https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Ш.С. БҰҚТҰҒҰТОВҚА


Өскемен қаласы әкімдігінің мәжілісіне «2008 жылдың

жазғы каникул кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің

сауықтыруын, демалысын және жұмыспен қамтуын

ұйымдастыру туралы» мәселесі жөнінде

анықтама


Жазғы демалыстың ұйымдастырылып өтуі, мектеп оқушыларының сауықтыруы, балалардың бақылаусыздығы мен панасыздығының, құқық бұзушылығы мен қылмыскерлігінің алдын алу, жетім балалар мен аз қамтылған және көпбалалы отбасыларынан шыққан балаларға атаулы көмек көрсету мақсатында Өскемен қаласында оқушылардың жазғы каникулын дайындау бойынша жұмыс жүргізілді, осыған барлығын оқыту қорларына 2008 жылы 8975,0 мың теңге, 2007 жылы 7244,0 мың теңге салынды.

2007 жылы мектеп жанындағы лагерьлердің қызметіне 1815,0 мың теңге бөлінді және меңгерілді, ал 2008 жылы демалыстың бұл түріне бюд-жеттік қаражат 3458,0 мың теңгені құрайды. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерьлеріндегі жұмысқа 144 педагог пен 21 медицина қызметкерлері тар-тылады. Мектеп жанындағы лагерьлердің жұмыс жоспарына мәдени-бұқа-ралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары, балалар шығарма-шылығы үйімен, балалар өнер мектептерімен, экобиоорталығымен, жас тех-никтер станциясымен, қаланың мұражайларымен, кинотеатрларымен бірлес-кен жұмыс енгізіледі. Мектеп жанындағы лагерьлерде жүрген балалар үшін қызықтаулары бойынша үйірмелер қызмет ететін болады, педагог-психо-логтар арнаулы психологиялық ойындар мен тренингтер өткізеді. Балалар қараусыздығы мен құқықбұзушылығының алдын алу мақсатында жазғы кезең бойында қаланың 45 мектебінде мектеп оқушыларының бос уа-қыттарын мазмұнды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыс жалғасты-рылады: кітаптарды беру жөніндегі кітапхана пункттерінің жұмысы, спорт секцияларының қызмет етуі, педагогтардың мектеп оқушылары үшін ка-никул уақытында бос уақытты өткізу іс-шараларын өткізу бойынша қызметі жоспарланып отыр. Балалар мен жасөспірімдер үшін мектеп жанындағы спорт алаңдарындағы жұмыс ұйымдастырылады: қозғалыс ойындары, мектептердің спорт мүліктерін қолданумен спорттық жарыстар.


Өскемен қаласында нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасының 3.2-тармағын жүзеге асыру мақсатында балалармен және жасөспірімдермен шатырлы лагерьлер өз жұмысын жалғастырады, мектеп оқушыларын қамту 2008 жылы 2007 жылғы 746-дан 800 адамға артады. 2008 жылы шатырлы лагерьлердің қызмет етуіне 2702,0 мың теңге бөлінді. Спорт лагерьлерінде 799 оқушы демалады, бұл өткен жылға қарағанда 466 оқушыға көп. «Лениногорский» шипажайында 475 қамқоршылыққа алынған балалар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар денсаулықтарын нығайтады, демалыстың аталмыш түріне 5070,0 мың теңге бағытталды. 1992 жылдан бері бірінші рет жазғы кезеңде 6000-нан астам баланы қамтумен 22 мемлекеттік бала бақшалар жұмыс істейді. Ағымдағы жылы жазғы кезеңде бала бақшаларды қамтамасыз етуге 70657 мың теңге бағытталады. Жазғы каникул кезеңінде кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бөлім мен мектепішілік есепте тұрған 755 жасөспірімге педагогтар қатарынан тұрғылықты жері бойынша тәлімгерлер бекітіледі. 2008 жылдың жазында балалармен және жасөспірімдермен құқықтық барлығын оқыту бойынша жұмыстың жаңа түрі енгізіледі: мектеп жанындағы және қала сыртындағы мектеп оқушыларына арналған лагерь-лерде Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің заңтану және құқық факультетінің оқытушылары мен студенттері ұйымдастырған құқықтық оқыту мектебі жұмыс істейді.

2008 жылдың жазғы кезеңінде қала сыртындағы аймақта 4 сауықтыру лагерьлерінің жұмысы жоспарланып отыр, оларда шамамен 6500 бала мен жасөспірім қамтылады және демалады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 246 мектеп оқушысына көп. Өскемен қаласы әкімдігінің лагерінде кезең бойы 400 қамқоршылыққа алынған балалар мен аз қамтылған отбасыларынан шыққан балалар демалады. Демалумен қамтуды арттыру әрекеттегі балалар лагерьлерінің қуаттылықтарын кеңейту нәтижесінде болады.

Өскемен қаласы әкімдігінің жазғы сауықтыру лагерінің корпустарын ағымдағы жөндеуге 3000 мың теңге бөлінді. С. Ковалев атындағы балалар сауықтыру лагерінде жөндеуге арналған шығындар 300 мың теңгені құрайды. Аталмыш лагерьде 840 мектеп оқушысы, соның ішінде кәмелетке толма-ғандар істері жөніндегі бөлімде есепте тұрған 38 жасөспірім жазғы кани-кулдарының бір бөлігін өткізеді.


Ересек жасөспірімдердің еңбекпен қамтылуының түрлерін дамыту мақ-сатында 39 оқу өндірістік бригадасы құрылады, оған 1027 жоғарғы сынып оқушысы жұмылдырылады. Саяжай телімдеріндегі жазғы демалыс пен еңбек қызметі 4200 бала мен жасөспірім үшін өтеді. 247 жоғарғы сынып оқушысы өндірістік іс-тәжірибеден өтеді, жазғы кезеңде жеке жұмысқа орналастыру-мен 428 адам қамтылады. Білім беру ұйымдарында Жасыл ел бағдарламасы бойынша мектеп аулаларын көгалдандыру және көріктендіру жөніндегі мектеп оқушыларынан құрылған еңбек бригадаларының жұмысы жалғас-тырылады. 2008 жылы жазғы жұмыспен қамтудың осы түрімен 4826 оқушы қамтылады, бұл 2007 жылмен салыстырғанда 187 адамға көп. Мектеп аулалары мен жақын маңдағы аумақта барлығы 1020 ағаш көшеттері, 3400 бұта, 16,7 мың шаршы метр гүлзарлар мен гүл бақтары отырғызылады. Жоғарғы сынып оқушылары қаланы санитарлық тазарту мен көріктендіру жөніндегі екі айлыққа, сондай-ақ Сол жағалаудағы экологиялық лагерьді көгалдандыруға белсенді қатысады.

Бесінші еңбек тоқсанының қорытындылары білім беру қызметкер-лерінің тамыз конференциясында шығарылады. Жазғы кезеңде балалардың демалысын, сауықтыруын және жұмыспен қамтуын ұйымдастыру білім беру бөлімінің тұрақты бақылауында тұр.


Өскемен қаласы

әкімінің орынбасары Е. АЯЗБАЕВ


Өскемен қаласының білім

беру бөлімінің бастығы А. КУЗНЕЦОВ


Орынд. Иваненко

тел. 577993