https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 7 8

*****

Психология пәнінің зерттеу объектісі

A) Құбылыстарды жүйелі түрде топтастырып, болмыс пен фактілерді салыстыра отырып зерттейді

B)& Психика дамуының жалпы заңдылықтарын, оны зерттеу әдістерін, теориялық принциптерін және оның ғылыми ұғымдарының қалыптасу жүйесін зерттейді

C) Жан туралы ғылым

D) Психиканың пайда болу деңгейін зерттейді

E) Сананың даму жолын зерттейді

*****

Эмпирикалық мәліметтерді жинаудағы психологиядағы негізгі әдіс

A) Әңгіме

B) Бақылау

C)& Эксперимент

D) Интервью

E) Анкета алу

*****

Сана дегеніміз не

A)& Сана - психика дамуының жоғарғы сатысы

B) Тіршілік дамуының белгілі бір сатысында тірі организм мен сыртқы ортаның өзара қатынасын білдіретін бейнелеудің айрықша түрі

C) Сана адамдарға да, жануарларға да тән қасиет

D) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалынуы

E) Болмыстың мида бейнеленуі

*****

Инстинктік әрекет деген не

A) Ортаның өзгеріп отыратын жағдайына икемділігінің артуы

B)& Жануардың биологиялық өмірінде тұқым қуалайтын ,бойындағы мінезінің пайдалы жағы

C) Жануарлар психикасының ең икемді түрі

D) Қимыл әрекеттерді жүйелі түрде қайталаудың әсерінен болатын қасиет

E) Жаттығу нәтижесінде пайда болатын құбылыс

*****

Интеллект деген не

A) Уақытша жүйкелік байланыстары күрделене келе, қайталаудың нәтижесінде жануарлардың елестету қабілетінің өсе түсуі

B) Организмнің белгілі тіршілік жағдайына, өскен ортасына әбден үйренгенін көрсететін құбылыс

C)& Заттар арасындағы байланыс пен қатынастарын бейнелегенде, бұрын өмірінде кездеспеген жаңа міндеттерді жануарлардың шеше бастауы

D) Жануарлардың жүйке жүйесінің бойына біткен тұқым қуу арқылы берілген қасиеті


E) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы

*****

Дағды деген не

A) Тұқым қуу арқылы қалыптасатын іс-әрекет

B)& Жануарлардың дағдысы туа берілген қимыл-қозғалыстар мен кездейсоқ қозғалыстарды қайталау арқылы қалыптасады

C) Дағды табиғи сұрыпталу жолымен жасалады

D) Биологиялық мұқтаждығын қанағаттандырудан туындайды

E) Физиологиялық процестердің ми қабығында жасалуы

*****

Шартты және шартсыз рефлекстер ұғымын ғылыми тұрғыда қарастырғандар:

A) В.М.Бехтерев

B)& И.М.Сеченев пен И.П.Павлов

C) К.Линней

D) Р.Декарт

E) З.Фрейд

*****

Бірінші сигналдық жүйенің мазмұны:

A)& Заттармен бетпе-бет кездескенде сезім мүшелері арқылы түйсіну, қабылдау, елестету

B) Ойлау мен сөйлеудің мазмұны

C) Тек адамға ғана тән

D) Шартсыз рефлектерге сүйенбейді

E) Шартты рефлекстің негізінде пайда болады

*****

Екінші сигналдық жүйенің мазмұны:

A)& Сөз, сөйлеу және олардың негізінде туатын уақытша байланыстар

B) Адамға да, жануарларға да тән

C) Адамның шығармашылық қиялының сырқа шығуы үшін қажетті шарт

D) Айналадағы болмыс пен шындық жайлы дұрыс елес тудыру

E) Шартсыз рефлекстерге сүйенбейді

*****

Қазақстанда психология ғылымының дамуына үлес қосқандар:

A) А.Н.Нечаев, П.М.Рубинштейн, Г.С.Костюк

B) Д.Б.Эльконин, Д.Н.Узнадзе

C)& Ж.Аймауытов, Т.Тәжібаев, Ә.Темірбеков, С.Балаубаев

D) В.М.Теплов, В.А.Запорожец

E) Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев

*****

Төл тіліміздегі тұңғыш шыққан «Психология» оқулығының авторы:

A) В.Я.Струминский, 1923 ж. Орынборда

B)& Ж.Аймауытұлы, 1926 ж. Ташкентте

C) Ә.Темірбеков, С.Балаубаев, 1966 ж. Алматыда

D) Т.Тәжібаев, Алматы, 1998

E) Қ.Жарықбаев, 1986 ж. Алматыда

*****

Түйсіну деген не

A)& Материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуі

B) Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі

C) Адамның даралық психологиялық сипаты

D) Заттар мен құбылыстардың субъективтік образдарын жаңартып, өңдеп, бейнелейтін процесс

E) Жеке адамның психикалық сапасы

*****

Төменде берілген мысалдардың қайсысы түйсінудің төменгі табалдырығына жауап бере алады

A) Бөлменің бұрышына барып, алыстау тұрған адам қол сағаттың тықырын естімейді

B)& Біреу алақанындағы бір мм квадрат аумаққа түсетін 3 гр-нан бастап сезеді, ал енді біреуі 6 граммнан бастап сезеді

C) Тітіркендіргіштердің күші мен түйсік арасындағы байланыс

D) Түйсіктердің қарама-қарсылығы

E) Адамның іс-әрекетінің қажетті шарты

*****

Сезгіштік деген не

A) Сезім мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргішті түйсіне алуы

B)& Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін айтады

C) Сезім мүшелерінің тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы айырмашылықты түйсіне алуы

D) Әртүрлі себептермен туындайтын қызу өтетін эмоциялық күйдің жоғары түрі

E) Мидың рефлекстік қызметі

*****

Қабылдау процесінің мазмұны:

A) Қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың тек жеке қасиеттерін ғана мида бейнелейді

B) Сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі

C)& Зататар мен құбылыстардың өз қасиеттері және бөлшектері жиынтығымен қосылып сезім мүшелеріне тікелей әсер етуі кезіндегі тұтас түрде бейнеленуі

D) Жеке адамның психикалық сапасы


E) Дүниені танып білудің алғашқы сатысы

*****

Әрқашан да қабылданатын затқа не құбылысқа қабылдау сәйкес келе бермейді. Түрлі себептерге байланысты шындықтың бұрмаланып, теріс қабылдануына орай төменде берілген қабылдау ерекшеліктерінің қайсысы теріс қабылдауға жатады

A) Қабылдаудың тұрақтылығы

B)& Иллюзия, галлюцинация

C) Тұтастай қабылдау

D) Структуралы қабылдау

E) Қабылдаудың таңдамалылығы

*****

Тану процесінің мазмұнын анықта:

A) Қабылданған материалдарды керек кезінде еске түсіре алмау, қателесу

B)& Бұрын қабылданған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс

C) Есте қалдыру процесіне қарама-қарсы процесс

D) Жүйке клеткаларындағы тежелу процесінің дамуы

E) Бұрын қабылдаған ақпараттың ұмытылуы

*****

Ұмыту процесінің мазмұны:

A) Қайта жаңғырту процесімен тығыз байланысты

B)& Қабылданған материалды еске түсіре алмау, танымау немесе еске түсіру мен танудың қателесіп жаңылысуы

C) Бұрын қабылданған нәрсеге, құбылысқа қайта кездескенде ғана болатын процесс

D) Бұрын қабылдаған ақпаратты еске түсіру

E) Азғана уақытқа не ұзақ уақытқа тану қабілетінің жоғалуы

*****

Естің даралық ерекшеліктерінің типтерін анықта:

A) Сөз-логикалық, эмоциялық, бейнелік, қимыл –қозғалыс есі

B)& Көру есі, есту есі, қимыл есі, аралас ес

C) Тану, ұмыту

D) Мағыналық ес

E) Мнемоникалық ес

*****

Ес процесіндегі амнезия құбылысы неге байланысты пайда болады

A) Азғана уақытқа танымай қалуына байланысты

B) Ми қабығындағы байланыстардың уақытша тежелуіне байланысты

C)& Мидың зақымдануына немесе ауруға шалдығуына байланысты

D) Ұқсас нәрселерді жеке-жеке қабылдау нәтижесінде болатын нәрсе


E) Ой түйіндерімен айтылған сөздердің елестері

*****

Реминисценция құбылысы қандай себепке байланысты туады

A)& Уақытша ұмытып, кешігіп барып еске түсіруден

B) Жүйке жүйесінің қажып, шаршауынан

C) Жүйке клеткаларының тежелуінен

D) Адамның тікелей сезімдік танып білуі мен абстрактілі ойлауы арқылы туады

E) Жүйке жүйесінің күйіне байланысты

*****

Ойлау процесінің мазмұны:

A) Таным процестерінің ішіндегі күрделі әрі тек адамға ғана тән психикалық процесс

B) Адамның дыбыс арқылы ойын басқа біреуге жеткізуі

C)& Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс-қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі

D) Өмірдің қай саласында болмасын жаңалық ашу

E) Адамның ақыл-ойымен тығыз байланысты күрделі психикалық процесс

*****

Ойлаудың даралық айырмашылықтарын анықта:

A) Ой қорытындысы, пікір

B)& Ойдың ұшқырлығы, кеңдігі, тарлығы, орамдылығы, дербестігі, жүйелілігі

C) Мәнерлілігі, мазмұндылығы

D) Бейнелік ойлау, абстракциялығы

E) Ұғым

*****

Мәдени-тарихи теорияның негізін салған ресейлік психолог

A) П.Я. Гальперин

B) А.Н. Леонтьев

C) С.Л. Рубинштейн

D)& Л.С. Выготский

E) И.П. Павлов

*****

Қиял процесінің мазмұны:

A) Адамның дүниетанымы, білімі және өмір тәжірибесінен жинақтаған мағлұматтары ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып ауысады

B)& Адам бұрын жиналған образдарына сүйене отырып, өз басында жаңа бейнелер, соны елестер мен идеялар тудыру процесі

C) Заттар мен құбылыстарды әртарапты танып білуге мүмкіндік алуы

D) Бейнелердің сөз арқылы тұжырымдалуы

E) Адамның байқампаздығына тәуелді

*****

Фрустрация деген не

A) Адам халінің өз басына түскендей көңіл-күйде болуы

B) Кенеттен пайда болып, бұрқ етіп сыртқа шығатын қуатты көңіл-күй

C)& Қанағаттанбаушылық сезіммен жан дүниесінің күйзелуі

D) Қуаныш сезімі

E) Адамның таным, білімге байланысты қажырлы көңіл-күйі

*****

Жоғары сезімдерді анықта:

A) Аффект, эмпатия, стресс

B)& Ақыл-ой, эстетикалық, адамгершілік-моральдық сезімдер

C) Стеникалық, астеникалық сезімдер

D) Кейіп, фрустрация

E) Дистресс

*****

Ерік әрекетінің мазмұны:

A) Адам көңіл-күйінің ерекше көріністері

B)& Адамның өз мінез-құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті

C) Адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіруі

D) Ерікті болу адамдардың адамдармен тіл табысып кетуі

E) Өз-өзінен пайда болатын адамның қажеттілігі

*****

Мінез көріністерінің мазмұны:

A) Өзгермейтін, тұрақты психикалық қасиет

B)& Әрбір адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктерінің жиынтығы

C) Жүйке жүйесінің табиғи типтік қасиеттеріне тәуелді, жеке адамға тән дара өзгешелік

D) Тума қабілеттерден туындайтын адамның іс-әрекеті

E) Адамның іс-әрекетін меңгере алу қабілеті

*****

Психологияның ғылым ретінде пайда болып, дүниеге тұңғыш келген жері:

A) Мысыр мен Үндістанда /б.з.д. VI ғасыр/

B) Қытайда /б.з.д. ХІІІ ғ./

C)& Ежелгі Грецияда

D) Англияда /ХVғ./

E) Германияда

*****

«Әлемнің екінші ұстазы» атанған данышпан ғұлама

A) Әбу Али ибн Сина /980-1037/

B)& Әбу-Насыр әл-Фараби /870-950/

C) Ибн Рошд /Аввероеэс/ /1126-1198/


D) Ибн әл-Хайсам /965-1039/

E) Аристотель

*****

Субъектінің өткен тәжірибесіне негізделетін, сезім мүшелеріне тікелей әсер етпесе де пайда болатын зат бейнесі

A) Түйсік

B) Ұмыту

C)& Елестету

D) Ес

E) қабылдау

*****

Психика деген не

A)& Объективті шындықтың миымызда субъективті бейнеленуі

B) Жоғары деңгейде кемелденіп жетілген мидың қызметі

C) Ақиқатты, объективтік шындықты танып білудің үнемі дамып, күрделеніп отыратын диалектикалық жолы

D) Адамның дара ерекшелігі

E) Жануарларға ғана тән қасиет

*****

Психиканың ең жоғары сатысы - сананың дамуына әсер еткен негізгі факторлар:

A) Организмнің сыртқы ортаның әсеріне тітіркену қасиеті

B)& Қарым-қатынас, еңбек әрекеті

C) Әлеуметтік тіршілік ортасының өзгеруі

D) Биологиялық факторлардың әсері

E) Тұқым қуалаушылықтың әсері

*****

Вегетативтік жүйке жүйесінің атқаратын қызметі:

A)& Адамның ішкі мүшелерінің әрекетін басқарады

B) Миға сырттан келген әсерлерді жеткізіп, сол әсерлерге мидың реакциясын іске асырады

C) Организм мен ортаның бірлігін сақтай отырып, олардың арасындағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ету

D) Ортаның ішінен организмге әсер ететін күрделі нәрселерді талдап ажыратады

E) Адамның перифериялық жүйке жүйесінің әрекетін басқарады

*****

Вибрациялық түйсіну деген не

A) Дененің кеңістіктегі орнын анықтайды

B) Қимыл әрекеттердің жылдамдықтарын түйсіну

C)& Қозғалған заттардың ауаны толқытуын дененің сезіне алуы

D) Заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуі

E) Ағзаның ішкі күйінен хабар алу

*****

Синестезия қандай құбылыс


A) Организмнің сыртқы тітіркендіргіштерге бейімделуі

B) Сезгіштіктің тек артуын көрсететін құбылыс

C)& Түйсіктердің қосарлана жұмыс істеуі

D) Ішкі факторлар әсерінен анализаторлардың сезгіштігінің төмендеуі

E) Түйсіне алу қабілеті

*****

Жүйке жүйесінің ауруға шалдығуына байланысты жалған, теріс, бұрмаланған бейнелердің тууын қабылдаудың қай заңдылығына жатқызуға болады

A) Иллюзия

B)& Галлюцинация

C) Апперцепция

D) Константтылығы

E) Таңдамалылығы

*****

Ой қорытындысы деген не

A)& Бірнеше пікірлерден жаңа бір пікір шығару тәсілі

B) Құбылыстар арасында байланыс орнату

C) Қажырлы ақыл-ой жұмысының нәтижелі аяқталуы

D) Ой арқылы әрбір объекті мен болмыстың ерекшеліктерін, қасиеттерін көрсет

E) Жеке бөлшектерден тұтас объектіні құрастыру

*****

Сөйлеу процесінің қызметі қандай

A)& Адам ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы немесе графикалық белгілер арқылы жеткізеді

B) Пікір алысу процесінде жеке адамның ерекшеліктерін тану

C) Заттар мен құбылыстарды жан-жақты танып білу

D) Болмыстағы заттар мен құбылыстардың жалпы, мәнді және өзіндік белгі қасиеттерін бейнелеу

E) Шындықты жалпылап бейнелеу

*****

Сөйлеу процесінің мазмұндылығы дегенді қалай түсінесің

A) Адам ойының мазмұнын сыртқа дыбыс арқылы жеткізуі

B)& Ойдың айқындылығы

C) Адамның объектіге эмоциялық қалпын білдіруі

D) Талдау нәтижесінде айқындалған белгілер мен қасиеттерді біріктіру

E) Ойдың екпінді, дұрыс айтылуы

*****

Сөйлеудің мәнерлілігі:

A)& Әрбір сөзді өзінің сазымен, ырғағымен айту

B) Ойдың, сезімнің құндылығы, тереңдігі, мазмұндылығын ескеру


C) Адамның білім дәрежесімен сипатталады

D) Ойдың айқындылығы

E) Ойды нақты баяндай білу

*****

Сезім:

A) Сырттан әсер еткен сигналдардың адамға не жағымды не жағымсыз әсер етуі

B)& Адамның өзінен басқа адамдарға, айналасындағы дүниеге қатынасын білдіретін, оны бейнелейтін психикалық процесс

C) Сезім жануарларға тән психикалық процесс

D) Адамның биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандырумен байланысты

E) Адамның органикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыруы

*****

Эмоция:

A) Адамның органикалық мұқтаждықтарды қанағаттандыруы немесе қанағаттандырумен байланысты туатын жай-күйлер

B)& Адамның ішкі жан толғанысының бет әлпетінен білінуі

C) Тек қана адамға тән

D) Адамның өзіне, басқа адамдарға қатынасын білідіреді

E) Адамдардың қоғамдық болмысына тәуелді

*****

Аффект:

A)& Аз уақыт болса да кенеттен булықтыра билеп, бұрқ етіп сыртқа шығатын эмоциялық процесс

B) Шамадан тыс күшті тітіркендіргіштердің әсерінен адамның әлсіреп, қарсы әрекет жасай алмауы

C) Біраз уақыт адамдардың көңілін билеп, мінез-құлқына әсер ететін жалпы эмоциялық күй

D) Адамның тіршілік әрекетін жақсартып, өзіне күш беріп, шаттық туғызады

E) Күшті түрде сыртқа шығып, ұзақ уақытқа созылатын процесс

*****

Төменде берілген тапсырмада эмоциялық жағдайдың қай түрін ажыратуға болады«Бір бала асық ойнауға, екіншісі марка жинауға, үшіншісі аквариумда балық өсіруге, ал өзге біреулері тіпті жағымсыз істерге /темекі шегу/т.б. бейім тұрады».

A) Көңіл-күй

B) Аффект

C)& Құмарлық

D) Фрустрация

E) Эмпатия

*****

Зейін дегеніміз не

A) Жоғарғы формадағы психикалық процесс

B)& Адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс


C) Адамның мінез-құлқын меңгере алу қабілеті

D) Адамның өзіне, өзге адамдарға қатынасы, беретін бағасы

E) Адамның жаңа, тың бейнелер жасауы

*****

Бір уақыт ішінде адам зейінінің бірнеше объектілерді қамти алу қасиеті

A) Зейіннің алаң болушылығы

B) Зейіннің күші

C)& Көлемі

D) Тұрақтылығы

E) Зейіннің бөлінуі

*****

Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан түсіндірген:

A) Ежелгі грек дәрігері – Гиппократ

B) Неміс философы – И.Кант

C)& Академик – И.П.Павлов

D) И.М.Сеченов

E) В.М.Бехтерев

*****

Темпераменттің физиологиялық негізі неге байланысты

A) Денедегі сұйықтардың мөлшеріне

B)& Жүйке жүйесінің жұмысына

C) Организмнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне

D) Мидың физиологиялық ерекшелігіне

E) Организмдегі химиялық элементтердің азды-көптігіне

*****

Темперамент типтерін анықта: Жүйке процестері күшті, бірі екіншісіне тең келмейтін, ұйытқымалы, қимыл-қозғалысы шапшаң, басынан кешкен сезімі санасында терең із қалдырады, іске шапшаң кіріседі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары:

A)& Холерик

B) Сангвиник

C) Флегматик

D) Меланхолик

E) Интроверт

*****

Эмоциялық қозуы шабан, күшті, тұрақты, сыртқы көрінісі әлсіз келеді, сәл нәрседен ауыр әсер алып, олар бойын билеп кетеді, мінезі баяу өзгереді, көңілі көбінесе жабырқау, қимыл-қозғалысы ақырын, мәнерсіз ақырын сөйлейді:

A) Холерик

B) Сангвиник

C)& Флегматик

D) Меланхолик

E) Экстраверт

*****

Эмоциялық қозуы әлсіз, көңіл-күйлері әлсіз, байсалды, жігерсіз, бірсарынды сөйлейтін, кісімен араласып, жақындасуы аз, іс-әрекетті тиянақты орындайды:


A) Холерик

B) Сангвиник

C) Флегматик

D)& Меланхолик

E) Экстраверт

*****

Эмоциялық қозуы шапшаң, күшті болады, бірақ көп тұрақтамайды, көңіл-күйі шапшаң өзгереді, өте әсершіл, мәнерлі сөйлейді, қимылы көп, ақжарқын ашық келеді. Бастаған ісіне тыңғылықты болмай, жұмысы аяқсыз қалады:

A) Холерик

B)& Сангвиник

C) Флегматик

D) Меланхолик

E) Интроверт

*****

Адамның мінез-құлық әрекеті деген не

A) Жүйке жүйесінің тума биологиялық ерекшеліктері

B) Тұрақты, өзгермейтін психикалық қасиет

C)& Адамның жеке басына тән өзіндік психологиялық қасиеттері мен ерекшеліктерінің жиынтығы

D) Адамның әрқилы қимыл-әрекеті

E) Мидағы оптималдық қозу ошағы

*****

Қабілеттің бастапқы табиғи негізі ретінде адамда туа пайда болатын жүйке қызметінің ерекшелігі не деп аталады

A) Бейімділік

B)& Нышан

C) Синестезия

D) Амнезия

E) Гипотеза

*****

Зейіннің мазмұнын анықта:

A) Зейін – психикалық процестердің бірі

B)& Зейін – адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын көрсететін құбылыс

C) Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану

D) Адамның әрқилы қимыл-әрекеті

E) Мидағы оптималдық қозу ошағына байланысты

*****

Зейіннің негізгі қасиетін анықта: Адамның бір объектіге немесе бір жұмысқа ұзағырақ тұрақтай алуы зейіннің қай қасиеті

A) Көлемі

B) Зейіннің аударылуы

C) Зейіннің бөлінуі

D)& Зейіннің тұрақтылығы

E) Алаң болушылығы

*****

Белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылық

A) Бөлінуі

B) Көлемі


C)& Алаң болушылығы

D) Тұрақтылығы

E) Аударылуы

*****

Қарым-қатынастаға қабылдау және бірін-бірі бағалау

A) Коммуникация

B)& Перцепция


следующая страница >>