https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 2 3 4 5

4 КУРС ЖҰМЫСЫ (ЖОБА)

Практикалық сабаққа қалай дайындалуға болады?

Магистранттар дәріс материалдарына, ұсынылған еңбектер мен әдебиеттерге сүйену қажет. Жиналған материалдарды бір жүйеге келтіріңіз. Әрбір автордың негіздемелерін зерттеп, танысыңыз. Өзіңізді осы авторлардың позициясына қойып көріңіз.

Сабақ барысы.

Магистранттар белгілі бір психологиялық мектептердің позициясын көрсетуге байланысты топтарға бөлінеді. Әрбір топ 15-20 минутта дискуссия барысында өздерінін көзқарастарын дәлелдеп шығатын сұрақтар тізімін белгілейді. Қарсылас жақты мұқият тыңдап, олардың келтірген дәлелдемелердін дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз. Осындай көптеген көзқарастардың балаларға білім беру мен оларды тәрбиелеуде алатын орны қандай? Бір проблемаға байланысты бірнеше көзқарастардың болуы неліктен? т.б. сұрақтар төңірегінде ойланып көріңіз.

Практикалық сабақтарды өткізуге арналған жалпы әдістемелік нұсқау

Сабақ бірнеше кезеңнен тұрады.

1-кезең. 10- минут. Зерттелетін проблемаға кіріспе.

Осы кезеңде тақырыптың өзектілігі айқындалып, оның күрделілігі, практикамен теорияда шешілу деңгейі ашылуы қажет және ағымдағы өмірдің түрлі аспектілерімен болашақ әрекетімен байланысы проблемалары көрсетілуі тиіс.

2-кезең. 3- минут. Мақсат қою.

Топ бірнеше шағын топқа бөлінеді. Әр топтың тапсырма шеңбері анықталады (жағдаятты зерттеу. өз жауабымен шешімін нақтылау, өз көзқарасын публикалық қорғауға даярлану), шешім іздеу және талдау шекарасы, өздік жұмыс уақыты белгіленеді.

3-кезең. 10-15 минут. Жағдаятпен топтық жұмыс.

Оқытушы топтың жұмысын бақылайды, туындаған сұрақтарға жауап береді, нұсқаулар береді.

4-кезең. 15-20 минут. Топтық пікірталас.

Шағын топтардың өкілдері кезек-кезек жұмыс нәтижесі туралы хабарламаларымен таныстырады, жағдай туралы жалпы көзқараспен таныстырып, қойылған сұрақтарға жауап береді, ұсынылған альтернативті шешімдерге талдау жасайды.


Топ өкілдері сөздерінен кейін, жалпы пікірталас басталады. Көзқараспен шешімді талдау, нәтижені талдауды бағалау, мәселені шешу жолын қарастыру,, тиімді шешімге келу.

5-кезең. 10 минут. Қорытынды әңгіме.

Оқытушы жағдаятпен жұмыс барысындағы ұжым жұмысының жақсы нәтижесін ерекше көрсетеді. Дұрыс және қате шешімдерді бөліп көрсетеді.


5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ


5.1. БӨЖ және БӨЖО тапсырмаларын орындауға әдістемелік нұсқау

Магистранттардың өздік жұмысы (БӨЖ) олардың индивидуалды және топпен оқу әрекетінің көптеген түрлері кіреді, бұлар оқытушының көмегінсіз іске асады (немесе жартылай көмегі, егерде өздік жұмысы аудиторияда орындалса).

Өздік жұмысының маңыздылығы оқытыушының көмегінсіз, магистранттардың міндетті түрде қатысуы мен, алынған ақпаратты білімде қолдану оның қандай да бір іс-әрекетте қолданылуынан тұрады.

БӨЖ– өзінің білімін жетілдіру әдісі, оқытудағы әртүрлі әдістермен дедактикалық байланысы. Магистрант өздік жұмысы процесінде белсенді шығармашылық жеке тұлға ретінде көрінеді, өзінің мәдениетін таратушы, бағдарын,болашақ мамандыққа көрсетеді.

І. Берілген тақырыпты конспектілеу.

Негізгі талаптар:


  1. Жазып отырған тақырыптан алшақтамай, оның мазмұнын нақты ашуға талпыну.

  2. Артық баяндау, қажетсіз дәлелдемелер мен көп сөзділікке жол бермеу.

  3. Міндетті түрде жоспар болуы және тақырып мазмұнын жоспарға сай рет-ретімен жүйелі баяндауы қажет.

  4. Жұмыс түсінікті, мағыналы, орамды тілмен жазыдуы тиіс.

  5. Барлық айтылған ойды жинақтап, тұжырымдап, тиісті қорытынды жасау.

Магистранттардың өздік жұмыстарды орындауларына жалпы кеңестер (нұсқаулар)

1. Өздігінен білім алу үшін, алдымен сол жұмысқа қажетті нақты дағдыларға (іштей жылдам оқи білу, библиографиялық дағдылар, түрлі анықтама әдебиеттерді пайдалана білу, оқығандарды жазып алу т.б.) ие болу керек.


2. Біліммен жемісті шұғылдану қолайлы жағдайларды (уақыт, орын, тиісті әдебиеттер мен құралдардың болуы т.б.) керек етеді, ең дұрысы кітапханаларда, оқу залдарында біліммен шұғылдануға дағдылану.

3. Өздігінен білім алатын адам нені оқитынын анық біліп, ол жұмысты белгілі жоспармен, жүйемен жасауы керек.

4.Алғашқы кезде оқытушылардан, тәжірибелі адамдардан, кітапханалардан ақыл-кеңес алудың пайдасы зор.

5. Өздігінен білім алу жұмысын асықпай, көп үзіліс жасамай жүргізген жөн.

6. Оқыған материалды мұқият ұғатындай етіп ұғып, түсінбеген жерлерді қалдырмай, қайталап оқып, оның негізгі жақтарын жазып алу қажет.

7. Анықтама әдебиеттерді, энциклопедияларды, түрлі сөздіктерді қоса пайдаланып отыру керек.

Магистранттардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар.


    • Жұмыстың көлемін шамадан тыс асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару;

    • Магистранттардың өздік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу;

    • Магистранттардың дербестігін арттырып, өзіндік білім алу қабілетін жүйелі түрде дамыту;

    • Өзіндік жұмыстың мазмұнына күнделікті өмірден алынған материалдарды, хабарларды енгізу;

    • Магистранттардың табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдылықтарын, сонымен қатар нақты фактілер мен құбылыстарды өздігінен талдап түсінуге үйрету;

    • Магистранттардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру;

    • Магистранттардың оқу жұмысына шығармашылық тұрғыдан қарауға, әр уақытта дербес және белсенді әрекет жасауға баулу;

    • Магистранттардың өздігінен дербес жұмыс істеу, еңбек ету дағдыларын қалыптастыру.

5.2. БӨЖ тақырыптарының тізімі мен аралық бақылау сұрақтары

БӨЖ тақырыптарының тізімі

1 Статистика пәні және әдістері

2 Статистикалық бақылау

3 Статистикалық топтау және кестелер


4 Нақты (абсолютті) және қатысты (относительные) шамалар

5 Орташа шамалардың мәні және мағынасы. Құрылымдық орташалар: мода және медиана

6 Өзгерменің көрсеткіштері және оларды есептеу тәсілдері. Шашырандының математикалық қасиеттері және олардың қолданылуы

7 Іріктеудің түрлері

8 Индекстер

9 Өзара тәуелділік байланысын зерттеудегі корреляциялық-регрессиялық әдісі

10 Кездейсоқ шамалардың үлестірілу қатарының графикалық кескіндеу тәсілдері.

11 Қарапайым арифметикалық орта және өлшенген арифметикалық орта

12 Вариациялық қатардың түрлері.


Бақылау сұрақтары


  1. Статистиканың пайда болуы туралы не білесіз?

  2. Статистика неліктен қоғамдық ғылымдарға жатады?

  3. Статистиканың басқа қоғамдық ғылымдардан айырмашылығы қандай ?

  4. Статистикалық зерттеудің кезеңдерін атап, сипаттама беріңіз.

  5. Статистикалық жиынтық дегеніміз не?

  6. Статистиканың қандай міндеттері бар

  7. Статистикалық бақылау дегеніміз не?

  8. Статистикалық бақылаудың қандай негізгі формалары бар?

  9. Статистикалық бақылаудың қандай түрлері бар?

  10. Статистикалық бақылаудың қандай тәсілдері бар?

  11. Статистикалық бақылау кезінде қандай қателіктер кездеседі?

  12. Қателерді түзетудің қандай әдістерін білесіз?

  13. Статистикалық жинақтау дегеніміз не?

  14. Статистикалық топтаудың қандай түрлері бар?

  15. Қайта топтау деген не?

  16. Статистикалық таратпалы қатарлар дегеніміз не?

  17. Статистикалық кесте деген не?

  18. Статистикалық кестелердің қандай түрлері болады

  19. Статистикалық қатысты шамалар дегеніміз не?

  20. Статистикалық нақты шамалар деген не?

  21. Нақты шамаларды есептеуде қандай өлшем бірліктері қолданылады?

  22. Статистикалық қатысты шамалардың қандай түрлері бар?


  23. Статистикалық график деген не?

  24. Статистикалық графиктердің қандай түрлері болады

  25. Статистикалық орташа шамалар дегеніміз не?

  26. Орташа шамалардың қандай түрлері бар?

  27. Үйлесімдік орташа шама деген не, оның қандай түрлері бар?

  28. Мода дегеніміз не, оны есептеудің формулаларын көрсетіңіз.

  29. Медиананы қандай формуламен есептеуге болады?

  30. Статистикалық өзгерме дегеніміз не?

  31. Өзгерменің қандай көрсеткіштері бар?

  32. Шашыранды деген не, оны қалай есептеуге болады



<< предыдущая страница