https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 8 9


Мазмұны.

Кіріспе.....................................................................................................................

I.Бухглтерлік есеп негіздері.............................................................................

1.1. Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары...............

1.2. Алынуға тиісті шоттар және басқада дебиторлық берешек........................

1.3. Тауарлы-материалдық қорлар есебі..............................................................

1.4. Негізгі құралдар есебі......................................................................................

1.5. Жал есебі...........................................................................................................

1.6. Материалдық емес активтердің есебі.............................................................

1.7. Инвестиция есебі..............................................................................................

1.8. Еңбекақы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу есебі.........................

1.9.Міндеттемелер есебі және қарыз бойынша шығын.......................................

1.10. Меншікті капитал есебі.................................................................................

II. Экономикалық талдау және қаржы есептемесін талдау.....................

2.1. Экономикалық талдау пәні мен міндеттері..................................................

2.2. Экономикалық талдаудың әдісі,оның ерекшеліктері..................................

2.3. Экономикалық талдауды ақпараттарымен қамтамасыз ету........................

2.4. Экономикалық талдау түрлері.......................................................................

2.5. Өндрістік қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдаудың негізі...................


2.6. Ұйымның қаржылық тұрақсыздығын талдау..............................................

III.Аудит.............................................................................................................

3.1. Аудит мәні,мазмұны және даму тенденциялары........................................

3.2. Аудит мазмұны, функциялары және халықаралық тәжірибелері..............

3.3. Аудиторлық қызметтің теориялық негіздері...............................................

3.4. Аудиторлық істің этникалыққұқықтық механизмдері..............................

3.5.Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары

3.6.

Қорытынды........................................................................................................

Пайдаланған әдебиеттер...................................................................................


Кіріспе


Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайысысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.

Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.

Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.


Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.

Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.

Нарық жағдайында қаржылық жоспарлау кәсіпорынға оның қызметі жөнінде көптеген параметрлерді сырттан бекітетін орталықтандырылған әкімшілік сипатты жояды.


I. БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП НЕГІЗДЕРІ

1.1. Ағымдағы активтер: ақшалай қаражат пен олардың баламалары.


Бухгалтерлік есеп стандарттарьша тұжырымдамалык негізіне сәйкес акі жатады, бұлар - муяік, субъектінің кұндық бағасы бар мүліктік жэне мүліктік игіліктері мен кұқықтары. Активке айналган болашақ экономикалық паі субъектінің ақшалай қаражат тусіміне тікелей немесе жанама, болуы ыктимал сал

Болашақ экономикалық пайда егер актив:

ұйым өткізетін дайын өнім (тауар, жұмыс, қызмет көрсету) ендірісінде активтермен қосыльш немесе жеке қолдаяылса басқа активтерге айырбасталса міндеттемелерді өтеу уідін пайдаланылса ұйымнын меншіктеушілері арасында бөлінсе алынуы мүмкін.

«Қаржылық есеп беруді ұсыну» 30 бухгалтсрлік есеп стандарттарьгада акт былайша жіктеледі

Активтер - өндірістік және бейөндірістік мақсаттағы жылжымайтын және жылжитын мүлік түріндегі меншік, сондай-ақ шаруашылық мақсатта пайдаланылып жүрген жер, орман-тоғай, пайдалы қазбалар қоры, ақшалай құны бар, заңи және жеке тұлғалардың меншігі болып табылатын нәрселердің бәрі; елдің шетелден алынған (мысалы, тауар әкетілімінің нәтижесінде алынған) ақшалай табысының оның шетелдегі шығысынан асып түсуі.

Қысқа мерзімді активтер - қолма-қол ақша түріндегі және қолма-қол ақшаға айналдырылмақшы, сондай-ақ сатуға болатын немесе бір жыл бойына немесе ұзақтығы бір жылдан асатын болса, оперативтік өндірістік өткізу циклі бойына пайдалануға болатын активтер;ұзақ мерзімді активтер — қолма-қол ақшаға айналдыру, сату немесе бір жыл немесе оперативтік цикл бойына пайдалану көзделмейтін активтер; оперативтік активтер — жер, үймерет, жабдық және басқа негізгі қорлар сияқты өндіріс барысында пайдаланылатын ұзақ мерзімді активтер; өтімді активтер — пайыз түрінде табыс әкелмейтін және иелеріне өздерінің міндеттемелері бойынша төлем төлеуге мүмкіндік беретін, оңай өткізілетін қаражат (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, ірі компаниялардың акциялары мен облигациялары, ағымдағы шоттар, қолма-кол ақша).
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мысалы, Ұлыбритания мен басқа да елдерде мынадай сыныптамалар қолданылады: негізгі активтер — құны бар және компания жай қайта сату үшін емес, тауар өндіру немесе қызметтер көрсету мақсатымен сатып алатын мүлік (бір жылдан астам кезең бойына өндірістік үдеріске пайдаланылатын нәрселердің бәрі); ағымдағы активтер (айналым құралдары) — құны бар, келесі 12 ай бойына ақшалай қаражатқа айналуы мүмкін мүлік (босалқы қорлар, дебиторлық берешек, ақшалай қаражат).

Ұлттық шоттар жүйесінде активтерге тек экономикалық қызметте пайдаланылатын немесе меншік құқығы объектісі болып табылатын активтер ғана жатады, ал экологиялық активтер (теңіз, ауа), сондай-ақ тұтыну тауарларының едәуір бөлігі, "адами капитал" дейтін (тәжірибе, білім, қабілет), экономикалық қызметте пайдаланылмайтын табиғи ресурстар, т. б. есептелмейді. Ұлттық активтер материалдық активтер мен бейматериалдық активтерге бөлінеді.Кәсіпорындардың, фирмалардың ұзақ мерзімдік активтерінің ажырамас құрамдас бөлігі. Материалдық, емес активтерге материалды нысанға ие емес, заттық касиеттері жоқ бірақ кәсіпорынға ұзақ уақыттар бойы немесе тұрақты түрде табыстар әкелуге мүмкіндік беретін нысандар жатады. Шаруашылық, құралдың бұл тобына: табиғи қорларды, жерлерді пайдалану құқығы; өнертапқыштық, патенттер, лицензиялар, "ноу-хау" құқығы, сауда маркасы, тауар белгілері, сатып алынған бағдарламалық өнімдердің, делдалдық орындардың немесе делдалдық орындарды пайдалану құқығының құны, фирманы және тағы басқаларын тіркеуге дейін орындары бар құжаттар мен жарнамаларды дайындау үшін ұйымдастырылған шығындар жатады.


1-кесте

2012жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша

ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙ ТУРАЛЫ ЕСЕП


Баптың атауы

Ескерту*

Есепті кезең соңында

Алдыңғы кезең соңында

АКТИВТЕР










Ағымдағы активтер




 

 

Ақшалай қаражаттар мен олардың баламалары

1

324,191

16,598

Табыс немесе шығын арқылы әділ құны бойынша бағаланатын қаржылық активтер

2

38,701

6,771

Сату үшін қолда бар қаржылық активтер

3

59,101

20,980

«Кері РЕПО» келіімі бойынша алынған қаржылық актвтер

4




112,935

Дебиторлық берешек

5

12,224


7,012

Басқа да активтер

6

3,336

6,404

Жалпы ағымдағы активтер




437,553

170,700

Ұзақ мерзімді активтер




 

 

Негізгі құралдар

7

24,681

35,757

Материалды емес активтер

8

4,939

2,297

Кейінге шегерілген табыс салығы бойынша активтер

11

559




Жалпы ұзақ мерзімді активтер




30,179

38,054

Жалпы активтер




467,732

208,754

КАПИТАЛ МЕН МІНДЕТТІЛІКТЕР





 

 

Ағымдағы міндеттіліктер




 

 

Кредиторлық берешек

9

2,852

3,446

Басқа да міндеттемелер

10

92,693

19,182

Жалпы ағымдағы міндеттіліктер




95,545

22,628

Ұзақ мерзімді міндеттіліктер










Кейінге шегерілген салық міндеттіліктері

11




104

Жалпы ұзақ мерзімді міндеттіліктер







104

Жалпы міндеттіліктер



95,545


22,732

Капитал




 

 

Жарғылық капитал

12

508,586

309,135

Бөлінбеген табыс (өтелмеген шығын)




(136,399)

(123,113)

Жалпы капитал




372,187

186,022

Жалпы капитал мен міндет