Шынылы губкалар класы.

  3. Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері.

Көпклеткалы организмдердің шығу тегі туралы теориялар. Губкалар типі. Ізбесті губкалар класы.

Көпклеткалылар бірклеткалылардан шыққан. Біршама қарапайымдылардың әр топтарында көпклеткалы құрылысы жасауға бейімділіктері байқалады.

Э.Геккель көпклеткалылардың шығу тегі туралы гастрея теориясын ашты. Геккельдің айтуынша, клеткалардың арғы ата-тегі шар тәрізді қауымды қарапайымдылар болып табылады.

Келесі теорияны И.И.Мечников ұсынған. Төменгі сатыдағы көпклеткалылардың онтогенезін қарастырып, олардың энтодермасы ойыстанып енбей, жеке клеткалардың бластула қуысы – бластоцельге енуі арқылы жасалған, яғни ол жеке клеткалар алдымен борпылдақ, онан кейін тығыз ішкі қабат түзген. Геккель сияқты Мечников та көпклеткалылардың қауымды талшықтылардан дамыған деген. Клеткалардың ішкі қабатын Мечников фагоцитобласт деп, ал филогенетикалық кезеңді «фагоцителла» деп атаған.

Қарапайымдылар қауымының көпклеткалы дараға, яғни бір-бірімен физиологиялық нашар байланысқан талшықтылар клеткаларының бірігіп – қарапайымдыларға қарағанда жоғарырақ деңгейдегі организмдерге айналу заңдылықтарын А.А.Захваткин анықтаған.

Эволюция процесінде жеке қарапайымдылар тұтасымен көпклеткалы жәндітерге ауысқан деген гипотеза бар. Бұл пікірді югославия зоологы Иован Хаджи қолдайды. Оның ойынша көпклеткалылар көп ядролы инфузориялардан шыққан.


Губкалар типі. Губкалар өте төменгі құрылысты көпклеткалы, негізінен теңіз жануарлары, жабысып қозғалмай тіршілік етеді. Денесі мүшелер мен ұлпаларға бөлінбеген. Қазіргі фаунада 5000-ға жуық губкалардың түрлері кездеседі.

Губкалардың пішіні қапшық сияқты, үлкен тесігі жоғары қарайды. Бұл тесіктен губканың қабырғаларындағы ұсақ тесіктер ішкі парагастраль қуысына барып жалғасады. Денесі екі қабат клеткалардан тұрады: сыртқы – эктодерма, ішкі – энтодерма. Олардың арасында ерекше құрылымсыз заттардан тұратын қабат – мезоглея болады. Көпшілік губкалардың мезоглеясы өте қалың, онда қаңқа жасалады. Гастраль қабаты ерекше жағалы клеткалардан құралады.

Губкалардың ең қарапайым құрылысы аскон типті деп атайды. Жеке даму кезіндегі күрделену сикон типті форманың шығуына әкеліп соғады немесе бұл әрі қарай лейконға айналады.

Губкалардың қоректенуі хоаноциттер мен амебоциттер арқылы жүзеге асады. Губкалардың тыныс алуы мен зәр шығаруы диффузды жүреді.

Кейбір губкалардың ғана денесі жұмсақ болады, ал көпшілігін қаңқасы қатты және дене мен өзектер жүйесінің қабырғасына тірек қызметін атқарады. Қаңқасы минералды зат – көмір қышқыл ізбестен немесе кремнеземнан, органикалық зат – қасиеті ұқсас спонгиннен, кремнезем мен спонгиннің қосылысыныан тұруы мүмкін. Қаңқа түзетін клеткаларды склеробластар және спонгиобластар деп атайды.

Губкалар жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді.

Ізбесті губкалар. Қаңқасы көмірқышқыл ізбесті төрт, үш немесе бір осьті инелерден тұрады. Тек қана таяз теңіз суларында кездесетін онша үлкен емес губкалар, оладың құрылысы аскон, сикон немесе лейкон типті болуы мүмкін.

Шынылы губкалар класы.

Терең теңіз суларын мекендейтін губкалар, биіктігі 50 см-дей болады. Денесі түтік, қапшық және бокал тәріздес, сикон типті жеке өмір сүретін губкалар. Қаңқасы әртүрлі, үш осьті кремнийлі инелерден тұрады. Кремнезем инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан)құралған, негізінен үш осьті немесе алты сәулелі, бір-бірімен өзара байланысты тор тәрізді қаңқасы болады. Теңіздердің терең жерлерінде ғана жеке тіршілік етеді. Ұзындығы 50 см-ге дейін, түтік, қап, бокал тәрізді. Құрылысы сикон типтес, талшықты қалталары ірі, ұзын болып келеді Кластың ерекшелігі - мезоглея қабаты нашар дамыған, барлық клеткаларының мембраналары жартылай ерігендіктен цитоплазмалары өзара жалғасып - синцития деп аталатын құрылым түзейді. Euplectella туысына жататын кейбір түрлерінің биіктігі 1 м шамасында, ал оның су түбіне қадалатын инелерінің ұзындығы 3 м-ге дейін жетеді. Жиі кездесетін Euplectella және Hyalonema туыстары (


Кәдімгі губкалар класы. Губкалар типінің кластарының негізгі өкілдері.

Қаңқасы кремнилі немесе спонганді, кейде екеуі де аралас күйде құрылады. Инелері бір, төрт, көп осьті. Теңіздерде, тұщы суларда, судың жағалауынан тереңдігіне дейін кең тараған, жеке немесе колония түзіп тіршілік етеді. Құрылысы лейкон типтес, талшықты камералары ұсақ, дөңгелек (жұмыр) болып келеді. Бұл класқа қазіргі уакытта көп кездесетін губкалар жатады. Олар екі отрядқа бөлінеді: төрт сәулелі - Tetraxonida және кремнилі мүйізді губкалар - Cornacuspongida. Төрт сәулелі губкалар отряды - Tetraxonida

Қаңқасы кремнезем инелерінен құралған, олар бір осьті, жұлдыз тәрізді

көп осьті, ал негізінен төрт осьті инелері бір осьтілермен аралас күйде түзіледі. Инелерінің көп болғандығына байланысты кейбір түрлерінде тері қабаты қалыңдап, сауыт сияқты денесін жауып тұрады (Geodia туысында). Төрт сәулелі губкалар теңіздерде кең тараған. Жиі кездесетін туыстары: шартәрізді ірі - геодиялар - Geodia; қызғылт түсті, шартәрізді -теңіз апельсині -Tethya; қомақты, ашық түсті пробкалы губкалар - Suberites; бұрғылаушы губкалар - Cliona. Кремнилі мүйізді губкалар отряды – Cornacuspongida Қаңқасы мүйізді спонгин жіпшелерінен, кремнилі, бір осьті инелерінен (ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан) немесе екеуінен аралас түзіледі. Бір осьті кремнилі инелері өзара спонгинмен желімделіп бір буда немесе тор тәрізді қаңқаны құрайды. Негізінде колониялы формалар, теңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Жиі кездесетін түрлері: туалет губкасы (Spongiidae түқымдасынан), тұщы су губкасы - бадяга (Spongillidae тұқымдасынан), байкал губкасы (Lubomirskiidae тұқымдасынан).

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ
университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


Дәріс №3. Ішекқуыстылар типі.

Мақсаты: Ішекқуыстылар типі туралы сипаттама беру.


Дәріс жоспары:


  1. Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Гидроидтылар класы.

  2. Сцифомедузалар класы.

  3. Маржан полиптері класы.

Ішекқуыстылар типінің жалпы сипаттамасы. Гидроидтылар класы.суда, көбінесе теңізде тіршілік етеді. Бірі еркін жүзсе, екіншілері қозғалмай су түбінде бекініп жатады. Олардың 9000-ға жуық түрі белгілі.

Ішекқуыстыларға тән белгі – радиалды немесе сәулелі симметрияның болуы. Олар қосқабатты жануарлар: онтогенезде тек екі ұрық жапырақшалары - эктодерма және энтодерма түзіледі. Екеуінің арасы мезоглеямен бөлінген.

Типке тән негізгі белгі – атпа клеткаларының болуы, олар бұлшықеттің жиырылуы арқылы қозғалады.

Гидроидтылар класы. Гидра - ең қарапайым құрылысты, көлдер мен бөгеттерде мекендейтін тұщу су полипі. Ауыз конусында 6-12 қармалауыштар қоршалған ауызы орналасқан. Эктодерма қабатында эпителийлі-бұлшықетті клеткалары болады. Гидраның жүйке жүйесі дамудың ең төменгі деңгейінде тұрған шашыранды, диффузды түрде болады.

Атпа клеткалы аралық клеткалардан дамиды және ерекше сопақша келген атпа капсуласы болады. Капсула сұйықтыққа толып тұрады. Гидраның атпа клеткалары шабуыл жасау және қорғаныш қызметін атқарады.

Энтодерма барлық гастраль қуысын ауыздың шетіне дейін астарлап жатады. Энтодерманың құрамына бірнеше түрлі клеткалар енеді. Олар эпителийлі-бұлшықет, ас қорыту және ерекше безді клеткалар. Губкалардағы сияқты ішекқуыстыларда асты клетка ішінде қорытады. Сол сияқты энтодерманың безді клеткалары ас қорыту сөлдерін гастраль қуысына шығарып сонда ас қорытылады.

Гидралар жынысты және жыныссыз жолдармен көбейеді. Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы жүзеге асады.

Сцифомедузалар класы.

Сцифомедуазалар класы 200 түрден тұратын медузалар тек қана теңізде тіршілік етеді. Денесі дөңгелек шатыр тәрізді. Шатырдың астыңғы ойыс жағындағы төрт бұрышты ауызы орналасқан. Ауыздың шеттері созылып 4 ауыз қалақшаларын жасайды. Ауызы шатырдың ортасындағы қарынға барып жалғасады, қарын онша терең емес төрт қалта тәрізді ойықтар құрады. Қарынға шеттен гастраль жіпшелері бар төрт білеу еніп тұрады.


Қарыннан дененің шетіне қарай радиалды өзектер жүйесі тарайды. Өзектер дұрыс кезектесіп орналасады да шатырдың жиегіндегі сақиналы өзекке барып жалғасады. Сөйтіп, бұл өзектер гастроваскулярлы жүйені құрайды.

Негізгі өзектердің шетінде жатқан кейбір қармалауыштар өзгеріп, жиек денешіктеріне немесе ропалияларға айналады. Ішінде көру және тепе-теңдік мүшелері дамиды.

Медузалар дара жынысты. Жыныс бездері қарын қалталарының төменгі жағындағы энтодермадан жасалынады. Пісіп жетілген жыныс клеткалары медузаның аузы арқылы сыртқа шығарылады. Жұмыртқадан дернәсіл планула пайда болады. Ол жүзіп жүріп біраздан кейін бекінеді. Планула кейінірек жеке полип – сцифистомаға айналады. Бұл полип бүршіктену арқылы басқа сцифистомалар жасай алады.

Сцифистомада жүретін негізгі процесс – стробила жасау. Стробила жасау процесінде дисклілер жас медузалар пайда болады. Оларды эфира деп атайды. Эфира одан әрі дамып ересек медузаға айналады.

Сонымен, сцифомедузаларда айқын білінетін метагенез байқалады, яғни жынысты және жыныссыз ұрпақтары ауысып отырады.

Маржан полиптері класы.

Маржан полиптер ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы, бұлардың 6000-дай түрі бар. Тек теңіздерде жеке және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Құрылысы мен физиологиясы. Жалпы құрылысы бойынша маржан полиптер гидроидты полиптерге ұқсас, бірақ олардың елеулі және күрделі

өзгерістері байқалады: жіңішке базальды мембрананың орнына қалың қабатты мезоглея; эпителиальды ет клеткаларының орнына ұзына бойы және көлденеңінен сақиналы бұлшықет клеткалары дамыған. Нерв жүйесі күрделіленіп - ауызы және табанша нерв сакинасын түзейді. Жыныс клеткалары энтодермадан құралған. Жеке особьтарының денесі цилиндр тәрізді, жалпақ табанымен субстратқа бекініп тұрады. Денесінің жоғарғы бөлігінде, ауыз тесігінің төңірегінде, сәулелі симметриялық ретте қармалауыштары орналасқан. Олардың саны алтау - алты сәулелілер (Нехасогаіііа) класс тармағының


өкілдерінде немесе сегіз - сегіз сәулелілерде (Octocorallia). Сопақша келген ауыз тесігі эктодермальды жұтқыншаққа жалғасады. Жүтқыншақ бір бағытта қабысқан, ал қуыстың бір жақ немесе екі жақ шетінде сифоноглифа деп аталатын сай (борозда) өтеді. Сифоноглифаны құрайтын клеткаларының ұзын кірпікшелері болады, солардың көмегімен су және қорек заттар гастраль қуысына өтеді де, ал қайтадан су және қорытылмаған зат кірпікшелердің кері қарай қозғалуымен жұтқыншақ бойынан сыртқа шығарылады. Жұтқыншақ гастраль қуысымен жалғасқан. Гастраль қуысы энтодерма клеткаларымен астарланып, арнайы септа деп аталатын перделері арқылы камераларға бөлінеді Денесінің жоғарғы бөлігінде септалар жұтқыншаққа және дене

қабырғасына ұштасады да, қалған жағы гастраль қуысында бос салбырап тұрады. Олардың бос шеттері жуандап, без клеткаларынан құралған, мезентериальды жіпшелерге айналады. Солардың көмегімен гастраль қуысына түскен ас қорытылады. Септаларының, камераларының, қармалауыштарының саны бір-біріне сәйкес келеді. Осыған байланысты маржан полиптер класы екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелілер - Octocorallia және алты сәулелілер -

Hexacorallia, Сегіз сәулелілерде (Octocorallia) септалары 8 болып дамиды да, гастраль қуысын 8 камераға бөліп тұрады, қармалауыштары да осыған сәйкес 8 болып келеді. Сегіз камералардың ішіндегі, жұтқыншақтың сифоноглиф сайына сәйкес келетін камераларды бағыттаушы деп атайды. Сол камераларды құрайтын екі септаның бұлшықетті білеуі (валик) қарама-қарсы орналасып, бойларындағы кірпікшелері арқылы қуыстағы судың ауысып тұруын қамтиды, яғни сифоноглифтың және бағыттаушы камераның бойларындағы кірпікшелері бір бағытта қозғалып, гастраль қуысына оттегіне бай сумен қоректік заттарды лықсытады, және суды керексіз заттармен бірге сыртқа шығарады. Септалардың мезентериальді жіпшелері сөлдерді шығарып, астың қорытылуын реттейді.

Қолданылған әдебиеттер:

Дәуітбаева К.А. Омыртқасыздар зоологиясы. –Алматы Қазақ

университеті, 1997. 2 -бөлім.

Түсіпова К.С.Омыртқасыздар зоологиясы. Алматы,1999ж.


3 Блок Құрттар

Дәріс 4. Жалпақ құрттар типі.

Мақсаты: Жалпақ құрттар, олардың негізгі кластары, өкілдері туралы сипаттама беру.

Дәріс жоспары:


  1. Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері.

  2. Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.

  3. Таспа құрттар класы, құрылысының ерекшеліктері және өкілдері.

Екіжақты симметрияның пайда болуы. Турбелляриялардың құрылыс ерекшеліктері.

Жалпақ құрттар типінің өкілдері қосжақтаулы симметриялы (билатералды), олардың денесінен бір ғана симметрия кесіндісін өткізуге болады.

Жалпақ құрттар үш қабатты. Онтогенез процесі кезінде үш ұрық жапырақшасы жасалады. Жабын жасайтын эктодерма мен ішек түзетін энтодерманың арасында аралық ұрық жапырақша – мезодерма бар. Көбінесе денесі ұзына бойына созылған және арқа бүйір бағытында қабысқан (жапырақ, тақта, таспа тәрізді).

Жалпақ құрттардың құрылысының негізгі ерекшелігі – тері-бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында жатқан бұлшықет талшықтарының күрделі жүйесі. Бұл бірнеше қабаттарға ыдырап, жануардың бүкіл денесін эпителийдің астында тұтас қапшық ретінде жауып тұрады, ал жоғарғы билатералды жануарларда талшықтар жеке ет шоғырларына бөлініп кетеді. Тері-бұлшықет қапшығындағы бұлшықеттердің жиырылуының нәтижесінде құрт тәрізді қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Жалпақ құрттарда дене қуысы болмайды, олар қуыссыз немесе паренхималы жануарлар: ішкі мүшелерінің арасындағы кеңістік паренхимадан немесе мезодермалы дәнекер борпылдақ ұлпамен толып тұрады. Паренхиманың ролі әртүрлі. Оның қызметтеріне - тірек, қоректік заттардың қоры жиналатын жер мен зат алмасу процестерінде маңызды орын алады.


Ас қорыту түтітігі қарапайым, тек қана екі бөлімнен тұрады: эктодермалы алдыңғы ішек немесе жұтқыншақ және тұйық бітетін энтодермалық ортаңғы ішек. Артқы ішегі мен аналь тесігі болмайды. Паразит түрлерінде ас қорыту жүйесі мүлде жойылып кеткен.

Жүйке жүйесі жұп ми түйінінен (ганглийден) және одан артқа қарай кететін жүйке бағаналарынан тұрады. Жүйке бағаналары бірімен-бірі сақиналы жүйкелер арқылы қосылған. Екі ұзынабойлық бағаналар өте жақсы дамыған. Жалпақ құрттарда жүйке жүйесінің орталық реттеу аппараты пайда болған.

Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

Зәр шығару жүйесі протонефридий типті. Олар паренхимада бір шоғыр кірпікшелері бар ерекше жұлдызша клеткалармен аяқталатын тармақталған өзектер жүйесінен тұрады. Протонефридийлер сыртқа ортамен арнайы зәр шығару тесіктері арқылы байланысады.

Жалпақ құрттардың жыныс жүйесі гермафродитті, жыныс өнімдерін шығаратын күрделі өзектерден және іштей ұрықтануды қамтамасыз ететін мүшелерден тұрады.

Эндопаразиттік тіршілік етуге бейімделуіне байланысты трематодтардың турбелляриялардан құрылысының айырмашылықтары. Трематодтар арасындағы адамның және жануарлардың маңызды паразиттері, даму циклдері.

Жұмыр құрттардың жалпақ құрттармен салыстырғанда құрылысының прогрессивті белгілері.

Жұмыр құрттар типіне тән негізгі белгілеріге жатады:


  1. Денесі бунақталмаған (сегменттелмеген).

  2. Денеде алғашқы қуыс пайда болады, ол қоршаған ұлпалармен шекараласып жататын ішкі мүшелердің арасындағы саңылаулар.

  3. Жалпақ құрттардан айырмашылығы - көпшілік жұмыр құрттар дара жынысты және жыныс аппараты өте қарапайым құрылысты.

  4. Қан айналу және тыныс алу жүйелері болмайды.

  5. Зәр шығару жүйесі түрі өзгерген тері бездері немесе протонефридий типтес немесе мүлдем болмайды.
  6. Жүйке жүйесі ортогон типтес және жабынымен тығыз байланысты, сезім мүшелері нашар дамыған.

  7. Ас қорыту жүйесінде артқы ішегі мен аналь тесігі болады.


<< предыдущая страница   следующая страница >>