https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 8 9 10 11 12

1. Тақырып: №5 Заманауи АІИ – ң эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру принциптері.

2. Сабақтың мақсаты: Қазіргі таңдағы АІИ – ң эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру принциптері, этиологиясы, даму ерекшеліктері туралы студенттерде білім қалыптастыру.

3. Оқыту тапсырмалары: Студент білуі тиіс:


  • Қазіргі таңдағы АІИ – ң этиогиясын

  • Қазіргі таңдағы АІИ – ң эпидемиялық процессіне сипаттама.

  • Қазіргі таңдағы АІИ кезіндегі профилактикалық және эпидемияға қарсы шараларды.

  • Газды гангрена және сіреспенің эпидемиялық процессінің қарқындылығын бағалауды.

  • АІИ кезінде эпидемиялық бағалау жүргізу

  • Қазіргі таңдағы АІИ – ға эпидемияға қарсы және профилактикалық шараларды ұйымдастыру.

4. Өткізу формасы: презентация

5. Тақырып бойынша тапсырма: (Келесі сұрақтарға өздігімен дайындалу )

Сұрақтар

  1. Қазіргі таңдағы АІИ – ң клиникасы, этиологиясы.

  2. Қазіргі таңдағы АІИ – ң эпид.процессіне сипаттама.

  3. Қазіргі таңдағы АІИ эпид.қадағалау

  4. Қазіргі таңдағы АІИ – ң эпидемиологиясы және күресу шаралары

6. Таратушы материал: (тесттер)

7. Қолданылған әдебиет:

1. Амиреев С.А., Муминов Т.А., Сергиев В.П., К.С.Оспанов. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях 2 т. Алматы, 2009.

  1. Л.П.Зуева, Р.Х.Яфаев Эпидемиология: Учебник-СПб:ООО «Издательство ФОЛИАНТ», 2006.

  2. Власов В.В. Эпидемиология. Учебное пособие. 2-е издание – М., 2006
  3. Покровский В.И., Брико Н.И. Руководство к практическим занятиям по эпидемиологии инфекционных болезней.- «ГЭОТАР - Медиа», Москва, 2005.




1. № 6 Тақырып: «Қорытынды бақылау».

Оқытудың мақсаты және міндеттері: оқылған тақырыптар бойынша білімін тексеру.

Жүргізу түрі: сынақтық сұрақтармен жазбаша бақылау алу.

Тақырып бойынша тапсырма: негізгі сұрақтар бойынша дайындау

Бақылау сұрақтары:

Диф. сынаққа арналған сұрақтар.

  1. Эпидемиология пәні, мақсаты мен міндеттері.

  2. Эпидемиялық процеске анықтама беріңіз.

  3. Жұқпалы аурулармен күресудегі эпидемиологияның негізгі жетістіктері.

  4. Эпидемиялық процеске қандай тізбектерден тұрады?

  5. Эпидемиялық процесс дамуындағы табиғи және әлеуметтік жағдайлардың рөлі.

  6. Эпидемиялық процесс көрінуінің түрлері.

  7. Тұрғындардың иммунологиялық құрылымы және оның эпидемиялық процесс ағымына әсері.

  8. Жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық жіктелуінің қағидалары?

  9. Эпидемиялық процестің тізбектеріне бағытталған негізгі эпидемияға қарсы шаралар.

  10. Эпидемиологиялық диагностика дегеніміз не?

  11. Эпидемиологиялық қауырт және ретроспективті талдаудың мақсаты мен негізгі міндеттері.

  12. Жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалаудағы мақсаты мен міндеттері.

  13. Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру және тексеру кезінде толтырылатын құжаттар.

  14. Дезинфекция, анықтамасы, түрлері және әдістері.

  15. Дезинсекция, анықтамасы, түрлері және әдістері.

  16. Дератизация, анықтамасы, түрлері және әдістері.

  17. Жұқпалы аурулардың алдын алу және егуге қарсы көрсетілімдер.

  18. Иммунобиологиялық препараттар түрлері, енгізу әдістері.

  19. Вакцинадан кейінгі реакциялар және вакцинадан кейінгі асқынулар.

  20. Иммунобиологиялық препараттардың сақталуы мен тасымалдануы.

  21. Ішек инфекциясы топтарына тән негізгі ерекшеліктер.


  22. Ішек инфекциясына эпидемиологиялық қадағалау және эпидемиологиялық диагностикалау ерекшеліктері.

  23. Ішек инфекциялары ошақтарында жалпы алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?

  24. Тыныс жолдары инфекцияларының негізгі эпидемиологиялық ерекшеліктері.

  25. Тыныс жолдары инфекциялары кезіндегі эпидемиялық процесс дамуы жағдайлары және жетекші себептері?

  26. Тыныс жолдары инфекциялары кезіндегі эпидемиялық процестің көрінуі?

  27. Тыныс жолдары инфекциялары кезінде негізгі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар жүргізіледі?

  28. Тыныс жолдары инфекцияларындағы эпидемиологиялық қадағалаудың ерекшеліктері.

  29. Қан инфекцияларына эпидемиологиялық сипаттама.

  30. Жұқпалы аурулардың табиғи ошағы туралы ілімнің негізгі қағидасын атаңыз.

  31. Қан инфекцияларын негізгі эпидемиологиялық қадағалаудың ерекшеліктері.

  32. Қансорғыш буынаяқтылардың эпидемиялық процесінің рөлі.

  33. Трансмиссивті инфекциялар ошағында жүргізілетін негізгі алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар.

  34. Сыртқы жабынды инфекциялары топтарын сипаттау.

  35. Сіреспе мен құтырудың алдын алуы бойынша травматологиялық бөлімшенің жұмысы қалай жүргізіледі?

  36. Сыртқы жабынды инфекциялары ошағында қандай алдын алу және эпидемияға қарсы шаралары жүргізіледі?

  37. Сіреспе мен құтырудың алдын алуы бойынша ветеринариялық қызметтің жұмысы қалай жүргізіледі?

  38. Клиникалық эпидемиология нені оқытады?

  39. Дәлелді медицина дегеніміз не?

  40. Клиникалық медицина мен биостатистиканың байланысы.

Қорытынды бақылау сынақтық сұрақтары (80сұрақ)


МАМАНДЫҒЫ: Жалпы медицина

КАФЕДРА: Эпидемиология

СТУДЕНТТІҢ ӨЗІНДІК ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР



КУРСЫ: 3


ПӘНІ: эпидемиология


ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Кафедраның ПОҚ-ы


2012 ж.


1. Тақырыбы 1. Эпидемиялық процестің аймақ және уақыт бойынша көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы.

2. Мақсаты: Эпид процесстің әртүрлі мағынасы мен ролін белгілеу және олардың

интерпретациясы.

3. Тапсырма:

1. А) «көтеріліске келтіретін» және «көтерілістің алдыңғы» жағдайына

түсінік беру.

2. Б) эпидемиялық жағдайларды төмендететін негізгі әлеуметтік және табиғи

«көтерілістің алдыңғы» негізгі жағдайын атаңыз:

а) ішектік инфекциялар

б) тыныс алу жолдарының инфекциялары

в) зооноздар

В) Эпидемиялық процесстің келесі көріністеріне анықтама беру:

- эпидемиялық сырқаттанушылық (эндемия)

- экзотикалық сырқаттанушылық

- спорадикалық сырқаттанушылық (эпидемия)

- эпидемиялық бүрқ етпе

- пандемия

4. Орындау түрі: реферат

5. Орындау критерийі:

1. рефератты қорғау;

2. негізгі мәтінді сипаттау;

3. қолданылған әдебиеттер;

6. Тапсыру мерзімі: 1 аптадан кеш емес.

7. Бағалау критерийлері: Ең жоғарғы балл саны – 5

5 балл 1 СӨЖ үшін – талаптарды 100% орындағанда.

4 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ –ді орындағанда аз кемшіліктер жіберілген

3 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ – ді орындағанда елеулі кемшіліктер жіберілген

2 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ орындалуы талаптарға сай емес.

8. Әдебиеттер: С.Ә. Әмиреев «Эпидемиология», 1 т – «Жалпы эпидемиология», Алматы, 2001, б.

9. Бақылау (сұрақтар):

1. нозоареал туралы түсінік?

2. инфекцияның эндемиялық таралуы?

3. эпидемиялық әлеуметтік – экологиялық жүйелердің аумақтық дифференциациясы?


4. табиғи – ошақ және эндемия жайлы түсінік?


1. Тақырыбы 2: Эпидемиялық процестің әр түрлі халық топтары арасындағы көрінуінің қазіргі кездегі сипаттамасы.

2. Мақсаты: Әр түрлі халық топтарындағы эпид. процесстің қазіргі кездегі көріну сипаттамасын меңгеру.

3. Тапсырма: Әр түрлі халық топтарының сырқаттанушылығына сипаттама беру:

- Жасына

- Ұйымдасқан түрдегі коллектив

- Кәсібін

- Халықтың тығыздығы

- Санитарлық жағдайы

- Егілуі

- Эпидемияға қарсы шаралардың сапасы

- Мамандығы

4. Орындау үлгісі: реферат

5. Орындау критерийі:

1. рефератты қорғау;

2. негізгі мәтінді сипаттау;

3. қолданылған әдебиеттер;

6. Тапсыру мерзімі: 1 аптадан асырмау.

7. Бағалау критерилері: Ең жоғарғы балл саны – 5

5 балл 1 СӨЖ үшін – талаптарды 100% орындағанда.

4 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ –ді орындағанда аз кемшіліктер жіберілген

3 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ – ді орындағанда елеулі кемшіліктер жіберілген

2 балл 1 СӨЖ үшін – СӨЖ орындалуы талаптарға сай емес.

8. Әдебиеттер: С.Ә. Әмиреев «Эпидемиология», 1 т – «Жалпы эпидемиология», Алматы, 2001, б.

9. Бақылау (сұрақтар):

1. Жеке халық топтарының сырқаттанушылық көрсеткіштері?

2. Жынысы бойынша аурудың таралуы?

3. Жас топтары бойынша аурудың таралуы?

4. Кәсіптік белгілері бойынша аурудың таралуы?


1. Тақырыбы 3: Тұмау және құс тұмауы кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

2. Мақсаты: тұмау мен құс тұмауы кезіндегі шаралардың алгоритмін меңгеру.

3. Тапсырма:

Тұмаудың этиологиясы мен патогенезін оқу;

Тұмаудың клиникалық көріністерінің сипаттамасын оқу;


Тұмауды емдеу қағидаларымен танысу

Тұмау кезіндегі алдын алу шараларының әдістерін оқу;

Құс тұмауымен күресудің шараларын оқу;

4. Орындау түрі: схемалар, презентация.

5. Орындау критериі: схемалар мен слайдтардың болуы

6. Тапсыру мерзімі: 1 аптадан кеш емес

7. Бағалау критерийі:

- тапсырманы уақытында орындау

- 10 слайдтан кем емес немесе А 1 форматта 1 схеманың болуы.

Максимальді балл = 9-10 б.

9-10 б. 1 СӨЖ үшін – СӨЖ формасына сәйкес барлық талаптарды орындағанда.

7,5-8,9 б. 1 СӨЖ үшін - аздаған қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

5-7,4 б. 1 СӨЖ үшін - елеулі қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

0,1 – 4,9 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ талаптарына сәйкес келмейтін қателіктер жіберілген

0 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ орындалмаған.

8. Әдебиеттер:


        1. С.А. Амиреев и соавт. Эпидемиология, т 2, Алматы, 2002,

        2. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных болезнях» С.А. Амиреев, Муминов Т.А., Оспанов К.С., Черкасский Б.Л.

9. Бақылау (сұрақтар):

  1. Тұмаудың этиологиясы

  2. Тұмаудың алдын алу шаралары қалай жүргізіледі?

  3. Құс тұмауының қоздырғыш көздерімен күресу шаралары қалай іске асырылады?

  4. Тұмау мен құс тұмауы кезінде берілу жолдары мен механизмін үзу үшін қандай шаралар жүргізіледі?

  5. Тұмау мен құс тұмауы арасындағы негізгі айырмашылықтар.


1. Тақырыбы 4: Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

2. Мақсаты: Аса қауіпті инфекциялар кезіндегі оқиғалардың стандарттық анықтамасы мен іс-әрекет алгоритмдерін меңгеру.


3. Тапсырма: Өздігінен оқу:

- ауруларды ескерту және эпидемиологиялық көзқарасты оқыту, жалпы әдістемелік және ұйымдастыру қағидалары.

- эпидемиялық ошақты эпидемиологиялық зерттеу кезіндегі іс-әрекет мақсаты және түрлері, бағыт алгоритмдері.

- эпидемиялық диагноз қою процесінің алгоритмі.

- эпидемиологиялық қадағалау кезіндегі ақпараттық ағымның алгоритмдері.

- ауру оқиғаларының стандарттық анықтамасы.

- бруцеллез мысалындағы аса қауіпті оқиғалардың стандарттық анықтамасының алгортмдері.

4. Орындау түрі: реферат жазу: «Бруцеллез ошағындағы дәрігер-эпидемиологтың іс-әрекет алгоритмі».

5. Орындау критерийі:

- реферат көлемі 4-5 басылымдық парақтан, дәрігердің іс-әрекет алгоритмі реферат көлеміне кірмейді.

- рефератты рәсімдеу кезінде 8-10 әр түрлі әдебиеттер көздері ұсынылады.

- реферат сауатты, баяндау мазмұны сақталған болуы керек.

- мәтінінің баяндалуында қолданылған әдебиеттерге сілтемелер берілуі керек.

- библиографияны дұрыс рәсімдеу.

- рефераттың құрылымында болуы керек:

а. мұқабасы

б. мазмұны (бөлімдердің ретімен баяндалуында парағының басталуы көрсетіледі)

в. Кіріспе (рефераттағы зерттелетін мәселенің мәнін, анықтамасының өзектілігін, мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру)

г. Негізгі бөлім (әр кезде рефераттың осы бөлімінде жеке мәселесін дәлелді ашады немесе оның бір жақтарын, алдыңғының логикалық жалғасы болып табылады, осы бөлімде кестелер, сызбалар, графиктер, суреттер берілуі мүмкін).

д. Әдебиеттер тізімі.

6. Тапсыру мерзімі: - 1 аптаданк кеш емес.

7. Бағалау критерийі:

Максимальді балл = 9-10 б.

9-10 б. 1 СӨЖ үшін – СӨЖ формасына сәйкес барлық талаптарды орындағанда.


7,5-8,9 б. 1 СӨЖ үшін - аздаған қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

5-7,4 б. 1 СӨЖ үшін - елеулі қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

0,1 – 4,9 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ талаптарына сәйкес келмейтін қателіктер жіберілген

0 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ орындалмаған.

8. Әдебиеттер:

Негізгі:


  1. Н. Д. Ющук Эпидемиология, М. 2003г. стр. 32-40.

  2. С.А. Амиреев и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных заболеваниях» т 1 Алматы, 2008 г. стр. 228-280.

9. Бақылау (сұрақтар):

  1. Әдістемелік көзқарастар мен ауруларды ескертуді оқыту.

  2. Эпидемиологиялық қадағалау дегеніміз не?

  3. Бруцеллез мысалындағы эпидемиологиялық диагноз қою алгоритмі.

  4. Ауру оқиғаларының стандарттық анықтамасы.

  5. Бруцеллез ошағын эпизоотологиялық-эпидемиологиялық тексеру алгоритмі.


1. Тақырыбы 5. Паразиттік жұқпалар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері.

2. Мақсаты: Қарапайымдылар тудыратын, әлемде кеңінен таралған аурулармен студенттерді таныстыру. АИВ-инфицирлингендердің СПИД-стадиясындағылар үшін қарапайымдылар тудыратын аурулардың маңызы зор.

1980ж. ДҰҰ-ң қарапайымдылар жүйесінде Protozoa-ң 7 түрін, оның 5 түрі адамдар үшін патогенді.

3. Тапсырма:

Тақырыптың сұрақтарын өздігінен оқу (келесі сұрақтар бойынша).

1. Қарапайымдылар түрлері және олармен туындайтын нозологиялық формалар

  1. Амебиаз, лямблиоз, балантидиаз, токсоплазмоз – қоздырғыштары қарапайымдылардың қай класына жатады, берілу механизмі және эпидемияға қарсы шаралар.
  2. Лейшманиоздар, трипаносомоздар, лямблиоздар, трихомоноздар – қоздырғыштары қарапайымдылардың қай класына жатады, берілу механизмі және эпидемияға қарсы шаралар.


  3. Безгек, токсоплазмоз - қоздырғыштары қарапайымдылардың қай класына жатады, берілу механизмі және эпидемияға қарсы шаралар.

  4. Микроспоридиоз, криптоспоридиоз - қоздырғыштары қарапайымдылардың қай класына жатады, берілу механизмі және эпидемияға қарсы шаралар.

4. Орындау түрі: (рефераттар) тақырып бойынша конспект.

5. Орындау критерийлері:

  • тақырып бойынша негізгі көздерін таңдау және оқыту.

  • ақпараттарды өңдеу және жүйелендіру.

  • конспект материалының болуы.

6. Тапсыру мерзімі: 1 аптадан кеш емес.

7. Бағалау критерийі:

Максимальді балл = 9-10 б.

9-10 б. 1 СӨЖ үшін – СӨЖ формасына сәйкес барлық талаптарды орындағанда.

7,5-8,9 б. 1 СӨЖ үшін - аздаған қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

5-7,4 б. 1 СӨЖ үшін - елеулі қателіктер бар, тапсырманы анық орындамаған.

0,1 – 4,9 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ талаптарына сәйкес келмейтін қателіктер жіберілген

0 б. 1 СӨЖ үшін - СӨЖ орындалмаған.

8. Әдебиеттер:

Негізгі:

  • С.А. Амиреев и др. «Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях» 2 том, Алматы 2008г.

Қосымша:

  1. С.А. Амиреев «Эпидемиология» 2 том, Алматы 2002г.

9. Бақылау (сұрақтары):

  1. Қарапайымдылардың жіктелуі (кластары).

  2. Sarcodina қарапайымдылардың қай класына жатады және берілу механизмі.

  3. Flagellata қарапайымдылардың қай класына жатады және берілу механизмі.

  4. Sporozoa қарапайымдылардың қай класына жатады және берілу механизмі.

  5. Infusoria қарапайымдылардың қай класына жатады және берілу механизмі.




<< предыдущая страница   следующая страница >>