https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Аудандық олимпиадасы туралы нұсқау

БЕКІТЕМІН

___________

«_____»____________20 ж.


Аудандық олимпиадасы туралы қағида


1. Жалпы қағида.

1.1. Жалпымектептік пән олимпиадалары білім саласындағы ең дарынды балаларды

анықтау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында өткізіледі.   

1.2. Олимпиадалар оқу пәндері бойынша өткізіледі.  

1.3. Олимпиадалар жыл сайын белгіленген уақытта өткізіледі.  

2. Олимпиада міндеттері.

2.1. Гуманитарлық, жаратылыстану, математикалық циклдардағы пәндерді терең оқып

білу үшін оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.

2.2. Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін жан-жақты дамыту.

2.3. Оқушыларды білім саласындағы жаңашыл жетістіктермен таныстыру.

2.4. Оқушылардың логикалық ойын дамыту, оқу мотивациясының деңгейін арттыру.

3. Олимпиада қатысушылары.

3.1. Аудандық олимпиадасының қатысушысы ретінде мектеп бағдарламасын жетік

меңгерген кез-келген оқушы бола алады.

3.2. Аудандық олимпиадаға мектепішілік женімпаздары қатысады.

4. Олимпиада жетекшілігі.

4.1. Олимпиаданы дайындау мен өткізу жетекшілігі АББ-не жүктеледі.

4.2. Олимпиада жетекшісінің қызметтері:

олимпиаданың өткізу уақытын анықтайды  

* *  өткізудің жалпы тәртібін бақылайды

* *  мәтіндерді тексеру бойынша әділқазылар құрамын анықтайды

Олимпиаданың тікелей жетекшілігі мен ұйымдасқан түрде өткізілуі Қағидаға сәйкес

қамтамасыз етіледі.  

әділқазылармен бірге олимпиада жеңімпаздарының қортындысын шығарады және

марапаттайды.

5. Қызметтер және әділқазылар құрамы.

5.1. Әділқазылар құрамына АӘК әдіскерлері мен тәжірибелі мұғалімдер кіреді.

5.2. Әділқазы мүшелері жазбаша жұмыстарды тексереді, жеңімпаздарды анықтайды.


5.3. АӘК әдіскерлері аудандық әдістемелік кеңес мүшелеріне олимпиаданың нәтижелері

мен кемшіліктері туралы мәліметті жеткізеді, орындалған тапсырмаларға талқылау

жүргізеді.

5.4. Әділқазы мүшелері олимпиада тапсырмаларының мәтінін құруға қатыса алады.

6. Олимпиаданы өткізу тәртібі.

6.1. Пән-мұғалімі олимпиадаға қатысатын оқушының тегін анықтайды және оны

олимпиада жетекшісіне хабарлайды.

6.2. Олимпиаданы өткізу кезінде әділқазы мүшелері оқушылардың жұмысын бақылайды.

6.3. Олимпиада аяқталғаннан кейін әділқазы мүшелеріне тапсырмалар шешімінің нұсқауы

беріледі.

6.4. Олимпиаданың барлық қатысушылары жұмысты құпия түрде орындайды. 

6.5. Олимпиада қатысушылары өз жұмысымен оны тексергеннен кейін танысуға құқығы

бар.

7. Қортындысын шығару және марапаттау.

7.1. Пән олимпиадасының жеңімпаздары жеке біріншілікте жұмыстары үшін алған ең

жоғары ұпай саны бойынша анықталады, командалық біріншілікте қортындыны

шығару барлық команда алған жалпы ұпай саны бойынша жүргізіледі.

7.2. Жеңімпаздар сыйлықтармен, мадақтамалармен марапатталады.

7.3. Пән бойынша бірінші орын алған олимпиада қатысушылары облыстық олимпиадаға

қатысады.

7.4. Жеңімпаздарды дайындаған мұғалімдерге білім бөлімі бойынша бұйрық шығарылады

және мадақталады.