https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 162 163


Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі


Жұмыстың және жұмысшы мамандардың

бірыңғай тарифтік-біліктілік

анықтамалығы

2-шығарылым




2-бөлім



«Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу,

Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары» тараулары


Астана 2009




Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (БТБА), 2-шығарылымы, «Құю жұмыстары, Дәнекерлеу жұмыстары, Қазандық, суық қалыптау, созғылау және сығу жұмыстары, Ұсталық-нығыздау және термиялық жұмыстар», «Металдар мен басқа да материалдарды механикалық өңдеу, Металмен қаптау және бояу, Эмальдеу, Слесарлық және слесарлық–құрастыру жұмыстары» бөлімдері Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 30 қарашадағы № 343-ө бұйрығымен бекітілген.

Тарифтік-біліктілік сипаттамалары, осы бөлімдерде көрсетілген өндірістер мен жұмыс түрлері бар ұйымдардың меншік нысанына және ұйымдық–құқықтық нысанына қарамастан, олардағы жұмысшылардың жұмыстарын тарификациялаған және біліктілік разрядтарын белгілеген кезде қолданылады.


КІРІСПЕ


Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының (БТБА) осы басылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2002 жылғы 15 қарашасында № 266-ө бұйрығымен бекітілген, бұған дейін қолданылған БТБА, 2-шығарылым негізінде әзірленді.

Оны әзірлеу қажеттігі өндірістегі технологияның өзгеруіне, өндірістік қызметте ғылыми-техникалық прогресс рөлінің артуына және осының негізінде жұмысшылардың біліктілік деңгейіне, жалпы білім және кәсіптік дайындығына, өнім сапасына, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігіне қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты туындады.


Жұмыс разрядтары еңбек жағдайлары ескерілмей (еңбек күрделілігіне әсер ететін және орындаушының біліктілігіне қойылатын талапты күшейтетін экстремалды жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне қарай белгіленді.

Әрбір кәсіптің тарифтік-біліктілік сипаттамасының екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай алуға тиіс жұмыстар сипаттамасынан тұрады.

«Білуге тиіс» бөлімінде жұмысшының арнайы біліміне, сондай-ақ жұмысшы қолдануға тиіс нұсқаулықтар басқа да нұсқау материалдары, әдістер мен құралдар ережелерін білуге қатысты қойылатын негізгі талаптарды қамтиды.

Тарифтік-біліктілік сипаттамада жұмысшы кәсібінің осы разряды үшін үлгі болатын жұмыстар тізбесі беріледі. Бұл тізбеде жұмысшы істей алатын және істеуге тиіс барлық жұмыстар көрсетілмейді. Қажет болған жағдайда жұмыс беруші Оларды орындау күрделілігі бойынша тиісті разрядтағы жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасындағы тізбеге сәйкес келетін ерекшелігін ескеріп, жұмыстардың қосымша тізбесін жасай алады.

«Жұмыс сипаттамасы» деген бөлімде көзделген жұмыстардан басқа жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, аспаптар мен құралдарды тазалау, сондай-ақ оларды тиісті жағдайда ұстау, белгіленген техникалық құжаттама жүргізу бойынша жұмыстарды атқаруға тиіс.

«Білуге тиіс» деген бөлімде жазылған теориялық және практикалық біліміне қойылатын талаптармен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қауіпсіздік ережелері мен нормаларын; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызметтер) сапасына қойылатын талаптарды; ақаулық түрлері мен оның алдын алу және жою тәсілдерін; өндірістік сигнализацияны; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.

Неғұрлым жоғары біліктілігі бар жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстардан басқа, анағұрлым төмен біліктілігі бар жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстарды орындай білуге тиіс, сондай-ақ осы кәсіптің анағұрлым төмен разрядтағы жұмысшылары басқара білуге тиіс. Осыған орай, әдетте, анағұрлым төмен разрядтағы кәсіптердің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген жұмыстар неғұрлым жоғары разрядтар сипаттамасында көрсетілмейді.

Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разрядты өзгерткен кезде оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.




следующая страница >>