https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 3 4
Мазмұны


Кіріспе-----------------------------------------------------------------------4

І Әдебиеттерге шолу

1.1 Елжандылық – тәрбие діңгегі---------------------------------------------8

1.2 Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие

берудегі халықтық тәрбиенің ролі---------------------------------------11

1.3 Елжандылыққа тәрбиелеудегі қазақ ертегілерінің әсері------------15

а) мақал-мәтел--------------------------------------------------------------------19

ә) бата-тілек-----------------------------------------------------------------------20

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру---------23

2.2 Елжандылық тәрбиелеудің міндеті және оның

әдіснамалық негіздері----------------------------------------------------27

2.3 Оқушыларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге бағыттары-----38

2.4 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту

технологиясын қолдану--------------------------------------------------46

ІІІ Қорытынды ------------------------------------------------------------------50

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі-------------------------------------------53


Кіріспе

«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушымыз М.Әуезов. Біздің халқымыздың тәрбие тәсілдері мен тәжірибелері көп. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүр, әдет-ғұрып үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Елін сүйген адам сол елдің салт-санасын, мәдени мұрасын қастерлеп, өнеге тұтуы тиіс.

Қазіргі уақытта қазақстандық патриотизмді жастарға қалыптастыру – келелі мәселелердің бірі. Осыны ұстанған бағыт – бағдар да баршылық. Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: «Бұл сезім әркімде әр кезеңде (яғни, әр түрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде бірдола буыны қатып, тәжірибемен, жспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғарғы оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады» деп жазды /5/.


Адам бойына патриоттық сезімнің қалыптасуы отбасы тәрбиесі мен балабақшадан бастау алатыны айқын. Сәбиді отбасында патриотизмге тәрбиелеу, ана тілін үйрету, ұлттық мінез-құлық қалыптастыру, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға баулу, шыққан ата-тегін білуді таныту – ата-ана парызы. Халқына құрмет, тарихи дәстүрлерге адалдық, сондай-ақ, туған жеріне, Отанына деген сүйіспеншілік сияқты перзенттік борыш тұлға бойына сәби шағында дарыса, бұл қасиеттер өсе келе ары қарай дамып, қалыптасуына қолайлы жағдай туады.

Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді /8/. Ұлттық патриотизм – жеке тұлғаның өз тарихи дәстүрі сияқты категорияларға байланысты әртүрлі деңгейде көрініс береді. Соған қарамастан, осы рухани ерекшеліктерді білу, оны қалыптастыру – патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.

Қазақстан ғаламдық ойлау жүйесіне енді. Сондықтан, ондағы тәрбие әрекеті адами гуманистік мақсат – мүддеге қайшы болмауы қажет. Бұл ретте, Қазақстанның көп ұлтты құрамы ескерілгені жөн. Аталған ерекшеліктерге байланысты, қазіргі тәрбие жұмысын төмендегі тәртіпте қарастыруға мүмкіндік бар:


  1. Болашақ мамандардың балаларды халықтық педагогика негізінде патриоттыққа тәрбиелеуі, оның нәтижесін бүгінгі өмір талабына сай пайдалану;

  2. Жас ұрпақтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білуін қамтамасыз ету, оларды құрметтеу сезімін қалыптастыру;

  3. Қазақ халқының озық гуманистік құндылықтарын басшылыққа ала отырып, жалпы қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
  4. Болашақ мамандарды өз пікірлерін ашық айтуға, сөз бостандығына, басқалардың пікірін құрметтеуге тәрбиелеу /4/.


Ұсынылып отырған тәрбие түрлерін пайдалану барысында жоғарғы оқу орнында сан-салалы оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндіктер бар. Олар: кураторлық сағаттар, жарыстар, кездесулер, дөңгелек үстел, пікі-сайыс, ойындар, т.б.

Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – жас ұрпақты отансүйгіштікке, патриоттыққа баулу – тәрбиенің ең басты міндеттерінің бірі. Аталған мақсаттағы күш-жігер бірінші кезекте бүлдіршіндердің санасына отаншылдық сезім қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Отан деген ұғым балаға жарық дүние есігін ашқан үйі, ата – анасы, ағайын-туыстары, құрбы-құрдастары, туған жері, кең-байтақ гүл жазира даласы,тау-тасы, өзен-көлі, сылдырап аққан мөлдір бұлағы бейнесінде қабылданып, ең қасиетті де құдіретті алтын бесігі ретінде танылуы керек. Азаматтық – Отанға, халыққа деген жоғары адамгершілік парыз. Отаныңмен, халқыңмен мүдделес екеніңе мақтаныш сезімің, достығың, жолдастығың, бірлігің көкірегіңді кернеп тұрса – патриотсың /1/. Патриотизм – еліңе іс-әрекетіңмен, бар болмысыңмен қызмет етуге дайындығың. Отан – Ана. Оны қорғау үшін бүкіл патриот халықпен бірлесу, ынтымақтасу, достасу – отансүйгіштіктің көрінісі. Отан, ана, тіл, достық, ынтымақ сөздерінің өзара үндестігі – азаматтық парыз бен патриотизм сезімінің логикалық бірлігінің көрінісі.

Адам өзінің тұрмыстық іс-әрекеттерінде немесе күрделі жағдайда ерлік істерге баруы үшін алдымен рухани жағынан дайын болуы керек. Патриотизмге, отаншылдыққа тәрбиелеудің міндеттері төмендегідей негізгі мәселелерді көздейді: педагогикалық тәжірибедегі мүмкіндерді барынша толық қамтып, студенттің жеке тұлғасына ықпал етудің біртұтас жүйесін жасау; әр түрлі пәндерді оқытуда және тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыруда тірек жасауға лайық сипатқа ие болу; бұл бағытта жас буынды патриотизмге тәрбиелеудің теориясы мен тәжірибесіне қатысты идеяларды үнемі айқындап, жұмыс процесінде қолдану, т.б.

Бастауыш сыныптардағы оқушылардың патриоттық сезімін дамытуды мұғалім іске асырады /10/. Мұғалім оқушылар бойына патриоттық сезімдерді, өз Отаны туралы түсініктерді қалыптастыруға баса назар аударғаны жөн. Бұл кезде оқушы өзі тұртын жерінің ауа райын, қаласының аты- жөнін, оның жерлерін, тарихи орындарын біршама толық білуі керек.


Әдістемелік талаптарға сай ұйымдастырылған екі-үш серуеннен кейін оқушылардың өз туған жері туралы түсініктері бекіп, оған деген сүйіспеншілік сезімі артады. Оқушылардың тұратын жерлерінен атақты өнер иелері шықса, немесе ол мекен батырлар туып-өскен орта болып есептелсе, мұғалім олар жайында әр дайым әңгімелегені дұрыс. Ол тұлғалардың өздері үшін ғана емес, елі үшін еңбек еткені, яки қаһарманның туған жерінде бақытты болашақ орнату жолында құрбан болғаны айтылған соң: «Міне, балалар, осындай адамдарды Отанның адал ұлдары мен қыздары дейміз. Ал Отан дегеніміз не? Кім біледі?» - деген сұрақ қою орынды /6/.

Дипломдық жұмыстың мақсаты бастауыш сыныптағы оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін оларға рухани сезімдерді үйрету, патриоттық тәрбие беруде әдіснамалық негіздерді және дамыта оқыту технологияларын қолдану.

І Бөлім. Әдебиеттерге шолу

1.1 Елжандылық – тәрбие діңгегі

Бүгінгі күні жас ұрпақты тәрбиелеуде ата-бабаларының шежіресі негізінде тәлім берудің маңызы зор. Өйткені, бала тәрбиесінде өз дүниетанымының қоршаған ортасының, ой - өрісінің негзінде ұлттық сипатты зерделеу қажеттігі артып отыр. Оның негізі:»Ел тарихын әйгілі тұлғалар арқылы зерделеу – қазақтың таным-түсінігіндегі ертеден қалыптасқан үрдіс. Қазақтың қария сөздерінде, яғни шежірелік зердесінде тарих ұдайы жеке тұлғалардың өмір дерегі арқылы танылып отырады» - деп айтылады /3/.

Яғни, шежіреде тек қана ата-бабалары туралы мағлұмат беріп қана қоймайды, сондай-ақ олардың ерлігіне, әділдігіне, адамгершілігіне т.б. қасиеттеріне де кеңінен тоқталып өтеді. Мұның өзі, жеке тұлғаның ата-бабаларының жақсы қасиеттерінен өнеге шежіре қара сөзбен, өлеңмен, ауыз-екі түрде тараған. Кейбір суырып салма жырау, ақындар арнайы шежіре туралы өлең жеткізе білген.

Мысалы:

«Осындай ел аңызынан өлең еткен,

Сексенді алқымдаған Кенен қартың.

Шежіре қарап тұрсаң ел мұрасы,


Білген жақсы емес пе ел мұрасын?»,-

десе , Ш.Жұбанұлы

«Тамадан ерте шыққан Есет батыр,

Кісі екен қысылғанда мыңға татыр.

Қалмақпен Ойраттарды жер аударған,

Салыпты бастарына заман ақыр»,

деп, шежіреден мағлұмат береді.

Жоғарыда атап өткен жырауларды халық, ел болып тыңдап, ғибрат алған.

Сондай-ақ шежіренің тек қана тарихи тұрғыдан емес, оның ұрпақ тазалығы, тәлімдік сипатының жоғары екенін білеміз. Әдетте, мұндай шежірелік зерделеу, басқа ұлттарда кездеспейді. Оны біз «Жеті атаға толмайынша қыз алысуға болмайды» - деген халқымыздың қағидаларынан түсінуге болады. Мұны қазіргі кездегі медицина саласындағы зерттеулер дәлелдеп отыр /2/. Демек, ертеден-ақ, аталарымыз туысқан бауырмалдық сезімінің жоғары екенін түсіне білген. Мысалы: «Атасы басқа аттан түс» деген қанатты басқа сөз бар. Оның мәні: Жаугершілік заманда әйел, бала-шағасын жауға қалдырып, өз інісін атына міңгестіріп алып кетеді. Сондықтан, қашып құтылған соң, әлгі батырдан мұның қалай? – деп сұрағанда әйел бала-шаға өмір барысында табылады. Ал аға-іні табылмайды. – деп айтқан екен /12/.

Міне, мұның өзі өз баласынан да , бауырларын, туған-туыстарын жоғары қоя біледі. Яғни: «Халық шежіресін халықтың өткен өмірінен хабар беретін, мұралық мәні бар, халықтың тарих беттеріндегі естелігі деп қарауымыз керек» - деп келтіреді.

Бүгінгі ұлт мектебінде шежірелік зерделеу туралы факультативтік немесе арнайы курс дәрістерін оқытудың маңызы зор. Яғни, тарих, қазақ әдебиеті пәндері аясында оқушылар арасында кеңінен оқытудың қажеттілігі артып отыр. Оның негізгі себебі: оқушылардың шежіреге деген көз қарасы төмендеп, жеті атасына дейін білмеуі т.б. мәселелерді айтуға болады. Сондықтан-да: «Жас ұрпақ ағайын-туғанын, ата-тегін, ру-тайпасын, елін білуге міндетті. Одан шыққан батырлар мен билерді, қазақ халқының биіктеуге үлес қосқан батырлардың ісін, жолын, дәстүрін жалғастыру керек»,- делінген /15/.


Мұндай талаптардың бәрі қоғамдық - әлеуметтік мәні жоғары – деп түсінгеніміз жөн. Алайда, кейбір кезде қым-қиғаш саяси жағдайларға байланысты «руға бөліну», «Жүзге бөліну» т.б. тар түсінікті сөздер көбейіп кетті. Содан кейінгі кездері шежірені білуге деген ықыласымызды төмендетіп алдық /20/. Міне, осы айланы КСРО кезінде жүзеге асыра отырып, рухани тәлім-тәрбиенің төмендеуіне әсерін тигізгенін білеміз. Ал, «ру-қазақ атты ұлттың керегесі мен уығы» деп түсінген жөн /5/.


1.2 Бастауыш мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудегі халықтық тәрбиенің рөлі

Жас ұрпақ тәрбиесі Қазақстанның егемендік алып, тәуелсіздік жағдайына ие болғанда өз мемлекеттілігін қалыптастыруға байланысты бала тәрбиесін қайта қарау маңызды міндеттердің бірі болып отыр. «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз, біздің өзіміз де, біздің бабаларымыз да осы жерді мекен етеді. Егер біз өзіміздің елімізді, өзіміздің өмірімізді сынауды білер болсақ, осы жасампаздықпен жаңғыртып, бой көрсеткен әр бір тал шыбықты мәпелеп өсіріп отырмасақ, онда біз өзімізді нағыз патриот деп санай алмас едік», - деген Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мемлекетіміздің келешегінің тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты осы бастан Отанына, атамекеніне шын берілгендік рухында тәрбиелеуден артық борыш жоқ екендігін атап көрсетті /1/.

Қазақстандық патриотизмнің қайнар көзі халықтың береке – бірлігінде, ынтымақ ықыласында, елдігімен – ерлігінде екендігіне ешкімнің дауы бола қоймас. Қазақстандық патриотизм қоғамды топтастырудың жетекші факторы болып қала береді. Мемлекетіміздің беріктігі мен күш-қуаты, өміршеңдігі де, оның ұлан байтағының біртұтастығы да Отанды сүюге, патриотизмге байланысты /19/.

Жас ұрпақтың оның ішінде төменгі сынып оқушыларының төл мәдениетінен нәр алуы ұлттық фольклорымен тығыз байланысты. Халықтық құндылықтарға сүйене отырып, елдікке, ерлікке, азаматтыққы тәрбиелеудегі өлең-жырлар, мақал-мәтелдердің әсері ұтымды болатындығы туралы танымал педагогтарымыз айтып та, жазып та жүр.


Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Халқымыздың отансүйгіштік, патриоттық туралы ұлттық мұрасының даму тарихына үңілетін болсақ, ХV-XVII ғасырлардағы Асан қайғы бастаған, Ақтанберді, Доспамбет, Шалкиіз, Бұхар, Махамбет т.б. ақын – жыраулардың поэзияларындағы тәлімгерлік ой-пікірлерінен көреміз /11/.

Жалпы ұрпақ тәрбиесінде ұлттық ерекшеліктерде, халықтық педагогика құндылықтарын ескере отырып тәрбиелеудің тұтас жүйесін жасауда өткен ғасырдағы көрнекті ағартушы – педагогтардың, соның ішінде Ш.Уалихановтың, А.Құнанбаевтың, Ы.Алтынсариннің, М.Жұмабаевтың және т.б. да маңызды ой-пікірлері, отансүйгіштік, патриоттық туралы қағидалары қазіргі кезде өз жалғасын табуда.

«Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-азаматтың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі», - депті Әл-Фараби бабамыз. Осыдан өз тағдырын өзі шешуге қолын енді жеткен халқымызға ұлттық рухани болмысты дұрыс қалыптастыру аса қажет екендігін байқаймыз.

Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылатын маңызды элементтердің бірі – рух немесе ұлттық патриотизм өз халқына деген сүйіспеншілік ретінде қарастырылуы тиіс. Патриотизм өзінің шыққан тегінің бірлігі мен ортақтылығы, туған жеріне, тіліне, өскен ортасына, мінез-құлқына, психологиялық және этнографиялық ерекшеліктеріне тән ерекше тарихи ұлттық дәстүрмен тығыз байланысты. Ұлттық сезімдерді патриотизм арасына, Отанға, ұлтқа деген сүйіспеншілік рухына дұрыс бағыттау үшін бұл ерекшеліктерді жақсы білу және оларды міндетті түрде бала санасына сіңіре білу қажет.

Рухани тәрбие, моральдік ұстаным, Отанын, халқын, елін сыйлауға тәрбиелеу оқыту жүйесінің басты мақсаты болып келген /21/.


Халқымыздың аса бай тарихы ерлік, азаматтық дәстүрлерді жалғастыруды керек етеді. Жүзедеген жылдар бойы қалыптасқан ата-баба салты, сыйластық, жомарттық, азаматтық және батырлық қасиеттер бүгінгі жас ұрпаққа ауадай қажет. Отанын сүйген, өз елінің болашағын ойлаған білікті де білімді жас мамандар қазіргідей шетелге қашпай өз елінің түтінін түтетіп жүрер еді. Отаншылдық, патриоттық тәрбиенің көмескіленуінен әлгіндей әрекеттер кеңінен етек алуды.

Сол сияқты отан сүйгіштікке тәрбиелейтін мақал-мәтелдердың алатын орны өз алдына бір төбе. Оның жас балалар үшін пайдасы мен атқаратын рөлі зор. Мысалы, «Ит туған жеріне», «Өз елім өрен төсегім» т.б. мән – мағынасына зер салатын болсақ, ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін, жас ұрпақтың отансүйгіштік, патриоттық сезімін жетілдіру үшін қажетті қағидалар, бұлардың тәрбиелік мәнісін түсіндіре отырып, бала тәрбиесінде кең пайдалануымыз керек /13/.

Отаншылдық, ел-жұртын сүю, азаматтық борышын атқаруға арқау болатын халықтық рухани құндылықтың бірі ар-намыс. Бұл – борышты атқаруға итермелейтін әлеуметтік күш. Осы тұрғыдан алғанда ар-намыс қазақ халқының бойына туа біткен ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшелік болмысы және ол азаматтың елін, жерін сүюге отандық ойлау жүйесінің негізі болмақ. Сондықтан баланың жасынан ар-намысын қалыптастыру үшін халықтық ертегілердегі ер – азамат бейнесін сомдап, үлгі етіп, мақтанышын, ерлігін мадақтап тәрбиелеудің маңызы зор. Дәстүрлі қазақ эпосы – ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығының айқын айғағы ретінде бүгінгі күні де халықтың жадында сақталып, ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра жетіп отыр. Елін, жерін қорғаған батырларды мадақтап жырға қосу арқылы халық жас ұрпақты ерлікке, өрлікке, мәрттілікке, ұлтжкндылыққа үйретуге тырысқан.

Ұлттық ойындардың да балаға тигізетін пайдасын халық ертеден- ақ білген. Бәйге аттың озып келуі баланы батылдық пен өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке тәрбиелейді. Жастайынан ат құлағында ойнайтын қазақ баласы үшін бәйге ертеңгі әскери мектептің бір сынығы іспестес. Қазақтың баланы жасы жетіге келгенде атқа міңгізіп, үзеңгі ұстатуы, ел болуға, өз ісіне жауапты болуға меңзегені де жақсы дәстүр. Бұл жерде баланың жетіге келгенде мектепке баруы да, оң – солын танудағы алғашқы қадамы да кездейсоқтық емес.


Жалпы кез келген адам соғыс іс-әрекетінде немесе басқа жағдайда ерлік істерге бару үшін алдымен рухани тұрғыдан дайын болуы керек.

Араға бірнеше жылдар салып, ел арасында үнемі мақтанышпен айтылып жүрген қазақ халқының рухына жақын, санамызда жатталып қалған Ш.Қалдаяқовтың «Менің Қазақстанымның» әнінің ресми түрде еліміздің әнұраны болуы халқымыздың мәртөбесін көтеріп, Отаншылдық, патриоттық сезімімізді тербеп, серпілтіп тастады /16/.



следующая страница >>