girniy.ru |
1
Пайдалы қазбаларды өндiру салығы
Салық салу объектісіМинералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалар қорларының нақты көлемі (айналыстан шыққан қорлардың салық салынатын көлемі) салық салу объектісі болып табылады. Салық базасы1. Салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. 2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында салық кезеңінде минералды шикізаттың құрамындағы пайдалы қазбалардың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құны: 1) 341 баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны салық кезеңінде осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасы негізінде айқындалады. Орташа биржалық баға салық кезеңінде Лондон металдар биржасында тіркелген және «Metal Bulletin Journals Limited» баспасының «Metal Bulletin» журналында, «Metal-pages Limited» баспасының «Metal-pages» журналында жарияланған пайдалы қазбаға күн сайынғы орташаландырылған бағамдаудың орташа арифметикалық мәні ретінде формула бойынша айқындалады. 2) 338 баптың 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген пайдалы қазбалардың құны: минералды шикізаттың айналыстан шыққан қорларының салық салынатын көлемінің құрамындағы пайдалы қазбалардың құны; 3) 338 баптың 2-тармағы 3) тармақшасында көрсетілген минералды шикізаттың құны – бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен минералды шикізатты өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады; Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары Бастапқы қайта өңдеуден (байытудан) өткен, минералды шикізатқа пайдалы қазбаларды және көмірді өндіру салығының ставкалары 0 ден 22% мөлшерде белгіленді.
Салық базасы1. Жер қойнауын пайдаланушылар салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары мен емдік балшық көлемінің құны пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу үшін салық базасы болып табылады. 2. Пайдалы қазбаларды өндіру салығын есептеу мақсатында жер қойнауын пайдаланушы салық кезеңінде өндірген кең таралған пайдалы қазбалардың, жерасты сулары мен емдік балшықтың құны салық кезеңінде айқындалатын оларды өткізудің орташа өлшемді бағасы негізінде айқындалады. Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкаларыКең таралған пайдалы қазбаларға, жерасты сулары мен емдік балшыққа пайдалы қазбалар өндіру салығының ставкалары 2,5 ден 10,6% мөлшерде белгілен. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы бойынша салық кезеңі күнтізбелік тоқсан болып табылады. Салық төлеуші салықтың есептелген сомасын бюджетке салық кезеңінен кейінгі айдың 25-нен кешiктiрмей төлеуге міндетті. Салық декларациясыЖер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбаларды өндіру салығы жөніндегі декларацияны орналасқан жері бойынша салық органына салық кезеңiнен кейiнгi айдың 15-нен кешiктiрмей береді. |