https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5 6

ДӘРІСТІК КЕШЕН:

1.Тақырып: № 4. Балалардың тіс- жақ аномалияларының жіктелуі. Балалардың тіс – жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері.


2.Мақсаты: Балалардың тіс- жақ аномалияларының жіктелуі. Балалардың тіс – жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері туралы студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.


3. Дәрістің тезистері: балалардың тіс- жақ аномалиялары мен деформацияларының жіктелуі.

Қазіргі кезде де пайдаланатын ең бірінші жіктелулердің бірін Энгль 1889ж. ұсынған. Негізіне жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің орналасуын салды. Оның ойынша жоғарғы жақтың үлкен азу тісі әр дайын тұрақты орында орналасқан, баолық өзгерістер қозғалмалы төменгі жақпен байланыстырады. Энгль оклюзия кілті деп – төменгі және жоғарғы жақтың үлкен азу тістерінің түйісуін айтады.

Энгль бірінші үлкен азу тістерінің түйісуін 3 класқа бөлді.

1 КЛАСТА - жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің бұдыры төменгі жақтың үлкен азу тісінің бқдыраралық фиссурасында орналасады.

2 КЛАСТА - төменгі жақтың үлкен азу тісінің бұдыраралық фиссурасы жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің мезиальды ұрт бұдырының артында орналасқан.

3 КЛАСТА - төменгі жақтың үлкен азу тісінің бұдыраралық фиссурасы жоғарғы жақтың үлкен азу тісінің мезиальды ұрт бұдырының алдында орналасқан.


Екінші класс екі подкласқа бөлінеді:

Жоғарғы күрек тістері ерін жаққа шалқайған

Жоғарғы күрек тістері таңдай жаққа шалқайған

Сонымен қатар Энгль жеке тіс аномалияларының түрлерін жіктеген: лабильды окллюзия, лингвальды окллюзия, медиальды окллюзия, дистальды окллюзия, тортоокллюзия, супраокллюзия.


Жіктелудің артықшылығы:

Тіс қатарының қатынасындағы негізгі дәлдікті тура табудың оңайлығы.

Кемшіліктері:

  1. жоғарғы жақтың үлкен азу тісі барлық кезде тұрақты орын сақтамайды (әсіресе сүт тістерді жұлған кезде)


  2. жоғарғы жақ бас қаңқасында әр түрлі бағытта орналасу мүмкін, ол үлкен азу тістің орналасуына әсер етеді.

  3. жіктелу тек қана тістесудің сагитальды бағытта ғана өзгеруіне негізделген.

  4. жіктелу үлкен азу тістің жоқ болған жағдайында қолданылмайды.


Бірінші совет авторы Агапов өз жіктеуінде тоғыз түрге бөліп, бірнеше жеке формаларға бөлген.

  1. тіс пішінінің аномалиялары

  2. тістер көлемінің аномалиялары

  3. тістер санының аномалиялары

  4. тістердің орналасу аномалиялары

  5. тістердің түсінің аномалиялары

  6. тістердің жарып шығу аномалиялары

  7. жақтардың құрылысының аномалиялары

  8. тістесу аномалиялары


Бетальман жіктелуі: морфологиялық компоненттерден құралған, тіс қатарларының үш бағытта қозғалуын анықтады.

I топ - тістесудің сагитальды аномалиялары

    1. дистальды тістесу, домалақ және итеруші бұлшық еттерінің функциональды жетіспеушілігі.

    2. Мезиальды тістесу, ретракторлар мен итеруші бұлшық еттердің қалыптан артық функциясы мен бұзылыстары.



I I топ – тістесудің вертикальды аномалиялары.

  1. Терең тістесу, итерулердің жетіспеушілігі

  2. Ашық тістесу, ауыздың домалақ және көтеретің бұлшық еттердің функциональды жетіспеушілігі.

I I I топ – тістесудің трансверзальды аномалиялары.

  1. Қиғаш тістесу, итерушілердің біреуінің функциональды жетіспеушілігі.


Артықшылығы:

Деформацияның морфологиялық және функциональды мінездемесін береді. Бұл жіктелуде тек қана сагитальды емес сонымен қатар вертикальды және трансверзальды аномалиялар беріледі.

Балалардағы тіс жақ жүйесінің аномалиялары мен деформацияларының қазіргі кездегі жіктелуі:


Калвелис Д.А жіктелуі:

Калвелис тіс жақ аномалияларын үш бөлімге бөлген.:

Жеке тістердің аномалиялары

Тіс қатарының аномалиялары

Тістесудің аномалиялары


Жеке тістердің аномалиялары:

Тіс санының аномалиялары:

а)Адентия- толық және жартылай

б)Қалыптан көп тістер

Тістердің пішіні мен көлемінің аномалиялары

а)өте үлкен тістер

б)тікенек тәрізді тістер

в)тіс пішінінің ауытқуы

г)Гетчинсон, Фурнье тістері

Тістердің қатты тіндерінің құрылысының аномалиялары:


  1. Тіс сауытының гипоплазиясы

Тіс жарып шығу үрдісінің бұзылыстары:

а)Тістердің алдын ала жарып шығуы

б)Тістердің кешігіп жарып шығуы

Тіс қатарының аномалиялары

Тіс қатарының пайда болуының бұзылыстары:

Жеке тістердің орналасуының аномалиялары;

  1. Тістердің ерін ұрттық жарып шығуы

б)Тістердің таңдай тілдік жарып шығуы

в)Тістердің мезиальды жарып шығуы

г)Тістердің дистальды жарып шығуы

д)Төмен орналасу (инфраоклюзия)

е)Жоғары орналасу (супраокллюзия)

ж) тістің айналуы (тортоаномалия)

з) тістің транспозиция

и) жоғарғы күрек тістердің дистопиясы

тістердің тығыз орналасуы

тістердің арасындағы тремалар мен диастемалар.

II тіс қатарлары пішінінің аномалиялары.

а)Тарылған тіс қатары

б)Ершік тәрізді қысылған тіс қатары

в)V тәрізді пішінді тіс қатары

г)Төртбұрышты тіс қатары

д)Ассиметриялы тіс қатары


Тістесу аномалиялары:

Тістесудің сагитальды аномалиялары:

Прогнатия;

Прогения;

а)Жалған прогения


б)Шынайы прогения

2. тістесудің трансверзальды аномалиялары:

Тарылған тіс қатарлары;

Жоғарғы және төменгі тіс қатарларының енінің сәйкес келмеуі:

а)Екі жағындағы бүйір тістерінің қатынасының сәйкес келмеуі

б)Бір жағындағы бүйір тістерінің қатынасының сәйкес келмеуі

3. тістесудің вертикальды аномалиялары:

Терең тістесу:

а)Жабатын тістесу

б)Аралас тістесу прогнатиямен

Ашық тістесу:

а)Нағыз тістесу

б)Жарақаттық тістесу


Кемшіліктері:

1.Көп, сонда да жақ сүйектерінің көлемінің аномалиялары туралы айтылған жоқ

патология қай кезенде екені көрінбейді.


Балалардағы тіс жақ аномалияларының негізгі және арнайы диагностика әдістері.

Клиникалық тексерулер ортодонтиялық диагноз қоюда жетекші болып табылады.

Паспортты бөлім

Аурудың және өмірінің анамнезі

Ортодонтиялық науқасты қарау – бұл жалпы қараудан, бет құрылымын, ауыз қуысын, тістерді, тіс қатарлары мен жақтарды зерттеп, функциональды бұзылыстарды анықтаудан тұрады.

Тіс жақ аномалиялары бар балаларды арнайы әдістермен зерттеудің ішінен негізгісі – бастың, беттің, жақтың, тіс доғаларының антропометриясы. Бұл зерттеулер ардайын жақтардың диагностикалық мүсінін зерттеуден басталады.

Диагностикалық мүсінде – тістердің өлшеуін жүргізеді(енін, ұзындығын, қалындығын). Ені тістің ең жалпақ жерінен өлшенеді. Ұзындығы тістің қиғаш өсінде өлшейді; күрек және ит тістерді қызыл иек шетінен бастап кесу қырына дейін, ал үлкен азу тістерді алдыңғы ұрт бұдырына дейін.

Трансверзальды өлшеудердің негізінде күрек тістің енінің саны анықталған тіс доғасының еніне сәйкес келеді. Осыған орай антропометриялық принципқа Пон индексі құрылған. Автор тұрақты тістесудегі нормадаға тіс доғаларын зерттеу отырып, бірінші кіші азу тіс пен үлкен азу тістің арасындағы тіс доғасының ені жоғарғы жақтың төрт күрек тісінің көлденең өлшемдердің көлеміне пропорционал екенің нақтылады. Осы заңдылыққа сай ол индекстерді есептеп тапты: кіші азу тістің – 72-82 және үлкен азу тістің – 60-65.


Келесі еғсептеулермен қолданады:

4 күрек тістің көлденең өлшемін х 100/80 = кіші азу тістерінің арасындағы аймақ.

4 күрек тістің көлденең өлшемін х 100/64 = үлкен азу тістерінің арасындағы аймақ.

Күрек тістер толық жарып шықпаған кезде тіс доғасының енін төменгі күрек тістің көлденең санынан анықтауға болады.


Симметроскопия – тістердің трансверзальды және сагиттальды орналасуларын зерттейтін әдіс. 1,2 мм тор тартылған мөлдір пластинкадан тұратын арнайы прибор қолданады. Пластинканы гипсті модельге қойып, ортаңғы сызық қатты таңдай тігісіне сүйене отырып, тістердің ортаңғы сызыққа қатынасын анықтайды.


Фотосимметроскопия - бұл жақтың диагностикалық модельдерін арнайы режимде фото суретке түсірудің симетроскопия әдісі. Жақ моделінің прекцияланған тормен фото суреттерін оқып өлшейді.

Хаулея – Гербер- Гербст диаграммасы ортодонтиялық емнің басында әр пациентке жеке сызылатын тіс доғасы. Оның құрылымы тіс пішіні мен көлемінің жоғарғы жақ алдынғы тістерінің көлемінің санына пропорциональдықтан тұрады.


4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.


5. Әдебиет:


1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978., стр-485-492.

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.


9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж., .


6. Бақылау сұрақтары:

1.Энгль жіктелуі

2.Жіктелудің кемшіліктері

3.Бетальман жіктелуі

4.Калвелис жіктелуі

5.Клиникалық зерттеу әдістерін атаңыздар


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 5 Ортодонтиялық емдеудің негізгі принциптері. Балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістері.


2.Мақсаты: Ортодонтиялық емдеудің негізгі принциптері. Балалардың тіс-жақ аномалиялары емдеуінің аппараттық әдістері туралы студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.


3. Дәрістің тезистері: тіс жақ аномалиялары мен деформацияларды емдеу әдістері бала жасына, деформация себептеріне, аномалиялардың дәрежесі мен клиникалық түріне, жақ пен тістердің қалыптасуына, және де баланың жалпы жағдайы мен тағы басқа факторларға байланысты.

Барлық емдеу әдістерін төрт топқа бөлуге болады:


  • Миогимнастика

  • Миогимнастика ортодонтиялық аппараттарды қолданумен бірге

  • Тек қана аппаратуралық ем

  • Аралас ем

Тұрақты тістесу кезіндегі ортодонтиялық ем қолдану мүмкіншіліктері сүт және аралас тістесуге қарағанда шектеулі болады. Бұл жаста тіс жақ жүйесінің өсуіне ещқандай әрекет жаса алмайды, ол өсуін аяқтайды. Сондықтан аппараттар көмегімен тістердің қозғалуы мен тіс қатарларының қатынасынын түзеуді жүзеге асырады.

Тұрақты тістесу кезінде аппаратуралық емдеу мен бірге хирургиялық ем де кіреді;олар жеке тістерді жұлу, остеотамия, декортикация, компактоостеотамия. Прогениялық, прогнатиялық және ашық тістесулердің ауыр түрлерінде арнайы хирургиялық ем аппаратуралардың қосылуымен немесе оларсыз жүргізіледі.


Ортодонтиялық емнің негізгі түрлерінің бірі аппаратуралық ем болып саналады. Ортодонтиялық аппараттардың әр түрлі жіктелулері бар. Ең бірініші оларды үшке бөледі:


  • Профилактикалық

  • Емдік

  • Ретенционды

Ф.Я. Хорошилкина және Ю.М. Малыгин биофизикалық әрекеттері мен ерекше конструкциясына қарай ортодонтиялық аппараттарға жіктелу берген:

Әсер ету әрекетіне байланысты 3 топқа бөледі:

  • Механикалы әсер ететін

  • Функциональды әсер ететін

  • Аралас әсер ететін

Функциональды әсер ететін аппараттар өз кезегінде екіге бөлінеді.

  • Функциональды бағыттаушы

  • өзіндік функциональды әсер ететін

Әдісі мен орын әрекетіне байланысты

  • Бір жақты

  • Бір жақты жақ аралық әрекет

  • Екі жақты

  • Ауыз ішілік емес

Ұстауына байланысты:

  • әрекеттеуші

  • стационарлы

орналасу орнына байланысты:

  • ауыз ішілік оральды

  • вестибулярлы

  • ауыз сырты бастық

  • мойындық

  • жақтық

  • қосылған

Түріне байланысты аппараттар болады:

  • Доғалы

  • Каппа пластиналы

  • Блокты

  • каркасты


4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.


5. Әдебиет:

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.


6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978., стр-485-492.

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж., .


6. Бақылау сұрақтары:


1.Ортодонтиялық науқастың емдеу әдістерінің түрлері

2.Сүт тістесу кезіндегі ортодонтиялық науқасты емдеу әдістері.

3.Аралас тістесу кезіндегі ортодонтиялық науқасты емдеу әдістері.

4.Тұрақты тістесу кезіндегі ортодонтиялық науқасты емдеу әдістері.

5.Әсер ету принциптеріне байланысты ортодонтиялық топ аппараттары


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 6 Дисталды және мезиалды тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.


2.Мақсаты: Дисталды және мезиальды тістесудің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері туралы студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.


3. Дәрістің тезистері:

Прогениялық тістесу бұл – тіс қатарының түйісуі кезіндегі төменгі жақ тістері жоғарғы жақ тістеріне қарағанда мезиальды ораласуы. Энгль айтуынша сагитальды бағыттағы аномалияларының 3 класына жатады.


Авторлардың мәліметтері бойынша зерттелген балалар мен жас өспірімдер арасында 0,5-2,7% кездеседі.


Прогениялық тістесудің пайда болу себептері:


  1. туа пайда болған – оған бет қаңқасының құрылысы ерекшеліктері жатады, әсіресе төменгі жақтың.
  2. анасының жүктілік кезіндегі ауруы


  3. босану жарақаттары

  4. жақаралық сүйектің дамымай қалуы

  5. жоғарғы жақ аймағындағы толық немесе толық емес адентия

  6. жоғарғы жақ тістерінің ретенциясы немесе жоғалтуы.

  7. төменгі жақта аса көп тістердің болуы

  8. тістердің кешігіп ауысуы

  9. балалық шақтағы кальций элементтерінің алмасуының бұзылу аурулары.

  10. тілдің қысқа жүлгесі

  11. таңдай және тіл бадамшаларының гипертрофиясы

  12. макроглоссия

  13. жаман әдеттер – тіл мен жоғарғы ерінді, саусақты, әр түрлі заттарды сору.

  14. уақытша тістер бұдырларының бір келкі емес мүжілуі

  15. жоғарғы және төменгі жақ тістерінің бір келкі ауыспауы

  16. тістер орналасуының аномалиялары

  17. миодинамикалық тепе теңдіктің бұзылуына әкелетін әр түрлі себептер.

  18. жұтынудың инфантильді түрі

  19. сөйлеген кездегі тіл артикуляциясының бұзылуы

  20. акромегалия

  21. қабыну процестері, ісік пен туа пайда болған саңылаудың әсерінен жүргізілген хирургиялық ем.


Прогениялық тістесудің келесі түрлерін ажыратады:

  1. физиологиялық

  2. патологиялық


Физиологиялық тістесуде – тістердің алдыңғы және бүйір бөліміндегі көптеген түйісулердің болуы. оны анатомиялық үрдіс ретінде қарап, ортодонтиялық ем қолданбайды.


Патологиялық тістесуде – тіс арасындағы түйісулер бұзылған. Олар түзетуге негізделеді.


Екі түрді ажыратады:

  1. тіс альвеолярлы

  2. гнатикалық


прогениялық тістесу кезінде науқастың сыртқы беті: иек шығыңқы, үстіңгі ерін кіріп тұрады, беттің қыры ойыңқы.


Беттік белгілер:

жоғарғы жақ ерін төменгі жаққа қарағанда

мұрынасты қатпары ойыңқы

төменгі жақ еріннің ақшыл қызыл ойығы жуан

терең күрек тістесуінде беттің астыңғы бөлігі қысқарған, сондықтан төменгі ерін жуандатылған

еріндері қйын түйіседі.

ауыз саңылауы



<< предыдущая страница   следующая страница >>