https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 6 7 8 9

Үйымдастыру формасының бесінші типі жеке-дара аудиттеу және кеңес беру. Бұл арада біріккен аудиторлық туралы айтылып тұрған жоқ, мұнда кәсіби-кеңес берушінің негізгі жұмысы турасында сөз болып отыр. Мұндай кеңес берушінің қызмет құны қосымша шығындардың болмауынан төмен, сол себепті де оның қызмет саласын едәуір кеңейтеді.

Аудиторлық ұйымдардың іс-тәжірибесін талдау олардың негізгі қызмет бағыттарын және ұлттық экономика саласы, әр түрлі салалардағы кәсіпорындармен өзара байланысының формаларын анықтауға мүмкіндік береді.

Осыған байланысты «әдеп» термині ретінде біз мораль проблемаларын, оның ішінде моральдық тандау саласын зерделеумен жүйелі түрде айналысатын белгілі бір философия саласын ұғамыз. Бұл анықтамада үш шешуші элемент бар:


  1. Шешімді таңдау проблемасы.

  2. Жаман мен жақсы туралы түсінік.

  3. Әдеп, адамгершілік (мораль) мәселелерін, оның ішінде моральдық шешімдерді зерделейді.

Әдеп кең мағынасында өнегелік принциптері мен нормаларының жүйесі, жеке тұлға, қандай да бір коғамның немесе кәсіби топтағы адамдардың өзін өзі ұстау әдебі ретінде баяндалды.

Белгілі бір кәсіп тұрғысынан алғанда кодекс нақты өзін-өзі ұстау декларациясы болып табылады әрі олардың орындаулына ықпал етеді. Онсыз кәсіби тәртіп болуы мүмкін емес.

Әдептің негізгі мақсаттарының біріне шешім қабылдауда басшылық жасау жатса да, шешім қабылдаушы түлғаның функциясы (қызметі) осымен толық бітпейді, яғни оның кәсіби міндеттері мұнымен ғана шектеліп қалмайды.

Әрбір адам - тек жеке тұлға ғана емес, ал, сонымен бірге, қандай да бір кәсіптің өкілі және қоғамның мүшесі.

Тәуелсіз қоғамдық бухгалтерлер мен аудиторлар да «ез әріптестері қабылдайтын шешімдерді» қадағалаушы кеңес берушілер (өз әріптестерімен бірге), оқытушылар, сарапшылар болып табылады. Осы функциялардың барлығы кәсіби этика тұрғысынан қарағанда маңызды.

1988 жылы АІСРА мәжілісінде бухгалтер-аудиторлардың өзін-өзі ұстаудың кәсіби Кодексінің жаңа нұсқасы қабылданды,



Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары


Парадигма (грек тілінде раradeigma – үлгі) – нақтф ғылыми зерттеулерді анықтайтын әрі нақ сол кезеңде ғылыми қоғам мойындаған теориялық алғышарттардың жиынтығы.

Халықаралық әс-тәжірибеде бақылаушы – талдамалы жұмысты аудиторлық қызметті ұйымдастырудың негізгі үш парадигмалық типтерге бөледі: операциондық аудит, талапқа сәйкестік аудит жэне қаржылық есептемесінің аудиті. Аудиттің эр типін тэуелсіз аудитор мен аудиторлық фирмалар да, сонымен бірге мемлекеттік, ведомствалық және шаруашылық ішіндегі қар-жылық бақылау қызметтері жүзеге асыруы мүмкін.

Аудитор іштей жэне сырттай пайдаланатын аудиттің тұпнұсқалы парадигмалық типіне операциондық аудит жатады. Аудит теориясы мен практика саласындағы атақты америкалық маман, профессор Дж.К. Робертсонның айтуынша, операциондьік аудит - аудитор мақсаттарға тиімді жолмен қол жеткізу, компанияның жұмысын жүргізу жэне ресурстарды тиімді әрі үнемді пайдалану бойынша ұсыныстарды беру мақсатында компания операция-ларын зерделейді.

Тұтастай апғанда операциондық аудит зерттелетін объектілердің жұмыс істеу процедурасының жэне эдістерінің кез келген бөлігін тексеруші ретінде ұйымдастыру құрылымын, өндіріс жағдайын, жабдықтау, маркетинг жэне эр түрлі эконо-микалық жүйелер кызметінің басқа жақтарын бағалау ісін де қамтиды. Сонымен катар операциялардың тиімділігі мен биз-нестің өзіне объективті тұрғыдан баға беру қаржылық есептемені ресімдеудің ережелеріне немесе стандарттарына, нұсқауларына олардың қаншалықты сэйкестігін тексеруден әлдеқайда қиын. Бүл жағынан операциондық аудит әдеттегі аудиттегіден ғөрі әкімшілік консалтингісіне көбірек ұқсас.

Көптеген авторлар «операциондық аудит» терминінің орнына «басқарушылык аудит» немесе «шаруашылық қызмет аудиті» терминдерін қолдануды қолайлы көреді. Бұл жағдайда операциондық аудит кеңінен түсіндіріліп, тіпті шар-уашылык ішіндегі бақылаудың бағалануы мен оның тңімділігін тестілеу де оған қосылады. Кейбір жағдайларда операциондык аудит, шаруашылық қызмет аудиті жэне басқарушылык аудит араларына айырмашылық қойылмайды.


Мына авторлардың бұл турасындағы ой-пікірлері әлдеқайда орнықты көрінді (34, 36, 39 т.б.). Олардың айтуынша, опера-циондық аудит - бұл зерттеудің мақсаттары мен міндеттерінде, бъектісінде, мазмүнында, колданылуында өзіндік ерекшелігі бар аудиторлық қызметтің ерекше типі. Мысапы, Э.А. Аренс жэне Дж.К. Лоббек өз еңбектерінде операциондық аудит пен қаржылық есептемесі аудит арасындағы үш негізгі айырмашылықты келтіреді: аудитті тағайындау, корытындыларды ұсыну жэне қаржылық емес салалардағы операциондық аудит саласына қосылу.

Нақ осы тексерулерді тағайындау (белгілеу) - операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудитінің арасындағы басты айырмашылық болып табылады. Қаржылык есептеме аудитінде басты назар шаруашылық операцияларының есеп пен есеп беруде дұрыс көрініс табуын тексеруге аударылатын болса, опера-циондық аудитте тиімділік пен өндірісті арттыратын резервтерді анықтауға жете мэн беріледі. Қаржылык есептеме аудиті өткен шаққа бағдарланатын болса, ал операциондық аудит бизнесті жақсартудың келешегіне бағытталған, яғни болашақта бизнестің жақсаруына күш салады.

Екінші айырмашылық - қорытындыларды ұсынуда, Қаржылық есептеме аудитінде аудиттің қорытындыларын көптеген пайдаланушылар ала алады, ал операциондык аудиттің нэти-желері бойынша аудиторлық қорытындыны ең алдымен кәсіп-орын қожайындары мен экімшілік қызметкерлері рэсімделген жағдайларда ғана пайдаланады.

Үшінші айырмашылықта - операциондық аудит шаруашылық жүйедегі немесе оның белгілі бір бөлігіндегі өндірістік жэне тиімділіктің көптеген аспектілерін қамтып, аса үлкен диапозонда қолданылады. Ал қаржылық есептеме аудиті қаржылық есеп берулердің объективтілігіне тікелей эсер ететін көптеген мэсе-лелермен шектеліп қалған.

Осылайша, қызмет нәтижелерін жақсарту және экономикалық потенциалдың тиімді пайдаланылуын арттыру бойынша ұсыныстарды эзірлеу үшін шаруашылық жүргізуші субъек-тілердің жұмыс істеу әдістерін жэне нақты процестері мен опрерацияларының жағдайын терең зерттеу мақсатында жүр-гізілетін аудиторлық қызметтің ерекше түрін операциондык аудит деп ұғамыз.


Операциондық аудиттің зерттеу объектісіне кэсіпорын кызметінің эр түрлі салаларьшдағы процестер мен өзіндік ерекшелігі бар циклдер, көкейтесті мәселелер жатуы мүмкін. Ал, субъектілеріне - ішкі аудитті қүрастыратын бір бөлігі ретінде қарастырылатын ішкі аудитор да, сондай-ақ менеджмент, мар-кетинг, заң, өндіріс, бухгалтерлік есеп, бақылау, талдау, эконо-микалық диагноз қою жэне т.б. мэселелер бойынша мүдделілік таныткан клиентке кәсіби кызмет көрсетудің немесе кеңес берудің маңызды түрі ретінде саналатын сыртқысы да кіреді.

Операциондық аудит АҚШ, Жапония жэне Батыс Еуропаның біркатар елдерінде жаксы дамып келеді. Ал, ТМД елдерінде операциондық аудит ұйымдарына жеткілікті дэрежеде көңіл бөлінбей отыр. Оны жүзеге асырудың эзірленген тұжырым-дамасы, эдістемелік тэсілдемесі жэне нормативті-эдістік базасы элі жоқ. Осыған орай, бүгінгі таңда зерттеудің өте кекейтесті бағыттарына табыстарды алудың циклдерінің, жабдықтаудың, өнім, жүмыс жэне қызметті өндіру мен өткізудің кешенді операциондық аудиті мен қаржылық-экономикалық талдауын ұйымдастыру мэселесі жатады. Мұнда шаруашылык жүргізуші субъектілердің қаражат қозғалысы мен операциялары туралы ақпараттың толық болуы мен шындыққа жанасымдылығын, экономикалық бақылау процедураларын, есептік жүйесін, сыртқы ортасының жағдайын мүқият зерделеу кажет.

Халықаралық жетістікке жеткен есептік-бақылауға қатысты аса маңызды ойларды қамтыған «Монтгомерн аудиті» атты іргелі кітаптың авторларының айтуынша, операциондық аудит смета-лардың орындалуын, тиімділікті жэне мақсатты бағдарламаны тексеруді үйғарады. 1988 жылы АҚШ-тың Бас бухгалтерлік кызметі жарыққа шығарған «Мемлекеттік аудиторлық стандарт-тар: үкіметтік ұйымдар, бағдарламалар, қызметтер жэне функциялар аудитінің стандарттары» тиімділік пен үнемділікті тексеруге қатыстыларды анықтап береді:


  1. өндірілмеудің немесе үнемделмеудің себептері, яғни
    жұмыстағы өнімсіздік пен үнемсіздіктің себептері;
  2. фирманын заңды жэне ережені сактауы;


  3. ойдагыдай нэтижелерге қол жеткізудің немесе табыстарды алудың деңгейлері;

  4. ұйымның және жүмыс істеу тиімділігі.

Ресурстарды үнемдеп пайдалану - аз шығынмен белгіленген деңгейде өнім шығару. Әлдеқайда аз шығынмен белгіленген деңгейде өндіруге кол жеткізген кәсіпорын өз ресурстарын үнемдеген кэсіпорын ретінде саналады. Қосымша шығын шығармай өнімді мол өндіруге қол жеткізілсе де, бүл ресурс-тардың орнын артығымен толтыру аркылы оны пайдалануға болатынын көрсетеді.

Сонымен қатар, операциондық аудиттің ұйымдастырылуы арнайы белгіленген стандарттармен, нормалармен немесе нормативті-қүкықтық кұжаттармен реттелмейді. Бүл операциондық аудитті жүзеге асыру барысында басқарудың, бухгалтерлік есептің, аудиттің жэне қаржылық-экономикалық талдаудың жалпы принциптерін сақтауға болмайды деген ұғымды бермейді. Мәселен, АҚШ-тың мемлекеттік стандарттарына (1988 ж. редакция) жалпы қабылданған АІСРА аудиторлық стандарттары, сондай-ақ АІСРА аудиторлық стандарттары туралы бірқатар ережелері қосылады, сөйтсе де ОАО (АҚШ-тың Бас бюджеттік-бакылау басқармасы) стандарттарының көп бағыттары АІСРА стандарттарына қарағанда тереңірек эзірленген. Көптеген сыртқы аудиторлар федералдық демеуқаржылар (субсидия) мен бағдарламаларға тексеру жүргізеді. Олар тексеру барысында СА83 (аудиторлык стандарттар) сақтап қана қоймай, сондай-ақ бағдарламаларды жүзеге асырудың нэтижелері мен тиімділіктері, үнемшілдігі, тексерулер туралы есеп берудің әзірленген талаптарын қамтитын САО стандарттарын да сақтауы тиіс. Мұкият, бастан-аяк тексерулер объектілердің аса үлкен ауқымын қамтитындықтан (азық-түлік багдарламасынан эскери келісім-шарттарга дейін тексереді) стандартты есеп беруді эзірлеу мүмкін емес. ОАО-ның бұл стандарттарын ішкі жэне операциондық аудит туралы есептеме жасау немесе тэуелсіз аудиторлар дайындаған басқару мэселелері бойынша кеңес берулерде пайдаланған орынды.


3.6. Аудиторлық қызметтің әдіснамалық негіздері

Әдіс кең мағынада (грек тілінде methodes- зерттеу) нақты өмір шындығын, табиғи жэне қоғамдық қүбылыстаріды немесе шындықты белгілеу мен ғылыми таным жолын зерделеудің тәсілдемелік әдістерін білдіреді. Әдетте жиі қолданылатын ғылыми таным әдістері баршаға ортақ жалпы ғылыми және нақты гылыми деп бөлінеді.


Маңыздырақ болып табылатын таным тәсілін|ің барлық ғылым салаларына әмбебап пен зерттеудің түрлі кезеңдерінде қолданылатын материалистік диалектика әдісі жатқызылып жүр. Әр білім саласындағы диалектикалық эдіс жиынтығында ғылымның әдістік негізін қалыптастыратын зерттеудің бірқатар жеке әдістері арқылы көрінеді.

Танымның жалпы ғылыми әдісі мыналарды| қамтиды: қадағалау, салыстыру, ұқсастыру (анапогия), модельдеу, жүйелі тәсілдеме, тапдау мен синтез, индукция мен дедукция, абстракцияллау, нақтылау, формалдау, тарихи және логикацық әдістер және т.б.

Аудиттің жұмыс тәсілі мен өзіндік ерекшелігі бар немесе нақты гылыми әдістеріне жататындар: мәліметтерді көптеген нұсқалармен бағалау, экономикалық сараптау, түгендеу, бақылау мақсатымен өлшеу, қадағалау, қызмет тергеуі, талдамалы процедуралары, эксперимент, тестілеу, топтау, технологиялық бақылау, қолданыстағы стандарттармен және ережелермен салыстыру, камералдык жэне кезікпе тексерулер, заңдық-тергеу тәсілдері және т.б.

Осыған орай, аудит әдісі дегеніміз бұл шаруашылық қызметтерді жэне олардың нормативті-құқықтық реттеулерін тексеру жэне зерттеудің әдістемелік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы.

Аудиттің жалпы жэне ерекше әдіснамасы (методологиясы) бөліп көрсетіледі.

Аудиттіц жалпы әдіснамасы табиғаттың, қоғамның және қоршаған ортаның даму заңдылықтарын зерттейтін диалекти-каның жэне жалпы ғылыми таным теориясының принциптер жиынтығын білдіреді.

Аудиттің ерекше әдіснамасы экономикалық ғылымның заңдарына негізделіп, бір жағынан, теориялық қорытындылар мен принциптерден, ал екінші жағынан оны зерттеудің қолданбалы әдістерінен көрінеді.

Әр білім саласында зерттеу міндеттеріне әлдеқайда нақты жауап беретін, өз ерекшеліктеріне орай дәл жүзеге асатын өзіндік ерекшеліктері бар жалпыдан басқа тәсілдер қолданылады.

Аудиттің ерекше әдіснамасы бүл талдамалы-бақылау, экономикалық жэне заң ғылымдарының теориясы мен практикасының жетістіктері негізінде әзірленген нақты құбылыстар мен процестерді зерттеудің әдістері мен тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелері. Олар аудиттің белгілі бір нэтижелерінің жетістіктеріне, зерделеу көлеміне, мақсатты функцияларына жэне ғылым мен практика салаларына сәйкес қолданылатын зерттеудің жалпы ғылыми әдістерімен олардың өзара байланысына карай қалыптасты.


Тексеруге бел буған, яғни тексеруге шешім қабылдаған аудитор зерттеу объектісі туралы шындыққа жанасымды айғақ-тарды алудың эр турлі эдістерін таңдай алады. Бизнестің аудиті мен талдауын жүргізу барысында тексеруді жүргізудің мынадай арнайы әдістердің, тэсілдердің және процедура топтарын кеңінен қолданаалады:


  1. нақты бақылау тәсілдері: тексеру, зерттеу, түгендеу,
    бақылап жіберу, лабораториялық талдау, сараптау бағасы, нақты
    объектілерді тексеру және т.б.;

  2. айғақтарды құжаттық тексерулер әдістері, оның ішінде,
    деректемелерді (реквизиттер) формалдық тексеру, құжаттарда
    көрініс тапқан операциялар мен фактілердің мәні бойынша
    бағалауларын тексеру;

  3. қадағалау тәсілдері: жаппай, тұтастай, іріктемелі, визуальды және тікелей;

  4. жауап алу тәсілдері: ауызша (экспедициялық), анкеталык,
    корреспонденттік, өзін-өзі тіркеу және келуімен;

  5. операциялар мен міндеттемелердің шынайылығын тек-
    серу тәсілдері: құжаттық растау, кезікпе тексеру, өзара тексеру,
    бақылау мақсатында салыстыру, сканерлеу және т.б.;

  6. сандық параметрлерді нақтылау тәсілдері: өлшеу, салмақ-
    тау, қайта есептеу, салыстырып тексеру және т.б.;

  7. тапдамалы процедуралары: іздестіру, жоспарлы, шолу, елеулі, перспективалық, оперативті, ағымдық (ретроспектива-
    лық), диагностикалық және т.б.;

Аудитте және қаржылық-экономикалық талдауда қолданылатын әдістерде жіктеу тәсілдемесі оларды мына қосапкы жүйелерде топтастыруға мүмкіндік береді: техникалық, талдамалы-есептік, құжаттық, корытындылаушы және нақты бақылау, Олардың әрбіреуінің өз ерекшеліктері мен пайдаланатын салалары бар. Атап айтқанда:

а) техникалық тәсілдің қосалқы жүйесі талдамалы-бақылау міндетін шешу үшін қажетті бастапқы ақпараттарды алу, тексеру және дайындау барысында қолданылады (экономикалық-математикалық есеп айырысулар, индекстер мен проценттерді есептеу, жоғары және салыстырмалы кепілдемелі техникалық тәсілдер және т.б.);


ә) талдамалы-есептік тэсілдің қосалқы жүйесі экономикалык талдау (салыстыру, топтастыру, аластау (алып тастау), баланстык әдіс және т.б.), талдамалы тексеру, статистикалық және

экономикалык-математикалық дістердің дәстүрлі жэне арнайы тәсілдері;

б) кұжаттық тәсілдер ақпараттык модельдеуді, нормативті-құқықтық реттеуді, тексеруді, зерттеу объектісі туралы есептік деректерді бакылау мен талдауды жүзеге асыру;

в) қорытындылау тәсілі жиынтық есеп берулермен баланыстарды жасауда, кешенді бағалауларды жүргізуде және ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеуде олардың қорытын-
дыларын зерттеу мен қалыптастырудың логикалық жәнесинтетикалық тэсілдерімен бірге пайдаланылады;

г) нақты бақылау тәсілдері белгіленген тәсілдердің (кем
өлшеу, салмақтау, қайта есептеу, лабораториялық талдау, түген-
деу, сараптау бағалауы, визуальдық кадағалау және т.б.)
көмегімен тексерілетін объектілерді шынайы күйінде (көзбен
көріп, колмен ұстап) тексеріп қарау арқылы алынған мәліметтер бойынша оның (объектінің) нақты жағдайын зерделеуде
қолданылады.

Айғақтарды алу үшін аудитордың сараптау, қадағалау, сұрау, растау, тәуелсіз операциялық тестер мен сэйкестікке орай тестер, инспекция, есептеу, талдамалы тексеру жэне т.б. бақылау тэсілдерінің технологиялары туралы нақты түсініктері болуы керек. Мысалы, бизнестің жағдайын тексеру процесінде көзделген мақсаттарға карай тэуелсіз операциялық тестер мен сәйкестікке орай тестердің көмегімен процедуралар жүзеге асырылады. Тәуелсіз операциялық тестер шаруашылық процес-терді, ақшалай жэне материалдык ресурстардың қалдығын тексеруге жэне бухгалтерлік жазбалар мен есеп берудегі операциялардың толықтығы, дүрыстығы, заңдылығы турапы айғақтарды алу процедураларын жүзеге асыруға арналған. Сэйкестікке орай тестер ішкі бақылау процедураларының белгіленген нормаларға және өндіріс ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану нормативтеріне қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мақсатында жүргізілетін тексерулерде қолданылады. Бизнестің жағдайын бақылау мен талдаудың операциялық эдістерін оларды жүзеге асыратын процедураларға сэйкес жіктеуге болады:


а) ротациалау (ауыспалы) тестілеріне тексеруге жататын объектілерді аудитор белгілі ауыспалы принциптері бойынша кезек таңдайтын процедуралары кіреді. Іріктеме (таңдама) бизнестің жағдайы алдын ала операциялық талдау нәтижелеріне қарай жүзеге асырылады;

э)тереңдетілген тестілер шаруашылық қызметтердің циклдеріне сэйкес барлық кезеңде тексерілетін операциялардың нақты іріктемелерін білдіреді, яғни операцияларды нақты іріктейді;

б)осал тұстың тестілері аудитор осы арада қателік болуы
ықтимал, деп жорамалдап ұйғаратын бизнесті іштей үйымдастырудың нақты аспектісін тексеру үшін пайдаланылады. Ішкі
бақылаудың жағдайы нашар екені анықталғанда тексеру базасын
кеңейтіп, «осал» түсты нығайту бойынша ұсыныстарды әзірлейді;

в) бағыттың тестілер жабдықтау, өнім, жұмыс, қызметті
өндіру мен өткізу процестеріндегі операциялардың жүзеге асырылуын тізбекті бақылау мақсатында қолданылады;

г) толассыз тестілер-бұл, мысалмен бейнелеп айтатын
болсақ; активтерді, өзіндік капиталды және міндеттемелерді
пайдаланудағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің есеп және
бақылау жүйелерінің сипаттамалары үшін қолданылатын тереңдетілген тестердің шектеулі түрі.


Қорытынды


Бухгалтерлік есеп дегеніміз – кәсіпорынның шаруашылық процесіндегі барлық құбылыстарды, яғни айналым қорын айналым құжаттарымен негіздей отырып, үздіксіз есептеу. Бухгалтерлік есептің міндеті – кәсіпорындар, мекемелер жұмысына бақылау жасап, есепке алып, күнделікті қорытынды мәлімет шығару.

Бухгалтерлік есептің әр түрлі ерекшеліктері бар. Мысалы, кәсіпорын шаруашылығының қадетіне жарайтын заттарды, тауарларды, ақша өаражатын, кәсіпорындар мен мекемелер арасындағы қарым-қатынастар туралы мәләметтерді есепке алады. Бухгалтерлік есептің тағы бір ерекшелігі, өнімнің өзіндік құнын есептеуде, өнімнің сатылып-таратылу сатысында, шаруашылықтың қаржылық нәтижесін шығаруда орны ерекше. Кәсіпорын шаруашылығын қоғамдық қордың үздіксіз айналуы тұрғысынан қарағанда бухгалтерлік есептің әрбір өндірістік кезеңде міндеті бар. Мысалы, өндіріс орнын жабдықтау, заттардың сату бағасын, ол заттардыың өндіріс орнына жіберілуге тиісті өзіндік құнын есептеу. Жаңа өндіріс өнімін құрайтын элементтерді есепке алып, әрбір өндіріс өнімінің өзіндік құнын шығару бухгалтерлік есепте өзгеше маңызы бар, өзіндік өдіс қолданып жүргізілетінбөлімі. Бұл әдістің ең негізгі мақсаты – жаңа өнімнің өзіндік құнын құрайтын материалдарды, жұмысшылыр жалақсын, негізгі құралдар амортизациясын нақтылы көрсеткіштермен есептеп шығару. Өндіріс өнімін таратып сату кезеңінде бухгалтерлік есеп дайын өнімнің өзіндік құнын сату бағасымен салыстырылып, оның қаржылық нәтижесін шығарады.


Адамның әрекет ететін барлық сферасында, барлық ғылыми салада (саяси, халықаралық, қоғамдық, әлуметтік, экологиялық, мәдени тұрмыстық) анализ және синтезді қолданбау мүмкін емес.

Әсіресе анализ және синтездің экономикадағы маңызы өте зор, өйткені экономика барлығының негізі болып табылады. Егер эконмикалық проблемалар туындап және олар шешілмеген жағдайда ол проблемалар қоғамның  өзге сферасына жағымсыз әсерін тигізеді. Эконмиканы жан-жақты қарастыру, шаруашылық қызметтерді зерттеу және соңғы нәтижелерін талдау бұл экономикалық талдау болып табылады.


Пайдаланылған әдебиеттер



<< предыдущая страница