https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4

2.4 Патриоттық тәрбие беруде дамыта оқыту технологиясын қолдану

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсат – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Ал, Ресей профессоры П.И.Пидкасистый: «Оқыту әдістері – дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті» - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып біз оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғалім мен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс - әрекеті деген анықтамаға қосыламыз.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін миұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультативтік сабақтар т.б.) түрлендіріп алмастырып отырады /21/.

Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдында проблема туғызу), дәстүрлі оқыту (сыныптық –сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілетін оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі) арқылы меңгертіледі.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу-тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа тезнологиялырдың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХVII ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К.Д.Ушинский, Л.С.Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов көтерді. Д.Эльконин мен В.В.Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъект» ретінде тануға бағытталды. Бастауыш сыныптарда ана тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С.Рахметова, Б.Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін төмендегі кестеден көруге болады /24/.


Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке-жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгей. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:


  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.

Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәнне алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды.

Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісіне ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интелектуалдық мектеп делінген.

Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі, мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әрекеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиын болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып, дамытумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.

Топтық жұмыстарға біріңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Біріңға топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтың қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады.





Қорытынды

Патриотизм - өз Отанына деген сүйіспеншілік – адамның бойындағы өте терең де күшті сезім.

«Патриотизм – Отанға (мемлекетке) деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығының қоғамдық-мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм мемлекет деген ұғымды, жеке адамның, яғни оның өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді.

Еліміз тәуелсіздік алғалы жас ұрпақ бойында патриоттық сананы қалыптастыру, ол үшін патриоттық іс - әрекет ұйымдастыру, отбасы, балабақша мен мктептердегі оқу-тәрбие процесінде патриоттық тәрбие беруді жетілдіру қажеттілігі туып отыр. Сондықтан, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде бұрынғы тәжірибе мен бүгінгі практиканы және болашақ жоспарларды байланыстыру қажет. Сонда ғана балалардың бойына ұлттық патриотизм сезімін қалыптастыруға қол жетеді.

Егер адам мұнда Отан тағдырымен байланысты және Отанға деген өзінің қатынасын адамның анықтап алуын талап ететін елеулі оқиғалар болмас, күнделікті өмірде адам бұл сезімнің елеулі де терең екендігін өте жиі сезбейді, бұл мәселе жөнінде ойланып жатпайды.

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттық тілі, дәстүрі, мәдени ерекшеліктері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.

Бұл сезім Отан үстіне қауіп – қатер төнгенде немесе одан алыс жерде жүргенде барлығынан гөрі қаттырақ сезіледі.

Жаңа құрылыстарға баратын, біздің Отанымыздың өміріндегі әйгілі даталар мен оқиғалардың құрметіне, құрметті вахтаға тұратын, еліміздің байлығын арттырып, даңқын асыра алатын жаңа істерді қолға алған біздің адамдарымыздың қаһармандық еңбек істерінің негізінде патриоттық өрлеу жатыр.


Оқушылардың бойына осы ұлттық мақтанышты тәрбиелеуге ұмтыла отырып, тәрбиешілер біздің халқымыз заңды түрде мақтан ететіндердің бәріне , - біздің саяси және әлеуметтік құрылысымыздың артықшылығына, дүние жүзілік ғылым, техника және мәдениет қазынасына біздің ғалымдарымыздың, инженерлеріміз бен әдебиет және өнер қайраткерлерінің қосып отырған үлесіне т.б. біздің оқушыларымыздың назарын көбірек аударуға тырысады.


Отанына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру мәселесі- бүгінгі күннің білім беру жүйесі алдында тұрған маңызды міндеттерінің бірі. Негізгі білім бастауышта болғандықтан, жастайынан халықтың тарихи-этникалық мұрасын, ұлтының әдет-ғұрып өнегесін, салтын сақтауға, саналы көзқарасын қалыптастыруға, ұлттық мақтанышын туғызуға оқушыларды жасынан тәрбиелеу бамтауыш мектеп саласымен айналысатын педагогтардың міндеті болмақ.

Патриотизмге тәрбиелеу үрдісінің танымдық мәнін естен шығаруға болмайды, бірақ ол әр бір оқушыда патриоттық сана, патриоттық сезім қалыптастырудан бастау алғанда ғана тиімді болмақ.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс, эвристикалық, зерттеу, монологтік әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу-тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. Алматы: Қазақстан 1993 – 33б.

  2. Бержанов Қ., Мусин С. Педагогика тарихы Алматы: Мектеп 1984.- 255 б.

  3. Құнантаева Қ.Қ. Оқушылардың оқудан тыс бірліктері. Алматы: Мектеп 1970. – 56б.

  4. Байділдина К. Патриоттық тәрбие бастауы //Бастауыш мектеп, 1986 №9 16-128б.

  5. Байтелиев А. Патриоттық тәрбие беру. //Қазақстан мектебі 1982. №3 27-29б.
  6. Абыраева Б. Ұлттық дәстүрмен ұштастыру. //Бастауыш мектеп, 1992 №2


  7. Ғабдуллина А. Ұлттық тәрбиеге ұмтылыс //Қазақстан мектебі, 1991 №4 40б.

  8. Табылдиев Ә. Ұлттық тәрбие – ұлағатты іс. //Бастауыш мектеп 1994, №1 – 12б.

  9. Н.Назарбаев «қазақстан – 2030»

  10. Наурызбаев Ж. «Ұлттық мектептің ұлттық мұраты». Алматы 1996

  11. Қазақстан Республикасының мәдени –этникалық білім беру тұжырымдамасы. – Алматы 1996

  12. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. Ана тілі. Алматы, 1996

  13. Қалмырзаев А. Біз – қазақ, ежелден еркіндік аңсаған. Алматы, Ғылым, 1998

  14. Н.Назарбаев Қазақстанның болашағы – қоғамның идеологиялық бірлігінде. Алматы Қазақстан 1993

  15. Құсайынов Д.С. Әлия мен Мәншүк ерлігінде мектеп оқушыларын тәрбиелеу. Пед.ғ.к. дисс...авт.реф Алматы 1999

  16. Амонашвили Ш.А., Воспитательная образовательная оценка учения школьников. М. 1984г.

  17. Қоянбаев Ж.Б. «Педагогика» Алматы 1992ж

  18. Виноградов М.Д., Первин И.Б. Коллективная познавательная деятельность и воспитания школьников. Из опыта работы Москва 1977г.



  19. Әлімбаев М. Халық – ғажап тәлімгер. Алматы Рауан. 1994

  20. Бахтиярова Г.Р. Халық тағлымы – тәрбие қайнары. Алматы Ғылым. 2002

  21. Жашиев Р. Білім берудің ұлттық моделін ұсынамыз. Білім 2006 №10 26-30б.

  22. Айталы А. Асықпағанның асығы алшысынан түсед. Алматы. Қазақстан – 2003-56б

  23. Лихачев Б.Т. Методологические основы педагогики. Самара. 1998

  24. Спиркин А.Г., Юдин Э.Г., Ярошевский М.Г. Философский энциклопедический словарь. М. 1983 364 б.




<< предыдущая страница