https://electroinfo.net

girniy.ru 1

ЖОБА
Депутаттың жас көмекшісі туралы

Ереже


  1. Жалпы ережелер


Депутаттардың жас көмекшілері тобы жастардың пікірлерін есепке алу және оларды ауданда жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік-экономикалық және өзге де бағдарламаларын іске асыру мен бағалау үдерістеріне тарту, жергілікті өкілді органдарда жұмыс тәжірибесін алу, белсенді азаматтық ұстаным тәрбиесі және жергілікті билік органдарына кадрлар резервін даярлау мақсатымен Әулиекөл аудандық мәслихатының жанынан құрылады.

Депутат көмекшісінің жұмысы ерікті болып табылады, қоғамдық негізде жүзеге асырылады.

Депутаттың көмекшісі Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын, 18-29 жастағы, орта, орта арнайы, жоғары білімі бар немесе жоғары оқу орнында оқып жүрген Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

Мемлекеттік қызметші депутаттың көмекшісі бола алмайды.

Депутаттардың көмекшілері өз жұмысында Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» ҚР Заңын, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» ҚР Заңын және өзге де заңнамалық актілерді, сол сияқты осы ережені басшылыққа алады.

Депутаттардың көмекшілерінің ұсынымдары, ұсыныстары мен мәлімдемелері консультативтік-ұсыныстық сипатта болады.


2. Депутаттар көмекшілері қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері
Депутаттардың жас көмекшілері қызметінің негізгі мақсаттары мен міндеттері болып табылады:

ауданда мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қатысу, ауданның қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени-бұқаралық өміріне белсене қатысу арқылы саяси белсенділіктері мен өзіндік сана-сезімдерін көтеру;

аудан жастарына қатысты әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және өзге де мәселелерді шешуге байланысты ұсыныстар, ұсынымдар және жобалар әзірлеу;

жастардың аудан өмірінің тіршілік әрекетінің маңызды мәселелері бойынша шешімдерді іске асыруға және бағалауға қатысуын қамтамасыз ету.


3. Депутаттың жас көмекшісінің оның қызметін жүзеге асыруы

кезіндегі құқықтары мен өкілеттігі
Депутаттың жас көмекшісі қызметін жүзеге асырған кезде құқылы және мүмкіндігі бар:


  • депутаттың тапсырмасы бойынша округ сайлаушыларымен жұмысқа қатысуға; олармен тұрақты байланыс орнатуға;

  • сайлаушыларды мәслихаттың жұмысы, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының қызметі, мәслихаттың қолданыстағы және жаңадан қабылдаған шешімдерінің орындалуы туралы хабардар етуге, депутаттармен бірге мәслихаттың шешімдерінің және оның тұрақты комиссияларының қаулыларының орындалуын ұйымдастыруға және бақылауға қатысуға;

  • өзінің депутатының тапсырмасымен округ сайлаушыларымен, жастар және басқа да үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер және жиналыстар өткізуге;

  • депутатқа депутаттық сауалдар мен өтініштерді іске асыруына, оның функционалдық міндеттерін жүзеге асыруына көмектесуге;

  • депутатпен бірге оған келіп түскен сайлаушылардың өтініштерін қарауға, депутаттың жеке қабылдау жүргізуіне көмектесуге;

  • мәслихаттың сессиясының, оның тұрақты комиссияларының жұмысына қатысуға;

  • өзінің депутатына жастар саясатын іске асыруға байланысты мәселелер мен проблемаларды шешу жөнінен ұсыныс енгізуге;

  • мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қарау үшін өзінің депутатына мәселелер мен қаулылардың жобаларын ұсынуға;

  • тиісті депутат кіретін аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына қатысуға;

  • тиісті жастар ұйымдарының және өз депутатының округінің сайлаушыларының ерік-жігерлерін білдіруге;

  • жастар және өзге де үкіметтік емес ұйымдарда болуына, партиялардың біреуінің мүшесі болуға.



  1. Қорытынды ережелер


Осы ережеге барлық өзгерістер мен толықтырулар депутаттардың көмекшілері мен депутаттардың жиналысында енгізіледі, аудандық мәслихаттың бюджет, білім, мәдениет, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, басқару және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында бекітіледі.

Әулиекөл ауданы