https://electroinfo.net

girniy.ru 1

«Нағыз прокурор» деген атаққа ие болған тұлға


Әлекеңнің дүниеден озғанына да 1 жылдам астам уақыт өтіпті...

Айтса да, Әлекеңді бұл өмірде аты өшпейтін дана тұлғалардың қатарына жатқызамын. Өйткені оның ұрпағын жалғастырған аттай үш ұлын, өрімдей бір қызын, ӨӨ немерелерін айтпағанда, оның бұл өмірде жеке тұлға ретінде қалыптастырған бағыты, қалдырған ізі, прокуратура қабырғасында сіңірген еңбегі, оның тәрбиелеген ізбасарлары артып жетіледі.

Әлімжан Аманқұлұлы Исақов 1942 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданында туылған. Жасөспірім шағынан-ақ мектептің қоғамдық өміріне араласып, ерекше көзге түсіп, үлгілі іс-әрекеттерімен белсенді болған.

Мектеп бітіргеннен кейін, Жуалы аудандық су шаруашылығының жұмысшысы, Жуалы жол-құрылыс учаскесінің жұмысшысы болып жұмыс жасайды. Онымен тоқтамай, 1960 жылы Ақтөбе мал шаруашылығы техникумына оқуға түсіп, оны 1963 жылы тәмамдайды.

Алған мамандығына көңілі тоймай, бойындағы күш-жігерін қалаған заңгерлік мамандығын иеленуге бел буып, сол кезде атағы дүркіреп тұрған С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетіне түсіп, 1967 жылы оны үздік бағамен бітіреді.

Оқу барысында қоғамдық бастамамен 2 жылдан астам уақыт Алматы облыстық прокуратурасында тергеу қызметіне атсалысып жұмыс істейді.

Оқу аяқтаған жылы 3 тамызда Әлімжан Аманқұлұлы прокуратура органдарындағы еңбек жолын бастайды. ССРО Прокуратурасының жолдамасымен Жамбыл облысының Жамбыл ауданының прокуратурасы тергеушісі қызметіне тағайындалады.

Қызметіне кіріскен күннен бастап жоғарғы оқу орнында ұштаған білімін қызмет барысында қолданып, қылмыстық істерді тергеуде ұшқырлық пер парасаттылық, қоғамдық өмірде белсенділік танытып, көзге түседі.

Сөйтіп тергеу саласында білімін жоғарылату мақсатында 1972 жылы Ленинградтық тергеу қызметкерлерінің курсын тәмамдайды.

Прокуратура органдарында бес жарым жыл жемісті еңбек еткеннен кейін, 1974 жылдың 1 нарурызынан бастап Жамбыл облысының Красногор ауданының прокуроры қызметіне тағайындалады. Сонда Әлімжан Амақұлұлы небәрі 31 жаста ғана екен.


Одан кейін 23 жыл бойы Жамбыл облысының бірнеше аудандарының, яғни Жамбыл ауданының прокуроры, Тараз қаласы орталық ауданының прокуроры, Қаратау қаласының прокуроры, Жаңатас қаласының прокуроры болып қызмет атқарады.

Осы жолда талай шәкірт тәрбиелеп, тәлімгерлік танытып, құқық саласында бел шешпей парасатты жұмыс атқарады.

Ә.А.Исақов ҚР Бас Прокурорының 1996 жылдың 15 тамызындағы №317/6 бұйрығымен «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» атанып, Жамбыл облысы комитетінің прокуратура және мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының Қаулысымен «1975 жылғы социалистік жарыстың жеңімпаз» белгісімен марапатталып, 1996 жылдың 24 қазанында оған Жамбыл облысы Жаңатас қаласының «Құрметті азаматы» атағы берілген екен.

1997 жылдың шілде айында, зейнеткерлікке бір жар жыл қалған кезде Жамбыл облысы прокуратурасының жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы бастығының орынбасары болып тағайындалады.

Міне осы уақыттан бастап ол кісіні көз көріп, тани бастадық. Ол кезде мен осы Орталықтың бас маманы қызметін атқаратынмын, сол уақытқа дейін Әлекеңнің беделділігі туралы тек қана естігеніміз болмаса, ол кісімен қызметтес боламыз деген үш ұйықтасақ та түсімізге кірмейтін.

Сол кезде жас маман болғанымызбен ол кісінің тікелей қарамағында, қоян – қолтық жұмыс атқаратынбыз. Ол заманда құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласының енді аяққа тұрып келе жатқан кезі, онымен қатар, технологияның қазіргідей дамымаған кезі, прокурорлардың жұмысы туралы есептіліктерді қалыптастыратынбыз.

Қазіргідей есептіліктерді тез қабылдайтын мүмкіншіліктер жоқ, көбіне қағаз жүзінде жасалып, сол кездегі бағдарламалармен баяу қалыптастырылатын.

Сол кезде Әлекең біздің жастығымызға қарамай, үлкен сенім артып, алдымызға үлкен міндеттер қоятын. Берген тапсырмаларын уақытылы, сапалы орындау үшін түннің бір уағына дейін уақытпен санаспай орындап шығуға тырысатынбыз. Қазір ойлап қарасам, шәкірт тәрбиелеудің бір мәнісі осында жатыр екен.


Ол кісі қарамағындағыларға тек қана жұмыс барысында ғана емес, тұрмыс жағдайларына да көңіл бөліп, көп демейтін.

Үлкенге де, кішіге де қамқор болған, жұмыс пен күнделікті тіршілікте адам баласына қалыпты жағдай мен орнықты көзқарас орната білген Әлімжан Исақовтың өмір жолы әлі күнге дейін қызметкерлер арасында абыроймен еске алынып жүр. Оның өмір жолы мен жұмыстағы толымды табысы – бүгінгі қызметкерлерге үлгілі көрсеткіштің көрінісі боп қалмақ.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы жұмысты жетілдіруге арналған бұл басқарманың бүгінгідей бірыңғай жүйеге көшіп, жоғары дәрежелі жұмыс көрсеткішін көрсете білуіне зор үлес қосқан міне осы замат.

Ол құқықтық статистиканы қалыптастыруға және арнайы есепке алу жұмысын жандандыруға талмай тер төккен жандардың бірі ретінде Басқарманың құрмет кітабынан түскен емес.

Бүгінгі күні Әлекең дүниеден озғанымен, осы Басқарма іргесінде Әлекеңнің өжет мінезді қызы - Жанна он жылдам астам уақыт бойы жемісті қызмет атқаруда. Осындай әкенің қызына берген өнегелі тәлім-тәрбиесі Жаннаның бойынан, әр іс-қимылынан көрінеді.


ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика

және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің

Жамбыл облысы бойынша Басқармасының

бөлім бастығы Э. Ізмағамбетова