https://electroinfo.net

girniy.ru 1




Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы « »

№ бұйрығымен

бекітілген


Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын жасау,

әзірлеу және рәсімдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар


  1. Жалпы ережелер


1. Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын жасау, әзірлеу және рәсімдеу жөнінде әдістемелік ұсыныстар (бұдан әрі - Әдістемелік ұсыныстар) жедел тактикалық жағынан аса маңызды және күрделі ұйымдар (объектілер) мен ауылды аудандардың елді мекендерінде өрт сөндіруді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қарастыратын жедел құжаттарды толтыру тәртібін белгілейді.

2. Ауылды аудандардың ұйымдары (объектілері) мен елді мекендерінде өрттерді сөндіруге өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің дайындығын көтеру мақсатында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрттерді сөндіру бойынша әрекеттерін алдын ала жоспарлау құжаттары дайындалады – жедел өрт сөндіру жоспарлары мен өрт сөндіру карточкалары.

3. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасы:

өрт сөндірудің басшысын ұйымның (объектінің) жедел тактикалық мінездемесі, өрт үстінде ұйымдағы (объектідегі) болуы мүмкін жағдайды алдын ала болжау, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіру бойынша негізгі (басты) әрекеттерді жоспарлау туралы ақпаратпен қамтамасыз етуге;

өртке қарсы қызмет бөлімшелері және олардың басқару органдарының жеке құрамының (қызметкерлерінің) теориялық және практикалық дайындықтарын жетілдіруге;

өртті зерттегенде (зерделегенде) ақпараттық қамтамасыз етуге арналған.



  1. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын ұйымдастыру,

әзірлеу (түзету) және практикалық пысықтау тәртібі

4. Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары кәсіпорын басшысының келісімі бойынша қолданыстағы ұйымдарға (объектілерге), сондай-ақ пайдалануға тапсыруға дайындалған объектілерге әзірленеді.


Жедел өрт сөндіру жос пары мен әзірленетін ұйымдардың (объектілердің) өндірістік сипаттамалардың (болжамды) тізімі 1-қосымшада келтірілген.

Осы тізім Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен (бұдан әрі - Министрлік) түзетілуі мүмкін.

Егер ұйымдардың (объектілердің) өндірістік сипаттамалары іс жүзінде жедел жоспар әзірленетін өндірістік сипаттамаларға сәйкес келмегенде немесе ақпараттық мәліметтер көлемі жедел өрт сөндіру жоспары үшін қарастырылған көлемнен кем болса, өрт сөндіру карточкасын әзірлеу ұсынылады.

5. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын ұйымдастыру және әзірлеу (түзету), оның шығу ауданында ұйым (объект) орналасқан, өртке қарсы қызмет бөлімшесі объектінің әкімшілігімен бірлесіп, жүзеге асырады.

6. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын әзірлеу (түзету) жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын әзірлеу (түзетулер енгізу) жылдық жоспар кестелерінің негізінде жүзеге асырылады, оны ресімдеу үлгісі Әдістемелік ұсыныстарға 2-қосымшада келтірілген.

Жоспар кесте Министрліктің аумақтық органының басшысымен бекітіледі.

7. Аса маңызды және режимді ұйымдар (объектілері) үшін әзірленген жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары құпиялы құжаттар мен материалдарды сақтау, олармен жұмыс істеу жөнінде белгіленген тәртіпке сәйкес қолданылады және сақталады. Әзірленген құжаттардың құпиялық дәрежесі қорғалатын ұйымның (объектінің) режимді қызметімен анықталады.

8. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын әзірлеуге келесі іс-шаралар бастама болған:

ұйымның (объектінің) жедел тактикалық сипаттамасын (кәсіпорын басшысының келісімі бойынша) зертеу және талдау, сонымен қатар оның өртке қарсы қорғауы туралы мәліметтер жинау;

нормативтік және анықтама материалдарын, сонымен қатар осы ұйым (объекті) бойынша салалық нормативтік актілерді зерттеу;

аса күрделі өрттің пайда болуы ықтимал орнын және оның даму ықтимал жағдайын, сонымен қатар залалдарының ауқымын болжау;


объектіде және сондай ұйымдарда (объектілерде) болған өрттер бойынша аналитикалық материалдарды зерттеу.

9. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасы үш данадан кем болмай әзірленеді. Бірінші данасы ұйым (объекті) орналасқан шығу ауданындағы өрт сөндіру бөлімдерінің пункттерінде, ал екіншісі данасы – ұйымда (объектіде) және үшінші данасы гарнизонның орталық өрт байланыс пунктінде болады.

10. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасы өртті жоюға тартылатын ұйымдардың (объектінің) мүдделі қызметтердің әкімшілігімен және қызметкерлерімен зерттеуге, сонымен қатар өрт сөндіру тактикалық дайындығы бойынша жаттығулар жүргізгенде өртке қарсы қызметінің жеке құрамымен және ұйымның (объектінің) қызмет көрсету персоналымен практикалық пысықтауға жатады.

11. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасы ұйымда (объектіде), олардың салыну сатысында немесе жаңа ұйымды (объектіні) немесе оның жеке элементтерін (қондырғылар мен құрылыстарын) пайдалануға (іске қосу) қабылдағанға дейін бір ай бұрын әзірленеді.

12. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасына түзетулер енгізу қажеттілік болғанда, бірақ өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен және объектінің әкімшілігімен екі жылда бір рет жүргізіледі

Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын пысықтау (түзету) ретінде жүргізілген іс-шаралар туралы Әдістемелік ұсыныстарға 3-қосымшаның 1-кестесінде келтірілген белгіленген үлгідегі журналға белгі қойылады, ал қажет болса мәтіндік немесе графикалық бөлігіне түзетулер енгізіледі.

Қызметтік мақсаты, көлемді жоспарлы шешімдері, ұйым (объекті) өндірісінің технологиялық үрдісінің модернизациясы, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің тактикалық мүмкіндіктері өзгергенде жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкалары түзетуге жатады.

Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларына түзетулер енгізу дереу өзгерістер енгізу немесе табу сәтінен жүзеге асырылады.

13. Өрт сөндіру байланысының орталық пункттерінде жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкалары оларды елді мекендердің географиялық ақпараттық жүйесінің электронды картасына түсіруге, сондай-ақ актуалдандыру мақсатында деректерге түзетулер енгізуге мүмкіндік беретін облыстардың, Астана және Алматы қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерінің электронды деректер базасына кейін қосу үшін қағаз түрінде, сондай-ақ цифрлі форматта рәсімделеді.


Құжаттарды цифрлік форматта ресімдеу Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен белгіленген тәртіппен анықталады.

14. Жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасын дайындағанда, оларды өрттерді (аварияларды) жоюда қолдану үшін ұйымның (объектінің) авариялық жағдайларды жою жоспарларымен дәлдеп түзету қажет.



  1. Бекіту және келісу, жедел өрт сөндіру жоспарлары мен

карточкаларын тіркеу


15. Әзірленген жедел өрт сөндіру жоспары мен карточкасы өртті сөндіруге қатыстырылатын барлық ұйымдармен (қызметтермен) келісіледі, ұйымның (объектінің) басшысымен және өртке қарсы қызмет гарнизонының бастығымен бекітіледі.

16. Жедел өрт сөндіру жоспарлары мен карточкаларын тіркеу және олармен жұмыс істеу Әдістемелік ұсыныстарға 3-қосымшаның 2-кестесінде келтірілген белгіленген үлгідегі журналда көрінеді.



  1. Жедел өрт сөндіру жоспарын рәсімдеуге және оны ұстауға

қойылатын талаптар


17. Жедел өрт сөндіру жоспары мұқабасы бар жеке кітаппен (брошюра), көлемі (А4 (М11)) 210х297 мм. кем емес біркелкі форматты қағазға рәсімделеді.

18. Жедел өрт сөндіру жоспарының графикалық бөлігі екі данадан (бір данасы өртте жедел штабтың жұмыс материалы ретінде қолдануға арналған) ауқымды, А4 (М11) біркелкі форматтағы жеке беттерде, жедел жағдайда қолдану үшін ыңғайлы мөлшерлермен орындалады.

Ұсынылатын форматтар:

бас жоспар – А3(М12);

әр қабаттық жоспарлау және кесіктер – А4(М11) – А3(М12).

Ірі және күрделі объектілері үшін жедел тактикалық тұрғыда көлемін А1(М24) форматты 594х420 мм дейін үлкейтуге жол беріледі.

Жоспарлау көшірмелері мен басқа үгілердің көлемдері нақты болуы және белгіленген форматтан үлкен болмауы тиіс. Ауқымы М 1:50 – М 1:200 шегінде жол беріледі.

Жедел өрт сөндіру жоспарының мәтіндік және графикалық бөлігінің барлық материалдары бұзылудан қорғалады. Сонымен қатар үлкен форматты беттердің белгіленген форматқа дейін жиналу мүмкіндігі болуға тиіс.


19. Жедел өрт сөндіру жоспарының құрылымдық элементтері:

титул беті;

мазмұны;

негізгі бөлімі;

қосымшалары.

20. Титул беті жедел өрт сөндіру жоспарының бірінші беті болып табылады және оны іздеу үшін қажетті ақпарат көзі болып қызмет етеді. Титул бетінде келесі мәліметтер келтіріледі: жедел өрт сөндіру жоспары жасалған ұйымның (объектінің) атауы, ведомстволық қатыстылығы мен мекен-жайы, ең жақын өрт сөндіру бөлімінен қашықтығы, объектіге жүру уақыты, ең қысқа жүру маршруты, басшылықтың және ұйымның диспетчерлік қызметтің телефон нөмірлері, бекіту және келісу белгілері Әдістемелік ұсыныстарға 4-қосымшада келтірілген.

21. Мазмұны барлық бөлімдердің, бөліктердің, тармақтардың (егер олардың атаулары болған жағдайда) атауларын, басталатын беттердің нөмірлері белгіленген қосымшалардың атауларын енгізеді.

22. Негізгі бөлім.

Негізгі бөлім мәтіндік және графикалық бөлімдерден тұрады.

Мәтіндік бөлім келесі негізгі бөлімдерден тұрады:

объектінің жедел тактикалық сипаттамасы;

өрттің даму болжамы;

құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру;

өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өрт сөндіруді ұйымдастыру;

өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объекттің тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен, қаланың, елді мекеннің (ауданның) авариялық, авариялық-құтқару қызметтерімен әрекеттестігін ұйымдастыру;

жедел бөлім;

еңбекті қорғау ережелерінің талаптары және техника қауіпсіздігі;

жедел өрт сөндіру жоспарын пайдалануды тіркеу.

Бөлім: «Объектінің жедел тактикалық сипаттамасында» қандай да бір жағдайда өрттің дамуы мен оны сөндірудің қорытындысына әсер ететін мәліметтер туралы ақпарат бар және келесі бөліктерден тұрады:

келесі ақпарат белгіленетін ұйым (объект) туралы жалпы мәліметтер: ұйымның (объектінің) қызметтік мақсаты, сонымен қатар, оның ішіне кіретін ұйымдар мен мекемелердің тізімі; аумақтың көлемі; отқа төзімділік дәрежесі және негізгі ғимараттар мен құрылыстардың қабаттылығы; ғимараттың құрылыс конструкцияларының (жабындылар, қабырғалар, қалқалар т.б.) түрі;


орын жайлардағы өрт жүктемесі туралы, өндірістің технологиялық үрдісінің ерекшеліктері туралы, жарылыс өрт қауіпті өндірістер туралы, міндетті түрде радиоактивті, химиялық заттардың, сумен реакцияға түсетін заттардың және т.б. болуын көрсетіп, өндірісте айналатын материалдар мен заттар туралы мәліметтер;

жүйелердің сипаты, түрі, тактика техникалық сипаттамасы көрсетілген объектінің өрттен қорғау жүйесі: өртті автоматты түрде табу және ол туралы хабарлау, телевизиялық бақылау, автоматты түрде хабарлау және адамдарды эвакуациялауды басқару, сумен өрт сөндіру, автоматты түрде өрт сөндіру, түтіннен қорғау және т.б.;

электр жабдықтау, жылу және желдеткіштің сипаттамасы туралы қосымша мәліметтер.

«Өрттің дамуын болжау» бөлімінде:

объектідегі нақты жағдаймен анықталатын, өрттің шығуы ықтимал орындарының негіздемелері және (немесе) оны жоюға аса көп күштер мен құралдарды тартуды қажет етеді;

өрттің таралуы ықтимал жолдары;

адамдардың өмірі мен денсаулығына деген қауіп дәрежесі;

құрылыс конструкциялары мен жабдықтың құлауы ықтимал орындары, жанғыш заттар мен материалдардың жайылу шегі, қысымдағы (жұмыс үстіндегі) аппараттар мен ыдыстардың жарылуы;

түтіндеу ықтимал зоналары мен жану өнімдерінің болжамды концентрациясы;

жылу әсерінің ықтимал зонасының өлшемдері;

өрттің ықтимал өлшемдері көрсетіледі.

«Құтқару жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру» бөлімінде:

Ұйымда жұмыс істейтін қызметкерлердің саны (орындар саны), адамдардың болу орындары мен физикалық жағдайы (өз бетімен қозғалу және шешім қабылдау қабілеті) туралы мәлімет;

эвакуациялық жолдар мен ғимараттан шығу орындары туралы мәлімет, соның ішінде орын жайлардағы адамдардың ықтимал топталуы, құтқару жұмыстарын жүргізу тәртібі және осы мақсатқа тартылған техника мен жабдық, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету тәртібі туралы мәліметтер келтіріледі.


Бөлімде адамдарды ғимараттан эвакуациялау уақытының есебі келтіріледі. Құтқару жұмыстарын жүргізу қажеттілігін анықтау үшін эвакуациялау уақыты мен бірінші өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің келу уақытының салыстырмалы анализі жүргізіледі.

«Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өрт сөндіруді ұйымдастыру» бөлімінде:

ұсынылатын өрт сөндіру құралдары мен әдістері;

қажетті күштер мен құралдар мөлшерінің есебі;

әр түрлі даму түрінде өрттерді сөндіруді ұйымдастыру «Өрттің дамуын болжау» бөлімінің негізінде анықталады. Өрт сөндіруді ұйымдастыруды ресімдеу нысаны Әдістемелік ұсыныстарға 5-қосымшада келтірілген;

өртте өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің әрекеттерін басқаруды қамтамасыз ету үшін қажетті есеп және анықтама мәліметтер;

өрт сөндірудің әр түрлерінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұңғылау кестелері келтіріледі.

«Өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің объектінің, қаланың, елді мекеннің (ауданның) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен өзара әрекеттестіктерін ұйымдастыру» бөлімінде келесі мәліметтер белгіленеді:

құрамы, орналасуы, өрт туралы хабар қабылдағанда әрекеттестікке қатысушылармен бөлінген күштер мен құралдардың шоғырлану тәртібі мен уақыты;

әрекеттестіктің барлық қатысушыларын қатыстыру және олармен байланысты ұйымдастыру;

өзара ақпаратпен алмасу жүйесі;

өрт сөндіруге қатысқан барлық қызметтердің өзара әрекеттестік тәртібі. Қызметтердің өзара іс-қимыл жасау сипатының нысаны Әдістемелік ұсыныстарға 6-қосымшада келтірілген;

өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен қаланың, елді мекеннің (ауданның) тіршілікті қамтамасыз ету қызметтерімен және басқа да ұйымдармен өзара әрекеттестігі;

«Жедел бөлімде»:

Әдістемелік ұсыныстарға 7-қосымшада келтірілген ұйымның (ұйым объектісінің) қысқа жедел тактикалық сипаттамасы;

өрт сөндірудің әрбір түрлерінде өртке қарсы қызметінің күштер мен құралдарының қажетті мөлшер есебінің жиынтық мәліметтері. Жиынтық есеп деректерін толтыру тәртібі Әдістемелік ұсыныстарға 8-қосымшада, 1-кестеде келтірілген;


өртке қарсы қызметтің күштер мен құралдарының саны, олардың келу уақыты, өрт сөндіру автомобильдерінің түрлері мен жеке құраммен және арнайы техникалық құралдармен жабдықталуы туралы мәлімет. Көрсетілген мәліметтерді толтыру тәртібі Әдістемелік ұсыныстарға 8-қосымшада, 1-кестеде келтірілген;

өртте алғашқы әрекеттер туралы жедел өрт сөндіру штабына және өрттегі тылға ӨСБ ұсыныстары;

объектінің лауазымды тұлғаларына ұсыныстар;

өртке қарсы қызметі және объектінің лауазымды тұлғаларына арналған ұсыныстар, өрт сөндіргенде өрт сөндіру штабында оларға өздерінің міндеттерін атқару үшін берілетіні баяндалады.

«Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасының талаптары» бөлімінде:

жеке құрам үшін аса қауіпті жағдайларда өрт сөндіруде қауіпсіздік техникасының талаптары (дем алу үшін жарамсыз ортада, жағымсыз климаттық жағдайларда, радиоактивті немесе химиялық ластану және т.б.) көрсетіледі.

«Жедел өрт сөндіру жоспарын пайдалануды тіркеу» бөлімінде:

өрттерде, өрт сөндіру-алдын алу және тактикалық дайындық жөнінде жаттығулар жүргізгенде жедел өрт сөндіру жоспарын қолдану туралы, мәліметтер; жаттығулар; түзетулер туралы белгілер көрсетіледі.

«Қосымшалар» бөліміне:

есептік және анықтама материалдары;

өрттің ықтимал даму кестелері;

өртте өзара әрекеттестік ұйымдастыру кестелері;

ұйымның күрделі объектісінде байланыс ұйымдастыру кестелері;

өрт орнына жақын жерде орналасқан су көздеріндегі өрт сөндіру автомобильдерінен жеткізуге болатын өрт сөндіру (қол, стационарлы) оқпандарының санын белгіленген, өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұңғылау кестелері;

айдап қотару және (немесе) тасып жеткізу әдістерімен өрт сөндіруді жүзеге асыратын өрт сөндіру автомобильдерін сумен жабдықтау және су айдынында құйып беретін пунктін ұйымдастыру кестелері.

23. Жедел өрт сөндіру жоспарының графикалық бөлімі өзіне:


көрші ғимараттар мен құрылыстарға дейін үзілген жерлері бар, жолдары мен өту орындары салынған жерде объектінің жоспар кестесін, өрт сөндіруде қолдануға болатын су көздері мен олардың сипаттамасы және олардан жең желілерін төсеу маршруты бойынша қашықтығы, өрт сөндіру техникасын тиімді орналастыру түрін;

өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жеке құрамы мен өрт сөндіруге қатысқан ұйымдардың қызметкерлерін тамақтандыру, жылыту, кептіру пунктінің, өрт сөндіру техникасына жанар-жағар май құюдың орналасу орнын белгіленген ұйымның (объектінің) жағдайлы жоспар кестесін;

әр қабат жоспарлары, объектінің конструкциялық, көлемді жоспарлы және технологиялық ерекшеліктері, өртке қарсы қорғау жүйесінің орналасу және оларды басқару, электр энергиясын ажырату орындары, лифттердің , орын жайлардан эвакуациялық шығу орындардың болуы, ішкі өрт сөндіру крандарының орналасу орындары және т.б. енгізеді.



  1. Өрт сөндіру карточкасын рәсімдеу және

оны ұстаудың талаптары


24. Өрт сөндіру карточкалары келесі ұйымдарға жасалады:

технологиялық қондырғылар; қызмет көрсету персоналы үнемі болатын, кернеуі 110 кВ-500 кВ дейін электр подстанциялары, ұйымның энергетикалық объектілерінің кабелді бөліктері; балабақшалар мен комбинаттарға, мектеп жанындағы интернаттар мен мектептерге; емдеу, мәдени-сауықтыру мекемелеріне, қоғамдық-әкімшілік ғимараттарға, биік қабатты тұрғын ғимараттарға, сондай-ақ ауылды аудандардағы елді мекендерге.

Өртке қарсы қызмет гарнизоны бастығының шешімі бойынша өрт сөндіру карточкаларын ерекше жедел тактикалық өзгешеліктері бар ұйымдарға жасауға болады.

25. Өрт сөндіру карточкалары 150 х 200 мм. бірыңғай форматты бланкілерінде шығарылады.

Өрт сөндіру карточкасының титул бетіндегі жазулар сызба шрифтімен, биіктігі 8-12 мм. жазу әріптерімен орындалады. Өрт сөндіру карточкасының титулдық парағының үлгісі Әдістемелік ұсыныстарға 9-қосымшада келтірілген.


26. Өрт сөндіру карточкасына ұйым (объект) туралы ақпарат Әдістемелік ұсыныстарға 10-қосымшада келтірілген кесте түрінде ұсынылады.

Өрт сөндіру карточкасында өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің ұйымның қызмет көрсету персоналымен өзара әрекеттестік жасау тәртібі белгіленеді.

27. Өрт сөндіру карточкасының графикалық бөліміне ұйымның жалпы кестесі мен әр қабат жоспары енеді. Оларды құрылыс сызу ережелерін және шартты жедел тактикалық белгілерді сақтап, сызбаларда белгілейтін 1:200 – 1:500 l дейінгі ауқымда орындайды. Ауқым өрт сөндіру карточкасының көлеміне сәйкес болуы тиіс. Ғимараттардың маңызды көлемдерінде әр қабатты жоспарлауды 200 х 300 мм. көлемді ашық ішпек ауқымында орындау ұсынылады. Графикалық бөлігі көрнекті болуға және екінші кезектегі бөліктермен ыбырсытылмауы тиіс.

28. Ұйымның (объектінің) кестесінде: ұйымның белгіленген пішіндері, үзілген жерлері мен олардың отқа төзімділік дәрежесі белгіленген жапсарлас ғимараттар; объектіге ең жақын көшелер мен кіреберістер; жең желілерін төсеу маршруты бойынша қашықтықтары бар жоспар кестеге енген су көздері; өрт сөндіру бөлімшелерінің әрекеттерін ұйымдастырғанда қызығушылық білдіретін авто сатыларды, иінді авто көтергіштерді және басқа да бөліктерді орнату орындары көрсетіледі.

29. Әр қабатты жоспарларда: ғимараттың конструкциялық бөліктерінің жоспарлануы, сипаттамасы, кіру және шығу орындары, пәтер аралық өту жерлерінің, өрт сөндіру құралдарының, лифттердің орналасу орындары, электр энергияны ажырату орындары, стационарлы өрт сөндіру сатылары, әр орын жайда адамдарды орналастыруға арналған орындардың саны, қызмет көрсету персоналының болу орындары ұсынылады. Жоспарлардағы орын жайларға қол қойылады немесе сілтемеде олардың атауы белгіленіп нөмірленеді.

30. Өрт сөндіру карточкаларында балалар мекемелері, мүгедектер (қарттар) үйлері үшін түнгі уақытта адамдар орналасқан ұйықтау бөлмелері қызыл түспен белгіленеді. Құжаттың қосымша бетінде түнгі уақыттағы балалардың саны туралы өрт сөндіру бөліміне күн сайын түсетін мәліметтер бар. Осындай карточкалардың диагональ бойынша оң жағына оннан солға қарай ені 10-15 мм. қызыл жолақ түсіреді.


31. Қойма және сауда ұйымдарына (объектілеріне) өрт сөндіру карточкаларында жалпы талаптардан басқа материалдық құндылықтар туралы, оларды сақтау және эвакуациялау әдістері туралы, өрт және жарылу қауіпті заттар мен материалдардың қасиеттері, өрт кезіндегі сипатты жағдайлар мен өрт сөндіру бойынша әрекеттерді жүзеге асыру үрдісіндегі күрделіліктер туралы мәліметтер белгіленеді.

Ғимараттардың жоспарларында тиісті шартты белгілермен қауіпті заттарды сақтау орындары, жарылыс, улану, электр тоғымен жарақаттану ықтималдықтары белгіленеді.

32. Өрт сөндіру карточкаларында кабелді туннельдерде: кабелді бөлік, секцияны; стационарлы өрт сөндіру қондырғыларын іске қосу тәртібін; персонал мен өрт сөндіру бойынша өрт сөндіру бөлімшелеріне жұмыс үшін қауіпсіз жағдайлар жасау жөніндегі іс-шараларды (жерге қосу құрылғыларын іске қосу, диэлектрлік қорғау құралдары мен әдістердің болуы); бірінші ӨСБ өрт сөндіруге жазбаша рұқсаттама беру тәртібін белгілеу қажет, өрт сөндіру карточкасының графикалық бөлігінде кірістер мен люктерді, секциялы қалқаларды, стационарлы өрт сөндіру қондырғысын, кабельдердің көрші орын жайларына және желдеткіш қондырғыларына таралуын, тез әрекет жасаушы (жылжымалы) күштердің стационарлы өрт сөндіру жүйелеріне қосылу орындарын белгілеу қажет.

33. Ауылды елді мекендерге өрт сөндіру карточкалары Әдістемелік ұсыныстарға 11-қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес жасалады.

Елді мекендерде орналасқан ұйымдардың (объектілердің) сипаттамасы Әдістемелік ұсыныстарға 12-қосымшада келтірілген үлгіге сәйкес рәсімделеді.

____________________________