https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Математика - керемет әлем»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: математикалық заңдылықтарын логикалық және шығармашылық есептерді ауызша әрі тез есептей білуге, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру.

Дамытушылық: Ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нақыл сөздер, карточкалық тапсырмалар, логи-калық есептер, әр топқа даярланған үстел.

Түрі: Топтық сайыс сағаты.

Типі: Ойын түрінде

Жоспары: 1. Топтың өзін таныстыруы, амандасу рәсімі

2. Тапқырлық сайысы (логикалық есептер)

3. Біліктілік сайысы (тапсырма карточка бойынша беріледі)

4. Математикалық ребустар(әр топқа карточка беріледі)

5. Үй тапсырмасы (әр топ бір-біріне мақал-мәтел жасыру)

6. «Танграмм» ойыны (әр топқа геометриялық фигуралар беріледі, барлық фигурадан 1 жануар келтіру)

7. «Бәйге» сайысы топ басшылары қатысады. (әр топ басшыларының арқасына бір сөз жасырылады, бір-бірінен жасырылған сөзін табу)


Қолданылған нақыл сөздер:

1. Арифметика математиканың, ал математика ғылымдардың патшасы.

(К.Гаусс)

2. Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика.

(М.В.Ломоносов)

3. Математика – барлық ғылымдардың тұңғышы және оларға пайдалы да, қажет те. (Р.Бэкон)

Жүргізуші: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! «Математика керемет әлем» ойынына қош келдіңіздер!

Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді. Ортаға «Үшбұрыш»,»Квадрат», топтарын шақырамыз.

Математика сырлары,

Қызықтырды біздерді.

Ойынға бірге қатысуға,

Шақырамыз сіздерді, - дей отырып сайыскерлеріміздің білімі мен баға беретін әділ қазыларалқасын ортаға шақырамыз. Бүгінгі кештің жоспары таныстырылады.


І. Кезекте амандасу рәсімі : І топ «Үшбұрыш» тобы. ІІ топ«Квадрат» тобына сөз беріледі.

ІІ. Тапқырлық сайысы (әр топқа логикалық есептер беріледі).

«Ұшбұрыш» тобына.

1. Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса оның салмағы қанша?(3 кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Төрт қойдың неше аяғы бар? (16 аяқ)

4. Бөлменің төрт бұрышында бір-бір мысықтан отыр.әр мысықтың алдында үш мысықтан отыр. Барлығы бөлмеде неше мысық бар? (4мысық)

«Квадрат» тобына.

1. Ағаш үстінде 100 торғай отырады. Аңшы 10 торғайды атып алады. Торғайдың қаншасы қалады? (10 торғай).

2. 1 жұмыртқа 3 минутта піссе, 4 жұмыртқа қанша минутта піседі? (3 минут)

3. 1 т мақта ауыр ма, 10ц темір ауыр ма?(тең)

4. Асханаға 100 кг пияз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді? (300 кг)

ІІІ. «Біліктілік» сайысы. (тапсырма карточка бойынша беріледі).

«Үшбұрыш» тобына.

Әсет пен Азатқа 5 тәтті тоқаштан әперді.Әсет өзінің тоқаштарын 6 минутта жеп қойды да, әр тоқашын 4 минутта жеп жатқан Азатқа қарап қызғаныштан жыдана жаздады.Әсет әлі неше минут қызғаныштан жынданатын болды? 14 минут

«Квадрат» тобына.

Бір бала ас үйде тарақандарды ұстап жүріп,5-ін өлтірді, ал 3 есе көбін жаралады.3 тарақанды өте ауыр жаралады және олар жарақаттарынан өліп қалды, ал қалғандары тіріліп кетті,бірақ балаға ренжіп көршілеріне мүлдем кетіп қалды.Көршілеріне неше тарақан кетіп қалды? 12 тарақан

Көрермендермен логикалық есеп шығару:


  1. Нөлге және жұп цифрға аяқталатын сандар қалай аталады?жұп сандар

  2. Заттарды санау үшін қолданылатын сандар қалай аталады? Натирал сандар
  3. Алмұрт алмадан ауыр, ал алма өріктен ауыр.Алмұрт ауыр ма, әлде өрік ауыр ма? Алмұрт


  4. 7 ағалы-інілердің бір-бірден қарындастары бар.Отбасында барлығы неше бала бар? 8 бала

IV. Математикалық ребус. (әр топқа карточка беріледі)

Үшбырыш тобына.

1. Әрбір әріппен бір цифрды белгілейді. Ұқсас әріптерді сол бірдей цифрменен белгілейді.Анықтаңызшы осы жазбаны

1) АВ х А = CCC

Жауабы: 37х3=111

2. ,

Т 100 У (түзу)

Квадрат тобына.

1) г

к

С 2 З (сегіз)

2) МННН- ККК = М


Жауабы : 1000-999 =1


Көрермендермен сайыс өткізу.«Ойымды жалғастыр» сайысы.

1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

V. Үй тапсырма (әр топ бір-біріне мақал-мәтел жасыру).

VІ. «Танграмм» ойыны. (әр топқа геометриялық фигуралар беріледі, барлық фигуралардан 1 жануар келтіру).

Көрермендермен сайыс өткізу. «Қас-қағым сәт» сайысы (тез тұрып жауап сұраққа жауап беру)

1. Бұрышты өлшейтін құрал. (транспортир)

2. Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арыс. (сызғыш)

3. Қандай сан барлық санға қалдықсыз бөлінеді. (0)

4. Қиылыспайтын екі түзу. (параллель)

5. Ұзындықтың өлшем бірлігі (метр)

6. Дәлелденбейтін ұйғарым. (аксиома)

7. Екі нүктенің арасындағы түзу. (кесінді)

8. Шеңбердің центрі арқылы өтетін хорда. (диаметр)

9. Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш. (шаршы)

10.Жарты алманың жартысы неге тең? ¼

VII. «Бәйге» сайысы топ басшылары қатысады. (әр топ басшыларының арқасына бір сөз жасырылады, бір-бірінен жасырылған сөзін табу)


Жүргізуші: «Математика – керемет әлем» ойының қорытындысын айту үшін, сөз қазылар алқасына беріледі.

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кездесеміз біздер әлі.

Әділқазы, көрермен сау тұрыңыз,

Күтеді бізді жарқын күндер әлі!


Ағашорын жалпы орта білім беру мектебі




5-7 сынып


Дайындаған: Конырова Гүлзада р

Асықбайқызыр

2012-2013 оқу жылы