https://electroinfo.net

girniy.ru 1
Ф КГМУ 4/3-03/01


ПП КГМУ 4/01


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК медицинА УНИВЕРСИТЕТІ


кафедра: БАЛАЛАР ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАРЫ


Силлабус


Балалардағы туа біткен жұкпалы аурулар

Элективтік пән бойынша 051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін

Оқу сағатының көлемі - 135 сағат (3 кредит)

Курс 5

Семестр 9-10


Қарағанды, 2011ж.



Силлабус «Туа біткен жұкпалы аурулар» элективтік пәні бойынша __25.04.2011________ бекітілген жұмыс бағдарламасының негізінде 051301 «Жалпы медицина» мамандығы үшін құрастырылған.


Силлабус балалар жұқпалы аурулары кафедрасының отырысында қаралды және бекітілді 25.04.__2011 ж. Хаттама № 11


Балалар жұқпалы аурулары кафедрасының

меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Р.Х. Бегайдарова



  • Оқытушылар туралы мәліметтер:

Бегайдарова Роза Хасановна, профессор, медицина ғылымдарының докторы, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, педагогикалық еңбек өтілі - 34 жыл, клиникалық еңбек өтілі - 41 жыл, жоғары категориялы дәрігер. Орыс және қазақ тілдерінде дәрістер оқып, тәжірибелік сабақтар жүргізеді.

Телефоны: 41-84-14, 41-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: ішек инфекциялары, вирусты гепатиттер, гельминтоздар, менингиттер, балалардағы токсоплазмоз, балалар инфектологиясындағы шұғыл жағдайлар.

Ғылыми мектебі: СССР ДМ эпидемиологиясыныњ Орталықтық ғылыми-зерттеу институты жанында (Мәскеу, 1982), жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша, «Функциональное состояние симпатико-адреналовой системы у детей, больных сальмонеллезом» кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Ф.Коршунов.

Докторлық диссертацияны «Клинико-патогенетические аспекты кишечных инфекций у детей и патогенетическое обоснование корригирующей терапии» тақырыбында Алматы Мемлекеттік Медицина Институты жанында (Алматы, 1995), жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша қорғаған. Ғылыми кеңесшілер: ҚР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Е.С. Белозёров, ҚР ҰҒА корр-мүшесі, профессор М.Т. Алиякпаров.



Оқытушылар:

Стариков Юрий Григорьевич, медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті, I категориялы дәрігер, педагогикалық еңбек өтілі – 35 жыл. Клиникалық еңбек өтілі – 40 жыл.

Телефоны: 41-84-14, 41-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: ауа-тамшылы, ішектік инфекциялар.

Ғылыми мектебі: СССР ДМ эпидемиологиясының Орталықтық ғылыми-зерттеу институты жанында (Мәскеу, 1984), жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша, «Клинико-иммунологическая характеристика смешанных кишечных инфекций у детей» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғаған. Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор М.Ф.Коршунов. Ғылыми кеңесші: медицина ғылымдарының докторы, профессор Б.А. Годованный. Орыс тілінде студенттерге дәрістер оқып, тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Алшынбекова Гүлшарбат Қанағатовна, медицина ғылымдарының кандидаты, кафедра доценті, жоғары категориялы дәрігер. Педагогикалық еңбек өтілі – 16 жыл. Клиникалық еңбек өтілі – 21 жыл.

Телефоны: 41-86-23, 41-50-25 (жұмыс орны).

Ғылыми қызығушылықтары: балалардағы зоонозды инфекциялар, ішектік инфекциялар, вирусты инфекциялар.

Ғылыми мектебі: ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасының жанында 1997 жылдан 2000 жылға дейін аспирантура. С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университет жанында (Алматы, 2000), жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша «Клинико-биохимическая характеристика бруцеллёза у детей и патогенетическое обоснование терапии» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова. Ғылыми кеңесші: медицина ғылымдарының докторы, профессор М.С.Сыздыков

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша «Клинико-иммунологическая оценка микроэкологии кишечника при острых кишечных инфекциях и обоснование корригирующей терапии» докторлық диссертация жұмысы жүріп жатыр. Ғылыми кеңесші: медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова.


Ќазақ және орыс тілдерінде студенттерге тәжірибелік сабақ жүргізеді, дәрістер оқиды.

Дюсембаева Айнаш Ермухановна, кафедра ассистенті, I категориялы дәрігер. Педагогикалық еңбек өтілі – 17 жыл. Клиникалық еңбек өтілі – 19 жыл.

Телефоны: 41-86-23, 41-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: вирусты гепатиттер, зооноздар, вирусты инфекциялар, ішектік инфекциялар. ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасының 1993 ж. 1995 ж. дейін клиникалық ординатура өткен. Жұқпалы аурулар – 14.00.10. – мамандығы бойынша «Клинико-иммунологическая оценка лечения аскаридоза у детей» тақырыбындағы кандидаттық диссертациялық жұмыс жасап жатыр. Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова.

Орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Девдариани Хатуна Георгиевна, кафедра ассистенті, I категориялы дәрігер. Клиникалық еңбек өтілі – 16 жыл. Педагогикалық еңбек өтілі –10 жыл.

Телефоны: 41-86-23, 41-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: ішектік инфекциялар, ауа-тамшылы инфекциялар.

1999 жылдан 2001 жылға дейін ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қарамағында клиникалық ординатура өткен.

Ғылыми мектебі: Фармакология, клиникалық фармакология - 14.00.25 мамандығы бойынша «Клиническая и фармакоэкономическая эффективность антибактериальной терапии шигеллеза у детей» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғаған. Ғылыми жетекшілер: ЌР ҰҒА академигі, профессор И.Р. Құлмағамбетов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова.

Орыс тілінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Ефимова Оксана Николаевна, кафедра ассистенті, I категориялы дәрігер. Клиникалық еңбек өтілі – 16 жыл. Педагогикалық еңбек өтілі – 10 жыл.

Телефоны: 41-86-23, 41-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: вирусты гепатиттер, ішек инфекциялары.

1995 жылдан 2000 жылға дейін ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасының қарамағында клиникалық ординатура өткен.


Ғылыми мектебі: Фармакология, клиникалық фармакология - 14.00.25 мамандығы бойынша «Клинико-лабораторное обоснование методов терапии острого вирусного гепатита В у детей» тақырыбында 2010 жылы кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми жетекшілер: ҚР ҰҒА академигі, профессор И.Р. Кулмагамбетов, медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова.

Орыс және ағылшын тілдерінде тәжірибелік сабақ жүргізеді.

Насакаева Гүлмира Ермекбаевна, кафедра ассистенті, I категориялы дәрігер. Клиникалық еңбек өтілі – 16 лет. Педагогикалық еңбек өтілі – 2 ж.

Телефоны: 41-84-14, 44-50-25 (жұмыс орны)

Ғылыми қызығушылықтары: паразитарлық, ішек инфекциялары.

Ғылыми мектебі: 2006 жылдан 2009 жылға дейін аспирантура ҚММА балалар жұқпалы аурулары кафедрасында. Кандидаттық диссертация тақырыбы: «Сравнительный анализ современных методов терапии лямблиоза у детей» – Жұқпалы аурулар - 14. 00. 10. Ғылыми жетекшісі: медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Х.Бегайдарова.

Тәжірибелік сабақтарды казақша және орыс тілінде жүргізеді.


Қатынастық ақпарат: Балалар жұқпалы аурулары кафедрасы Облыстық жұқпалы аурулары ауруханасының (ОЖА) базасында Охотская 2а көшесінде, ОЖА әкімшілік корпусында орналасқан, телефоны: 41-86-23, 41-50-25 (жұмыс орны)

№ 146, 33, 34, 7 автобустарымен; № 02 бағыттық таксилермен – «Емхана» аялдамасына дейін келуге болады..

Пәннің саясаты: Сабақ уақытында студенттерге ұялы телефондармен қолдануға тыйым салынады. ОЖА санитарлы-эпидемияға қарсы ережелеріне сәйкес киім формасын сақтану қажет: жүннен жасалған киімдер, маталы аяқ-киім, өкшелері биік және жіңішке аяқ-киім кимеу, ұзын шаштарын жаюға болмайды. Әр сабаққа ақ халат, қалпақ, бетперде кию керек және оларды аптасына 1 рет, ал бетпердені күнде жуу керек. Студент халатында фамилиясы, аты, тегі (бар болса), топ нөмірі көрсетілген бейдж болу міндетті. Әр топ өзін сабынмен және орамалмен қамтамасыз етеді.


Пәнді оқу барысында студент емтихан тапсыру керек. Ағымдық, рубежді және қорытынды бақылау кредиттерінің тәжірибелік сабақтардың оң бағалануы, сондай-ақ, презентация, салыстырмалы диагностика мен емдеудің алгоритмдері түрінде өзіндік жұмысты орындау емтиханға кіруге рұқсат болып табылады. Аталған тапсырмалар көлемі орындалмаған жағдайда ақы-пұл шарасы ретінде рефераттар жазу және ауызша сұқбат түрінде қолданылады.


КІРІСПЕ

Туа біткен жұқпалы аурулар үлкен топ болып табылады. Бұл топқа ең алдымен қызамық, герпестік инфекция, ЦМВИ, токсоплазмоз және хламидиоз жатады. Осы инфекциялар қоршаған ортада кең таралған, баланың алғашқы 3 жылында жұқтырылу байқалады.

Клиникалық, серологиялық, иммунологиялық, генетикалық зерттеулерден тұратын дер кезіндегі диагностика туа біткен және жүре пайда болған инфекцияларға уақытылы диагноз коюға және этиотропты препататтармен алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі.

Қазіргі кезеңдегі медицинаның аурулардың алдын алу бағыты педиатрияда приоритетті роль атқарады және өзекті мәселелердің бірқатарын жас аспектісінде қарастыру қажет.

Пәннің мақсаты ең кең таралған балалардың туа біткен жұқпалы ауруларын емдеу және диагностикалау сұрақтары бойынша білімдері мен дағдыларын жетілдіру.


Оқыту міндеттері:


  • Студенттерді педиатриялық тәжірибедегі ең кең таралған балалардың туа біткен жұқпалы ауруларын емдеу және диагностикалаудың негізгі принциптерін оқыту;

  • Балалардағы туа біткен жұқпалы аурулардың алдын алудың негізгі принциптері;

  • Балаларды немесе олардың күтушілерін кеңестендіру және тұлғааралық қатынастар дағдыларын жетілдіру.


Оқытудың соңғы нәтижелері:


Студент білуі қажет:

  • кең таралған балалардың туа біткен жұқпалы ауруларының этиологиясы мен патогенезі;
  • осы аурулардың классификациясы, клиникасы, ағымы, асқынуы және болжамы;


  • балалардың туа біткен жұқпалы ауруларын заманауи емдеу және диагностикалау, клинико-лабораториялық, аспаптық зерттеу әдістерінің заманауи ерекшеліктері;

  • инфекция ошағында эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастырудың принциптері.


Студент жасай алуы қажет:

  • туа біткен жұқпалы ауруы бар баладан немесе оның күтушісінен анамнез жинау;

  • оңтайлы клинико-лабораторлы және аспаптық әдістерді таңдай білу және алынған мәліметтерді интерпретациялау;

  • балалардағы туа біткен жұқпалы аурулар кезіндегі емдеу жоспарын құрастыру, реабилитациялау және алдын алу шараларын жүргізу;



Студенттің дағдылары:

  1. туа біткен жұқпалы ауруы бар балаларды жалпы қарау, пальпациялау, перкуссия және аускультация жасау;

  2. туа біткен жұқпалы ауруы бар балалар бөртпе сипатын анықтау;

  3. балалар нәжісін сипаттау;

  4. балалардағы менингеальдік симптомдарды анықтау;


Студент мына сұрақтарда компетентті болуы тиіс:

  • туа біткен жұқпалы ауруы бар балаларды ерте диагностикалау және емдеу;

  • туа біткен инфекциялардың алдын алу бойынша шараларды жүргізу;

  • салауатты өмір салтын құрастыру бағытындағы шараларды жүргізу;

Пререквизиттер:

микробиология, ішкі аурулар, эпидемиология, бала аурулары


Постреквизиттер:

интернатурада –жалпы дәрігерлік тәжірибе, шұғыл медициналық көмек, балалар ауруы.


Пәннің қысқа мазмұны: балалардағы сарғаю синдромымен жүретін туа біткен жұқпалы ауруларды (герпестік инфекция, ЦМВИ, листериоз және т.б.) зерттеу тарихы және оны ВГ ажыратпалы диагностикалау, отандық ғылымдардың приоритеттері:

- этиологиясы, эпидемиологиялық мәні бар қоздырғыштардың қасиеттері;


- эпидемиологиялық процестің даму механизмі мен көріністері;

- балаларда осы аурулар кезіндегі дәрігерлік процесті ұйымдастыру;

- балаларда туа біткен жұқпалы аурулар деңгейін келешекте төмендетуге күресетін денсаулық сақтау ұйымының мәселелері;

- балаларда туа біткен жұқпалы ауруларды емдеу және алдын алу шаралары.


Дәрістердің тақырыптық жоспары:





Тақырыптың аталуы

Өткізу үлгісі

Сағат саны

1.

Цитомегаловирустық инфекция, туа біткен және жүре пайда болған ЦМВИ ағым ерекшеліктері, салыстыру диагностикасы, емдік және алдын алу ыңғайлары.

Тақырыптық

1

2.

Ұшықтық инфекция (жай ұшық). Клиникалық жіктелуі және әртүрлі формаларының сипаттамасы. Вирусқа қарсы және иммундықмодулирлеуші емі. Алдын алу.

Шолу

1

3.

Қызамық. Этиологиясы, эпидемиологиясы. Туа біткен және жүре пайда болған қызамық. Грег үштігі. Емі. Арнайы және арнайы емес алдын алу.

Мәселелік

1

4.

Балалардағы хламидиялық инфекциянның өзектілігі. Орнитоз. Қатерсіз лимфоретикулез. Трахома. Туа біткен хламидиозға клиникалық сипаттама. Салыстыру диагнозы. Емі. Болжамы. Алдын алу.

Шолу

1

5.


Листериоз. Жіктелуі, клиникалық көрінісі, туа біткен листериоздың ағымдық ерекшеліктері. Емі. Алдын алу.

Шолу

1

6.

Парентеральдік вирустық гепатиттер. Туа біткен гепатиттердің клиникалық ағым ерекшеліктері және лабораторлық диагностикасы. Емі. Алдын алу.

Шолу

1




Барлығы




6 с



Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары:





Сабақ тақырыбының аталуы

Өткізу үлгісі

Сағат саны



1

Балалардағы туа біткен және жүре пайда болған ауруларды клиникалық диагностикалау әдістері

Тәжірибелік сабақ

6



2

Балалардағы туа біткен және жүре пайда болған жұқпалы ауруларды лабораторлық диагностикалау принциптері

Тәжірибелік сабақ

6



3

Ұшықтық инфекция. Тарихи мәліметтер. Этиология, эпидемиология, патогенез, жіктелуі, жүре пайда болған формаларына сипаттама.

Тәжірибелік сабақ: PBL


6



4

Ұшықтық инфекция. Туа біткен түріне сипаттама, салыстырмалы диагностикасы, емдеу және алдын алу.

Тәжірибелік сабақ: PBL

6

5


Цитомегаловирусты инфекция – ЦМВИ. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, туа біткен түріне сипаттама, салыстыру диагностикасы, емі және алдын алу.

Тәжірибелік сабақ

6

6

Токсоплазмоз. Тарихи мәліметтер. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, жүре пайда болған түрлерінің клиникасы.

Тәжірибелік сабақ

6

7

Токсоплазмоз. Туа біткен түріне сипаттама, салыстыру диагностикасы, емі және алдын алу.

Тәжірибелік сабақ

6

8

Хламидиялық инфекция. Тарихи мәліметтер. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, жүре пайда болған түрлеріне сипаттама.

Тәжірибелік сабақ

6

9

Хламидиялық инфекция. Жүре пайда болған түрлеріне сипаттама, салыстыру диагностикасы, емі және алдын алу.

Тәжірибелік сабақ

6

10

Листериоз. Тарихи мәліметтер. Этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, жіктелуі, жүре пайда болған түрлеріне сипаттама.


Тәжірибелік сабақ

6

11

Листериоз. Туа біткен түріне сипаттама, салыстыру диагностикасы, емі және алдын алу.

Тәжірибелік сабақ

6

12

Балалардағы парентеральді вирусты гепатиттер. Этио- эпидемиологиялық ерекшеліктері. Патогенезі. Клиникасы. Диагностикасы мен емінің ерекшеліктері.

Тәжірибелік сабақ: TBL

6

13

Туа біткен В және С вирустық гепатиттері. Клиникалық сипаттамасы. Зертханалық диагностикалау ерекшеліктері. Емі. Алдын алу.

Тәжірибелік сабақ

6

14

Туа біткен қызамық. өзектілігі. Клиникалық көріністері. Зертханалық диагностикалау әдістері. Емі. Алдын алу.

Тәжірибелік сабақ: SBL

5

15

Бөлім бойынша қорытынды сабақ

тесттілеу

1




Барлығы




84 с.


Кеңес беру уақыты:

Кеңес беру апта сайын жүргізіледі


Апта күндері

Кеңес беруші доценттің, ассистенттің Ф.А.Т.

Студенттерге кеңес беру уақыттары


аптаның әр сейсенбісі

профессор Бегайдарова Р.Х.

15.00-17.00

аптаның әр сейсенбісі

доцент Алшынбекова Г.К.

15.00-17.00

аптаның әр сейсенбісі

ассистент Дюсембаева А.Е.

15.00-17.00


Межелік бақылау уақыты: 07.03,2012.

Қорытынды бақылау уақыты: оқу процесін жоспарлау бөлімінің кестесі бойынша.


  • Студенттердің өздік жұмысы үшін берілетін тапсырмалар:


СӨЖ тақырыптық жоспары:





Тақырыптың аталуы


Орындалу үлгісі

Сағат саны

1

Балалардағы туа біткен токсоплазмалық инфекцияның алдын алу мәселелері.

Презентация дайындау, тақырыпты оқу

6

2

Балалардағы туа біткен хламидиялық инфекцияның алдын алу мәселелері.

Жоба дайындау, тақырыпты оқу

7

3

Туа біткен листериоз. Клиникалық көріністері. Зертханалық диагностикалау әдістері. Емі. Алдын алу.

Диагностикалау алгоритмін құрастыру, тақырыпты оқу

8

4


Балалардағы туа біткен АИВ-инфекциясы. Мәселенің өзектілігі. Клиникасы. Зертханалық диагностикасы. Емі. Алдын алу мәселелері.

Презентация дайындау, тақырыпты оқу

8

5

Жатырішілік инфицирленуінің өзекті мәселелері. Клиникалық көрінісі. Салыстыру диагностикасы.

Салыстыру диагностикасына кестелер құрастыру, тақырыпты оқу

8

6

Жаңа туған нәрестелер мен шала туған балалардағы микоплазмалық инфекция. Туа біткен микоплазмалық инфекция.

Презентация дайындау, тақырыпты оқу

8




Барлығы




45 с

  • Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі

«Балалардағы туа біткен жұкпалы аурулар»


апта

2

СӨЖ тақырыбының №

1, 2, 3, 5, 6

Ескертпе: СӨЖ бойынша тапсырмаларды студент пәннен сабақ беретін оқытушыға кафедра ұсынған «Кеңес беру кестесіне» сайкүндер мен сағаттарда тапсырады


Ұсынылған әдебиеттер:

Орыс тілінде

Негізгі:

  1. Учайкин В.Ф., Нисевич Н.И., Шамшева О.В. Инфекционные болезни у детей. - М., ГЭОТАР – МЕДИА, 2010 - 688 с.


Қосымша:

  1. Абаев Ю.К. Воспалительные заболевания новорожденных. - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 254 с.


  2. Амиреев С. А., Муминов Т. А., Черкасский Б. Л. и соавт. Стандарты и алгоритмы мероприятий при инфекционных и паразитарных болезнях: Практическое руководство. - Алматы. – 2007.-Т.1,2. - 596 с.

  3. Бакулев А. Л. и соавт. Воспалительные заболевания гениталий инфекционной природы у женщин : учеб. пособие - М. : Дрофа, 2008. - 140 с.

  4. Баранов А.А., Володин Н.Н., Самсыгина Г.А. Рациональная фармакотерапия детских заболеваний: В 2- х книгах. Руководство для практикующих врачей. - М.: Литтер-ра. - Кн.1, 2.-2007.-1088с.

  5. Е.С. Белозеров, Ю.И. Буланьков. Болезни герпесвирусной группы - Элиста: Джангар, 2005.- 64с.

  6. Васюнин, А.В., Краснова Е.И. Антибактериальная терапия при детских инфекциях. - 2-е изд., доп. и перераб. - Ростов н/Д : Феникс, 2007. - 187 с.

  7. Гульман Л.А. Схемы написания историй болезни детей с инфекционной патологией: учеб.пос. для медвузов. - Ростов н/Д: Феникс, 2007.-128с.

  8. Иванов В. В. Инфекционные болезни у детей : руководство для врачей. - 2-е изд., перераб. и доп. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 832 с. : ил.

  9. М.Г Романцов, Т. В. Сологуб, Ф. И. Ершов. Рациональная фармакотерапия инфекционных болезней детского возраста: руководство для практикующих врачей / ред.: М.: Литтерра, 2009. - 664 с.

  10. Кильдиярова Р. Р., Шараев П. Н., Стрелков Н. С. Справочник по лабораторным и функциональным исследованиям в педиатрии: справочное издание. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2009. - 128 с.

  11. Кишкун А. А. Иммунологические исследования и методы диагностики инфекционных заболеваний в клинической практике. - М. : Мед. информ. агентство, 2009. - 712 с.

  12. Красноженов Е.П. Микробиологическая диагностика инфекционных заболеваний: Учеб. пос. для ФПК. - Ростов н/Д: Томск : Феникс: СГМУ, 2006. - 298 с.
  13. Кржечковская В. В. Лекарственные средства и иммунная система. Вакцины: Учеб. пос.для ссузов.- Ростов н/Д: Феникс, 2006. - 286 с.


  14. Куанышбекова, Р.Т., Мырзабекова Г.Т. Дисфункциональные расстройства билиарного тракта у детей : Учеб. пос.для врачей-педиатровю.- Алматы : Б.и., 2006. - 24 с.

  15. Кулмагамбетов И. Р., Алиханова К. А., Алшынбекова Г.К., Бегайдарова Р.Х. и др. Руководство по классификациям заболеваний.- Караганда: Гласир.- Т.5. - 2009. - 424 с.

  16. Лобзин Ю.В. Практика лабораторных исследований при инфекционных заболеваниях. - СПб.: ЭЛБИ-СПб, 2005. - 275 с

  17. Молочный В.П., Рзянкина М.Ф., Жила Н.Г. Педиатрия: неотложные состояния у детей. - 2-е изд. - Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 414 с.

  18. Сидорова И. С., Макаров И. О., Матвиенко Н. А. Внутриутробная инфекция: ведение беременности, родов и послеродового периода: учебное пособие. - М.: МЕДпресс-информ, 2008. - 160 с.

  19. Тимченко В.Н., Леванович В.В., Михайлов И.Б. Диагностика, дифференциальная диагностика и лечение детских инфекций (справочник) – СПб.: «ЭЛБИ-СПб», 2005, 384 с.

  20. Учайкин В.Ф., Молочный В.П. Неотложные состояния в педиатрии. – М.: ГЭОТАР – Медиа, 2005, 256 с.

  21. Харченко Г.А., Оганесян Ю. В., Марусева И. А. Инфекционные заболевания у детей : Протоколы диагностики и лечения: учеб. пособие.- Ростов н/Д: Феникс, 2007. - 352 с.

  22. Цыбулькин Э. К. Угрожающие состояния в педиатрии : экстренная врачебная помощь. - М. : ГЭОТАР-Медиа, 2007. - 224 с.

  23. Чичко М.В. Практические навыки педиатра : Практическое пособие.- Минск : Книжный дом, 2005. - 848 с.

  24. Шайтор В.М., Мельникова И.Ю. Неотложная педиатрия: Краткое руководство. - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2007.-160с.

  25. Н.Д. Ющук, Ю.Я. Венгеров. Инфекционные болезни: Нац. рук-во /Гл. ред.: - М.: ГЭОТАР - Медиа, 2009.-1056с.+ CD.

  26. Бегайдарова Р.Х., Стариков Ю.Г., Г.К.Алшынбекова и др. Диагностика и дифференциальная диагностика инфекционных заболеваний у детей: Учеб.-метод. пособие/ КГМА, Караганда, 2005.- 74 с.
  27. Бегайдарова Р. Х. Современные эпидемиологические аспекты вирусных гепатитов : методические рекомендации.-КГМУ. - Караганда, 2009. - 18 с.


  28. Бегайдарова Р.Х., Алшынбекова Г.К., и др. Балалардағы жұқпалы аурулардын диагностикасы және ажырату диагностикасы: Оқу-әдістемелік құрал/ КГМА, Караганды;Б.и., 2007.- 74 с.

  29. Ефимова О.Н. «Острые и хронические вирусные гепатиты у детей». - учебно-методическое пособие, Караганда, 2007 г. – 32с.

  30. Бегайдарова, Р.Х., Ефимова О.Н. Современные подходы к лечению вирусного гепатита у детей : Метод. рекомендации / - Караганда, 2007. - 14 с.

  31. Алшынбекова Г.Қ. «Балалардағы вирусты гепатиттері».- оқу-әдістемелік құралы Караганды, 2007 г.- 76 с.

  32. Бегайдарова, Р.Х., Константиниди Т.А. Новые подходы к терапии хронического токсоплазмоза у детей: Метод. рекомендации.- Караганда, 2007. - 15 с.

  33. Константиниди, Т.А. Токсоплазмоз у детей : Учебно-метод. пособие.- Караганда: КГМА, 2007. - 48 с

  34. Юрьев В.В. Непосредственное обследование ребенка: Учеб. пособие. - СПб. : Питер, 2007. - 384 с.


Қазақ тілінде:

Негізгі:

  1. Куттыкожанова Г. – Балалардың жұқпалы аурулары/ -Алматы, 2005 ж.


Қосымша:

  1. Алшынбекова Г.Қ. «Балалардағы вирусты гепатиттері», оқу-әдістемелік құралы Караганды, 2007 г. – 76 с.- 49 д.

  2. Балалардағы жұқпалы аурулардын диагностикасы және ажырату диагностикасы: Оқу-әдістемелік құрал/ КГМА, Караганды;Б.и., 2007.- 74 с. – 47 д.

  3. Ғ.Ғ. Құттықожанова. Балалардың жұқпалы аурулары. 2001 ж. – 30 дана.


Ағылшын тілінде:

негізгі:

Tћe 2 іnternatіonal cоngress of Central Asіa іnfectіous dseases : Marcћ 27-31, 2008. Program and abstract book, 2008. - 172 с

қосымша:

1. Begaidarova R.K, Yefіmova O.N., Constantіnіdі T.A.

Selected questіons on cћіldren іnfectіous dіseases : Educatіonal-metћodіcal manual - Karaganda, 2008. - 64 с


2. Nelson Pediatrics textbook 17 International edition, 2005

3. Chaurasia D.D. – Pediatrics for students. Practitioners, 2000

4. Ghai Essential Pediatrics 6 th Edition Revised and Enlarged, 2005


Оқыту әдістері:

Дәрістер: шолу, мәселелік, тақырыптық;

Тәжірибелік сабақтар: бөлімшедегі жұмыс – тақырыптық науқасты жүргізу (курациялау), жағдайлық есептерді шығару және тесттік тапсырмаларды орындау, зертханалық көрсеткіштерді қорытындылау (интерпретациялау), аз топтарда жұмыс, барлық сұрақтар бойынша оқытушымен кеңес, тесттілеу, аралық бақылау өткізу, шағын топтарда жұмыс – (TBL, SBL), мәселелік есептерді шығару (PBL).

СРС: Салыстыру диагностикасына кестелер құрастыру, тақырыпты оқу, жоба дайындау, PBL, диагностикалау алгоритмін құрастыру, презентация дайындау.


Оқытылушылардың білімін және дағдыларын бағалау әдістері:


  • Ағымдық: науқастарды курациялау, тәжірибелік сабақтардың кейбір сұрақтарын тереңдетіп оқу, әдебиеттермен жұмыс, электрондық базалармен және компьютерлік оқыту бағдарламаларымен жұмыс, жағдайлық есептерді шешу; тесттік тапсырмаларды шешу, презентациялар мен рефераттар дайындау.

  • Бөлім бойынша қорытынды сабақ: жазбаша жұмыс (тесттілеу)

  • Қорытынды: емтихан


Құралдар мен жабдықтар:

- фонендоскоп

- шпатель

- пробирки

- копрограмма алуға жиынтық

- бактериологиялық зерттеуге нәжіс алуға жиынтық

- вирусологиялық зерттеуге ауызжұтқыншақтан жұғынды алуға жиынтық

- менингококқа ауызжұтқыншақтан жұғынды алуға жиынтық

ТҚЖ, оқу және көрнекілік құралдар:


  • ноутбук нр

  • проекциондық аппаратура – проектор toshiba

  • слайдтар - 11 атаулы

  • видеороликтер – 1

  • микрокестелер – 11


Баллдық-рейтингтік әріптік білімді бағалау жүйесі

Білімнің бағасының ережесі және критериі**

Білім бағасының ережесі және критерийі: әрбір деңгейге білім бағасының шкаласы және критерийі (ағымдық, аралық, қорытынды сабақ), барлық сабақтардың түрлеріне баға ережесі (аудиторлық, СӨЖ, ӨЖСӨЖ)

Баға шкаласы**


Әріптік жүйе бойынша баға

Бағаның сандық эквиваленті

Бағаның пайыздық көрсеткіші

Дәстүрлі жүйе бойынша баға

А

4

95-100

«Үздік»

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

«Жақсы»

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+


2,33

70-74

«Қанағаттанарлық»

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

«Қанағаттанарлықсыз»

Білім бағасының критерийі:

«Өте жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды толық игеруін көрсеткен және қандай да бір қатерліктерге бой алдырмай дұрыс орындаған, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы әрі дұрыс орындаған және ол бойынша есептер тапсырған, бұған қоса өзіндік бірегей ойлау қабілетін танытқан, коллоквиумды тапсыруда қандай да бір қателіктер жібермеген және үй тапсырмаларын орындаған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, пәнді оқып-үйрену барысында өздігінше қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдаланған, бағдарламалық материалдарды өз еркімен жүйелей білген жағдайда қойылады

«Жақсы» баға білім алушыға, егер ол бағдарламалық материалдарды 75%-дан кем игермесе және бұған қоса жауап беру кезінде айтарлықтай қателіктер жібермеген, зертханалық және бақылау жұмыстарын уақытылы орындаған және оны тапсыруда негізсіз ескертулері болмаған, коллоквиумдар мен үй тапсырмаларын дұрыс әрі уақытында орындап негізсіз ескертулермен тапсырған, оқытушының нұсқауы бойынша қосымша әдебиеттерді пайдаланған, ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысып, немесе негізсіз ескертулер болған және елеулі қателіктері студенттің өздігімен түзетілген, бағдарламалық материалдарды оқытушының көмегімен жүйелей білген жағдайда қойылады.


«Қанағаттанарлық» баға білім алушыға, егер ол зертханалық материалдардың кем дегенде 50% игерген, бұған қоса зертханалық және бақылау жұмыстарын, үй тапсырмаларын орындау кезінде оқытушының көмегін қажет еткен, коллоквиум тапсыру кезінде толымсыз жауаптары мен негізсіз ескертулері болған, зерттеу жұмыстарында белсенділік көрсете алмаған, тек қана оқытушы көрсеткен әдебиеттермен ғана шектелген, материалдарды жүйелеуде біршама қиыншылықтарға бой алдырған жағдайда қойылады.

«Қанағаттанарлықсыз» баға білім алушыға, егер оның бағдарламада қарастырылған негізгі материалдары оқуда кемшіліктері білінген, пән бағдарламасының жартысынан астамын игермеген, жауаптарында елеулі қателіктер жіберген, ағымдағы формалармен қарастырылған жеке және ағымдағы және қорытынды бақылауларды орындамаған, бағдарламада қарастырылған барлық негізгі әдебиеттермен жұмыс жасамаған жағдайда қойылады.

**Ескерту: ҚР МЖМБС «ҚР білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарындағы білімді бақылау және бағалау. Негізгі ережелер» негізіндерінде құрастырылған.


Пән бойынша рейтинг санау және интегральды бағалауды дайындау.

Студенттердің үлгерімін бағалаудың рейтингтік жүйесі туралы ережені қараңыз, ҚММУ 2011ж.