https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4

Бағдарламаларды автоматты түрде синтездеу (Автоматический синтез программ; automatic synthesis of the programs) — мәселелерді шешу программаларын осы мәселелердің сипаттамасы бойынша даярлау. Ол бағдарламалаудың интелектілік жүйесінің негізгі қызметі болып саналады.

Бағдарламаларды бөлу (Разделение программ; program sharing) — сол бір бағдарламаны бірнеше компьютердің немесе абоненттердің бір мезгілде пайдалану мүмкіндігі.

Бағдарламаларды қайта аудару (Ретрансляция программ; program retranslation) — аударуға кері процесс-объектілік модульдерді алғашқы тілдегі бағдарламаға автоматтық түрлендіру.

Бағдарламаларды түрлендіру (Преобразование программ; program transformation) — жүйелілік әдістерді қолдану негізінде алғашқы программалардан жаңа бағдарламалар алу.

Бағдарламалардың байланыс блогы (Блок связи программ; program communication block) — IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде мәліметтер базасының ішкі схемасының сипаттамасы.

Бағдарламалардың сипаттама блогы (Блок спецификации программ; program specification block) - IMS и OKA мәліметтер базасын басқару жүйесінде бағдарламаның байланыс блоктарының жиынтығы болып саналатын модуль. Бағдарламадағы пайдаланылатын әрбір мәліметтер базасы үшін бір блоктан келеді.

Бағдарламалардың үйлесімділігі (Совместимость программ; compatibility of the programs) — аса күрделі мәселелерді шешу үшін бағдарламалық кешендер мен автоматтандырылған жүйелерді бір-бірімен біріктіру тұрғысынан бағдарламалардың жарамдылығы.


Мәліметтер (данные; data) - автоматты құралдардың көмегімен, кей жағдайда адамның қатысуымен, өңдеуге I ыңғайлы түрде берілген мағлұмат. Мәліметтердің кірістік, шығыстық, басқару, проблемалық, сандық, мәтіндік, графикалық және т.б. түрлерін атап өтуге болады. Арифметикалық (сандық) мәліметтер (арифметические (числовые) данные; arithmetic data) — арифметикалық амалдар орындауға болатын мәліметтер, яғни сандар. Әріптік мәліметтер (Буквенные данные; alphadetic data) — алфавит әріптері мен бос орындардан тұратын мәліметтер. Басқару мәліметтері (Управляющие данные; (управляющая информация) control information) — құрылғының, программаның, жүйенің қандай да бір басқару функцияларын орындауға қажетті мәліметтер. Графикалық мәліметтер (Графические данные; graphic data) — 1) графикалық бейне түріндегі (сурет, схема) мәліметтер; 2) графикалық объектілерді бейнелеуге жеткілікті болатын олардың машиналық өрнегі. Дискрет (цифрлық) мәліметтер (Дискретные (цифровые) данные; digital data) — цифрлық кодпен өрнектелген мәліметтер. Екілік мәліметтер (Двоичные данные; binary data) — екілік кодпен өрнектелген мәліметтер; мәндері екілік санау жүйесіндегі сандар болып келетін мәліметтер. Жабық (қорғалган) мәліметтер (Закрытые (защищенные) данные; restricted data) — кейбір өзгертулердің ғана пайдалану мүмкіндігі бар мәліметтер. Әдетте, қорғау пароль жүйесі арқылы іске асырылады. Кірістік мәліметтер (Входные данные; input data) — өңдеу немесе сақтау үшін жүйеге енгізілетін мәліметтер. Ондық мәліметтер (Десятичные данные; decimal data) — ондық санау жүйесінде өрнектелген мәліметтер. Реттелген мәліметтер (Упорядоченные (отсортированные, ранжированные) данные; ranked data) — берілген реттік қатынаспен орналастырылган мәліметтер (<- өспелі, >-кемімелі, <=кемімейтін, >= -өспейтін). Шифрланган мәліметтер (Зашифрованные данные; cipher data) — компьютердің жадында шифрланган түрде сақталатын мәліметтер (яғни криптографиялық қорғау тәсілі қолданылған мәліметтер). Шығыстық мәліметтер (Выходные данные; output data) — мәліметтерді шығару құрылғыларына компьютерден түсетін мәліметтер; программаның орындалу нәтижелері.


Бағдарламалық құжат (Программный документ; program document) — компьютерде белгілі бір есепті (программалық бұйымды) дайындау, шығару, сүйемелдеу жөне пайдалану үшін қажетті мағлұматтары бар құжат.


Дәріс 3. КОМПАС бағдарламасы жайында жалпы мағлұматтар.


КОМПАС – бұл графикалық әмбебап жүйе. Жұмыс үстеліндегі пиктограмманы немесе бағдарламаның – ПУСК кнопкасын басу арқылы іске қосуға болады.

КОМПАС-тың жұмыс үстелі келесі бөліктерден тұрады:


  1. Түсіру мәзірі – жоғарғы жолдар (файл, редактирование, вид, вставка, фор­мат, рисование, размеры, помощь);

  2. Аспаптардың стандартты панелі – екініші жол;

  3. Нысаналар қасиеттерінің жолы – үшінші жол;

  4. Жағдай жолы – төменгі жол;

  5. Бұйрық жолының терезесі – жағдай жолының алдында орналасқан;

  6. Сызба аймағы –жұмыс үстелінің қалған бөлігі.

Түсу менюі.

Файл – файлдармен жұмыс істеу мәзірі.

Редактирование – жұмыс үстелінің сызба аймағыны бөлігін түрлендіру мәзірі

Вид – экранды басқару бұйрықтарынан, бет кеңістігі мен моделдер кеңістігінің тәртібін өзгертуінен, көзбен қарауды аймағын орнатудан, көрінбейтін сызықтарды жоюдан, бояудан, өңін өзгертуден тұрады.

Вставка – блоктарды, сыртқы нысаналарды, басқа қосымшаларды қоюды қамтамасыз етеді.

Формат – қабаттармен, түстермен сызық түрлерімен, текст түрін басқарумен, сызу шекараларымен өлшем бірліктерін қоюмен жұмыс істеду қамтамасыз етеді.

Рисование – сурет салу бұйрықтарын іске қосады.


Размеры - өлшемдерді қою бұйрықтарын құрап, өлшем параметрлерін басқарады.

Аспаптардың стандартты панелі. Бағыттағышты панель түймешелеріне жақындатқанда түймеше берілгендері жайында мәлімет пайда болады.

Нысана қасиеттері аспаптарының панелі. Бұл панелдің кейбір түймешелері ашылатын тізімді құрайды. Оларды басқанда тізімді шығаратын кішкентай қара үшбұрыш пайда болады.

Жағдай жолы. Бағыттағыш координаталарымен сызу тәртібін қосып, ажырату түймешесінен тұрады.

Бұйрық жолының терезесі. Auto­CAD-пен қарым-қатынас жасауды және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бұйрық жолының терезесін экранға толық шығаруға болады (кл. F2). Бұл жағдайда терезе енгізілген бұйрықтар жайында толық мағлұмат беріп, текстік терезе деп аталады. Текстік терезедегі тексті бұйрық жолының терезесіне көшіруге болады.

Келесі функционалды басқыштарды қолдануға болады:

F6 – жол жағдайында; бағыттағыш координаталары шығады:

F7 – экрандағы торды қосып, өшіреді (сызу тәртібі үшін);

F8 – қосу/өшіру. ОРТО тәртібі (тік және көлбеу түзіу сызықтарды сызу).

F9 – қадамдарды қосу/өшіру, яғни бағыттағыштың жылжу қадамын реттеу.

Мәзірді және аспаптар панелін таңдау үшін «тышқан» («мышь») деп аталатын құрылғыны қоданады. Сол жақтағы түймеше таңдауға және экрандағы нүктені көрсетуге, ал оң жақтағы түймеше ENTER тәрізді әрекетті іске асыруға арналған. Егер <SHIFT> клавишасын басып тұрып «тышқанның» оң түймешесін бассақ, онда нысана байланыстарының тізімі шығады.


Дәріс 3. Кордината жүйелері

AutoCAD-та кординатты абсолютті не салыстырмалы кординат түрінде енгізуге болады. Абсолютті кординаттарды келесіә форматтарда енгізуге болады: тікбұрыш (декартты) координат (X, Y); полярлы координат r < А, мұнда r — радиус, ал А — сағат тіліне қарсы бағыттағы градус түрінде берілген, алдыңғы нүкте бұрышы. Салстырмалы кординаттар соңғы енгізілген нүктенің ығысуын береді. салыстырмалы кординаталарды енгізу барысында абсолютті кординаттарды жазудың кез-келген форматын қолдануға болады: @ds, dy — тікбұрыштар үшін; @r


AutoCAD координатты бейнелеудің үш форматын қолдануға мүмкіндік береді.

1. Динамикалық абсолютты координаттар – ағымдағы жағдайды көрсететін абсолютты координаттар.

2. Статикалық абсолютты координаттар – есеп моментінде ғана өзгеретін абсолютты координаттар

3. Динамикалық полярлық координаттар – курсордың ағымдағы жағдайын көрсететін полярлық координаттар.


Дәріс 4. Экранмен жұмыс істеу

AutoCAD – бұл графикалық әмбебап жүйе. Жұмыс столындағы пиктограмманы немесе бағдарламаның – ПУСК кнопкасын басу арқылы іске қосуға болады.

AutoCAD-тың жұмыс столы келесілерден тұрады:


  1. Түсу менюі – жоғарғы жол (файл,редактирование, вид, вставка, фор­мат,рисование, размеры, помощь);

  2. Аспаптардың стандартты панелі – екніші жол;

  3. Нысаналардың қасиеттерінің жолы – үшінші жол;

  4. Жағдай жолы – төменгі жол;

  5. Бұйрық жолының терезесі – жағдай жолының алдында;

  6. Графикалық аймақ –жұмыс столының қалған бөлігі.

Түсу менюі.

Файл – файлдармен жұмыс істеу менюі.

Редактирование – жұмыс столының графикалық аймағының бөлігін редакциялау менюі

Вид – экранды басқару бұйрықтарынан, бет кеңістігі мен моделдер кеңістігінің тәртібін өзгертуінен, көз қаратуды орнатудан, көрінбейтінсызықтарды жоюдан, бояудан, өңін өзгертуден тұрады.

Вставка – блоктарды, сыртқы нысаналарды, басқа қосымшаларды қоюды қамтамасыз етеді.

Формат – қабаттармен, түстермен сызық түрлерімен, текст түрін басқарумен, сызу шекараларымен өлшем бірліктерін қоюмен жұмыс істеду қамтамасыз етеді.

Рисование – сурет салу бұйрықтарын іске қосады.

Размеры - өлшемдерді қою бұйрықтарын құрап, өлшем параметрлерін басқарады.

Аспаптардың стандартты панелі. Курсорды панелькнопкаларына таятқанда кнопканың берілгендері жайында мәлімет пайда болады.


Нысана қасиеттері аспаптарының панелі. Бұл панелдің кейбір кнопкалары ашылатын тізімді құрайды. Оларда басқанда тізімді шығаратын кішкентай қара үшбұрыш бар.

Жағдай жолы. Курсор координаталарымен сызу тәртібін қосып, өшіретін кнопкасын құрайды

Бұйрық жолының терезесі. Auto­CAD-пен қарым-қатынас жасауды және бұйрықтарды енгізуді қамтамасыз етеді. Бұйрық жолының терезесін экранға толық шығаруға болады (кл. F2). Бұл жағдайда терезе енгізілген бұйрықтар жайында толық мағлұмат беріп, текстік терезе деп аталады. Текстік терезедегі тексті бұйрық жолының терезесіне көшіруге болады.

Келесі функционалды клавишаларды қолдануға болады:

F6 – жол жағдайында; курсор координаталары шығады:

F7 – экрандағы торды қосып, өшіреді (сызу тәртібі үшін);

F8 – қосу/өшіру. ОРТО тәртібі (тік және көлбеу түзіу сызықтарды сызу).

F9 – қадамдарды қосу/өшіру яғни курсордың жылжу қадамын.

Менюді және аспаптар панелін таңдау үшін «мышь» деп аталатын құрылғыны қоданады. Сол жақтағы кнопка таңдауға және экрандағы нүктені көрсетуге, ал оң жақтағы кнопка ENTER тәрізді әрекетті іске асыруға арналған. Егер <SHIFT> клавишасын басып тұрып «мыштың» оң клавишасын бассақ, онда нысана байланыстарының тізімі шығады.


Дәріс 5 Экранды басқару

Дәріс 6 Объектіні құрастыру













- объектіні тасымалдау командасы

- объектіні көшіру командасы (COPY)



- объектіні бұру командасы (ROTATE)

Мысалы:

Command: ROTATE

Select objects: Объектіні көрсету

Select objects: <Enter> Бәрі алынды

Base point: INT of бұрылу ортасын көрсету

/Reference: 90 - бұрыш.

+90 – сағат тіліне қарсы

90 – сағат тілі бойынша



- сурет өлшемдерін өзгертуге мүмкіндік береді (SCALE)



М
ысалы:



<< предыдущая страница   следующая страница >>