https://electroinfo.net

girniy.ru 1

Ішкі істер органдарының 2010 жылдағы жұмыс қорытындылары және Шығыс Қазақстан облысындағы қылмыстың жай-күйі туралы ақпарат.

2010 жылдың ішінде облыстың Ішкі істер департаменті және оның бөлімшелері орындарда қылмысқа қарсы күрес және құқықтық тәртіпті нығайту бойынша жоспарлы жұмыс жасады.

Қолданылған шаралар Шығыс Қазақстан облысының криминогендік жағдайының тұрақтануына әсерін тигізді: 2010 жылы қылмыс 1,5 %-ға төмендеді. Жалпы қылмыс 1,1%-ға, ауыр қылмыстар 33 %-ға, аса ауыр қылмыс 25%-ға төмендеді, сонымен қатар кісі өлтіру қылмысының жеке түрлері 27%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру 15%-ға, тонау 14%-ға, қарақшылық шабуыл 31%-ға, бұзақылық 2,3%-ға азайды.

2010 жылы қылмыстық барлық түрлері бойынша ашу жоғарылады: жалпы жасалатын қылмыстар 1,9%, аса ауыр түрлері 0,2%, кісі өлтіру 0,5%, шабуыл 2,3%, тонау 5,8%, ұрлық 2,6%, бұзақылық 5,7%.

Көше қылмыстарының жағдайын тұрақтандыруға да қол жетті; 2009 жылмен салыстырғанда облыс бойынша қылмыс 5%-ға азайды. Сонымен қатар рецидивті қылмыс 24%-ға, кәмелетке толмағандармен жасалатын қылмыс 20%-ға төмендеді. Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстың саны едәуір (40%) қысқарды.

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы әрекет етуді ұйымдастыру мәселесі бойынша. Жалпы жасалатын қылмыс құрылымында ол 63 %-ды құрады немесе барлық қылмыстың екі-үшін құрайды. 2009 жылмен салыстырғанда ұрлық саны 3%-ға өсті. Ұрлықтың негізгі бөлігі- бұл кішігірім залал келтіру қылмысы. 9 мың бөтеннің мүлкін ұрлаудың тек 149-ы (немесе 1,6%) қылмыстың ауыр санатына жатады.

Бөтеннің мүлкін ұрлаудың құрылымында – пәтерден ұрлау 2800, ұялы байланыс телефондарын ұрлау 1866, мал ұрлау 480, металл ұрлау 200, қалта тонау 105; 2009 жылмен салыстырғанда барлық қылмыстардың саны өсті.

Ұялы байланыс телефондарын ұрлау және тонау айтарлықтай мәселе болып отыр: Шығыс Қазақстанда 14,5 мың тіркелген қылмыстардың 3 мыңы, немесе әрбір бесінші факті- мобильді телефондарды ұрлаумен байланысты.

Жалпы облыс бойынша ұрлықты ашу 2,6% -ға жақсарды.


Ішкі істер органдарын 7,3 млрд. теңге көлемінде қаржыландыру белгіленді. «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша қоғамдық орындарды бейне бақылаумен жабдықтау үшін бюджеттен 120 млн. және полицияның материалдық техникалық базасын нығайтуға-537 млн теңге бөлу қарастырылды.


Шығыс Қазақстан облысы ІІД Штабы