https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 ... 5 6

Балалар және хирургиялық стоматология

кафедрасының меңгерушісі, доцент: Абралина Ш.Ш.


Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201_ ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Балалар және хирургиялық стоматология


кафедрасының меңгерушісі, доцент: Абралина Ш.Ш.


Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201_ ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Балалар және хирургиялық стоматология


кафедрасының меңгерушісі, доцент: Абралина Ш.Ш.


Кафедра отырысында бекітілген, № __ хаттама «____»___________ 201_ ж.

Төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілген

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Балалар және хирургиялық стоматология


кафедрасының меңгерушісі, доцент: Абралина Ш.Ш.


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 1

«Балалар стоматологиясы пәні және міндеттері. Балалар стоматологиясындағы ауыру мәселелері. Балалар стоматологиясындағы жансыздандыру принциптері



2. Мақсаты: Студенттерге балалар стоматологиясы пәні мен міндеттері жайында, теориялық білімін қалыптастыру, Балалар стоматологиясында студенттерде ауырсыну мәселесі мен жансыздандыру принциптері


3. Дәрістің тезисі –

Бала жасындағы стоматология- клиникалық медицинаның белсенді дамып келе жатқан бөлімі, құрамына балалардың терапевтік стоматологиясын, жақ бет аймағы хирургиясының барлық түрі, онкологияны, жансыздандыру және жан сақтау, бет сүйектерінің реконструктивті хирургиясы, нәрестелер мен ему жасындағы балалардың күрделі хирургиясын, ортодонтия мен балаларды протездеу. Тістерді дамып келе жатқан, бет-жақ сүйектеріндегі, ауыздың жұмсақ тіндеріндегі және балалрдың сілекей бездерінің патологиялық үрдістер, үлкендерге қарағанда басқаша жүреді. Ең кең таралған ауру-тістердің тісжегісі; аздаған орынды даму жетіспеушілігі мен тіс-жақ жүйесінің деформациясы алады. Ауыздың шырышты қабаты жиі зақымдалады. Балалардың хирург-стоматологтары жиі ұшыралады мойын және жақ-бет аймағының қабыну ауруларымен, тістердің сынулары, сүйек және жақ сүйегінің сынулары, туа біткен даму ақаулары, ісіктер, самай-жақ буынының ауруларымен.

Бала организмінің негізгі психофизиологиялық ерекшеліктері:

1. Емдеу қажеттігін жеткіліксіз сезіну мотивациясы;

2. бас миының жетілмеген қабаты стволдық ауырсынуға эмоцилоналды-аффективті субкортикалды және ауырсынудың соматосенсорлық орталығына тежегіш әсер етеді.

3. Ауырсыну сезіміне адекватты емес қозғалыс активтілігі, қозу үрдісіне жылдам, кең иррадиация, активті қозғалыс компонетімен;

4. Балаларға қорғаныш сезімі тән, ол бұрын тісін емдеген кездегі ауырсынудан, басқалардың ауырсынғандарын көргенде, дәрігердің балаға қарым-қатынасы, аспапты көргенде, балалар мен үлкендердің айтулары бойынша т.б.

5. Балалрдың ерік компонетінің әлсіздігі, олар эмоцияларын жасыра алмайды;

6. Эмоционалдық лабилілік және баланың табиғи қорқақтығы, өзіне тән ауырсыну сезімінің жоғары бағалануы:


7. Балаға тән, өзімшілдік.

Баланың қорқынышын азайту және стоматоолгиялық кірісулерден ауырсыну сезімін азайту шаралары:


  • физиологиялық алдарқату;

  • психотерапия немесе сендіру әдісі

  • фармакологиялық әсер ету әдісі немесе седативті заттарды қолдану

  • жалпы әсер ететін аналгетиктер

  • жергілікті жансыздандыру

  • потенциалды жергілікті жансыздандыру (жергілікті жансыздандыру + седативтік дайындық)

  • нейролептаналгезия

  • наркоз.



Жергілікті жансыздандыру әдістерінің жіктелуі (А.А. Вишневский бойынша, 1974)

Жергілікті


Аппликациялық Инфильтрациялық Регионарлы

Терминалды

Беткей Өткізгіштігі


Аппликациялық жансыздандыруға көрсеткіш:


  • түбірі сорылған қозғалмалы сүт тістерді жұлу

  • инъекция алдында шырышты қабатты жансыздандыру

  • шырышты қабат астындағы абсцессті ашу

  • Ойықтар, жаралардың пайда болуымен жүретін ауыз қуысы шырышты қабатының аурулары.

Аппликациялық жансыздандыру жүргізу үшін қажетті дәрілік препараттар

2-5 % тримекаин ерітіндісі, 3% мепидонт ерітіндісі, 1-2% пиромекаин ерітіндісі, 5% пирокаин мазі, 3% метилурацилы және коллагені бар пиромекаин мазі, 5% лидокаин мазі немесе 10% аэрозоль.

Инфильтрациялық жансыздандырудың түрлері:

- инралигаментарлы

- интрасепталды

- сүйек ішілік.


Перифериялық өткізгіштік жансыздандыру жүргізу ережелері:

1. Нысана пунктін дәл анықтау

2. Инені шаншитын орын дәл анықталуы қажет;

3. Иненің бағыты нысана пунктіне қатаң бағытталуы қажет.

4. Инені жылжыту тереңдігі, «инені шаншу және нысана пункті» аралығындағы ара қашықтыққа байланысты. Сүйекпен контакт жоғалтпау керек, иненің алдында үнемі және ақырын жансыздандырғыш жіберіп отыру керек.


5. жансыздандырғыш ерітінді нысана пунктіне жақындағанда көбірек жіберілуі керек.

6. Жансыздандыру зонасы иннервация зонасына сәйкес болуы керек.

Жалпы жансыздандыру

Көрсеткіш:

А. Абсолюттік

1. Жергілікті жансыздандырғыштарды көтере алмау

2. Жоғары психоэмоционалдық статус

В. Салыстырмалы

1. Қосымша даму ақауларының болуы және О.Н.Ж.

2. Бірмезгілде емдеу мен көптеген тістерді жұлуды қажет етедін балалар

3. Жүрек ағза және тыныс жүйесі ауруларының бар болуы. (туа біткен және жүре пайда болған жүрек ақауы, бронхиалды астма)

4. Ауызхдағы жедел қабыну үрдістері және ауыздан тыс

5. Емшек жасындағы және кіші жастағы


4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар


5. Әдебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007 ж. 815 б.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 б.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

6.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 б.

7.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 б.

8.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 б.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)


1. Балалар стоматологиясы нені оқытады;

3. Балалардың жақ сүйектерінің құрылыс ерекшеліктері:


4. Төменгі жақ сүйегінің негізгі өсу зонасы;

5. Жоғарғы жақ сүйегінің негізгі өсу зонасы;


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 2 Балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты тіндерінің зақымдануы


2. Мақсаты: Студенттерге теориялық білімін қалыптастыру, балалар стоматологиялық практикасында тістің қатты тіндерінің зақымдануын бекіту.


3. Дәрістің тезисі:


1. Даму кезеңінде пайда болған тістердің қатты тіндердің ақаулары:

- тістер кіреукесінің гипоплазиясы

- тістер кіреукесінің гиперплазиясы

- тістер тіндерінің дамуының тұқымқуалаушылық бұзылыстары

- Тістердің тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары


2. Жарып шыққаннан кейінгі тістердің қатты тіндерінің ақаулары:

- тістердің патологиялық мүжілуі

- тістердің сына тәрізді ақаулары

- тістер эрозиясы

-тістер тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары

- тістер жарақаты

- тістердің қатты тіндерінің некрозы


Балалар жасындағы стоматология тәжірибесінде тісжегісіз зақымданулар құрылымының ішінде ең жиі кездеседі: гипоплазия, флюороз, тістер тіндерінің дамуының медикаментозды және токсикалық бұзылыстары


Кіреуке гипоплазиясы- бұзылған тісте зат алмасу үрдісінің нәтижесінде дамитын даму ақауы. Ол тіс құрылымының сандық және сапалық бұзылыстарымен жүреді.

Этиологиялық факторы одонтобласттардың жеткіліксіз немесе төмендеген қызметі болып табылады. Ол әртүрлі аурулар әсерінен ағзада алмасу үрдістерінің немесе механикалық жарақат, инфекция, өтпелі радиация әсерінен жеке фолликулаларда алмасу үрдістерінің бұзылуымен байланысты

1.Жүйелі гипоплазия – бір кезеңде дамитын тіс топтарында пайда болатын бұзылыстар

2.Ошақты- бір немесе әртүрлі даму кезеңіндегі жақын тұрған бірнеше тістегі бұзылыстар


3.Жергілікті – бір немесе бірнеше тістерде


Клиникалық түрлері:


Дақты- жұмсақ жылтыр бетті, айқын шекаралы, ақ түсті дақ. Симметриялы орналасқан тіс сауыттармен бір деңгейде орналасқан. Симметриялылығы тек қана фактордың орналасуымен ғана емес, пішіні мен өлшемімен сипатталады.

Гипоплазияның орналасу аймағына қарап, минералды алмасу бұзылысы қай жаста болып жатқаны туралы айтуға болады. Зақымдалу ошағының ұзындығы бойынша бұзылыстың ұзақтығын анықтауға болады. Кесу қырына параллелды орналасқан гипоплазия ошақтарының санымен бала ағзасында алмасу үрдісінің бұзылыстары қанша рет дамығанын анықтайды.

Эрозивті түрі: шектелген аймақта тіс сауытының әртүрлі жерлерінде кіреуке қабатының жұқаруымен сипатталады. Ақаулар домалақ пішінді, аттас тістермен симметриялы орналасады. Ақаулар бір өлшемді және пішінді болады.

Жүлгелі түрі- кесу қырына параллелды орналасқан әртүрлі ұзындықта және тереңдіктегі кіреукенің жүлгесі тереңдеу түрінде көрінеді. Жүлге түбінде кіреуке қабаты жұқарған, кейде мүлдем болмайды.


Аралас түрі- жеке тістерде, бір тіс аймағында ақ дақтар мен эрозиялардың кезектесуімен сипатталады. Соңғы жылдары ол жиі кездесетіндіктен, кіреуке зақымдалуының диагностикасын қиындатады.

Гипоплазияның дақты түрі 46,8 % науқастарда, эрозивті- 27,3%, жүлгелі-5,2%, аралас түрі-20,7% кездеседі.

Тістер флюорозы қоршаған ортадан тазалуы көп қолданумен байланысты. Ауыз суындағы фтордың мөлшері 0,5 мг/л болса, тіс тіндерінде өзгерістер тудырмайды. Фтор – 0,8-1,0 мг/л болса, балаларда жеңіл түрі болады. (10-12%)

Фтор- 1,0-1,5 мг/л - 20-30%-де;

1,5-2,5 мг/л - 30-45%-де

> 2,5 мг/л-, < 50%. қарағанда


Мектепке дейінгілерде сүт тістер арасында 50% кездесетіні дәлелденген. Әдетте үлкен азу тістер мен ит тістер зақымдалады.

Флюороз – сыртқы фтордың макро және микроэлементтермен байланысуы нәтижесінде дамиды. Олардың биологиялық белсенділігі бұзылады.


Кіреуке гипоплазиясы- дамып келе жатқан тістерде алмасу үрдістерінің бұзылуы нәтижесінде дамитын ақау. Оның құрылымындың сандық және сапалық бұзылыстары байқалады.Этиологиялық факторы инфекция, жарақат, радиация әсерінен одонтобластардың қызметінің бұзылуы болады. Гипоплазия балаларда 12-15 % кездеседі.

Гипоплазия профилактикасы-кезеңдері жүкті әйелдің денсаулығын күтуден басталады. Оған жақсы тамақтануға, жалпы аурулардан сақтануға және дәрігерде диспансерлік бақылауға қаралып тұруға кеңес беріледі.

Флюороз профилактикалық қоғамдық шаралары келесіден тұрады:


  • құрамында фторы жоғары су көздерін оптималды концентрацияға алмастыру;

  • фторға бай немесе фторы аз суларды қажетті деңгейге дейін араластыру;

  • суды фторлауға қайта құрастыру;

  • мекемеге оптималды деңгейлі фторды жеткізуді ұйымдастыру;

  • балаларды құрамында қалыпты фторы бар аймаққа көшіру.

Флюороз профилактикасының жекеше шаралары:

  1. Эпидемия ошақтарында нәрестелерді жасанды тамақтандыруға болмайды;

  2. Бала тамағына құрамында көп фторы бар суды қоспау;

  3. Суды сүтпен алмастыру керек;

  4. Құнарлы тамақтандыру керек;

  5. Құрамында фторы көп тамақтарды қолданбау (теңіз балығы, май, шай);

  6. Құрамында фторлы қоспалары жоқ пасталармен тісті жуу;

  7. Суды фтордан тазалау әдісін жиі қолдану керек:

  1. қайнату;

  2. суыту;

  3. мұздату;

  4. фильтрлеу- фтор құрамы 2 мг/л болғанда, суды күкірт қышқылды гликоземмен тазарту. 300 мг- 1 л суға. Ал 4-6 мг/л болғанда, 50 мг дейін препаратты қолданады.



4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар


5. Әдебиет:

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.


2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 б.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007 ж. 815 б.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей. -М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 б.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

6.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 б.

7.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 б.

8.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 б.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Даму кезеңінде пайда болған тістердің қатты тіндердің ақауларын атаңыз

2. Жарып шыққаннан кейінгі тістердің қатты тіндерінің ақауларын атаңыз

3. Судағы фтордың қалыпты мөлшері

4. Гипоплазияның клиникалық түрлерін атаңыз

5. Флюороз профилактикалық қоғамдық шаралары


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 3 Балалардағы тісжегі. Тісжегінің пайда болуына әсер ететін факторлар. Балалар тісжегісінің Т.В. Виноградова әдісі бойынша жіктелуі.


2.Мақсаты: Т.В. Виноградова бойынша жіктелуі, балалардағы тіс жегісі дамуына себеп тигізетін факторлар бойынша студенттерде теориялық білімдерді қалыптастыру.


3.Дәрістің тезисі:

Тісжегісі – тіс шықаннан кейін көрінетін, тістердің қатты тіндерінің ошақты деминерализациясымен, одан кейінгі қуыс ретінде дефектің түзілуімен сипатталатын, көп факторлы патологиялық үрдіс.

Балаларда тісжегісі – 2-3 жас аралығында анықталады. Негізінен жоғарғы жақ сүйектің сүтті орындарында вестибулярлы және мойындырық беткейінің аймағында, сондай ақ молярлардың шайнау бетінде байқалады.


Сүтті тістердің тісжегісінің дамуына себеп болатын факторлар эмбриогенез кезінде, антенаталды кезенде дамитын, әр түрлі этиологиялы ұрықтың гипоксиясын әкелетін ананың экстрагенитальды ауруларының әсерінен (ревматизм, гипертония, нефропатия, инфекционды және эндокринді аурулар.) дамитын, кейбір дәрілердің жүктілік кезінде келтіретін қатты тіндердің құрылымының бұзылыстары болып табылады. Токсикоздың маңызы өте зор.

Жоғарғы жастағыларда тіс жегісі қалыптасуына аталып кеткен факторларымен қоса, шамадан тыс көмірсуларды қолдану, минералды қосылыстардың және микроэлементтердің аз мөлшерде түсуі, сонымен қатар фтордың, ауыз қуысының нашар гигиенасы, тағамды дұрыс шайнамау, өмірдің медико географиялық және тұрмыстық жағдайы, ағзаның жағдайы, генетикалық бейімдеушілік жатады.

БДД ( номенклатурасына сәйкес, тісжегімен зақымдалуды бағалаудың үш негізгі көрсеткіштері бар:

Аурудың таралуы, зақымдалу интенсивтілігі және интенсивтілігінің өсімталдығы.

Тісжегінің таралуы деп, тісжегілі, пломбаланған және жұлынған тістер, егер тұрақты тістесу болса, ал уақытша тістесуде бұл тісжегілі және пломбланған тістер және аралас тістесуде –КПЦ+КП қаралған балалардың жалпы санынан (%)

Зақымдалу интенсивтілігі – тісжегімен зақымдалған және оның асқынуларымен (К,к), пломбаланған (П,п) және жұлынған (У) тістердің орташа саны бір тексерілген балаға.

Балаларда тісжегінің интенсивтілік көрсеткішін сүт тістер тұрақты тістермен толық ауысқанша анықтайды және (КПУ+кп) индекстерінің қосындысымен белгіленеді, сүт тістесуде жұлынған тістер есептелмейді, өткені тіс жұлу физиологиялық ауысу нәтижесінде де жұлынуы мүмкін, тістен патологиялық үрдіссіз.

Интенсивтіліктің өсімталдығы- 1 жыл ішіндегі бірдей жас тобындағы балалардың КПУ, кп немесе КПУ+кп индекстерінің өсуі.

БДДҰ ұсыныстары бойынша балаларда тісжегінің интенсивтілігі әр жас тобындағы балаларда жеке анықталады.

Эпидемиологиялық тексеруде еңбір ақпараттық жас тобы болып 12 және 15 жас табылады. 12-жаста тістердің тісжегімен зақымдалуы, және 15 жаста пародонт жағдайы жүргізілген профилактикалық шаралардың тиімділігі жайында ақпарат береді. Тісжегі интенсивтілігінің инднексі (КПУ, кп, КПУ+кп) көбірек ақпарат береді, тісжегінің таралу көрсеткішіне қарағанда.

Тісжегімен науқастануға салыстырмалы баға беру үшін әлемнің әр регионында, 1980 ж. БДДҰ 12 жасқа дейінгі балаларда КПУ санына байланысты зақымдалудың 5 дәрежесін ұсынған:

өте төмен 0,0-1,1

төмен 1,2-2,6

бәсең 2,7-4,4

жоғары 4,5-6,5

өте жоғары 6,6 және жоғары.

Тісжегі үрдісінің белсенділік дәрежесін анықтайды. Тісжегінің санын, тісжегі қуысының санын, орналасуы тексерген кездегі анықталған, 1 жылдан кейінгі тісжегілі тістердің өсімталдығы.

Осыған байланысты, 1972 жылы Т.Ф. Виноградова тісжегінің 3-белсенділік дәрежесін ұсынды:


    1. компенсирленген

    2. субкомпенсирленген

    3. декомпенсирленген


Орналасуы бойынша:

      1. фиссуралық

      2. апроксималдыдық

      3. мойындық (ұрт, ерін, тіл жақ бетіндегі және аралас орналасқан)

Тіс тіндерінің зақымдалу тереңдігіне байланысты:

        1. бастапқы

        2. беткей

        3. ортаңғы

        4. терең

Пайда болу реті бойынша:

1. Біріншілік

2. екіншілік


Патоморфологиялық өзгерістер бойынша:

1. дақ түріндегі тісжегі ( ақ дақ, сұр, ақшыл-қоңыр, қара дақ)

2. кіреуке тісжегісі (беткей тісжегі)

3. ортаңғы тісжегі

4. орташа тереңдіктегі тісжегі(терең тісжегінің клиникасына сәйкес)

5. терең перфоративті тісжегі.


Балалардың тісжегінің ағым ерекшелігі және диагностикасы. Балалардың тісжегісін емдеудің қазіргі замандағы әдістері

Балаларда тісжегі 2-3 жаста көрінеді. Әдетте, жоғарғы жақтағы сүт күрек тістердің вестибулярлы және мойын аймағында және азу тістердің шайнау бетінде.

Балалардағы 1-дәрежедегі белсенділік (компенсирленген түрі) тісжегі қуысы пигменттелген, шеті жазылған, патологиялық дентин құрғақ, зондтағанда тығыз. Пигменттелген фиссураларды ашу оңайға түспейді. Бор тәрізді дақтар болмайды. Ги-төмен, типтен тістерін үнемі тазаламайтын балаларда да. Тістері таза, жылтыр. Осы топтағы балаларды жылына 1-рет санациялайды. Бала 1-ші денсаулық тобына жатады.

Тісжегінің 2 дәрежедегі белсенділігі деп, балада аурудың клиникалық дамуы оптималды сипатта, патологияның субкомпенсирленген түрі. Тісжегі қуысы көбінесе азу тістердің шайнау бетінде орналасады. Жоғарғы және төменгі жақтағы тығыз орналасқан күрек тістердің апроксималды бетінің зақымдалуы мүмкін. Бор тәріздес тісжегі дақтары болмайды. Осы топтағы балаларды жылына 2 рет санациялайды, 6-ай сайын.

Балалардағы 3-дәрежедегі белсенділіктегі тісжегі қуысы (декомпенсирленген түрі) шеттері үшкір, жұмсақ және ашық түсті дентин өте көп, қуыс қабырғалары өңдеп болған соң да алына береді, кеппейді, ал пигменттелген фиссураларын ашса, тісжегі қуысы пайда болады. Бор тәріздес дақтары бұдырлы болады, бормен өңдегенде шашылып қалады. Бұрын қойылған пломбаларды тексергенде ақау және тісжегінің қайталануы байқалады.

Осы топтағы балаларды 3-4 ай сайын санациялайды


1. Дәрежедегі белсенділік (компенсирленген түрі)

2-6 жас - 2 тіске

7-10 жас – 4 тіске

11-14 жас – 2 тіске

15-18 жас – 3 тіске


2 Дәрежедегі белсенділік (субкомпенсирленген түрі)

2-6 жас – 3-6 тіске

7-10 жас – 4-7 тіске

11-14 жас – 2-5 тіске

15-18 жас – 3-6 тіске


3 Дәрежедегі белсенділік (декомпенсирленген түрі)

2-6 жас – 6 тістен көп

7-10 жас - 7 тістен көп

11-14 жас - 5 тістен көп

15-18 жас- 6 тістен көп


Сүт тістердегі тісжегінің өзіндік ағым ерекшеліктері бар:

1. патологиялық үрдістің жылдам дамуы. Үрдіс жылдам дамып дентинге жетеді, үлкен бөліктерді қамтиды.

Бұл байланысты:


  1. Сүт тістер кіреукесінің жұқа кіреуке жамылғысымен,

  2. дентиннің кіші көлемімен,

  3. аз минералданған дентин зонасы жалпақ жолақ интерглобулярлы дентин түрінде ұлпа шекарасына дейін жетіп, үрдістің өршеуіне ықпал етеді.

  4. кіреуке мен дентин органикалық заттардың үлкен пайызын құрайды да, жылдам таралу мүмкіндігін ұлғайтады

  5. кең дентин каналдары ұлпаға инфекцияның таралуына ықпал етеді

  6. сүт тістердің аздаған белсенділігінің мәні бар

  7. басқа эндогенді және экзогенді факторлар.


2,5 жасқа дейін тісжегі ошақтары көбінесе антенаталды ізбестеліну орындарында орналасады

- жоғарғы және төменгі жақ күрек тістерінің жазық бетінде. 3-жастан кейін тісжегі азу тістердің шайнау бетінде, 4-жастан соң уақытша азу тістердің контактілі бетінде орналасды.

Қазіргі жаңа ағым бойынша, балалардың тістерін емдеуге әрқайсысына жекеше қадам жасайды.

Осыған байланысты емінің көлемі мен мазмұны анықталады:

  • зақымдалу белсенділігімен

  • тістердің тісжегісінің клиникалық ағымымен

  • организм жағдайымен

  • науқастың жасыфна байланысты

  • аузының гигиеналық жағдайына


Тісжегінің қазіргі заманғы емі.


  • пломбалауды жүйелі қолдануҢ
  • тіс тіндерінің резистентілігін зат алмасудың экзогендік стимуляциясын жоғарылайтын әдістер


  • ауыздың гигиенасы

  • ұтымды тамақтану

  • эндогенді пайда болған тісжегіге қарсы заттарды қолдану


Жалпы патогенетикалық терапия

- жалпы патологияның қосымша ауруларын емдеу, тісжегі үрдісінің үдеуіне жағдай болып табылады

- ұтымды тамақтану

- күн тәртібі ережесін сақтау

- қатаң түрде жекеше ем тағайындау

- бала организмін әлсірететін және қарсы тұру қабілетін төмендететін факторларды анықтауға көңіл бөліну қажет

- осы мақсатпен ем педиатрда, невропатологта, отоларингологта, эндокринологта және т.б. жүргізілуі қажет


4. Көрнекі материал: презентациялар, слайдтар


5. Әдебиет


1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007г. 815 с.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.

6.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

7.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 с.

8.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)



    1. Тісжегінің анықтамасы

    2. Балалардағы тісжегінің дамуына әкелетін факторлар

    3. Балаларда тісжегінің қандай белсенділік дәрежесін анықтайды

    4. Патоморфологиялық өзгерістері бойынша тісжегінің түрлері


    5. Тісжегі тіндерінің тереңдігі бойынша түрлері.



ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 4 Балаларда пульпиттің клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері


2.Мақсаты: Студенттерде балалардағы пульпиттің клиникалық ағым ерекшеліктері, диагностикасы және емі жөніндегі теориялық білімін қалыптастыру


3.Дәрістің тезисі:

Пульпиттің анықтамасы.

Ұлпаның болбыр талшықты дәнекер тінінің қабынуы, дамуыдың жалпы заңдылықтарына сәйкес, микробтық фактордың зақымдауына ғзның күрделі жауабы


Пульпиттің жіктелуі:

А. Уақытша тістердің жедел пульпиттері:

- жедел серозды пульпит

- жедел іріңді пульпит

- периодонт немесе регионарлы лимфа түйіндерінің қабынуымен қоса жүретін жедел пульпит.

Б. Тұрақты тістердің жедел пульпиттері:

- жедел ошақты жалпы пульпит (түбірлері қалыптсқан тістерде болуы мүмкін)

- жедел серозды жалпы пульпит

- жедел іріңді ошақты пульпит

- жедел іріңді жалпы пульпит


Уақытша және тұрақты тістердің созылмалы пульпиттері:

- қарапайым созылмалы пульпит

- созылмалы пролиферативті пульпит

- созылмалы пролиферативті гипертрофиялық пульпит

- созылмалы гангренозды пульпит.

- уақытша және тұрақты тістердің созылмалы пульпиттінің асқынуы.

Уақытша тістердің жедел пульпитінің клиникасы.

Аурудың негізгі симптомдары- алғашқы кезде кешкі уақытта, ұйықтағанда немесе түнде пайда болған ауырсынулар, ауырсыну суықтан пайда болып, жылыдан үдей түседі. Үрдістің дамуына байланысты ауырсыну суықтан ғана емес, жылыдан да пайда болды. Серозды қабыну іріңдіге ауысқанда, ауырсыну жылыдан күшейе түсіп, суықтан бәсеңдейді. Балаларда ауырсыну үшкіл нерв бойымен иррадиацияланбайды, бірақ ол туралы естен шығармау қажет. Перкуссияға тістің ауырсыну реакциясы ең маңызды диагностикалық симптом болып табылады, әсіресе, қасындағы тістермен слыстырмалы перкуссия реакциясы.


Әдетте, бұл реакция патологиялық үрдіске периодонт тіндерінің ұшырауынан ғана емес, ісінген және қабынған ұлпаның қозғалуына байланысты. Осы жағдайда, тіске басқанда және тістің қозғалуы балаға ауырсынуды болдырмайды.

Уақытша тістердің жедел пульпиттері периодонт тіндері мен шеткі лимфа түйіндерінің реакциясымен қос жүреді. Түнде пайда болатын ауырсынуларға, температуралық қоздырғыштардан және перкуссиядан күшейе түсетін ауырсынулар, оған қоса ұяшықтан шығып кеткен тістің сезімі, тіске тілді тигізгенде тістің қозғалғыштығы және тісті саусақпен басқандағы ауырсыну

Маңызды диагностикалық симптом;

Қасындағы тістермен салыстырмалы перкуссия жасағанда ауырсыну реакциясы


Балалардың уақытша тістерінің жедел пульпиттерінің ағым ерекшеліктері.

Балалардағы жедел пульпиттердің ағымы мен клиникалық көріністері келесі ерекшеліктермен сипатталады:


  1. Ошақты пульпиттің қысқа кезеңімен;

  2. Қабыну үрдісінің сауыт ұлпасынан түбір ұлпасына жылдам таралуы

  3. Ауру басталысымен іріңді қабыну элементтерінің болуымен

  4. Клиникалық көрінісінің вариабелділігімен

  5. Жедел пульпиттің некрозға немесе созылмалы кезеңге өтуімен

  6. Қабыну үрдісінің периодонтқа таралып, перифокалды, кейде фокалды периодонтиттің пайда болуымен

  7. Организмнің интоксикация көріністерімен


Тістегі ауырсынудың себебі болып, микробтар мен олардың токсиндерінің ұлпаның нерв тамшықтарына әсер етуі, ұлпа мен дентиннің ыдырау өнімдері болып табылатын биогенді аминдерге әсері тіс қуысындағы қысымның жоғарылауы.

Балалардың уақытша тістерінің жедел пульпиттерінің диагностикасы.

Жедел жалпы пульпиттің диагностикасында мынадай қиындықтар туындайды, егерде ұлпаның қабынуы жедел пульпиттің және айналасындағы тіндердің рекциясымен жүрсе. Пульпиттің жедел түрлерін пульпиттің созылмалы түрлерінің қабынуымен, жедел шеткі периодонтитпен, жедел және асқынған периодонтпен диагностикалау қажет.


Созылмалы пульпит түрлерінің клиникалық ағым ерекшеліктері

Балалық шақтағы пульпиттің қабынған ұлпаның клиникалық көрінісінің бірқатар ерекшеліктері бар:


  • қабынған ұлпа көбінесе терең емес тісжегі қуысы бар тістерде болады

  • қабыну үрдісі жылдам таралады

  • қабынудың жедел кезеңінің созылмалыға жылдам өтуі

  • осыған байланысты, жедел пульпитке қарағанда пульпиттің созылмалы түрлері көп болады

  • пульпиттің бір түрінің клиникалық көрінісінің әр түрлілігі, ерте жастағы балаларда едәуір айқын (тістердің қалыптасу кезеңіне байланысты)

  • пульпиттің барлық түрлерінде іріңді қабыну элементтерінің болуы

  • жедел және созылмалы гангренозды пульпиттерде периодонттың реакциясы үлкендерге қарағанда жиірек

  • ұлпадағы морфологиялық өзгерістер клиникасымен дәл келмейді

  • тіс ұлпасындағы интоксикацияға (дене қызуының көтерілуі, ұйқышылдық, бас ауруы, ЭТЖ ұлғаюы, лейкоциттердің санының өсуі)


Балалардың пульпитінің емінің ерекшеліктері

Пульпитті емдеу тәсілін таңдағанда еске алу қажет:

  • сүт және тұрақты тістердің түбірлерінің қалыптасу мерзімін, сүт тістердің түбірлерінің сорылу мерзімін;

  • қабынудың таралуы және түбір каналдарын сипаттайтын анатомиялық жағдайлары;

  • тістердің жағдайлары:

  • баланың жалпы жағдайы


Жедел пульпиттің емі

Сүт тістердің ошақты пульпитінің қабынуында- сауыт ұлпасын келте кесу (ампутация). Виталдік келте кесу дамуы әлі аяқталмаған тістерде жүргізіледі. Девиталдік келте кесу –дамуы аяқталмаған азу тістерде немесе түбірлері көп сорылмаған тістерде. Ұлпаны девитализациялауға әлсіз, жайлап әсер ететін девитализдеуші заттарды қолданады (кобальт немесе параформальдегид) 7 күнге.

Жалпы пульпитті емдеуге виталды немесе девиталды экстирпация қолданады.


Созылмалы пульпиттің емі

Біріншілік – созылмалы пульпитте 4 жасқа дейін виталды келте кесу қолданылады.

Асқынған біріншілік –созылмалы пульпитте 4 жасқа дейін девиталды келте кесу, соңынан ұлпаны мумификациялау 3 келуде орындалады.

Көрсеткіш:


  1. Сүт тістердегі созылмалы пульпит, пульпиттің жедел түрі

  2. Түбірі қалыптаспаған периодонтында едәуір өзгерістері бар тұрақты тістерде

Кері көрсеткіш:

  1. лимфаденит және периодонт реакциясының көріністері бар уақытша тістердің жедел және созылмалы пульпиттерінің қабынуы

  2. созылмалы гангренозды пульпит

Девиталды келте кесу орындалады:

3 рет келуде- 7 жасқа дейін

2 рет келуде – 7-9 жаста (уақытша тістерде):

1 келуде- девитализдеуші заттарды салу,

2 келуде- келте кесу және ұлпаның культесын мумифицирлеуші заттармен жабу, пломбаны қою.


4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар


5. Әдебиет


1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 с.

2.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Лекции по стоматологии детского возраста (учебное пособие).- Алматы, 2006.- 615 с.

3.Хоменко Л.А. Терапевтическая стоматология детского возраста. Киев-Книга-плюс-2007г. 815 с.

4.Виноградова Т.Ф. Атлас по стоматологическим заболеваниям у детей.-М.: МЕДпресс-информ, 2007.-164 с.

5.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 с.

3.Супиев Т.К. Гнойно-воспалительные заболевания челюстно-лицевой области. – М.: Медпрес, 2001. – 160 с.

6.Супиев Т.К., Зыкеева С.К. Травмы челюстно-лицевой области у детей (учебное пособие). – М.: Медпрес, 2003. – 107 с.

7.Особенности обезболивания при лечении стоматологических заболеваний у детей/ Под рук. С.А. Рабиновича.-М.: МЕДпресс-информ.-2005.-120 с.



6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)


  1. Пульпиттердің даму себептері

  2. Тіндердегі патоморфологиялық өзгерістері бойынша жіктелуі

  3. Сүт тістердің пульпиттерінің ағым ерекшеліктері

  4. Уақытша тістердің пульпиттерін емдеу әдістері

  5. Тұрақты тістердің пульпиттерін емдеу әдістері



ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 5 Балаларда периодонтиттің клиникалық ағымы, диагностикасы және емдеу ерекшеліктері. Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өңдеудің ерекшеліктері.


2.Мақсаты: Балаларда пульпит пен периодонтит кезінде эндодонтиялық өңдеудің ерекшеліктері бойынша студенттерде теориялық білімдерді қалыптастыру


3.Дәрістің тезисі:


Периодонтиттің даму себебі:

  1. Ұлпаның жедел немесе созылмалы қабынуы

  2. Ұлпаны емдеуі биологиялық әдісін дұрыс қолданбау, ұлпа мумификациясын, биогенді аминдерді, микробтарды және оның токсиндерін дұрыс қамтамасыздандыру.

  3. Ұлпаны емдеу, тіске эндодонтиялық жолдың ережесінің бұзылуы кезінде ұлпаны девитализациялау, қайта келусанының азаюы, мумификациялық заттардың әсер ету мерзімі, түбір сүйегін залалсыздандыру (формалин, азот- қышқылды күміс) кезінде периодонтқа күшті әсер ететін заттардың түсуі

  4. Периодонтиттың медикаменттерге және, бактериялық қатардағы өнімдерге аллергиялық реакциясы

  5. Тістердің жарақаттары: бір мезгілді, жедел (соққы, құлау, өзікті пломбалағаннан кейін, ұлпаны экстирпациялаудан кейінгі периодонт жарақаты, тез тістеу, тісте ыңғайсыздықтың болуы т.б.). созылмалы микрожарақат (биік пломба, тіске қарандашпен қаламсаппен қысым түсіру).




<< предыдущая страница   следующая страница >>