https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Аманкелді Д.А., Оспанбаев Ж.А.


Ғылыми жетекші: оқытушы Оспанбаев Ж.А.


Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі және оны қамтамасыз ету жолдары


Қазіргі таңда жыл сайын миллиондаған адамдар қауіпсіз емес азық- түлікті тұтынудың салдарынан қауіпті ауруларға ұшырайды және соңғы он жылдықтарда бірнеше елдердегі аурулар саны айтарлықтай өсіп кетті. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1974 жылы «Әлемде азық-түлік қауіпіздігін жабдықтау бойынша халықаралық міндеттеме» қаулысын қабылдады, және ол нақты түрде азық-түлік қауіпіздігінің мәнін анықтады. Дүниежүзілік Сауда Ұйымының мәліметі бойынша, жер бетіндегі халықтың үштен бірі сапасыз тағам мен судан зардап шегеді екен. Неғұрлым халық саны өскен сайын, соғұрлым азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі қиындап жатыр. Ал 17 миллиондай тұрғыны бар Қазақ­станға келсек, біздің елдегі халық өсімі 2050 жылы шамамен 23-24 миллион адамға жетпек. Сонымен қатар, даму жағынан артта қалған елдердегі азық-түлік тапшылығы да үлкен мәселе болып табылады. Жер шары тұрғындарының 14 пайызына тең). Осы мәселемен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы айналысады. Жаһандық азық-түліктің қауіпсіздігі қоғамдық денсаулықтың басымдылығы болып табылады.

Азық-түлік қауіпсіздігіне кері әсер ететін факторлар: әлемдегі

Азық-түлік өнімдерінің қымбаттауы, кедейшілік, инфляция деңгейінің өсуі,санитарлық жұмыстардың дұрыс жүргізілмеуі, су ресурстары мәселелері, географиялық жағдайлардың қиындығы және халық санының күрт өсуі.

Бүгінде сауданың дамуы (жаһандануы) әсерінен өзімізде өндірілетін және шеттен әкелінетін азық-түліктің қауіптілігі күшейіп жатыр. Мысалы, шошқаның африкалық оба ауруы, құс тұмауы сияқты індеттердің барлығы азық-түліктер импортталған елдерден келіп таралуы әбден мүмкін.

Жаһандық азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі мәселелері:

1.Микробиологиялық қауіптердің таралуы (Salmonella немесе Escherichia coli сияқты бактериялар)


2. Азық-түлік өнімдерінің химиялық ластануы;

3.Жаңа азық-түлік технологияларының бағалануы (генетикалық модификацияланған өнімдер);

4. Азық-түлік қауіпсіздігінің көптеген елдердегі орнықты жүйесі.[1]

Елбасы Н.Назарбаев өзінің 2010 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету – маңызды мәселе. 2014 жылға қарай азық-түлік өнімдерінің ішкі нарығының 80 пайызын отандық азық-түлік өнімдері құрауы тиіс. Бізде бұған толық мүмкіндік бар»,-деп атап кеткендей, қазірден бастап отандық өнімдердің санын арттырып, бұл мәселені қолға алуымыз керек.[2]


Қазақстан Республикасындағы Израиль елшілігі өзінің құрметін көрсетіп, МАШАВ Еврей Университетімен бірігіп 2014 жылдың 3-27 ақпан аралығында ағылшын тілінде Израильде «Feeding the future: Food safety and technology in times of global change» (Болашақты қамтамасыз ету: Азық түлік қауіпсіздігі және жаһандық өзгерістер уақытындағы технологиялар) атты бағдарламасын өткізген болатын. Бұл бағдарлама биология, микробиология, биотехнология салаларының кәсіби мамандарына арналған.

Азық-түлік қауіпсіздігінің Дүниежүзілік стандарты BRC (British Retail Consortium - Кәсіпорынның бөлшек саудасының британдық консорциумы)

Сатылатын aзық-түлік өнімдерінің сапасына кепілдік ету үшін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрылған.[1]

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету дегеніміз – ауыл шаруашылық өндірісінің дамуы үшін, сондай-ақ отандық өндірістер мен импорт арасындағы оптималды арақатынасты анықтау үшін азық-түліктің негізгі бөлігін материалдық, қаржылық, еңбек және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасау есебінен ел ішінде өндіру. Кез келген елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің деңгейі мен сапасы ауыл шаруашылық жағдайы мен агроөнеркәсіптік кешенге байлынысты салалардың жағдайына тікелей байланысты болады. 

Егер Еуропалық комиссия өнімдердің қауіпсіздігін және сапасын бақылаудың жаңа бағдарламаларын ұсынатын болса, ол аудандар мен қалалардағы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне жауап беретін инспекторлардың жұмысынан көрініс табады. Керісінше, егер зертханада азық-түлік өнімдерінен зиянды зат табылса, бұл жайлы басқа да еуропалық мемлекеттер білуге тиіс.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдары:

1. Денсаулыққа қауіп туғызатын заттар мен микроағзаларды анықтаудың оңай және арзан әдістерін жасау.

2. Азық-түлік өнімдерінің бактериялық, микологиялық, паразитарлық тазалығын бақылау үшін және олардың құрамындағы гармондар мөлшерін анықтауға арналған зерттеу жұмыстарын кеңейту және тереңдету.

3. Аурулардың алдын алып, оларды жедел түрде анықтаудың және емдеудің қазіргі заманға сай әдістерін пайдалану (моллекулалық генетика, иммунология әдістері).

4. Қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын, санитарлық бақылауларға қатаң тәртіп енгізу.

5. Жердің құнарлығын арттыру үшін жаңа технологияларды енгізіп, жерге әрдайым күтім жасау.

6. Тауарды өндірушілер мен сатып алушылар арасындағы байланысты ынталандыру.

7. Азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда қосымша сақтық қорын жинау (резерв).

8. Нарықтағы тұтыну бағасын тұрақтандыру (халыққа қол жетімді баға орнату)[3].

Қортындылай келе, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде орын алатын мәселелер ғаламдық мәселеге айналып бара жатыр. Халықты қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету, ашаршылық тудырмау еліміздің басты мақсаттарының бірі болып табылады. Себебі, азық-түлік қауіпсіздігі барлық экономикалық жүйеге тән экономикалық категория. Азық-түлік қауіпсіздігін экономикалық және ұлттық қауіпсіздіктің ең маңызды құраушысы ретінде құрастыру қажет. Жалпы айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігі- азық-түлік ресурстарымен, потенциалмен, кепілдіктермен қамтамасыз етілген сыртқы және ішкі жағдайлардан және қауіп қатерлерден мемлекеттің ел тұрғындарын түгелдей және жекелей азаматтардың қажеттіліктерін тамақ өнімдерімен, ауыз сумен және басқа да тамақ өнімдерімен жеткілікті қамтамасыз ету. Азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды қасиеті отандық азық-түлік түрлерімен халықтың қамтамасыздығының деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің бірнеше жолдары қарастырылды.



Әдебиеттер тізімі


  1. Глобальная стратегия ВОЗ в области безопасности пищевых продуктов. 2002 г.

  2. http://egemen.kz Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2010ж.

  3. Позняковский В.М «Гигиенические основы питания, качество и безопасность пищевых продуктов» Сибирское университетское издательство. 2007 г.

Түйін

Мақала жаһандық азық-түлік қауіпсіздігі мен оны қамтамасыз етудің өзекті мәселелеріне арналған. Авторлар сапасыз әрі қауіпті азық-түліктің адам денсаулығына зиянын қарастырып, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жолдарын көрсетеді.

Резюме

Статья посвящена актуальным проблемам продовольственной безопасности и ее обеспечения. Авторы рассматривав вреды не качественной и опасной продовольствии к здоровью человека предложили пути обеспечения продовольственной безопасности.

Summary

Article is devoted to topical issues of food security and its maintenance. The author examines the disadvantages are not dangerous food quality and human health have suggested ways to ensure food security.