https://electroinfo.net

girniy.ru   1 ... 16 17 18 19 20 ... 22 23

Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті


«Жалпы тіл білімі» пәнін меңгеруге арналған әдістемелік нұсқау


Әдістемелік нұсқаудың мазмұны:

Оқу курсының құрылымы: «Жалпы тіл білімі» курсының бағдарламасы оқу жұмыс бағдарламасы негізінде жасалады. «Жалпы тіл білімі» курсының бағдарламасы негізгі 2 бөлімнен тұрады: теориялық курс және тәжірибелік сабақтар. Жоғары оқу орындарының оқу жоспары бойынша «Жалпы тіл білімі» арналған дәрістік курстың көлемі 30 сағат.

Оқу пәнің меңгертудің ерекшеліктері: «Жалпы тіл білімі» курсының міндеті - тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру. Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданып жүрген, жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру. Тіл білімінің басқа қоғамдық жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын анықтау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.

Курс бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру формалары: Курстың бағдарламасы негізгі дәріс және семинар сабақтардан тұрады.

Бұл пәннің негізгі мақсаты – тыңдаушыларды тіл біліміндегі негізгі теориялармен қаруландыру, оларға тіл туралы ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, алда тұрған міндеттерінен, шешілген және шешілмеген проблемаларынан жан-жақты мәлімет беру. Тіл білімінің даму тарихында қолданылған, қазір қолданып жүрген, жаңадан туа бастаған арнаулы әдістер мен әдістемелердің сырларын ашып беру. Тіл білімінің басқа қоғамдық жаратылыстану және техникалық ғылымдар ішінде алатын орнын, олармен байланысын анықтау. Тіл білімін дамытуға өз үлестерін қосқан ғалымдармен, тіл білімі мектептерімен таныстыру.


Сонымен қатар барлық теориялық мәселелерді меңгертіп шығару.

Курсты меңгеруге студенттің жеке жұмысының ролі: Курсты игеру белсенді жүзеге асырылуы керек. Үй тапсырмасын орындауға кемінде аптасына 2-3 сағат уақыт бөліп, кестеге сәйкес оқытушыдан үнемі кеңес алып тұру керек. Оқулықты тек тапсырма орындау барысында емес, курсты игеру барысында үнемі оқып отыру керек. Әр тапсырмаға дайындалу керек.

Курсты меңгеру кезіндегі студенттің өздік және аудитриялық жұмысының ара қатынасы: Курсты игерудің табысты болуы көбінесе студенттің дәрісханалық жұмысты орындауға қатысуына байланысты болады. Сабаққа жақсы қатысу, белсенділік таныту, оқытушының тапсырмаларын мерзімінде және сапалы орындау аттестация мен емтиханда көмектеседі. Емтихан теориялық білімді тексеруге ғана емес, тәжірибеде қолдана алу мүмкіндігін бағалауға да бағытталады. Емтихан ауызша түрдегі билет бойынша сұрақтарға жауап беріледі, тапсырмалар үй жұмысына, дәрісхана жұмыстарына негізделеді.

Мамандандырылған мамандық түлегінің біліктілік мінездемесіне сәйкес курсты оқу кезінде меңгерілетін білім мен білікке қойылатын талап: Курсқа деген қарым-қатынас ЖОО студентіне лайық болуы керек. Сабақ босатуға, кешігуге, дәрісханада тәртіпсіздік жасауға, оқытушы мен студенттерді сыйламауға болмайды. Материалды талқылап, қажетті сұрақтар қою үшін, тақырыпты ашуға сын көзбен қарап, шешімін табу үшін және болашақ мамандықтарына қажетті білімнің бәрін алу үшін дайындалып келу керек.


ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ


«ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ» пӘні бойынша семинар сабақтарына

арналған әдістемелік нұсқау







Семей, 2013

Семинар сабақтарын жүргізуге арналған әдістемелік нұсқау 5В020500 - «Филология» мамандығының 3 курс студенттеріне арналған.



Құрастырған: қазақ филологиясы кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Ш.А.Доскеева


1 семинар тақырыбы: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары

Сабақтың мақсаты: Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары

туралы мәлімет беру.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Жалпы тіл білімі, оның зерттейтіні, қарастыратын мәселелері.

2. Жалпы тіл біліміндегі «тіл» және «сөйлеу» проблемасы.

3. Тіл білімін зерттеудің практикалық мәні.

Тапсырма: Жалпы тіл білімінің өзекті мәселелеріне жекелей тоқталып, салаларының ара-жігін ажыратыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект, ауызша


2 семинар тақырыбы: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы

Сабақтың мақсаты: Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл білімінің қоғамдық ғылымдармен байланысы және онда алатын орны.

2. Тіл білімінің жаратылыстану ұғымдарымен байланысы.

3. Тіл білімінің 20 ғасырда туған ғылым салаларымен байланысы.

Тапсырма: Тіл білімінің өзге ғылым салаларымен байланысына арнайы тоқталып конспект жасаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса жалпы тіл білімінің басқа салаларымен байланысы жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект

3 семинар тақырыбы: Тілдің өзіндік сипаттары.


Сабақтың мақсаты: Тілдің өзіндік сипаттарына тоқталу.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл теориясы

2. Тіл анықтамасы.

3. Тілдің табиғаты мен мәні.

4. Тілдің құрылымы мен функциясы

Тапсырма: Тіл теориясының негізін салған зерттеуші ғалымдар жайында мағлұмат жинақтаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тілдің өзіндік сипаттары жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект, ауызша


4 семинар тақырыбы: Тіл және қоғам

Сабақтың мақсаты: Тіл мен қоғамның арақатынасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл және этникалық бірлік

2. Тілдердің бөліну, бірігу процестері

3. Тілдік жағдаят, Билингвизм, Сөйлеу тілі мен кітаби тіл.

4. Тілдік дәстүр және әдеби тіл нормасы. Тілдің диалектілік, әлеумеииік жіктері

Тапсырма: Кітаби тілдің ерекшелігіне баса назар аудара отырып, тілдердің жалпы жіктелісіне тоқталыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тіл және қоғам мәселелері жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша


5 семинар тақырыбы: Тіл және ойлау. Тіл мен сана

Сабақтың мақсаты: Тілдің ой-санамен қарым-қатынасына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы.

2. Тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы жөніндегі марксшілдердің көзқарастары.

3. Ойлау процесі дамуының тілге әсерін зерттеу аспектілері.


Тапсырма: Адам ойы мен тілдің өзара бірлігі жөнінде тілдік тұрғыдан зерттеген ғалымдардың еңбектеріне тоқталыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тіл және ойлау жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект, ауызша


6 семинар тақырыбы: Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық саипаттары

Сабақтың мақсаты: Тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық саипаттарына тоқталу

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Жүйе мен құрылымның ғылым нысанына айналуы.

2. Тілдің таңбалық сипаты

3. Жалпы семиотика мен тілдік семиотика

Тапсырма: Тілдің таңбалық сипатының ерекшелігіне тоқталыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тілдің құрылымдық, жүйелік, таңбалық сипаттары жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша


7 семинар тақырыбы: Тіл деңгейлері

Сабақтың мақсаты: Тіл деңгейлері туралы түсінік беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл деңгейлері туралы жалпы түсінік.

2. Тіл деңгейлерін қалыптастыру принциптері.

3. Тіл деңгейлерінің түрлері, олардың әрқайсысының ерекшелігі, бір-бірімен байланысы.

Тапсырма: Грамматикалық категориялардың тіл дамуытудағы алар орны хақында мәлімет жинаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тіл деңгейлері жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша



8 семинар тақырыбы: Тілдің даму заңдылықтары

Сабақтың мақсаты: Тіл дамуының заңдылықтары туралы түсінік беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Тіл дамуының шарттары мен себептері.

2. Тіл дамуының диахрондық, синхрондық аспектілері.

3. Тіл дамуына әсер ететін сыртқы жағдайлар.

4. Тілдің ішкі құрылымдық даму заңдары.

Тапсырма: Тілдің дамуына әсер ететін фактілер жөнінде деректер жинаңыздар.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса тілдің даму заңдылықтары жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша


9 семинар тақырыбы: Ежелгі заман тіл білімі

Сабақтың мақсаты: Ежелгі заман лингвистикасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Ежелгі қытай тіл білімі.

2. Ежелгі үнді тіл білімі.

3. Ежелгі грек тіл білімі және грек философиясы

Тапсырма: Философиялық бағыттар мен тіл білімінің қатар дамуы ерекшеліктері туралы жазбаша мәлімет жинаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса ежелгі заман тіл біліміне тоқталу.

Есеп беру: ауызша


10 семинар тақырыбы: Орта ғасыр тіл білімі.

Сабақтың мақсаты: Орта ғасыр лингвистикасы туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Орта ғасырлардағы тіл білімінің даму жайы.

2. Араб тіл білімі.


3. Қайта өркендеу дәуіріндегі тіл білімі.

Тапсырма: Әлемдік діндердің, канондық тілдердің пайда болуы, тіл біліміне тигізген әсері төнірегінде ізденіңіз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса орта ғасыр тіл біліміне тоқталу.

Есеп беру: ауызша, конспект


11 семинар тақырыбы: ХІХ ғасыр тіл білімі

Сабақтың мақсаты: ХҮІІІ-ХІХ ғасыр тіл білімі туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. 18-19 ғасыр тіл білімінің зерттелу жайы.

2. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі, оның тіл білімін дамытудағы мәні, кемшілігі.

3. Салыстырмалы-тарихи әдіс және тілдердің генеологиялық топтастырылуы.

4. В.Гумбольдт және тіл философиясы.

5. Типологиялық тіл білімінің қалыптасуы (Фрид. Шлегель, Авг.Шлегель, В.Гумбольдт т.б.)

6. М.Қашқари еңбегі түркі тілдерін салыстырмалы-тарихи әдіспен зерттеудің алғашқы үлгісі.

7. Тіл біліміндегі логикалық бағыт. Тіл біліміндегі психологиялық бағыт. Тіл біліміндегі натуралистік бағыт. Жас грамматиктер бағыты.

Тапсырма: Салыстырмалы-тарихи тіл білімі жөнінде дерек жинаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса ХІХ ғасыр тіл білімі жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект, ауызша


12 семинар тақырыбы: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер.

Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Мәскеу лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.


2 Қазан лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

3 Женева лингвистикалық мектебі, оның негізгі бағыты.

Тапсырма: Өткен ғасыр тіл білімі мектептерімен салыстыра отырып ХІХ ғасыр лингистикалық мектептерін салыстырыңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса ХІХ ғасырдағы лингвистикалық мектептер жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша


13 семинар тақырыбы: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар

2. Неолингвизм мектебі.

3. Соцлиогиялық мектеп.

4. Эстетизмдер мектебі

Тапсырма: Тіл біліміндегі бағыттардың тіл білімін зертеуге қосқан ұлестері жөнінде конспект жасаңыз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса ХХ ғасыр тіл біліміндегі бағыттар жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: конспект


14 семинар тақырыбы: ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм

Сабақтың мақсаты: ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм бағыты туралы мәлімет беру

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. Структуралық тіл білімі

2. Прага мектебі.

3. Копенгаген мектебі.

4. Дескриптік мектеп

Тапсырма: Тіл білімі мектептерінің зерттеу обьектілері мен тәсілдері жөнінде мағлұмат жинау.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса ХХ ғасыр тіл білімі және структурализм жөнінде мағлұмат беру.


Есеп беру: ауызша


15 семинар тақырыбы: Кеңестік тіл білімі

Сабақтың мақсаты: Кеңес тіл білімінің негізгі ерекшеліктері туралы мәлімет беру.

Тақырыпқа байланысты негізгі сұрақтар:

1. 20 ғасырдағы Кеңес тіл білімі. Кеңес тіл білімінің негізгі ерекшеліктері.

2. Грамматика саласының зерттелуі. Лексикология, лексикография салаларының зерттелуі.

3. Тіл тарихы, диалектология салаларының зерттелуі.

4. Қазіргі кезде қазақ тіл білімінің даму сипаты.

Тапсырма: ХХ ғасырдағы тіл білімндегі жетістіктерге тоқталып, даму қарқынын көрсететіндей етіп баяндама әзірлеңіз.

Әдістемелік нұсқау: Студенттерге дәрісте қарастырылған тақырыптарға қоса кеңестік тіл білімі жөнінде мағлұмат беру.

Есеп беру: ауызша


ҚАЗАҚ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ


«ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ» пӘні бойынша оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысын жүргізуге арналған

әдістемелік нұсқау



<< предыдущая страница   следующая страница >>