https://electroinfo.net

girniy.ru 1
6М080600 – АГРАРЛЫҚ ТЕХНИКА ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ


мамандығы бойынша магистратураға түсу емтиханының

БАҒДАРЛАМАСЫ


1. Электр машиналары мен электр жетегі.

Трансформаторлар. Өлшеу трансформаторы, автотрансформаторлар. Асинхронды машиналар. Синхронды машиналар. Тұрақты ток машиналары. Тұрақты және айнымалы тоқтың әмбебап машиналары, микромашиналары. Жұмыс машиналарының механикалық сипаттамалары. Тұрақты және айнымалы тоқ қозғалтқыштарының электрлік- механикалық қасиеттері. Электр жетегінің координаталарын реттеу. Электр жетегі механикасы мен динамикасы. Электр қозғалтқышының қуатын таңдау. Электрлік жетектерді басқару аппаратурасы және автоматты басқару. Электр жетегі жүйесін таңдап алу. Ауыл шаруашылығындағы электр жетегі.

2. Машина пайдалану.

Ауыл шаруашылығының машина паркі және оны ұтымды пайдаланудың жолы. Ауыл шаруашылығында машина агрегаттаудың негізі. Машина-трактор агрегаты мен көлік агрегатының пайдалану қасиеттері және оларды бағалау. Агрегатты сынау және оның пайдалану нормаларын белгілеу. Егіншілікте механикаландырылған жұмысты жүргізу технологиясы. Жұмысқа көлікпен қызмет көрсету. Ауыл шаруашылығы дақылын өсірудің технологиялары мен техникалық құралдары. Өсімдік шаруашылығы өнімін интенсивтік және индустралдық әдістермен өндіру. Машина пайдалану жүйесі. Техника таңдау. Машинаны қабылдап алу және ысылтудан өткізу.

Ауылшаруашылық агрегатты техникалық түзу және технологиялық баптау. Агрегаттың жұмыс орнын ұйымдастыру. Агрегаттың жұмыс сапасын бақылау және оған баға беру. Машинаның техникалық күйіне диагноз қою және мүкісін түзеу. Машинаға мерзімдік техникалық қызмет көрсету және техникалық қадағалау. Машинаға май құю. Техника мен мұнай өнімін және құнды затты сақтау. Техниканы тізіммен шығару және өтілге өткізу. Олардың технологиясы, техникалық құрамы және ұйымдастыру. Машина-трактор паркіне қызмет көрсету жүйесі және оның материалдық- техникалық базасы. Машина пайдалану қызметін ұйымдастыру және жарақтандырылған өндірісті басқару.


3. Мал шаруашылығын механикаландыру.

Мал шаруашылығындағы технологиялық үрдістер. Мал күту жабдықтары. Малға су, жем беру және микроклимат жүйелері. Малды машинамен сауу. Көң тазалау және оны өтілдеуді механикалаандыру. Қойды машиналық қырқу. Мал шаруашылығындағы техника дамуының озық бағыттары. Ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу өндірісі машина-аппаратарын жіктеу және олардың құрылымы. Шағын наубайхана және құралас жем өндірісінің жабдықтар топтамасы. Сүт өңдеу және сүт өңдеу машиналары мен аппараттары. Мал сою және сою өнімін бастапқы өңдеу технологиялық желісі. Шұжық өндіру желісі. Құс етін өңдеу машинасы мен аппараттары. Қаракөл, тері, жүн және мал шаруашылығының жанама өнімін өңдеудің технологиялық жабдықтары. Мал шаруашылығы машиналарын инженерлік есептеу және олардың тораптары мен агрегаттарының құрылымдық параметрлерін негіздеу.

4. Машиналар сенімділігі және машина жөндеу.

Сенімділіктің физикалық негіздері. Заттардың сенімділігін төмендететін сыртқы және ішкі жайттар. Техника сенімділігін арттырудың негізгі бағыттары. Машиналар мен жабдықтардың жөнделушілігіне қойылатын талаптар. Машиналар жөндеудің теориялық негіздері. Қосылыстар қондыруларын жаңарту әдістері, машиналар мен жабдықтарды жөндеудің өндірістік үрдістері, бөлшектерді пластикалық деформалау мен пісірумен, дәнекерлеумен, балқылаумен, тозаңдатумен, гальваникалық қаптаумен жаңарту технологиялық үрдістері, полимерлік материалдармен жөндеу тәсілдер