https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 5 6


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Жаратылыстану ғылымдары

және экология институты


Анатомия және физиология кафедрасы


Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні бойынша


050106 «Музыкалық білім»

050102 “Бастауыш мектеп педагогикасы мен әдістемесі”


мамандықтарына арналған


ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КОМПЛЕКС




ӨСКЕМЕН, 2005.

Құрастырушылар:

Садыканова Г.Е.

анатомия және физиология кафедрасының оқытушысы


Мұстафина Б.А.

анатомия және физиология кафедрасының аға оқытушысы

ОӘК анатомия және физиология кафедрасының отырысында талқыланған

Хаттама №___ “_____”_____200_ ж


Жаратылыстану ғылымдары және экология институтының әдістемелік кеңесінің отырысында ОӘК мақұлданды

Хаттама №___ “_____”_____200_ ж




Оқу-әдістемелік кешеннің аннотациясы: Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні бойынша ОӘК оқу үрдісін тиімді қамтамасыз ету үшін және студенттердің материалды меңгерулерін жеңілдету үшін арналған. ОӘК қысқаша дәріс материалынан, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімінен, СӨЖ және СОӨЖ шегіндегі сабақтар жоспарынан, пән бойынша тапсырмаларды орындау мен тапсыру кестесінен, өзін-өзі бақылау тесттерінен, емтихан сұрақтарынан тұрады. ОӘК оқу үрдісін ұйымдастыруға маңызды орын алады, өйткені пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру мерзімдері бойынша толық ақпараттан, осы тапсырмаларды орындау бойынша ұсыныстардан, әртүрлі жұмыс түрлерін бағалайтын өлшемдерден тұрады, ал бұған студенттің аса назар аударатыны сөзсіз.



“Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен “Музыкалық білім”,“Бастауыш мектеп педагогикасы мен методикасы” мамандықтарының студенттеріне арналған // Құрастырған Садыканова Г.Е., Мустафина Б.А. - Өскемен, ШҚМУ, 2005. - бет.


С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, 2005.


1 Пәннің оқу бағдарламасы (Syllabus)


1. Жалпы мәліметтер

1.1 Пәннің аталуы: Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы

1.2 Анатомия және физиология кафедрасы

1.3 Оқытушының аты-жөні: Садыканова Гүлназ Есімбекқызы, Мұстафина Бақытгүл Айтқазықызы.

1.4 Байланыс ақпараты: анатомия және физиология кафедрасының телефоны 427448

1.5 Өткізілетін орны: ШҚМУ, 4 корпус.

1.6 Кредиттер саны: 1

1.7 Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Несие

Лекция

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау нысаны

1

2

1

15

15

15

45

Емтихан

1.8 Курстың пререквизиттері: курсты оқу үшін негізгі физиологиялық және тағы басқа биологиялық терминдерді білу қажет.

1.9. Постреквизиты: пәнді оқу барысында алынған білімдерді оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда пайдалануы мүмкін.



2 “Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы” курсының қысқаша сипаттамасы

2.1 Курстың мақсаты – Тірі ағзада өтетін тіршілік процестерінің заңдылықтары мен оны басқару принциптерін ашу.

2.2 Курстың міндеттері:


  • болашақ педагогтар мен тәрбиешілерге әртүрлі жас кезеңдеріндегі балалардың негізгі даму заңдылықтарын көрсету;

  • студенттерді мектептіің оқу-тәрбие үрдісін, еңбек және демалыс режимін ұйымдастырудың негізгі физиологиялық-гигиеналық негіздерімен таныстыру;

  • оқушыларға медициналық-жыныстық тәрбие берудің қажеттілігін көрсету;

  • өсіп келе жатқан ұрпақтың денсаулығына залал келтіретін негізгі факторларды ашу;

  • халықаралық ғылыми терминдерді меңгеру.

2.3 Курстың мазмұны: Берілген курстың мазмұнына онтогенездің әртүрлі кезеңдеріндегі ағза тіршілігінің ерекшеліктері, ағзаның өсу мен дамуына байланысты органдар мен органдар жүйесінің және біртұтас ағзаның функцияларын, осы функциялардың әрбір жастық кезеңдердегі өзгерістері және т.б. кіреді.

Студент курс аяқталғаннан кейін мынаған міндетті:















































  • өзінің білімін тәжірибеде пайдалана білуі тиіс;

  • жас ерекшеліктер физиологиясы мен мектеп гигиенасының қазіргі заманғы мәселелерін білуі қажет.


следующая страница >>