https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 3 4 5 6

5. Әдебиет:

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.


6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)

1. Мезиалды тістүйістің даму себебі

2. Дисталды тістүйістің даму себебі

3. Мезиалды тістүйістің клиникасының негізгі түрлері

4. Дисталды тістүйістің клиникасының негізгі түрлері

5. Мезиалды және дисталды тістүйістің негізгі алдын алудың әдістері


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 7 Терең, ашық тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.


2.Мақсаты: терең, ашық тістесудің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері бойынша студенттердің теориялық білімін қалыптастыру.

3. Дәрістің тезистері: ашық тістесу тістесудің вертикальды аномалияларының бір түрі болып табылады. Бұл кезде тіс қатарларының түйісуі кезінде тістер арасында вертикальды саңылау болады. Бұл саңылау алдыңғы және бүйір тістер арасында болу мүмкін.


Ашық тістесудің жіктелуі:


  • Жарақаттық (жаман әдеттер салдарынан)

  • Нағыз (рахиттік)


Жарақаттық ашық тістесу келесі себептерден пайда болады:

  • Жаман әдеттерден (саусақты, ерінді, ұртты сору)

  • Ұйықтау кезінде басын шалқайту

  • Ауызбен дем алу

  • Инфальтилді жұтыну

  • Макроглоссия

  • Тіл жүлгесінің қысқаруы

  • Сөйлеу кезіндегі тілдің дұрыс емес артикуляциясы

  • Сорғыштарды көп уақыт сору

Нағыз ашық тістесудің себебі рахит болып табылады.


Ашық тістесудің айқын дәрежесі вертикальды саңылаудың көлеміне байланысты анықталады:

I дәрежесі – 5 мм ге дейін

II дәрежесі – 5 мм ден 9 мм ге дейін

III дәрежесі – 9 мм ден көп


Ашық тістесу функциональды бұзылыстарға әкеледі:

  • Тамақты тістеудің қиындауы

  • Шайнау

  • Дұрыс емес жұтыну

  • Сөйлеудің бұзылуы

  • Тыныс алудың өзгеруі

Ашық тістесу емдеуін оның түрі және дәрежесіне байланысты диференциалдайды.


  • Уақытша тістесу кезіндегі емдеу ашық тістесудің пайда болуын алдын алатын шаралармен жүру керек, бұлар:

  • Жаман әдеттерді жою

  • Тілдің орналасуын дұрыстау

  • Мұрынмен дем алуыды, жұтынуды, дыбыс шығаруды дұрыстау

Уақытша тістесу кезінде әр түрлі алмалы салмалы аппараттарды қолданады. Бұл аппараттар конструкциясына тілдің ұшын тіс қатарынан алыстататын сым және пластмасса элементтері кіреді. Сонымен қатар Андрезен – Гойпл активаторы, Мюлерман пропульсері, функияны реттеуші Френкель аппараттары қолданады. Бұл аппараттар кұрылымы окллюзияның трансверзальды немесе сагитальды патологиясына байланысты болады.

Аралас тістесудің бастапқы кезеңінде уақытша тістесу кезіндегі сияқты ем қолданылады. әр түрлі пластиналы аппараттарға трансверзальды және сагитальды окллюзия патологиясын жою үшін пружиналарды, рычактарды, лингвальды және вестибулярлы доғаларды бекітеді.



Аралас тістесудің соны мен тұрақты тістесуде алынбайтын доғалы аппараттар және тістерінің жағдайы жақсы болса реверсионды доғаларды қолданады. Бұл аппараттарды ауыз сыртылық вертикальды тяжбен бірге қолдануға болады. Жоғарғы жақтың ашық тістесуінде егер алдыңғы тістердің маңындағы тіс альвеоланың қысқаруы, ал алдыңғы бүйір тістер маңайындағы тіс альвеоласының ұзаруы болса онда Гербст – Кожакар аппараттарын қолдану керек.

Тұрақты тістесуде ем тез жүру үшін ортодонтиялық аппараттарды салу алдында компактоостемия жүргізуге болады.

Терең тістесу, ашық тістесу сияқты вертикальды тістесу аномалияларының бір түрі болып табылады. Нормада жоғарғы жақтың фронтальды тістері төменгі жақтың фронтальды тістер сауытын 1/3 бөлікке жауып тұру керек. Көбінесе адамдарда жоғарғы тістер төменгі тістерді жауып жатады.

Терең тістесудің себептері:


  • тұқымнан берілген факторлар

  • қатты тіндердің тіс жегі және тіс жегісіз бұзылыстары әсерінен бүйір тістердің жұлынуы және бұзылуы.

  • жаман әдеттер, саусақ және тағы басқа заттарды сору

  • тыныс алу, жұтыну, сөйлеу функцияларының бұзылуы.

  • аса көп тістер

  • диастемалар

  • кешіккен уақытша тістер

  • макродентия

Клиникалы терең тістесу кезінде беттің үштен бір бөлігі қысқарады, супраментальды жүлге тереңдейді, және де дистальды мен мезиальды тістесулердің белгілері пайда болады. Төменгіжақ самай буынының дисфункциясы және алдыңғы тістердің пародонтының салмақ түсуі пайда болады.


Емдеу әдістері:

алдыңғы тістердің тісальвеоланың ұзындауына әсер ететін себептерді жою, тістердің орналасуы мен тіс доғасының пішінін түзеу, төменгі жақ орналасуы мен жақ өсуін дұрыстау.

Уақытша тістесу кезеңінде:

  • тістерді сауыттар мен пломбалармен қалпына келтіру
  • вестибулярлы пластинка мен позиционерлерді қолдану


  • көрсеткіштерге қарай тіл жүлгесінің пластикасы

Уақытша тістесудің аяғында – Катц сауыттары, тістеу пластинкалары, активаторлар, Мюлеман пропульсерлар, Френкель оклюззионды аппараттар қолданады.

Тұрақты тістесуде - жақаралық тәждер мен доғалы аппараттарды қосады.


4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.


5. Әдебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.


6. Бақылау сұрақтары:

  1. Ашық тістесудің пайда болу себептері

  2. Терең тістесудің пайда болу сепебтері

  3. Ашық тістесудің беттік белгілері

  4. Ашық тістесудің ауыз ішілік белгілері

  5. Ашық тістесуді емдеу принциптері



ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 8 Айқасқан тістүйістің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.

2.Мақсаты: Айқасқан тістесудің этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері туралы студенттерде теориялық білімді қалыптастыру.



3. Дәріс тезистері:

Айқасқан тістесу- бұл тіс қатарларының қатынасындағы трансверзальды аномалия.


Жіктелуі:

Буккальды (ұрттық) айқасқан тістесу


  1. төменгі жақтың жылжуынсыз

  2. төменгі жақтың бір жаққа жылжуымен

  3. аралас - бірінші және екінші түрлерінің қосындысы.


Лингвальды айқасқан тістесу:

а)бір жақты

б)екі жақты


Қосарланған буккальды – лингвальды айқасқан тістесу:


Объективті: тіс симетриясы бұзылады, төменгі жақтың бүйір қозғалыстары шектеледі, СТЖБ дисфункциясы, төменгі жақтың жылжуы, төменгі ерін жүлгесінің жылжуы, тіс қатарларының жылжуы.


Себептері: қабыну процестері, шайнау функциясының төмендеуі, туа пайда болған саңылаулар, макродентия, аса көп тістер, макроглоссия, жаман әдеттер, бір жақты шайнау, бір жақ бөлігінің дамымауы, тістердің патологиялық мүжілуі, миодинамикалық тепе теңдіктің бұзылуы.


Емі: науқастың жасына, аурудың дәрежесі мен түріне байланысты.

Уақытша және ерте ауыспалы тістесуде: жаман әдеттерді жою, дем алу қызметін қалпына келтіру, кешіккен уақытша тістерді жұлу, уақытша мүжілмеген тіс бұдырларын егеу. Ауыздың домалақ, қанат тәрізді, шайнау бұлшықеттерінің миогимнастикасы. Тістердің аймақты зақымдалуында протездеуді қолдану. Тістесуді көтеретін сауыттар мен каппалар, алмалы салмалы каппалар, позиционерлер, функциональды қалыптастырушылар қолданылады.

Тұрақты тістесудің бастапқы және соңғы кезеңінде: жоғарыда аталған аппараттар мен аралас емдеу әдісі қолданады.

Тұрақты тістесуде – алынатын және алынбайтын аппараттар жүйесі.

Ересек адамдарда ортодонтиялық емнен кейін рациональды протездеу қолданылады.

Тұрақты тістесуде айтылған еммен бірге көп жағдайда хирургиялық ем қолданады. Айқасқан тістесуді алдын алу ерте уақытта жүргізілуі керек, алдын ала шараларының түрлері жоғарғы аталған есебептерге байланысты жасалады.



4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.


5. Әдебиет:

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.


6. Бақылау сұрақтары:

1.Айқасқан тістесудің негізгі түрлері

2.Айқасқан тістесу кезіндегі клиникалық көрініс

3.Айқасқан тістесуге әкелетін негізгі себептер

4.Уақытша, ауыспалы, тұрақты тістесу кезіндегі айқасқан тістесуді емдеу әдістері.


ДӘРІСТІК КЕШЕН:


1. Тақырып № 9 Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принципі.


2.Мақсаты: Тістер орналасуының аномалиялары. Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы және емдеу принциптері туралы студенттерде теориялық білімді қалыптастыру.


3. Дәрістің тезистері:

Тістер орналасу аномалияларына келесі түрлері жатады:

- вестибулярлы

- оральды


- мезиальды

- дистальды

- супра және инфра орналасу

- тортоаномалия

- тістердің транспозициясы


Уақытша тістерде тұрақты тістерге қарағанда аномалиялық орналасулар аз болады. Көп уақытта аномалиялық орналасу қатарласа келеді.


Аномалиялық орналасудың себептері:

- тіс зачаткаларының атипиялық салынуы

- жақтардың өсуінің бұзылыстары

- тіс қалыптасу үрдісінің бұзылуы

- уақытша және тұрақты тістердің көлемдерінің сәйкес келмеуі

- аса көп тістер

- макродентия

- уақытша тістердің ерте жұлынуы

- тұрақты тістердің бұзылуы мен жұлынуы.


Тістердің мезиальды ораласу – бұл алдыңғы тістердің бір біріне өз өсінде айналып қиғаш және тығыз орналасу. Сол кезде тіс жүйесіне бір келкі ауырлық түспеу себебінен пародонт аурулары пайда болады.

Тістердің мезиальды ораласуын емдеуде келесі әдістер қолданылады:

тіс доғаларын кеңейту

тістердің дистальды жылжуы

тістердің өз осінде айналуы


Уақытша тістесу мен аралас тістесудің бастапқы кезеңінде: ползиционерлерді, Френкель аппараттарын, кеңейткіш виттары бар пластинкаларды қолдануға болады.

Ауыспалы тістесуде көп жағдайда винттары, пружиналары, рычагтары бар пластиналар қолданады.

Тұрақты тістесу кезенінде ең жақсы қорытынды беретін брекит жүйесі мен доғалы аппараттар қосындысы.

Дистальды жылжуға көбінесе күрек тістер, әсіресе ортаңғы тап болады. Бұл диастеманың пайда болуына әкеледі.

себептері: сүйір күрек тістердің адентиясы, ортаңғы күрек тіс арасындағы альвеолярлы сүйек тінінің қатты тығыздалуы, жоғарғы ерін үзбесінің төмен бекуі, сүйір күрек тістерді жоғалту, күрек тістер аймағындағы аса көп тістердің болуы, жаман әдеттер, саусақты. тілді, заттарды сору. Диастемалардың өз еркімен орнына келуі шектелген.



Уақытша тістесу кезеңіндегі диастемаларды емдеу - жаман әдеттерді жою және мұрынмен тыныс алуды қалпына келтіру үшін, позиционерлер мен вестибулярлы пластинкалар қолданылады. аса көп тістер жұлынады. Диастеманы емдеу кезінде жоғарғы еріннің үзбесінің пластикасы , альвеолааралық пердену алу арқылы қолданады. Өз бетімен қалпына келу мүмкіндігін еске ала отырып, пластиканы сүйір күрек тістер шықаннан кейін жасайды. егер жоғарғы жақ еріннің үзбесі жуан болса онда өз бетімен қалпына келуі болмайды, сондықтан операция уақыты басқа болады.


Аралас тістесу кезіндегі диастеманың емі: қолтәрізді және де басқа пружиналары, вестибулярлы доғалары бар ортодонтиялық алмалы аппараттар қолданады.


Тұрақты тістесу кезінде – диастеманы емдеуде кең қолданылатын бұл брекит жүйесімен бірге доғалы аппараттар. Тіс жақ жүйесінің өсіп қалыптасуынан кейін үлкен көлемді диастемаларды әр түрлі құрылысты алмалы және алынбайтын протездермен жабуға болады.


Тістердің өз өсінде айналу, тістердің оральды және вестибулярлы орналасуы – көбінесе уақытша тістерді ерте жұлу және тіс қатарында орынның болмауына байланысты.

Тістердің өз өсінде айналу, тістердің оральды және вестибулярлы орналасуының емі: алынатын және алынбайтын доғалы аппараттар қолданылады.


Жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясы бұл – тістердің толық жарып шықпауы. көп жағдайда бұл ақау тіс қатарындағы орынның жоқ болуымен, тіс ұрықтарының дұрыс орналаспауымен және де т,б себептерге байланысты. Тістердің орналасу аномалияларында әсіресе жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясын емдеуде тіс қатарында орын босату ең маңызды болып табылады. Ары қарай ем ретенерленген тістерді алынбайтын протездермен емдеумен жалғастырады. Бірақ тіс қатарында тістерге орын жеткілікті болғанда оны алмалы аппаратқа ауыстыруға болады.

Төменгі жақ тістерінің супрапозициясы және жоғарғы жақ тістерінің инфропозициясы тіс антогонистерді жарақат әсерінен, толық адентия, тістердің тығыз орналасу салдарынан ерте жоғалтқан кезде пайда болу мүмкін.



4. Көрнекі материал: презентация, слайдтар.


5. Әдебиет

1.Базикян Э.А. Пропедевтическая стоматология: учебник. – М., 2008. – 768 б.

2.Образцов Ю.Л., С.Н. Ларионов. Пропедевтическая ортодонтия: учебное пособие. – СПб.: СпецЛит, 2007. – 254 б.

3.Персин А.С. Стоматология детского возраста, 2004 ж.

4.Хорошилкина Ф.Я. «Руководство по ортодонтии» М., 1982.

5.Хорошилкина Ф.Я., Френкель «Диагностика и функциональное лечение зубочелюстно-лицевых аномалий» М., 1987 ж.

6.Колесов А.А. « Стоматология детского возраста» М., 1978.,

7.Аболмасов Н.Г., Аболмасов Н.Н Ортодонтия: учебное пособие. М.: МЕДпресс-информ, 2008. – 424 б.

8.Уразалин Ж.Б. и др. Лечебная физкультура в стоматологии (учебное пособие). – Алматы, 1999. – 88 б.

9.Хорошилкина Ф.Я. Дефекты зубов, зубных рядов, аномалии прикуса, миофункциональное нарушение челюстно-лицевой области и их комплексное лечение.- МИА: Москва, 2006 – 544 б.

10.Дистель В.А., Сунцов В.Г., Вагнер В.Д. Пособие по ортодонтии., М., 2000 ж.


6. Бақылау сұрақтары:

1.Тіс орналасу аномалияларының негізгі себептері

2.Тістердің мезиальды орналасу кезіндегі қолданылатын ем

3.Тістердің вестибулярлы, оральды және өз өсінде айналу кезіндегі қолданылатын ем

4.Жоғарғы жақ тістерінің супрапозициясы және төменгі жақ тістерінің инфропозициясы кезінде негізгі кезен


<< предыдущая страница