https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 30 31 32 33 34

Есеп 1. Тақырып: Жедел бронхит

23 жастағы ер адам дәрігерге келесі шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, басының ауыруы, дене температурасының 37,50С дейін көтерілуі, құрғақ жөтел. Ауырғанына 2 күн болды, ауыруын суық тиюмен байланыстырады.

Объективті: дене қызуы 37,20С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Перифериялық лимфа түйіндері ұлғаймаған. Өкпе үстінде перкуторлы дыбыс анық. Тынысы қатаң, шашыраңқы құрғақ және ызыңдаған сырылдар. ТАЖ - 16 рет/ мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ - 72 рет/ мин, АҚҚ 120/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Үй жағдайында эфир майларымен бу ингаляцияларының орындалуын көрсетіңіз.

ЕСЕП 2 Тақырып:Созылмалы бронхит


Науқас Б., 37 жаста, дәрігерге жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, дене қызуының жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырық бөлінумен жөтелге, ентігуге шағымданып келді. Жағдайының нашарлауы бұдан 5 күн бұрын басталған.

5 жыл бойы ауырады, өршулер күз-көктем айларында пеиродты түрде болады, жиі суық тиюмен байланысты. Шырышты-іріңді қақырық өршулер кезінде шамалы мөлшерде бірнеше айлар бойы бөлінеді. Науқас 20 жыл бойы күніне 1 қорап шылым шегеді.

Объективті: температура 37,50С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза. Өкпе үстінде перкуторлы дыбыс анық. Тынысы әлсіз, везикулярлы, екі жағында әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар. ТАЖ 22 рет/ мин. Жүрек тондары анық , ырғақты. ЖСЖ 72 рет/ мин. АҚҚ 120/80 мм с.б. Абдоминальды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.


4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Қыша қағаздарының қойылу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 3 Тақырып: Бронх демікпесі.


Науқас В.,43 жаста, дәрігерге күнделікті тұншығу ұстамаларына, әсіресе дем шығару қиындаған, жалпы әлсіздік, шаршағыштыққа шағымданып келді. Ұстамадан кейін аз мөлшерде тұтқыр шыны тәрізді қақырық бөлінеді. 3 жыл бойы ауырады, айтылған шағымдар жыл сайын маусым айында пайда болады, шілде айында басылады. Ауыруын жақын адамын жоғалтумен байланыстырады.

7 және 13 жастағы екі баласы бар, оларда да тұншығу ұстамалары болып тұрады. Анасы мен апасында да тұншығу ұстамалары болған. Науқаста құлпынай мен пенициллинге аллрегиясы бар.

Объективті: жалпы жағдайы ортша ауырлықта. Науқас қолын орындықтың шетіне тіреп отыр. Терісі таза, цианоз. Кеуде торшасы бөшке тәрізді, бұғана үсті, бұғана үсті аймақтар тегістелген, қабырғааралық кеңістіктер кеңейген, мойын веналары кеңейген, қосымша бұлшықеттер тыныс алу актісіне қатысады, қабырғааралықтар тартылған. Тынысы қатты, ысқырық пен шумен, ТАЖ 26 рет/ мин. Перкуссия кезінде қорапты дыбыс, өкпенің төменгі шекарасы ортаңғы қолтықасты сызық бойымен 9 қабырғада, осы сызықпен өкпе экскурсиясы 2 см. Дем шығуының ұзаруымен әлсіреген везикулярлы тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі. Жүрек тондары ырғақты, анық, ЖСЖ 92 рет/ мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Пикфлоуметрия кезінде тыныс шығарудың пиктік жылдамдығы 70% .

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Қалталы ингаляторды қолдану техникасын көрсетіңіз.

Есеп 4 Тақырып: Крупозды пневмония

Науқас Е., 50 жаста, басының ауыруына, жоғары дене қызуына, жөтел кезінде күшейетін кеуде торшасының оң жағындағы қатты шаншып ауырсынуына, ентігуге, тот тәрізді қақырықты жөтелге шағымданып түсті. Ауыруы жедел түрде, суық тиюден кейін басталды. Ауырғанына 2 күн болды.

Объективті: температура 39,40С. Жалпы жағдайы ауыр. Беті гиперемияланған, ернінде герпестік бөртпелер. ТАЖ - 28 рет/ мин. Қарағанда кеуде қуысының оң жағы дем тыныс алғанда қалып отырады, пальпация кезінде оі жақтан дауыс дірілі күшейген, перкуссия кезінде оң жақтан төменгі алаң үстінде дыбыс тұйықталған, аускультация кезінде оң жақтан төменгі алаң үстінде тынысы әлсіреген, везикулярлы, крепитация анықталады. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс 110 рет/ мин., ырғақты, АҚҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Оксигенотерапия техникасын көрсетіңіз.

Есеп 5 Тақырып : Ошақты пневмония


Науқас Г., 20 жаста дәрігерге жалпы әлсідікке, дене қызуының жоғарылауына, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, ентігуге шағымданып келді. 10 күн бұрын ауырған: мұрнынан су ағып, жөтел, бас ауыруы мазалаған, өзі емделген, еңбекке жарамсыздық парағын алмаған. Кеше жағдайы күрт нашарлаған дене қызуы қайтадан 38,40С дейін көтерілген.

Объективті: температура - 38,60С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза, бет гиперемиясы. ТАЖ - 30 рет/ мин. Кеуде қуысын қарағанда және пальпациялағанда өзгеріс жоқ. Перкуссия кезінде оң жақ жауырын астында перкуторлы дыбыс тұйықталған. Осы аймақта аускультация кезінде тынысы қатаңдау, ылғалды ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс - 98 рет/ мин., ырғақты, толуы қанағаттанарлық. АҚҚ 110/60 мм с.б. тілі ақ жабынмен жабылған. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Оксигенотерапия техникасын көрсетіңіз.

Есеп 6 Тақырып: Іріңді аурулар


Науқас Ж., 35 жаста, жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, ентігуге, әсіресе таңертең, тәулігіне 300 мл дейін шағымданып, дәрігерге келді. Кейде қан түкіру болады. 5 жыл бойы ауырады, кезекті түрде жағдайы нашарлап, стационарда жатып, емделеді.

Объективті: температура 37,40С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі бозғылт, ерін цианозы, тері асты май қабаты жеткіліксіз дамыған, аяқ және қолдағы тырнақ фалангалары “барабан таяқшалары” түрінде, тырнақтары “сағат әйнегі” түрінде, ТАЖ - 22 рет/ мин. Перкуссия кезінде перкуторлы дыбыс өкпенің төменгі бөліктерінде тұйықталған, аускультация кезінде тынысы әлсіреген, төменгі бөліктерде бірлік ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. Пульс - 95 рет/ мин., ырғақты. АҚҚ - 130/60 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. К/т инъекциялардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 7 Тақырып: Өкпе абсцессі

Дәрігер 32 жастағы З., деген науқасқа үйге шақырылды. Науқас өте сасық иісті көп мөлшерде іріңді қақырықты қатты жөтелге, жоғары дене қызуына, әлсіздік, ентігуге, оң жақ кеуде қуысының ауырсынуына шағымданады. 1 апта бұрын суық тигеннен кейін ауырған. Медициналық көмек алмаған, аспирин қабылдаған. Кеше жағдайы күрт нашарлап, жөтел күшейген, сасық иісті көп мөлшерде қақырық пайда болды.


Объективті: температура 38,50С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Бет гиперемиясы. Кеуде қуысын перкуссиялағанда оң жақ жауырын астында 7-8 қ/а перкуторлы дыбыс тұйықталған. Басқа жерде өкпелік дыбыс. Аускультация кезінде дыбыс тұйықталған жерде тынысы бронхиалды, ірі және орташа көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Басқа алаңдарда тыныс везикулярлы. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 102 рет/ мин. АҚҚ 100/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. К/т тамшылатып құюлардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 8 Тақырып: Өкпе туберкулезі


Науқас К., 28 жаста, дәрігерге кешке дене қызуының 37,30С дейін жоғарылау, түнде терлеу, құрғақ жөтел, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Ауырғанына 2 ай болды.

Объективті: температура - 370С. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, ылғалды. Кеуде қуысын рекуссиялаған кезде оң жақта 2-3 қ/а перкуторлы дыбыс тұйықталған, аускультация кезінде сол жердегі тыныс бронхтық реңмен, бірлік құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 94 рет/ мин. АҚҚ 115/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Тері ішілік инъекциялардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 9 Тақырып: Өкпенің қатерлі ісігі

Науқас Р.,46 жаста, дәрігерге жалпы әлсіздікке, шаршағыштыққа, жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне, тәбетінің нашарлауына, дене салмағының азаюына, аз мөлшердегі қақырықты жөтелге шағымданады. 3 айда 6 кг арыған. 30 жыл бойы шылым шегеді.


Объективті: жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Температура 36,90С. Терісі таза, бозғылт. Тері асты май қабаты жеткіліксіз дамыған. Бұғанаүсті мен бұғанаасты, қолтықасты лимфа түйіндері 1 см дейін ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз, маңындағы тіндермен жабысқан. Тынысы әлсіреген, бірлік ылғалды сырылдар, перкуторлы дыбыс оң жақ ортаңғы бұғана сызығы бойымен 3 қ/а тұйықталған. Жүрек тондары ырғақты, анық ЖСЖ- 84 рет/ мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Тері асты инъекциялардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 10 Тақырып: Құрғақ плеврит


Науқас И.,36 жаста дәрігерге қалтырауға, дене қызуының жоғарылауына, құрғақ жөтелге, кеуде қуысынң оң жағының қатты ауырсынуына шағымданып түсті. Науқас оң жақ бүйіріне жатуды ұнатады.

Объективті: температура 37,80С. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас оң жақ бүйірінде жатыр. Терісі таза. Кеуде торшасын қарағанда оң жағы тыныс алу актісінен қалыңқы. Тынысы оң жақтан әлсіреген, плевраның үйкеліс шуы естіледі. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 92 рет/мин. АҚҚ 120/80 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Тері асты инъекциялардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп 11 Тақырып: Экссудативті плеврит

Науқас И., 26 жаста дәрігерге қалтырау, терең дем алғанда күшейетін құрғақ жөтел, кеуде қуысының оң жағындағы ауырлық сезіміне, үдемелі ентігуге шағымданып келді. Науқас жатқаннан гөрі отырғанды ұнатады. Ауырғанына 2 апта болды.


Объективті: температура 37,80С. Жағдайы орташа ауырлықта. Терісі таза. Кеуде қуысын қарағанда оғ жақтың тыныс алу актісінен қалып отырады, пальпация кезінде оң жақтан дауыс дірілі әлсіреген. Перкуссия кезінде оң жақ орта қолтықасты сызығы бойымен 7 қабырғадан бастап омыртқаға қарай төменперкуторлы дыбыс тұйық. Осы аймақтағы тыныс күрт әлсіреген. Жүректің салыстырмалы тұйықтықтың сол жақ шекарасы ортаңғы бұғана сызығынан 1 см сыртқа қарай. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ 110 рет/ мин. АҚҚ 90/60 мм с.б. Абдоминалды патология анықталмаған.

Тапсырма


1. Болжам диагнозды құрап, дәлелдеңіз.

2. Керекті қосымша тексерулерді атаңыз.

3. Берілген аурудың мүмкін асқынуларын атаңыз.

4. Берілген науқасқа байланысты Сіздің әрекетіңіз, ауруды емдеу принциптері, болжамы мен алдын-алуы туралы айтыңыз.

5. Тері асты инъекциялардың жасалу техникасын көрсетіңіз.

Есеп № 12 Тақырып: Ошақты пневмония

Дәрігер 42 жастағы ер адамға үйге шақырылды. Науқас 38,5° С дейін көтерілген дене қызуына, шырышты-іріңді қақырықты жөтелге, тыныштықтағы шамалы ентігуге шағымданады.

Суық тиюден кейін ЖРВИ симптомдары пайда болған кезде, бір апта бұрын ауырған. Дене қызуы біртіндеп 37,2°-ден 38,5° дейін жоғарылаған; жөтел – үрген тәрізді, құрғақ – біртіндеп ылғалды болды, басында шырышты, содан кейін шырышты-іріңді қақырықпен. Кешеден бері аздаған ентігуді сезеді.

Объективті: тері жабындары аздап гиперемияланған. PS - 84 рет/мин. АҚҚ 110/70 мм с.б. Температура 38,5°, ТАЖ – 24 рет/мин. өкпеде оң жақтан жауырын бұрышы аймағында перкуторлы дыбыс тұйықталған, осы жерде тыныс қатаң, ұсақ көпіршікті ылғалды сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Іші жұмсақ, пальпация кезінде ауырсынусыз. Ісінулер жоқ. Үлкен дәрет пен диурез қалыпты.



<< предыдущая страница   следующая страница >>