https://electroinfo.net

girniy.ru 1 2 ... 33 34

G-041.07.05.12-2013


Өлшемдік бақылау құралы

1.Бет

беттен дейін




СЕМЕЙ Қ. МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


БІЛІМДІ, ІСКЕРЛІКТІ ЖӘНЕ ДАҒДЫЛАРДЫ БАҒАЛАУ ҮШІН

ӨЛШЕМДІК БАҚЫЛАУ ҚҰРАЛДАРЫ


Пән - Iшкi аурулар

1. Тестер немесе

Пульмонология

1-уровень

28 апталық жүктілігі бар 27 жастағы әйел гриппке қарсы вакцинация алмаған. Жүктіліктің 20-22 аптасында ЖРВИ өткерген, жоғарғы температура, ринорея, құрғақ жөтел, әлсіздік, бас және бұлшықеттегі ауру сезімі мазалаған.Кезекті қабылдауда: АҚҚ 120/80 мм с.б, ісік жоқ. ЖҚА ерекшеліксіз, зәр анализінде лейкоцит 5-6 к/а, оксалаттар бар. Жеке картасында ифекция бойынша зерттеулердің нәтижесі - теріс. УДЗ-ді соңғы бақылау : нәрестенің құрсақ ішілік дамудың кідіруі гестация уақытынан 4 аптаға кем екені байқалды. Жүктіліктің патологиялық жағдай алуына ЕҢ басты себеп болып табылады//

Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоз//

Иннапаратты герпетикалық инфекция//

Басынан Varicella zoster инфекциясын өткеруі//

Зәр шығару жүйесінің асимптомды инфекциясы//

+Жедел респираторлы вирусты инфекция

***

53 жастағы әйел инсулин тәуелді қант диабетімен ауырады, қиын бөлінетін тұтқыр желе тәрізді созылыңқы күйген еттің исіндей қақырықты жөтелге, қалтырауға, кеуде қуысындағы ауыру сезіміне шағымданады. Өкпе аускультациясында аздаған сырылдар. Рентгенограммада оң өкпенің жоғарғы бөлігінде өкпе тінінің деструкциялы ошақтарымен гомогенді массивті инфильтрация. Қан анализінде: лейкоциттер - 4,4 х 10/9/л, ЭТЖ-35 мм/сағ.

Қандай қоздырғыш БАРЫНША болуы мүмкін//

Хламидия//

+Клебсиелла//

Микоплазма//

Вирус гриппа//


Ішек таяқшасы

***

Автокөлік жүргізушісі бас-ми жарақатынан кейін 2 күн интенсивті терапия бөлімшесінде жасанды өкпе вентиляциясында болып шыққан. Төртінші күні науқастың дене қызуы 38,5°С дейін көтерілді, жағымсыз иіспен көкшіл түсті қақырықпен жөтел, кеуде қуысында ауыру сезім пайда болды, интоксикация үдей бастады. ТАЖ 30 рет минутына. Қан анализінде: лейкоциттер 18,0 мың, нейтрофилдердің токсикалық дәнденуі, ЭТЖ-35 мм/сағ. АҚҚ 90/60 мм с.б.б., ЖСЖ 120 рет минутына. Науқасты емдеудегі бірінші қатардағы препараттарға жатады//

Линкозамид + аминогликозид//

Аминопенициллин + нитрофуран//

Фторхинолондар1 ұрпағы+ пенициллиндер//

ЦефалоспориндерIұрпағы + пенициллиндер//

+Цефалоспориндер ІІІ ұрпағы + аминогликозидтер

***

Ер кісі 59 жаста, 4 апта бойы ауырады, соңғы аптада жағдайының тез нашарлауы байқалды, қызба 40°С-қа дейін, 100 мл тәулігіне іріңді жағымсыз иіспен, қақырықпен жөтел, тыныштықтағы анық ентігу. Рентгенограммада: сол жақ өкпенің ортаңғы бөлігінде үлкен интенсивті инфильтрация және өкпе тінінің ошақты деструкциясы анықталды. Төменде айтылған асқынуларының ішінде қайсысы науқаста дамыған//

Плевра эмпиемасы//

Асқынған плеврит//

Сол өкпенің абцесі//

+Сол өкпенің гангренасы//

Сол өкпенің ателектазы

***

Ер кісі 53 жаста, жоғарғы бөліктік пневмониямен ауруханаға жатқызылған. Қақырықта алтын стафилакокк анықталды, 2 аптадан кейін науқасту жоғары қызба устінде қақырық жағымсыз иіспен 100 мл жөтелгенде шығады. Рентгенологияда: оң жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің барлығын алып жатқан деструктивті өзгеріс анықталды. Оң өкпенің зақымданған бөлігіне резекция жасады. Төменде көрсетілген дәрілік заттардың қайсысын операциядан кейінгі периодта тағайындауға болады//

Эритромицин//

Экстенциллин//

Метронидазол//

Амоксициллин//

+Левофлоксацин


***

Қант диабетімен ауыратын 49 жастағы ер адам реанимацияда екі жақты пневмониямен жатыр. Қақырғынан алтын стафилококк анықталды. Екі антибиотикпен антибактериалды терапия бастылды. Дәлелді медицина бойынша бұл жағдайда иммунотерапияның қай тәсілі БАРЫНША эффективті//

Рекомбинантты гранулоцитарлы-макрофагалды фактор//

Қанды тамырішілік лазерлік сәулелендіру//

Қанды ультракүлгінмен сәулелендіру//

Рекомбинатты интерферон альфа//

+Рекомбинантты интерлейкин-2

***

52 жастағы ер адам аздаған күштемеде пайда болатын экспираторлы ентігуге, қиын бөлінетін қақырықты жөтелге шағымданып қаралды. 25 жыл темекі тартқан. Об-ті:терісі құрғақ көкшіл-сұр түсті,тырнақтары «сағат әйнегі» тәрізді,кеуде қуысы «бөшкетәрізді». Өкпеде перкуссияда «қорап дыбысы», аускультацияда – әлсіреген тыныс,тыныс шығаруы қысқарған. Қандай диагноз БАРЫНША мүмкін//

Бронх демікпесі,ауыр ағымды//

Созылмалы обструктивті бронхит//

Бронх демікпесі,өкпе эмфиземасы//

+ӨСОА, эмфизематозды типі//

ӨСОА, бронхотикалық типі

***

65 жастағы шылымқұмар науқастың шағымдары: аралас түрдегі ентігу, қиын бөлінетін қақырықпен жөтел ұстамалары, жүрек тұсындағы басып тұрғандай ауру сезім, ол ешқайда берілмейді, оттегі ингаляциясынан кейін ауру сезім басылады. Объективті: оң жақ жүрек шекарасы кеңейген, өкпе артериясы үстінде II тонның акценті.АҚҚ 150/90 мм сын. бағ. Жүрек соғу жиілігі 64 мин, ырғақты. Көрсетілген препараттардың қай тобы артериалды гипертензияны емдеу үшін БАРЫНША тиімді//

Диуретиктер//

АПФ ингибиторы//

β2-адреноблокаторы//

Жүрек гликозидтері//

+Кальций каналдардың антагонистері

***

53 жастағы үй шаруасындағы әйел 2-3 жыл ішінде біртіндеп үдейтін ентігуге, жүректің қағуына, құрғақ жөтелге, дене қызуының көтеріліуне, салмақтың жоғалтуына шағымданады Сонымен қатар, тынысты терең алғанда кеудесінде ауыру сезім пайда болады.Пневмония және созылмалы бронхит диагноздармен бір неше рет ем қабылдаған, бірақ нәтижесі болмаған. Рентгенограммасында өкпе сүреті күшейген, деформацияланған, интерстициальды фиброз анықталады. Төмендегі сүретте өкпенің субплевральды аймақтардың гистологиялық өзгерістер көрсетілген. Бұл гистологиялық сурет қандай ауруға БАРЫНША сәйкес келеді//


Силикозға//

Саркоидозға//

Өкпенің перифериялық рагына//

Диссеминирленген туберкулезге//

+Идиопатиялық фиброздаушы альвеолитке

***

Науқас ылғалды жөтелге, соңғы 3 айда үдеген ентігу мен бірге субфебрилді температураға шағымданып келген 52 жастағы ер адамда өкпенің төменгі бөлігінде «целлофан сықыры» тәрізді крепитация анықталды. Спирография: ӨТС–55%, ФТШК1-60%, Тиффно индексі (ФТШК1/ӨТС) –110%, ӨМВ (МВЛ) -35%. Өкпе рентгенограммасында – фиброзды компонентіне байланысты өкпелік суреттің күшеюі. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысын компьютерлік томографияда анықтау БАРЫНША мүмкін//

Түбір маңы аймағындағы лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен тығыздануы//

Екі өкпенің төменгі бөліктерінде массивті инфильтрация//

Өкпе ұшы аймағында инфильтративті көлеңкелер//

+«Шыны тәрізді дене» және ара ұясы тәрізді өкпе симптомдары//

Шашыранды ошақты көлеңкелер

***

Қантты диабетпен ауыратын 50 жасар науқаста пневмонияны емдеу кезінде шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, қалтырау мен дене қызуының жоғарылауына шағымдар қайта пайда болды. Аускультативті: аз мөлшерде тұрақты емес құрғақ және ылғалды сырылдар. R – грамма: өкпе түбірі аймақтарында өкпе суреті күшейген және миграцияланатын ошақты инфильтрация. Қақырықты зерттеуде Сandida анықталды. Науқасқа аталғандардың қайсысын тағайындаған дұрыс//

Тималин//

Лазолван//

Цефазолин//

+Флюконазол//

Преднизолон

***

Науқас 47 жаста, шифр заводта ұзақ уақыт жұмыс жасаған, жөтел аз мөлшерде қақырықпен, дем алғанда күшейетін, кеудеде ауру сезім. Қарап тексергенде қолында тығыздығы қалың сүйелдер бар. Өкпеде тыныс алуы қатаң, сырыл жоқ ТАЖ-24 минутына. Қақырықта ашық сары «денешектер» түзіліс анықталды, формасы ұзарған (15-20 мкм), соңғы жақтары гантель тәрізді ұлғайған.

Бұл «денешектер» қандай ауруны нақтылайды//


+Асбестозды//

Антракозды//

Биссинозды//

Аспергиллезді//

Гистиоцитозды

***

Созылмалы бронхит кезіндегі құрғақ жөтел немен байланысты: //

ірі бронхтардың шырышты қабатының қабынуымен//

ұсақ бронхтардың шырышты қабатының қабынуымен//

+ірі бронхтардың шырышты қабатының рефлексогенді аймақтарының жоғары сезімталдығымен//

бронхтардың шырышты қабатының гипотрофиясымен//

бронхтардың шырышты қабатының атрофиясымен

***

Ірі бронхтардың шырышты қабатының зақымдалуы басым созылмалы бронхиттің басты симптомы болып табылады://

қатты құрғақ жөтел//

+қақырықпен жөтел//

үнемі ентігу//

ұстама тәрізді құрғақ жөтел//

ұстама тәрізді ентігу

***

Бронхолитиктерді қабылдағаннан кейін ұстама тәрізді жөтел мен тұншығудың басылуы қай ауру кезінде болады://

созылмалы бронхит//

ӨСОА//

өкпе туберкулезі//

көкжөтел//

+ бронх демікпесі

***

Жедел пневмония кезіндегі жиі шағым://

полифагия//

стерналгия//

полидипсия//

зақымдалған жақта кеуде тұсындағы ауырсыну//

+ жөтел

***

Өкпенің орталық обырының ерте клиникалық симптомы болып табылады://

+құрғақ жөтел немесе кейде қан жағындылары араласқан шырышты қақырықпен жөтел//

өкпеден қан кету//

ентігу және дене салмағын жоғалту//

қызба//

қан түкіру

***

Ауруханадан тыс пневмонияның әсерлі антибактериалды терапиясын жүргізгенде патогенді анықтағанға дейін қайсысын тағайындаған неғұрылым тиімді://

гентамицин//

тетрациклин//

+кларитромицин//

бисептол//

кефзол

***

16жастағы техникум оқушысында суық тию фонында дене қызуы жоғарылап, кеуде қуысында күйдіру сезімі, қиын бөлінетін сары-жасыл түсті қақырықпен қалжырататын жөтел,әлсіздік, басының ауыруы, бұлшықеттердегі ауырсыну, суыққа төзімсіздік (суықта қол мен аяқ саусақтарының ұштарындағы жедел ауырсыну) пайда болды. Топта тағы бірнеше адам ауырғанын айтты. Физикалық тексеру кезінде қатаң тыныс, оң жақтан бірлік сырылдар естіледі. Аталған қоздырғыштардың қайсысы неғұрылым мүмкін?//


хламидия//

клебсиелла//

пневмококк//

+микоплазма//

стафилококк

***

Анамнезінде салқындатқыштарды, қонақүйлерде, пансионаттарда душты қолдану бар; айқын интоксикациямен, жөтелмен, диареямен фебрильді қызба; лейкоцитоз лимфоцитопениямен қандай пневмонияға неғұрылым тән://

хламидиялы//

+легионеллезді//

микоплазмалы//

пневмококкты//

стафиллококкты

***

Антибиотиктерге төзімділіктің даму себебіне жатпайды://

жүйесіз ем//

антибиотиктің аз мөлшерін қолдану//

түрлік төзімділік//

бір антибиотикті қайта –қайта қолданумен байланысты жүре пайда болған төзімділік//

+антибиотиктердің үлкен дозасын қолдану

***

Пневмонияны емдеуде антибиотикті таңдаған кезде ең алдымен нені ескеру керек://

аурудың мерзімі//

+пневмонияны шақырған қоздырғыштың табиғатын//

қосымша ауруларын//

антибактериалды препараттарды индивидуалды көтеру//

науқастың жасы

***

Егде жастағы адамдарда пневмонияның клиникалық ағымына тән емес://

+ жедел басталу//

айқын ентігу//

физикалды симптоматиканың жеткіліксіз айқындылығы//

ұзақ субфебрильді температура//

пневмонияның созылыңқы ағымы

***

Маскүнемдікке шалдыққан егде жастағы адамдарда дамитын пневмонияның этиологиялық факторы немен байланысты://

стафилококкпен//

микоплазмамен//

көкіріңді таяқшамен//

+клебсиелламен//

стрептококкпен

***

Микоплазмалы пневмония белгілеріне барлығы тән, тек біреуінен басқасы://

аурудың 5-7 күн бойы дамуы//

төс артындағы ауырсынумен үдемелі жөтел//

ларингит, трахеит, фарингиттің болуы//


аз физикалды симптоматика//

+жоғары қызбамен жедел басталу

***

Крепитация тән://

өкпе эмфиземасы//

өкпе абсцессі//

+крупозды пневмония//

бронх демікпесі//

кіші қан айналым шеңберіндегі тоқырау

***

Крупозды пневмония кезінде ауру өршігенде қандай перкуторлы дыбыс тән://

+ тұйықталған//

қорапты//

тимпаниттік//

тұйық//

металл реңді

***

Пневмония диагнозын қойған кезде төменде көрсетілгендердің барлығын көрсету керек, тек біреуінен басқа://

этиология//

локализация//

ауырлық дәрежесі//

асқынулардың болуы//

+патоморфологиялық фазасын

***

Аталған пневмония түрлерінің барлығы заманауи жіктелуіне сай, тек біреуінен басқасы://

ауруханадан тыс//

назокомиалды//

иммунодефицит бар адамдарда//

аспирациялық//

+интерстициалды

***

Пневмония диагнозын қойғаннан кейін қанша уақыт өткен соң антибактериалды терапияны бастау керек://

бір тәуліктен кейін//

10 сағат//

+4 сағат//

6-8 сағат//

10-12 сағат

***

Пневмониялардың заманауи жіктелуінің негізгі принципі://

патогенез бойынша//

клинико-морфологичиялық сипаттамалар бойынша//

локализация және ауқымдылығы бойынша//

жағдайдың ауырлығы бойынша//

+этиология бойынша

***

Пневмонияның созылыңқы ағымының себебі болып табылады://

уақытында басталмаған және рационалды емес эмпирикалық антибиотикотерапия//

тыныс алу мүшелерінің фонды және қосымша ауруларының болуы//

егде және қарт жас//

алкогольді көп қолдану//

+барлық аталғандар


***

Саркоидоздың генерализденген түрінде қандай терапияны тағайындау неғұрылым тиімді://

дренажды//

муколитикалық//

антибактериалды//

+глюкокортикоидты//

бронходилатациялы

***

Идиопатиялық фиброздаушы альвеолиттің морфологиялық формасы болып табылмайды://

кәдімгі интерстициалды пневмония//

десквамативті интерстициалды пневмония//

жедел интерстициалды пневмония//

спецификалық емес интерстициалды пневмония/фиброз//

+крупозды пневмония

***

Идиопатиялық фиброздаушы альвеолиттің негізгі және тұрақты көрінісі болып табылады://

+үдемелі ентігу//

жөтел//

кеуде тұсындағы ауырсыну//

арықтау//

дене температурасының жоғарылауы

***

Саркоидты гранулеманың морфологиялық негізі болып табылады://

+эпителиоидты клеткалар және Пирогов – Лангханстың алып клеткалары//

Березовский – Штернберг клеткалары//

гистиоциттер//

макрофагтар//

эозинофилдер

2-уровень

62 ж ер кісі кілегейлі-іріңді қақырықты жөтелге, аз мөлшердегі ентікпеге шағымданады.Об-ті: терісі бозғылт,мұрын-ауыз үшбұрышының акрацианозы, тырнақтары «сағат әйнегі»тәрізді,тыныс алғанда кеуде клеткасы аз қозғалмалы; әлсіреген везикулярлы тыныс, тыныс шығаруы қысқарған, шашыранды құрғақ сырылдар. Жүрек түрткісі пальпацияланады,семсер тәрізді өсіндіде систолалық шум,тобықтың ісінуі.Эхокардиографиялық зерттеу кезінде төменде берілген өзгеріс ішінде ең дұрысы//

Сол жақ қарынша гипертрофиясы және аортальды жетіспеушілік//

Сол жақ қарынша гипертрофиясы және митральдыжетіспеушілік//

Оң жақ қарыншаның артқы қабырғасының гиперкинезиясы//

+Оң қарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы//

Солқарыншаның гипертрофиясы мен дилатациясы


***

Антимикробты терапия қабылдағанына қарамастан науқаста 2 апта бойы қалтырау, дене қызуының жоғарылауы, кеуде қуысындағы ауыру сезімі сақталған. Көп мөлшерлі іріңді қақырық түскеннен кейін жағдайы біршама жақсарды. Қарап тексергенде: оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыстың қысқаруы анықталады, амфорикалық тыныс және ірі көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Науқаста қандай рентгенологиялық көрініс болуы мүмкін//

Ошақты көлеңке//

Өкпе түбірінің өзгеруі//

Плевра қуысында сұйықтық//

Өкпенің диссеминирленген өзгерісі//

+Сұйықтық деңгейімен сақина тәрізді көлеңке

***

50 жастағы ер адам 20 жыл бойы созылмалы алкоголизм ауруымен ауырады. Мас күйінде қатты суықтағаннан кейін интоксикация симптомы және жөтелге, кеуде тұсының ауырсынуына шағымданып, стационарға жатқызылды. Осы көрсеткіштің өзгерісін тудырған қоздырғыш айқын болуы мүмкін//

пневмококк//

клебсиелла//

+стрептококк//

ішек таяқшасы//

стафилококк

***

41 жастағы науқас «бронхтық астма» диагнозымен қаралады, темекі шекпейді, жиі ентігуге, әр түнгі уақытта болатын ұстамаға шағымданады. Сыртқы тыныс алу параметрі ФТШК (ПСВ<60). Бронхиальді астманың ауырлық дәрежесін анықтаңыз//

Персистерленген орташа ауырлық дәрежесі//

Астматикалық статус//

+Ауыр дәрежелі персистирленген//

Жеңіл дәрежелі персистерленген//

Интермиттирленген

***

43 жастағы ер адам іс сапардың барысында қонақ үйдің кондицонері және жуынатын бөлмесі бар бөлмеде тұрған. Сапардан келген күннен кейін ертеңгі күні фебрильді қызба, айқын интоксикация, жөтел, диарея лейкоцитоз лимфоцитопениямен бірге пайда болған. Осы көрсеткіштердің өзгерістерін тудырған нақты қоздырғыш болуы мүмкін//

пневмококк//

стафиллококк//

хламидия//

микоплазма//

+легионелла

***

Науқас ер кісі 32 жаста. 2-3 рет демікпе ұстамасы болатынына шағымданады. Осы апта аралығында түнгі уақытта тұншығудан оянады. Спирографияда: ФТШК (ОФВ1)=70%; ФТШК (ОФВ50)=60%; ФТШК (ОФВ75)=55%; сальбутамол сынамасынан кейін өз қалпына келді. Ең тиімді болып табылады//

Эуфиллин//

+Будесонид//

Кромогликат натрий//

Триамцинолон//

Преднизолон

***

Үдемелі ентікпе, өкпенің екіжақты өзгерісі, сыртқы тыныс алудың рестриктивті типіндегі бұзылысы, ретгенограммада өкпенің диссеминирленген торлы өзгерістері, компьютерлі томографияда «күңгірт шыны» типі бойынша өзгерістер тән патология//

Пневмокониоз//

+Идиопатиялық альвеолит//

Өкпенің саркоидозы//

Интерстициалды пневмония//

Өкпенің милиарлы туберкулезі

***

56 жасар науқас шырышты, іріңді қақырықты жөтелге, қатты ентігуге, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Объективті қарағанда: терісі бозғылт, мұрын айналасындағы үш бұрышта цианоз пайда болған, саусақтары ұстағанда мұздай. Тырнақтары «шыны сағат» тәріздес өзгерген. Демалу кезінде кеуде қуысының қозғалуы шектелген, аяқтары аздап ісінген. Аускультативті: тыныс шығаруы ұзарған, құрғақ жайылмалы сырылдар. Пенициллинге аллергиясы бар.Дәрмекті комбинацияның тиімді түрін таңдаңыз//

+Левофлоксацин, беродуал, амброксол//

Фуросемид, сальметерол, беротек//

Преднизолон, атровент, амброксол//

Эуфиллин, милдронат, интал//

Вентолин, гипотиазид, лазолван

***

Әйел 35 жаста дем жетіспеушілігіне, 4-5 рет болатын демікпе ұстамасына, талмаға шағымданады. ОФВ1‹70%. Осы емнің ұзақ нәтижелі болуы үшін пайдалы препараттар//

+Ингаляциялық кортикостероидтар//

Ұзақ уақытылы ингаляциялық симптоматиктер//

Қысқа уақытты ингаляциялық симптоматиктер//


Пероральді кортикостероидтар//

Н1- гистамин блокаторлы

***

35 жастағы әйел адам, күндізгі уақытта 10-12 –ге дейін, түнгі мезгілде 6-8-ге дейін тұншығу ұстамаларына шағымданып ауруханаға түсті. Пиктік тыныс шығарудың шыңды жылдамдығы 45%, тәуліктік вариабельділіг 35%. Мүмкін болатын диагноз//

+Ауыр дәрежелі бронх демікпесі//

Ауыр дәрежелі өкпенің созылмалы обструктивті ауруы//

Сол жақ қарынша жеткіліксіздігі//

Трахеобронхиальды дискинезия//

Идиопатты фиброздаушы альвеолит

***

65 жастағы науқас үдемелі дамитын ентігуге шағымданады. Зерттеулерде: ЭТЖ–55 мм/сағ. Рентгенограммада –плевра қуысында сұйықтық анықталды. Пункция кезінде 900 мл геморрагиялық сұйықтық алынған. 2 күннен кейін плевральды қуысына қайтадан сұйықтық жиналған. Диагнозды нақтылау үшін тиімді зерттеу әдісін анықтаңыз//

магнитті-резонансты томография//

трансбронхиальды пункция//

+эксудаттың цитологиялық зерттеулері//

онкомаркерге тексеру//

компьютерлі томография

***

52 жасар әйел 1 жылдан аса ентігудің асқынуына шағымданады. Жоғары мүмкіндікті компьютерлі томографияда «

следующая страница >>