https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 31 32 33 34

тапсырма

  1. Болжам диагнозды құрап, негіздеңіз. Негізгі клиникалық синдромды атаңыз.


  2. Диагнозды нақтылау үшін керекті негізгі тексерулерді атаңыз.

  3. Берілген науқасқа байланысты сіздің әрекетіңіз.

  4. Ауруды емдеу принциптері туралы айтыңыз.

  5. Жалпы анализге, антибиотиктерге сезімталдыққа қақырық жинауға арналған барлық заттарды дайындаңыз, манипуляцияларды өткізу тәсілін түсіндіріңіз.

Есеп № 13 Тақырып: Пневмония

Дәрігерге 56 жастағы әйел адам келді. Оны 39,6° дейін жоғарылаған температура, дем алған кезде пайда болатын, жөтел кезінде үдейтін оң жақ бүйірдің ауырсынуы, тыныштықтағы ентігу мазалайды. 3 күн бұрын ауырған. Қатты суық тиюден кейін қатты қалтыраған, дене қызуы 39°-40° дейін көтеріліп, ентігу дамыды, кешеден бері кеуде қуысында ауырсынуды сезіп, тот түсті қақырық пайда болды.

Объективті: жағдайы ауыр. Бас жағын көтеріп жатыр. Оң жақ беті гиперемияланған, ерінде герпес, ауыз-мұрын үшбұрышының цианозы. Т=39°, PS=98 рет/мин, әлсіз. АҚҚ 90/60 мм с.б. ТАЖ 38 рет/мин. Кеуде қуысын қарағанда оң жағы тыныс алу актісінен қалыңқы. Перкуторлы оң жақ жауырын бұрышынан төмен – тұйықталу; аускультация кезінде осы жерде тыныс бронхиалды, крепитация мен плевраның үйкеліс шуы естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. Нәжісі мен диурез – қалыпты.

Тапсырма

  1. Болжам диагнозды құрап, негіздеңіз. Негізгі клиникалық синдромды атаңыз.

  2. Диагнозды нақтылау үшін керекті негізгі тексерулерді атаңыз.

  3. Ауруды емдеу принциптері туралы айтыңыз.

  4. Берілген науқасқа байланысты сіздің әрекетіңіз.

  5. Науқасқа түкіргішті беріп, оны дезинфекциялау тәсілдері туралы түсіндіріңіз.

Есеп № 14 Тақырып : ӨСОА

Жедел лейкоз бойынша химиотерапия алатын 34 жастағы әйел адам, кеуде қуысындағы ауырсынуға, қан жағындысымен жөтелге, тыныштықтағы ентігуге шағымданады. КТ: субплевральды орналасқан ұсақ, тамырмен байланысты домалақ ошақтар, «ореал» симптомы – зақымдалу ошақтары маңында қан құйылулар. Зең саңырауқұлағына Asp. Fumigatus антиген анықталған.


Аталған диагноздардың ішінде ең қолайлысы қайсы?

A) кандидоз

B) зигомикоз

C) аспергиллез

D) актиномикоз

E) гиалогифомикоз

Тапсырма

1.Сіздің диагнозыңыз, негіздеу

2. Ем тактикасын анықтаңыз

Есеп № 15 Тақырып: Тыныс жетіспеушілігі

Есеп :

62 жастағы ер адам ентігуге, ісінулерге шағымданады. 20 жыл бойы созылмалы бронхитпен аурыады. Қарағанда диффузды цианоз, аяқтарында ісінулер. Іші ұлғайған, бауыры 3-4 см ұлғайған

Тапсырма

1. Сіздің диагнозыңыз, негіздеу

2. Клиникалық диагнозды қою үшін қандай қосымша тексерулер керек.

Эталон

ӨСОА , аралас тип, ауыр пневмоскелероз ТЖ IIIН II Б


  1. негіздеу:

-шағымы- тыныштықтағы ентігу, аяғының ісінуі

-анамнез- 20 жыл бойы созылмалы бронхитпен ауырады.

  1. ЭКГ , кеуде қуысының R-графиясы, ЭХОКГ

Есеп № 16 Тақырып: Саркоидоз

Есеп:

43 жастағы әйел адам 38,5˚ дейін көтерілетін дене ұызуына, тізе, шынтақ буындарының ауырсынуына, ұдемелі ентігуге шағымданады. Қарағанда түйінді эритема анықталған. Рентгенограммаларда екі жақтан өкпенің қалыпты мөлдірлігі фонында элипс тәрізді ұлғайған түбірлік лимфа түйіндері анықталады. Жүргізілген антибактериалды терапия нәтиже бермеді.

Тапсырма

  1. диагнозды құрып, негіздеңіз

  2. ем тактикасын құрыңыз

Есеп № 17 Тақырып: Пневмомикоз

34 жастағы жедел лейкозға байланысты химиотерапия алатын әйел адам кеуде қуысында ауырсынудың пайда болуын, қан жағындысымен жөтелге, тыныштықтағы ентігуге шағымданады. КТ: субплевральды орналасқан ұсақ, тамырмен байланысты домалақ ошақтар, «ореал» симптомы – зақымдалу ошақтары маңында қан құйылулар. Зең саңырауқұлағына Asp. Fumigatus антиген анықталған.


Тапсырма:

1.сіздің диагнозыңыз, негіздеу

2. ем тактикасын анықтаңыз

Есеп № 18 Тақырып: ӨСОА

Есеп : науқас М., 52 жаста шырышты қиын бөлінетін қақырықты жөтелге,физикалық күш тұскенде ентігуге шағымданады. 30 жыл бойы құрылыста жұмыс істеген. Объективті: шамалы диффузды цианоз, аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ ызыңдаған сырылдар барлық алаңдарда. Рентгенологиялық - өкпе алаңдары мөлдірлігінің жоғарылауы, өкпе суреті кұшейген, деформацияланған, пневмоскелероз.

Тапсырма :

1.сіздің диагнозыңыз, негіздеу

2. диагнозды қою үшін қандай қосымша зерттеулер керек?

Есеп № 19 Тақырып: Трахеобронхиалды дискенезия

Есеп :

Науқас 42 жаста есінен танумен жөтел ұстамасына шағымданып дәрігерге келді. Анамнезінен осындай ұстамалар жылына 1-2 рет болып тұрады, қарағанда –көкшіл цианоз, қарашықтары кеңейген, анамнезінде созылмалы бронхит.

Тапсырма

1.сіздің диагнозыңыз, негіздеу?

2. диагнозды қою үшін қандай қосымша тексерулер керек?

Д/з: Трахеобронхиалды дискинезия II саты жөтел-есінен тану синдромымен

-негіздеу

- жөтел ұстамалары есінен танумен жылына 1-2 рет

- объективті мәліметтер– ұстама кезінде цианоз, қарашықтардың кеңеюі

2. фибробронхоскопия

3. бүйірлік проекцияда кеңірдек рентгенографиясы өңешті контрастілеумен және жөтел тестімен

Есеп 20 Пульмонологиядағы лабораторлы диагностика

Есеп :

Науқас С., 52 жаста аяғына дейін басылмайтын, тәулігіне 5-6 ретке дейінгі тұншығу ұстамасына, тыныштықтағы ентігуге шағымданады.

Объективті: тері жабындары ылғалды, диффузды цианоз.

Аускультативті: барлық алаңдарда құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 27 рет/мин, ПСВ 40%, Cor- ырғағы дұрыс, тондар тұйықталған, ЖСЖ 110 рет/мин, АҚҚ 140/90 мм.с.б.,


Тапсырма

Сіздің диагнозыңыз, негіздеу?

Тексеру жоспары, нәтижесі?

Емі : ?

Есеп № 21 Пульмонологиядағы клиникалық фармакология

64 жастағы науқас көп жылдар бойы ӨСОА бойынша бақыланады, 2 жыл бұрын созылмалы абсцесс диагнозы қойылды. Аяқ астынан жүк көтергеннен кейін оң жақ кеуде қуысында өткір ауырсыну, тұншығуға ауысатын ентігу, жөтел ұстамасы пайда болды.

Объективті: оң жақта перкуторлы қораптық дыбыс, тынысы естілмейді, ТАЖ 30 рет/мин.

Тапсырма :

Сіздің диагнозыңыз?

Зерттеу жоспары мен нәтижелері?

Емі : ?


4. Тәжірибелік дағдылар тізімі

Кардиология

Шеткері веналардың пункциясы және дәрілер инфузиясын жасау.

ЭКГ-тексеру.

Фармакологиялық сынамалар.

Жүрек-өкпелі реанимация .

Электрлік дефибрилляция.

Вагус орталықтарын рефлекторлы тітіркендіру тәсілі; синокаротидті аймақ массажы, Вальсальва, «сүңгіп бара жатқан ит» сынамалары, көз алмасын қысып басу.

АҚ өлшеу.

Клиникалық өлімде көрсетілетін жедел шұғыл жәрдем.

Ангиналық статуста көрсетілетін жедел шұғыл жәрдем.

Кардиогенді шокта көрсетілетін жедел шұгыл жәрдем .

Өкпе ісінуіндс көрсстілетін жедел шұғыл жәрдем.

Гипертониялық кризда көрсетілетін жедел шүғыл жәрдем.

Синкопалды жағдайда көрсетілетін жедел шұғыл жәрдем.

Жүрек ырғағының пароксизмальды бұзыльтстарында көрсетілетін жедел шүғыл жәрдем.

Жүрек тампонадасында көрсетілетін жедел шұғыл жәрдем.

Эндокринология

Диабетикалық комалар: кетоацидоздық, гиперосмолярлық, лактацидотикалық, . гипогликемиялық комалар кезіндегі жедел көмек.

Тиреотоксикалық криз кезіндегі жедел көмек.

Бүйрек үсті безінің кризі кезіндегі жедел көмек

Жедел бүйрек үсті безі жетіспеушілігі кезіндегі жедел көмек.


Нефрология

Қуықты катетеризациялау.

Бүйрек шаншу синдромы кезінде көрсетілетін шұғыл көмек.

Жедел бүйрек жетіспеушілігінде көрсетілетін шұғыл көмек.

Нефротикалық криз кезінде көрсетілетін шұғыл көмек.

Гастроэнтерология

Лапароцентез.

Асказанды зондымен және зондсыз жуу.

Сифонды және қарапайым клизма.

Улану кезіндегі жедел көмек.

Асқазан ішек жолдарынан қан кету кезінде жедел көмек.

Жедел бауыр энцефалопатиясы кезінде жедел көмек.

Бауыр коликасы кезінде жедел көмек.

Ревматология

Тізе буынына диагностикалық (көрсеткіштері. карсы көрсеткіштері. диагностикалык кұндылығы, жүргізу әдісі мен тәсілі, аскынуы) және емдеу максатта (көрсеткіштер, препараттар, енгізу әдісі, аскынулар) пункция жасау

Жедел подгралык артритте жедел көмек көрсету.

Гематология

Стерналды пункция

Науқастың АВО жүйесі бойынша кан тобын жэне резус тиістілігін аныктау.

Биологиялык сынама, жеке трансфузиялык алды сынама.

Гемокүрауышты және инфузиялык-трансфузиялыктерапиясы.

Гематологиялык криз кезінде жедел көмек.

ДВС-синдром кезІндежедел көмек.

Анемиялык кома кезінде жедел көмек.

Парапротеинемиялык кома кезінде жедел көмек.

Трансфузиядан кейінгі аскынулар: гемотрансфузиялык шок кезінде жедел көмек.

Пульмонология

Пневмоторакста жэне плевралык бөлінісінде плевраға пункция жасау.

Трахеяның интубациясы.

Коникотомия

Пневмоторакста жедел шұғыл көмек көрсету

Аллергология

Анафилактикалық шок кезінде жедел көмек.

Демікпелік статус, ентігу ұстамасы кезінде жедел көмек.



<< предыдущая страница