https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Жеке табыс салығын есептеу және төлеу тәртібі



      Салық салу объектiлерi бар жеке тұлғалар жеке табыс салығын төлеушiлер болып табылады.

      Салық салу объектiлерiне мыналар:

      - төлем көзiнен салық салынатын табыстар;

      - төлем көзiнен салық салынбайтын табыстар түріндегі жеке тұлғаның табыстары жеке табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.

      Салық төлеушiнiң табыстарына 10 проценттiк ставка бойынша салық салынады.
Қазақстан Республикасындағы және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түрiндегi табыстарға 5 проценттiк ставка бойынша салық салынады.


      Төлем көзінен салық салынатын табыстардың мынадай түрлері:

      - қызметкердің табысы;

      - жеке тұлғаның салық агентінен түсетін табыстары;

      - жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетiн зейнетақы төлемдерi;

      - дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түрiндегi табыс;

      - стипендиялар;

      - жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша табыс төлем көзінен салық салынатын табыстарға жатады.


      Жеке табыс салығын есептеуді салық агентi төлем көзінен салық салынатын табыстар бойынша, салық салуға жататын табысты есебіне жазу кезінде жүргізедi.

      Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, жеке табыс салығын ұстауды  төлем көзiнен салық салынатын табысты төлеу күнінен кешiктiрмей жүргізедi.
      Төленген табыстар бойынша жеке табыс салығын аударуды төлем айынан кейiнгi айдың 25-іне дейiн өзi орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.

      Құрылымдық бөлiмшелері бойынша салық төлеу тиiстi бюджеттерге құрылымдық бөлімшелер орналасқан жер бойынша жүргізіледі.