https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 6 7 8 9 10 11

9-Тақырып: Тарихи өлкетанудағы сәулет өнер ескерткіштері мен бейнелеу өнері туындыларының ролі

1.Сәулет өнер ескерткіштері тарихи өлкетанудың дерек көзі ретінде.

2.Қазақстан территориясындағы сәулет өнер ескерткіштері

3.Бейнелеу өнер туындыларының түрлері және олардың Қазақстан территориясында таралуы.

Қазақ халқының тарихи - рухани, мәдени дамуында Семей қаласының атқаратын ролі орасан зор. ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың басында географиялық орналасуы жағынан жоғарғы Ертіс өңірінің орталығы болды, ол шекаралас Қытайдан сонау Омбыға дейінгі үлкен аумақты алып жаттыр. Аймақ қалаларының ішіндегі алдыңғы қатардағы орынды алады.
Қала тұрғындарының саны 324, 6 мың адам және аумағы 27,2 мың квдрат кило метр. Көлік коммуникацияларының пайдалы жүйесін қамтиды: темір жол, әуе, өзен және автомобиль жолдары тек Қазақстанның елді мекендерімен емес, сондай-ақ Ресей, Орта Азия және Қытай мен байланыстырады.

Семей әдебиет, өнер және ғылым қайраткер саңлақтарының отаны болған қала. Бұл қасиетті жер Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбаевты, кемеңгер философ Шәкәрім Құдайбердиевті, әлемдік әдебиет қайраткері Мұхтар Әуезовты, суырып салма әнші Әміре Қашаубаевты әлемге танытты. Семей сонау дәуірден бүкіл әлем зерттеушілерін өзіне қызықтырды. Мұнда әйгілі саяхатшылар Джордж Кеннан, Семенов Тянь-Щанский, Янушкевич, Паллас, Коншин және басқалары осы өлкенің тұрмысы мен халықтың салт-дәстүрлері туралы қызықты естеліктерін қалдырды. ХІХ ғасырдың ортасында болған әйгілі орыс саяхатшысы Г.Н Потанин өз естеліктерінде «Семей қаласы Азия қалаларының ішінде бірден ерекшеленеді. Ол Қытай және Орта Азия керуен жолдарымен өтетеін сауда орталығы болды» деп жазады. Тарихшылар Семей қаласынан шыққан кейбір көпестер сонау Қашқар, Кашмир, Тибет, Үндістан жерлеріне жетті деп тұжырымдайды.

1882 жылдың басынан Семей қаласы Революциялық демократтардың жер аударылған мекені болды. Осында жер аударылғандардың ішінде халық өкілдері Н.Долгополов, С. Гросс, А.Блек, И. Лобановский, А. Леонтьев, Н. Коншин және басқалары болды. Олар өлкенің рухани дамуына өз үлестерін қосып, үлкен ғылыми және мәдени ағартушылық жұмыстарын жүргізді.

Семейдің Ертіс өңірінде әйгілі жазушы Ф.Достоевский мен алғашқы қазақ ғалымы Ш. Уалихановтың достығы жарасқан.
Осында Алаш Орда партиясының өкілдері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов бостандық пен тәуелсіздік туын тікті. 20 ғасырда Семейде Қазақстан ғылым академиясының бірінші академигі Қаныш Сәтбаев, ғалым Әлкей Марғұлан, танымал жазушылар- Всеволод Иванов, Николай Анов, Галина Серебрякова, ақындар Сәбит Дөнентаев, Сұлтанмахмұт Торайғыров, зерттеуші абайтанушы Қайым Мұхаметқанов, мәдениет қайраткерлері Бибігүл Төлегенова, Роза Рымбаева, Еркеғали Рахмадиев және т.б көптеген адамдар оқыды, тұрды және шығармашылық қызмет жасады.
Семей қаласының баяу дамып, көз тартарлықтай өңсіз көрінгеніне қарамастан мұнда мектептер мен емханалардан көрі көптеген шіркеулермен ішімдік ішетін орындар көп болды, соған қарамастан қала өткен дәуірдегі Қазақстанның сол кезеңдегі маңызды қажетті әкімшілік және мәдениет орталығы болды. Қаланың мәдени ошақтары, кітапханалар мен мұражайлардың барымен анықталады. Семейде Қазақстандағы ең алғаш қоғамдық мұражай мен кітапханалар ашылды. Тарихи өлкетану мұражайымен Абай кітапханасы қорларында тарихи жәдігерлермен кітаптар жинақталған. Бұл аса құнды бай қорлардың негізін құрайды.

Жергілікті көпестер мәдени орындарды тұрғызуға ақшаларын аяған жоқ. 1890 жылы көпес Плещеевтың қаражатына Александр Невскийдің атына салынған шіркеу бой көтерді. 1857-60 жылдары халық қаражатына қазіргі күнге дейін қызмет жасап келе жатқан Воскресенск казак шіркеуі салынған болатын. Осы күнге дейін ХІХ ғасырда салынған кейбір мешіттер сақталған. Олар қаламыздың сәулетті ғимараттарының бірі болып табылады. Қаламыздың көрікті ғимараттарының бірі қазіргі қос мұнаралы мешіт. Ол 1858-1862 жылдар аралығында жергілікті көпестер Сүлейменов, Әбдішев, Рафиков, Халитовтардың қаражаттарынан облыстық діни басқарма тапсырысымен салынған. Ыстамбұл сәулетшісі Ғабдолла Эфендидің жобасы бойынша бір мұнаралы мешіт тұрғызылды. Құрылысқа қаражатты көпес Мусинберген.

Семейде тек қана діншіл, іскер адамдар тұрған жоқ. Мұнда әйгілі Плещеевтар, Степановтар, Ершовтар, Мусиндер және т.б көпес отбасылары тұрды. Бұл кісілердің есімдерімен тек қайырымдылық қызметтері емес, сондай ақ біріншіден жеке меншік үйлердің, өнеркәсіп ғимараттарының, сауда орталықтарының құрылыстары байланысты болды. 1890 жылы Семейде көпес Мусин алғаш рет бу диірменін (қазіргі метизно- фурнитура зауыдының ғимараты) тұрғызды. 3 қабатты диірменде тек Семейдің Ертіс өңірінен ғана емес Сібір мен Алтайданда бидай жеткізіліп өңделді.
1873 жылы Семейде телеграф, ал 1910 жылдан бастап Қазақстандағы алғаш су құбыры пайда болды. (Ертіс жағалауындағы насос станциясының ғимараты бүгінгі күнге дейін сақталған).
Семей қаласы дамып үлкен жетістіктерге жетуші еді, бірақ 40-шы жылдардың соңында аймақ халықының қалауына қарсы, 18500 кв км ауданды алып жатқан аумақ ядролық полигонға айналды. Абралы ауданы таратылып көптеген тұрғындар өзінің ата-бабалары тұрған жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұнда 40 жылдан астам бұрынғы КСРО-ның бас ядролық сынақ полигоны қызмет атқарды. 1991 жылы еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаев өз жарлығымен ядролық алпауытты жапты және жабық қала мәртебесі алынғаннан кейін Семей екінші рет дүниеге келгендей болды.
Қаламыздағы бірегей мәдени ошақтар келуші туристтермен шетел қонақтарының игілігіне айналды. Мұнда мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайы, Достоевскийдің әдеби-мемориалды мұражайы бар, Трапининнің, Шишкиннің, Генің, Левитанның, Серовтың, Репиннің, Коровиннің жұмыстарының түп нұсқалары, қазақ, украйн, өзбек және армиян суретшілерінің бай топтамалары Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайында сақталған. Қаламызда екі театр, филармония, кинотеатрлар, төрт мешіт, ондаған мәдениет ескерткіштері бар.

Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драмалық театры Семей қаласында 1934 жылы ашылып, Қазақстандағы алғаш ұлттық театрлардың бірі боды. Театрда әр-жылдары қазақ халқының ірі өнер қайраткерлері жұмыс жасады. Атап айтсақ: режиссер Жұмат Шанин, әртістер Құрманбек Жандарбеков, Сіләмбек Қыдыралин, Гүлсім Абдрахманова, Нүридден Атаханов, Қасен Байырманов, Абылқасым Жаңбырбаев, Бекен Имаханов, Халакет Ишмұратов, Тұратай Исова, Бикен Мұхаметжанова, Шайзат Бахтинова, Күләш Сакиева, сазгер Латиф Хамиди. Театр репертуарында қазақтың классикалық спектакльдері «Абай», «Еңлік-Кебек», «Айман-Шолпан», «Қыз Жібек», орыс және батыс европаның қойылымдары болды. Театрдың бай дәстүрлерін бүгінгі талантты актерлер Ж.Құнанбаев, К.Әбділденова, М.Сыдықов, Б.Тойымбаева, Б.Ноғайбаев, А.Манекина т.б жалғастырып келеді. Театр өзінің аркестрін балет труппасын, актерлер студиясын иемденеді.


Шығыс Қазақстан облыстық Достоевский атындағы орыс-драмалық театры. 1934 жылы ашылып Қазақстандағы алғаш орыс театрларының бірі болды. Ол еліміздегі алдыңғы қатарлы театрлардың бірі және орыс тілді тұрғандардың рухани дамуының орталығы болып саналады. Оның сахнасында орыс және шетел классиктерінің қойылымдары, қазақ және қазіргі авторлардың пьесалары жүрді. Театрда әйгілі әртістер: ҚР халық әртісі Т. Загвоздкина, ҚР еңбек сіңірген әртістер Н.Батурин, Н.Нинин, С.Забаруков, Г.Кристель, С.Попов, С.Кутьлин және т.б көптеген әртістер жұмыс істеді. Театр тұрғындар арасында үлкен танымалдыққа ие. Бірнеше рет республикалық театрлар фестивальінің жеңімпазы. Театрда үлкен сахналық шеберлігі бар шығарамшылық ұжым жұмыс істейді. Театр ұжымы үнемі Мәскеу, Новосібір, Барнауыл және Ресейдің басқа қалаларының театрларымен шығармашылық байланыста болып келеді.


Семейдің Абай атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасы 1883 жылы құрылып Қазақстандағы ең алғашқы кітапханалардың бірі болып табылады. Кітапхананың ең бірінші оқырмандарының бірі Абай Құнанбаев. Ғылыми ақпарат пен кітап сақтаудағы ірі орталық. Кітап қоры 362 мың сақтау бірлігін құрайды., бұған қоса 5900 ден астам ХVII-XIX ғ. басылымдары бар. Әр түрлі кезеңдегі қазақ және орыс тілдеріндегі сирек кездесетін басылымдар бар. Кітапхана интернет жүйесіне қосылған. Ол үлкен халықаралық байланыстар жасайды, алыс жақын шет елдердердің ірі кітапханаларымен ынтымақтастықта.

Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби мемориалдық Абай қорық-мұражайы 1940 жылы құрылды. Абай мемлекеттік қорық –мұражайының құрамына: 7 залы бар қалалық бас кешен, «Алаш арыстар» мұражайы, Жидебайдағы Абайдың мұражай-үйі, Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың мұражай үйі, Жидебайдағы «Абай-Шәкәрім» кесене кешені кіреді. Абай мемлекеттік мұражайы Абайтанушылардың ірі ғылыми орталығы болып табылады. Мұражай қоры 18255 сақтау бірлігін құрайды. Мұражайда революцияға дейінгі кезеңнен бүгінгі күнге дейін көптеген әлем халықтарының тілдерінде жазылған Абай шығармаларының бірегей басылымдар даналары сақталған.


Семейдің Достоевский атындағы әдеби-мемориалды мұражайы Семей қаласында 1971 жылы жазушының 150 жылдығына орай ашылған, ол 1854-1859 жылдар аралығында тұрды. Мұражай өзара байланысқан екі ғимаратта орналасқан: біріншісі 1838 жылы салынған- мемориалды үй, екіншісі 1976 жылы салынған. Қорды 16000 мұражайлық заттар құрайды: Мұнда жазушының өмір сүрген уақытындағы жазған шығармалары, танымдық-мемуарлық әдебиеттер, қолтаңбалары бар кітаптар, құжаттар, сирек кездесетін фотосуреттер, XIV ғасыр ортасындағы тұрмыстық заттар сақталған. Мұражайда үш рет халықаралық достоевский оқулары өткізілді.

Семейдің тарихи - өлкетану мұражайы 1883 жылы Статистикалық Комитеттің көсемдері: орыс социал-демократтары Михаэлис, Долгополов, Гросстардың жетекшілігімен ашылды. Олар қазақ халқының мәдениетін, тұрмысын оқып, өлкенің тарихына, географиясына, экономикасына, этнографиясына зерттеулер жүргізді. Өзінің 117 жылдық тарихында Семейдің Ертіс өңірінің тарихы туралы бірегей жәдігерлерді жинақтады. Мұражайда сирек кездесетін жәдігерлер, кітаптар, тарихи және өлкетанымдық бағыттағы құжаттар бар.

Семейдің Невзоровтар жанұясы атындағы көркем-өнер мұражайы 1985 жылы құрылды. 1988 жылы Мәскеулік коллекционер Ю.В.Невзоров мұражайға сыйлық ретінде, XVIII-XX ғ кескіндеме және графика жинақтарын тапсырды, онда әйгілі орыс суретшілері К.Брюлловтың, В.Тропининнің, А.Васнецовтың, И.Шишкиннің, В.Маковскийдің және басқаларының, барлығы 500 картиналары бар.

Қазақстанның көркем өнер коллекциясы 1000 астам дананы құрайды, онда танымал шеберлердің шығармалары берілген. 1988 жылы мұражайға үлкен экспозициялық залдары бар бұрынғы облыстық комитет пен облыстық атқарушылық комитетінің ғимараты берілген.


Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романындағы елді мекендер бойынша туристік бағыттар ашылған. Оған Бөрлідегі Мұхтар Әуезовтың үй-мұражай, «Еңлік – Кебек» ескерткіші, Евразияның географиялық орталығы болып есептелетін Жидебай мекені, «Абай-Шәкәрім» кесенесі, «Қоңыр әулие»жер асты үңгірі жатады, сондай ақ Ертіс өзенімен Павлодар, Омбы, Салехард қалаларына дейін теплоходпен туристтік саяхат жасауға болады.
Семей қаласы әлеуметтік инфрақұрылымы дамыған қала. Егер ХХ ғасырдың басында Семейде бір ғана 22 орындық ақылы аурухана және 1 уездік амбулатория болса, ал қазіргі таңда денсаулық сақтау жүйесінде 15 клиникалық аурухана, 4 диспансер, 78 медициналық бірлестіктер (олардың 22-сі ОДА) бар. Білім беру жүйесі 74 орта мектепті, 28 колледжді, 14 мектепке дейінгі мекемелер және 9 балалар үйін, 4 арнайы интернаттарды құрайды. Семейді студенттер қаласы деп атайды. Мұнда Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Семей мемлекеттік медициналық университеті бар.

Семейде ірі стадиондар мен спорттық құрылымдары бар және қазақ футболының отаны болып табылады. Онда әлемге әйгілі қазақ батыры Қажымұқан Мұңайтпасов өнер көрсеткен. Бірінші қазақ - олимпиядаға қатысушы Ғұсман Қосанов, Леонид Никитенко, Василий Ярков, Дәулет Тұрлыханов және т.б Семейдің спортшылары Қазақстанды көкке көтерді. 1997 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен семей облысы толығымен Шығыс Қазақстан облысының құрамына енді. Орталығы Өскемен қаласы болды. Қазір Семей қаласы Семей аймағының орталығы болып табылады. Қазіргі әкімшілік шекара 2780675 га жалпы алаңды құрайтын Абралы ауданы, Шүлбі, Шаған кенттері кіреді. Қала тұрғындары 308,2 мың адамды құрайды. Нарықтық қатынас Семей аймағының әлеуметтік-экономикалық саласына да, өзінің өзгерістерін әкелді. Қатаң бақталастық жағдайда өмір сүруді, үйретуге өтпелі кезеңдердің қиындығын жеңуге, әкелді. Соңғы бірнеше жылдарда қауырт экономикалық жағдай орныға бастады. Қаланың өндірістік алпауыт орындары қайта құрылды: олар цемент зауыты, ет-консерві комбинаты, тері-былғары бірлестігі, құрылыс материалдар, машина-құрылыс және танк жөндеу зауыттары. Жылу энергиясы, газ және су, электр энергиясын жұмсауда және өндірістерде жоғары өсу байқалады.

Отын өнеркәсібінде көмір өндіретін «Қаражыра» кен оны алдыңғы орында. Өндірілген көмірдің артық қоры 1 млрд тоннадан асады. Кен шығарумен «Семей көмірі» ЖШС айналысады. Көмірді ашық әдіспен өндіреді. Қаражыра Семей аймағы мен Шығыс Қазақстанға энергетикалық потенциялының дамуына күшті әсер берді. Кәсіпорын өнімдерін Қазақстанның индустриялық флагмандары «Қазцинк», «Қазақмыс», «АЕS Қазақстан» корпорациялары қолданады.

Суздаль алтын-кен орыны ХХ ғасырдың 80 жылдары ашылған, Семей қаласынан 50 шақырым қашықтықта орналасқан. 1996 жылы геологиялық жағынан қарау құқығын «Ангел» қаржы-ивестициялық корпорациясына берген. Өндіріглен кеннің аумағы 700 мың тонна. Суздал кен орындағы асыл металды өндіру негізінде сілтісіздендіру әдәсә қолданылады. Ол әдіс үнемді және классикалық болып есептеледі. Жаңа технологияларды ендіру жұмыстың соңғы циклын аяқтауға тиімді болды, қорытындысында 2000 жылдың қараша айында құрамында 99,5 пайыз таза алтыны бар алтын құймалар алынды.

«Каполиграф» ААҚ, Қазақстандағы жоғарғы сапалы гофрилді қатты қағаз, қағаздар, полимерлік пленкалар және оның әртүрлері негізінде қапталған өнімдерді шығаратын алдыңғы қатарлы өндіріс орны болып табылады. Кәсіпорында бірнеше жыл бойы тоқтаусыз германиялық- американдық желі бойынша тағам, темекі, фармацевтік, косметикалық өндірістерге, сондай-ақ сұйық және қою тағамдарға арналған, сүттен, айраннан, шырын, сусындарға арналған «Пюр-Пак» қораптары шығарылады. Бұл өнімнің европалық сапасын қамтамасыз етеді. Қаламызда жеңіл өнеркәсіптің ірі кәсіпорындары жұмыс істейді. Олардың алдыңғы қатарында «Сенім» (жуылмаған жүнді шығару) АҚ тұр. Жүн өндіру өндірісі сонау ертедегі, 1864 жылы көпес Калмыковтың «Жүн жуу» кәсіпорнының пайда болуымен байланысады. Қазіргі АЖӨ фабрикасының корпустарының құрылысы 1932 жылы басталып 1935 жылы аяқталған. Бұл өнімге сұраныс өте көп болған. Кәсіпорында кір жүнді жуудың жаңа технологиясы үлкен дәрежеге өсті. Семейдің алғашқы жүн өндіретін фабрикасы одақ көлемінде аса ірілердің бірі болып, оған облыстың 436 шаруашылығына өндірілетін шикі зат келіп түсті.

Оның ізін басушы мұрагері «Семтекс» ЖШС. Бұл кәсіпорын Новосібір, Хакасиядағы Черногор текстиль фабрикаларынан жуылған жүнді жеткізуге келісім шарт жасады. «Семтекс» ЖШС – нен ірі жуылған жүнді Аякөз жүн фабрикасы және Алматы кілем тоқитын «Алматы кілем» ААҚ пайдаланады.

«Мирас» ЖШС Семейліктерге ғана емес бүкіл Қазақстанға танымал «Большевичка» бірлестігінің базасында құрылды. Ең танымал өнімдері ерлерге, балаларға арналған көйлектер. Осы кәсіпорынға сапасы мен дизайн үшін бүкіл әлемге танылған Лондондағы халықаралық институтының «Гауһар жұлдызы» куәлігі берілді. Кәсіпорында үлкен жүк автокөліктерінің саябағы бар. Олар СуперМАЗдар, самосвалдар, КамАЗдар. Клиенттің тапсырысымен жүктер Қазақстан мен ТМД елдерінің кез-келген жеріне жеткізіледі. Басшылық кәсіпорынның коммерциялық және сыртқы экономикалық қызметіне үлкен көңіл бөледі. Бірқатар шет елдер мен Ресейдің сауда фирмаларымен маркетинг және менеджмент бойынша тығыз байланыс орнатқан. «Мирас» ЖШС арқылы тұрақты серіктестік беделі орнады. Кәсіпорынның тағы бір қызметінің саласы – тағам өнімдері мен құрылыс материалдарын үлкен және аз мөлшерде өткізу болып табылады. Орталықта тұрған ескі ғимарат кешеніне «Мирас» ЖШС көшкеннен кейін, мұнда «Жібек жолы» жабық базары ашылды. Өндірілген өнімнің 70 пайызын әдемі және сәнді көйлектер құрайды. «Мирас» ЖШС мемлекеттік тапсырыс бойынша Қазақстанның қарулы күштер министрлігінің әскери қызметкерлеріне, ішкі және шекара әскеріне, басқада күш құрылымдарына арналған нысандағы киімдер, ұлттық киімдер де тігіледі. Бұл өнімдер кәсіпорынның тігін цехында өндіріледі. Мұнда қазіргі замандағы жабдықтар орнатылып, жылына 500 мың өнім шығарылады. Қажет болған жағдайда оны екі есеге көбейтуге болады.

«Мұрагер» ЖШС Семейдің тігін фабрикасы 1969 жылы құрылған. Фабрика қызметінің негізгі түрлерінің бірі жоғарғы сапалы экологиялық- таза түйе жүнінен және жүннен сырылған көрпелерді шығару болып табылады. Жалпы 150 атаудан тұратын өнімдер жиынтығы: төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері, медициналық, комуфляж, униформа, әйел-ерлер киімдері, жастықтар және төсеніштер шығарылады.

Фабрика құрылымында қазіргі уақытта іріктейтін, жуатын, жүн түтетін цехтар жұмыс істейді. Жаңа өнімдерді дайындау үшін эксперименттік цех іске қосылды.

«Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ өзінің тарихын 1929 жылдан бастайды, Ертіс өзенінің сол жағалауындағы бос тұрған орынға аумағы 8 мың тонна құрайтын бірінші монолитті темір бетон элеваторы тұрғызылды, одан кейін «Макдональд» американдық фирма жобасымен зауыт салынды. Қазіргі уақытта «Семейдің ұн-құрама жем зауыты» АҚ республикамыздың ірі кәсіпорындарының бірі болып табылады. Ұн зауыты қазіргі пневматикалық көліктермен қамтылған. Мұнда ұнды сақтайтын қойма, элеватор бар. Құрама жем зауыты ұнтақталған, кесектелген түрдегі құстар мен аңдарға, балықтарға арналған қоспа жемдерді дайындайды. Зертхана қазіргі заман талабына сай компьютерлермен жабдықталған. Олар дайын өнімдерге және шикі заттарға қорытынды жасайды. Зертхана сертификат алу құқығына ие болу үшін аттестациядан өткен. Элеватор өндірісі 180 мың тонна дәнді сыйғыза алады. Темір жолмен, автокөлікпен келген дәнді –дақылдарды қабылдауға мүмкіндігі бар және оларды әрі қарай өндіреді. Элеватор түгелдей механизацияландырылған. Элеваторды басқару орталық диспетчерлік пункпен жүзеге асырылады. Ет комбинатынан басқа сүт өнімдерін, нан зауыттары, шарап-арақ, сыра және алкоголсіз сусындар өнімдерін шығаратын кәсіпорындар қызмет

жасайды.

«Семей азық-түлік өнімдері комбинаты» ЖШС сүт өндірісін енгізгеннен кейін соңғы жылдары сүт өнімдерін шығару 3,1 есеге өсті. Біздің қаламызда кіші және орта бизнесті дамыту бағдарламасы ойдағыдай орындалып келеді. Бұған кәсіпкерлердің ұсынған жобаларын несиелеу өз тиімділігін тигізді. Несиелеу көлемі жылдан-жылға артып келеді.

Семей аймағында Қазақстанның барлық ұлттарының өкілдері тұрады. Мұнда қоғамдық ұлттық-мәдени бірлестіктер құрылып және жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаты - бейбітшілікті сақтау, ұлтаралық қатынастар келісімінде болу, ұлттық сана-сезімін қалыптастыру және халықтың өзара сыйласымдылығы болып табылады.

Семейде 10 газет шығарылады, «Абай» және «Аманат» журналдарынаң екі редакциясы бар, халықаралық Абай клубы жұмыс істейді. Осы Абай жерінде 200 томдық бүкіл әлемдік әдебиет басылымы шығарыла бастады. Осындай кішкене Семей қаласында алғашқы рет әлемдік әдебиет шығарылмақшы. Осы жобаның маңыздылығын Президент Н.Ә.Назарбаевтың өзі атап айтқан. Алғашқы басылым жинақтары қазақ және орыс тілдерінде шығарылды. Кейін әлемнің басқа тілдерінде жарыққа шықпақшы. Қаламыз өзінің аса бай ғылыми потенциалымен, жаңадан ашылған жоғары оқу орындары мен филиалдарында республика үшін сұраныстағы жоғары білікті мамандарды дайындауда аса танымал.
Семей қаласының көз тартарлық тарихи-сәулетті ескерткіштері болып: Ямышевск қақпасы, мешіттер, Воскресенский Соборы, Знаменка-Петропавл монастрьі (бұрынғы Қырғаз миссиясы), православ кішкене шіркеуі, губернатор үйі, облыстық кітапхана ғимараты, Абай тұрған үй, көпес Степановтың үйі, мұғалімдер семинариясы ғимараты, №1 Чернышевский атындағы орта мектеп ғимараты және т.б.
Қаламыздың визит карточкасы болып кеңес одағы елдерінде бірінші, ал әлем бойынша 17-ші орында тұрған Ертіс өзенімен өтетін аспалы көпір және ядролық сынақтан зардап шеккендерге арналған «Өлімнен де күшті» монументі болып табылады.


Әдебиеттер:


  1. Ашурков В.Н., Кацюба Д.В., Матюшин Г.Н. Историческое краеведение.М., 1980.

  2. Матюшин Г.Н. Историческое краеведение М. 1987

  3. Памятники истории и культуры Казахстана. Научно-популярный информационный сборник, А., 1986

  4. Басенов Т.К., Маргулан А.Х., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана, А., 1959

  5. Муканов М. Казахская юрта, А., 1992

  6. Алехин А.Д. Изобразительное искусство, М., 1984

  7. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Т.1 А., 1986.Т.2 А., 1987. Т.3 А., 1994

  8. Қазақтың көне алтыны. Древнее золото Казахстана А., 1983
  9. Қазақтың зергерлік әшекейлері А., 1985


  10. Қазақ халқының сәндік ою-өрнек өнері. Народное декоративно-прикладное искусство казахов Л., 1970

  11. Ибраева К. Казахский орнамент, А., 1994

  12. Очерки изобразительного искусства казахов А., 1977

  13. Нурмухаммедов Н. Искусство Казахстана (Альбом) М., 1970



10-Тақырып: Өлкетануда мұражайлар, мұрағаттар атқаратын ролі.

Тақырыптың хронологиялық шеңберінде Семей Мұражайыныңжұмысынатоқталыпөтуқажет,өйткені оның жұмысы Орыс географиялық қоғамымен көп дәрежеде байланысты. Мұражайдың өзі 1883 жылы облыстық, статистика комитетінің ағартушылық жұмысы шеңберінде пайда болды. 1893 жылы ол бастауыш білім туралы Қамқоршылыққоғамынаберілді. 1902 жылымұражайды Семей бөлімшесі қабылдап алды. К. Рычковтың атап өткендей,«Бөлімше мұражайды тәртіпке келтілірді, - бар заттаркөрмеқорытізімінетоптастырылып, өзкезегінде, олар бес бөлімгебөлінді». Бұлмұраждайғажұрттыңкелуінеигіәсеретті, егер 1893-1894 жылдарда мұражайға 163 адамкелсе, 1903 жылдан бастап оған келушілер күрт өсіп, 720 адамнан 1913 жылы 2873 адамғадейінжетеді. Мұражайдыңжұмысынақоғаммүшелері Н.Я. Коншин, В.Н. және А.Н. Белослюдовтер, И.Е. Мирошнеченко және басқалар белсене қатысты.

Сонымен бірге қазақтардың этнографиялық өмірін зерттеуге, бұлардың аумағына да зор көңіл бөлді. Мәселен, Ресейдегібелгілі Дашков мұражайында А.П.Федченкодан алынаған Түркістан өлкесі заттарының көрме жиынтығы болды, оған А.Н. және Н.М. Харузиндердің қайырымдылық сыйлықтары түсті.

ХХғ басында азиялылар халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі салауаттылық қоғамдарының ашылуы туралы шешімді зор жігермен қарсы алды,сондықтан орыс географиялық қоғамның қайраткерлері оларға белсене қатысты. Мәселен, Семей облысындағы Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі коммисияның төрағасы – орыс географиялық қоғамының қайраткерлері көп еді. Нақ сол Семейдегі В.Н. Белослюдов, В.С. Усов, Н.Я. Коншин және басқалар Халықтық оқулар ұйымдастыру жөніндегі комитетінің лекторлары болды.Жұмыстың мұндай нысандары мен қоса, қоғам мен оның бөлімдері алуан түрлі көрмелер ұйымдастыру мен өткізуге үнемі және қызу қатысты. ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.басында жұмыстың бұл нысаны тәжірибе алмасуға да, ғылыми жұмыста жаңа бағытта іздестіруге де, зерттеужұмысындағыжетістіктердікөрсетуге де қызмететті. П.П.Семеновтың пікірі бойынша,Батыс Сібір далалық тобы коллекцияларының тамаша толықтығы ерекше болып, келушілерді көптеп тартқан.Орыс географиялық қоғамның мүшелері одан кейінгі көрмелерге де шама-шарқынша қатысты.


  1. ҚазақстанРеспубликалықмемлекеттікмұрағатқұжаттары

Мұрағаттар бұл жеке өзіндік мекеме болып табылады.Мұрағаттар құжаттық материалдар, баспа сөз материалдары сақталады. Дерек құжаттары мемелекеттік мекемелерінің іс-қағаздары сақталады. Мұрағаттың міндеті жалпы қоғамны ақпараттық талабына жауап беру. Басты міндет ұлттық бағалық құндылықтарды сақтау, тарихи сана ретінде қалыптастыру болып табылады. Құжаттар ең аса маңызды ақпарат көзі болып есептеледі. Құжаттық материалдар қайталанбайтын ерекше болып келеді. Қазақстан мұрағаттар өзінің қалыптасуы тарихын 1794 жылы Бөкей ордасының мұрағаты мен басталады, сол жылдан бастап мемлекет қарамағына алынды.

1921 жылдың 1 қыркүйегінде Орынбор губерндік архиві негізінде Орталық өлке архиві құрылы, кейін мемлекеттік архив болып қайта құрылды.



<< предыдущая страница   следующая страница >>