https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 15 16 17 18 19 20 21

Шығармалары:


Найманбаев Қ. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2005.

Найманбаев Қ. Таңдамалы шығармалар: Екі томдық.- Алматы: Жазушы, 1991.

Найманбаев Қ. Даңқ тұғырында: Очерктер.- Алматы: Жазушы, 1965.

Найманбаев Қ. Қоштасқым келмейлді: Әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Найманбаев Қ. Бастау: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Найманбаев Қ. Сол бір түн: Повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазу-шы, 1975.

Найманбаев Қ. Үміт өткелі: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Найманбаев Қ. Беймезгіл қонақ: Повестер.- Алматы: Жазушы, 1978, 1980.

Найманбаев Қ. Аптап: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жалын, 1979; Фрунзе, 1984.

Найманбаев Қ. Шілде: Повестер мен әңгімелер.- Алматы: Жазу-шы, 1982.

Найманбаев Қ. Көктөбе: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Найманбаев Қ. От пен ойын: Роман.- Алматы: Жазушы, 1989.

Найманбаев Қ. Аптап: Хикаяттар мен әңгімелер.- Алматы: Раритет, 2008.

Найманбаев Қ. Даңқ тұғырында: Деректі хикаяттар.- Алматы: Білім, 2009.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Найманбаев Қалдарбек //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Найманбаев Қалдарбек //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.


***


Байғұт М. Сағыныш саздары: (Жазушы Қалдарбек Найманбаев туралы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 28 шілде.

Балғабаев С. Асыл азамат: ( Жазушы Қ.Найманбаев) //Егемен Қазақс-

тан.- 2009.- 13 наурыз.

Раушанов Е. Ақ жал арғымақ: (Жазушы Қалдарбек Найманбаев тура-лы) //Қазақ әдебиеті.-2008.- 10 қазан; Жас қазақ үні.- 2009.-21 наурыз.

Сегізбайұлы К. Тұғыры мығым тұлға еді: (Қайраткер - қаламгер Қ.Найманбаев) //Қазақ әдебиеті.- 2009.- 27 ақпан.

Нәжімеденов Жұмекен


(1935- 1983)


Өлеңдерінде өзге ақындарға ұқсамайтын дара мінезі мен ойлау диалектикасы бар, өнерді өмірге балаған қамшының сабындай қысқа өмірінде қазақ поэзиясын рухани биікке көтеріп кеткен қазақтың біртуар ақыны Жұмекен Нәжімеденовтың есімі ұлтымыздың руханият тарихында асқақ аталады.

Ақынның бітім- болмысы, даралығы мен өзіндік қолтаңбасы төңірегінде әлі де пікір пішіні кең көлемде ағытыла қойған жоқ.

«Жұмекен, сөз жоқ ешкімге ұқсамайтын, ешкімді қайталамайтын өзіндік ақындық жаратылыс, өзіндік ақындық бейнесі бар, көп ойлап, көп оқитын, көп ізденетін ақын. Алған тақырыбын да, оны өлеңге айналдыру жолдарын да Жұмекен оңайлатып, арзандатып алмайын дегенді үздіксіз ойлайды»,- деп жоғары баға берген Әбділда Тәжібаев.


Анау келген кім болды екен, біліп келші, кім екен?

Батырлық па?- Өз төрімде күтіп алам, түнетем.

Байлық болса қулау болар, тура қара көзіне.

Кім де болса, алдамасын, алданбасын өзі де.

Қайғы болса артындаоның қуанышы бар шығар,

Бірі кірлеп, бірі жуып кеудем менің аршылар.

Бақыт болса, денем әлсіз көтере алман (өз ойым),

Арман болса өмірбақи арқалайын, төзейін...

Адалым боп арнап келсе- барым әзір, көңіл хош,

Түсір жылдам, атын байла, қырауын қақ, тонын шеш,-


деген жолдарынды керемет пәлсапалық ой, түйін жатқанын айқын көруге болады.

Жұмекен Нәжімеденов 1935 жылы Атырау облысы, Құрманғазы ауданының «Қошалақ» ауылында туған. Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының ұлт- аспаптары факультетінде (1956-1959) оқыған.

1971-73 жылдары М.Горький атындағы әдебиет институты жанын-дағы Жоғары курсты бітірген.

Ж.Нәжімеденов еңбек жолын қарағанды қаласының шахтасында қарапайым жұмыс істеуден бастаған.

1959- 1965 жылдары «Жазушы» баспасында, кейін «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде бөлім меңгерушісіболған.


1966- 1971 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағында әде-

би кеңесші қызметін атқарған.

1974- 78 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте, 1978- 83 жылдары «Мектеп» баспасында қызмет істеген.

Алғашқы өлеңдері елуінші жылдар ішінде баспасөз бетінде жариялана бастаған Жұмекен Нәжімеденовтың тұңғыш кітабы «Балауса» деген атпен 1961 жылы жарық көрді. Содан кейінгі уақыт ішінде Ж.Нәжімеденовтың өлеңдері мен поэмаларының оннан астам жинағы үш рет таңдамалы шығар-малары, үш томдық шығармалар жинағы , үш романы, аударма кітаптары басылып шықты.2001 жылы Астанадағы «Елорда» баспасынан «Қасірет пен қайсарлық» атты таңдамалы өлеңдері жарық көрді. Шығармаларында Ұлы Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі, ел тіршілігі, жастар өмірі суреттелген. «Ақ шағыл» (1973), «Кішкентай» (1975), өнер адамдары жайлы жазылған «Даңқ пен дақпырт» (1977) романдары жарық көпрді. Ақынның «Күй кітабы» шығармасында Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина күйлері өлеңде өрнектеліп, поэтикалық тілге түсірілген.

Жұмекен Нәжімеденовтың өлеңіне 1959 жылы композитор Шәмші Қалдаяқов жазған «Менің Қазақстаным» әні күні бүгінге дейін еліміздің мерейін биіктететін, исі қазақтың сүйіп орындайтын әніне айналып, 2006 жылдан бері Мемлекеттік әнұран орнында орындалып келеді.

Жұмекен Нәжімеденов Саади, А.Фаиз, Незваль, Н.Хикмет туын-дыларын қазақ тіліне аударды. Ақынның бірқатар шығармалары алыс және таяу шетел халықтары тілдеріне аударылған.

Жұмекен Нәжімеденов 1983 жылы дүниеден өтті. Оның асқақ жырлары талай ұрпақтың рухани игілігіне айнала бермек, ал өзі поэзия көгінде жарқ етіп көрінген аққан жұлдыздай халқының санасында, есінде қалатынына күмән жоқ. Ж.Нәжімеденовтың шығармашылық шеберлігі Қ.Юсуповтың монографиясына арқау болған (1995).


Шығапмалары:


Нәжімеденов Ж. Екі томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Жазушы, 2005.

Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы:Жазушы, 2006.


Нәжімеденов Ж. Үш томдық шығармалар жинағы.- Алматы: Қазығұрт, 2010.

Нәжімеденов Ж. Балауса: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1961.

Нәжімеденов Ж. Сыбызғы сазы: Өлеңдер.- Алматы: ҚМКӘБ, 1962.

Нәжімеденов Ж. Өз көзіммен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1964.

Нәжімеденов Ж. Жоқ, ұмытуға болмайды: Поэма.- Алматы: Жазушы, 1965.

Нәжімеденов Ж. Жарық пен жылу: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1966.

Нәжімеденов Ж. Күй кітабы: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1967.

Нәжімеденов Ж. Мезгіл әуендері: Лирика.- Алматы: Жазушы, 1968.

Нәжімеденов Ж. Ұлым саған айтам: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1970.

Нәжімеденов Ж. Гүл туралы баллада.- Алматы: Жазушы, 1971.

Нәжімеденов Ж. Мен туған күн: Таңдамалы.- Алматы: Жазушы, 1972.

Нәжімеденов Ж. Ақ шағыл: Роман.- Алматы: Жазушы, 1973.

Нәжімеденов Ж. Кішкентай: Роман.- Алматы: Жазушы, 1975.

Нәжімеденов Ж. Даңқ пен дақпырт: Роман.- Алматы: Жазушы, 1977.

Нәжімеденов Ж Жеті бояу: Өлең. Баллада. Мысал.- Алматы: Жалын, 1978; Жазушы, 1979.

Нәжімеденов Ж. Ашық аспан: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1981.

Нәжімеденов Ж. Темірқазық: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар. 2 басыл-

ым.- Алматы: Жазушы, 1982.

Нәжімеденов Ж. Қыран қия: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1984.

Нәжімеденов Ж. Менің топырағым : Жыр кітабы.- Алматы: Жазушы, 1985.

Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам: Өлеңдер мен поэмалар.- Алматы: Жазушы, 1988.

Нәжімеденов Ж. Қасірет пен қайсарлық: Таңдамалы өлеңдер.- Астана: Елорда, 2001.

Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Нәжімеденов Жұмекен //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-

графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Нәжімеденов Жұмекен Сабырұлы (1935- 1983) //Атырау: Энцикло-

педия.- Алматы: Атамұра, 2000.

Жұмабек С. Қасірет пен қайсарлық жырлары: (Ж.Нәжімеденов)


//Жұмабек С. Сын әуені.- Астана,2001.

Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ лирикасы: 1960-80 жж. Қазақ лирикасын-дағы кейбір жанрлық- стильдік ізденістер.- Алматы, 2001.

Кекілбаев Ә Қалтқысыз сыр, қайсар жан: (Ж.Нәжімеденов) //Кекілбаев Ә. Заманмен сұхбат: Ой- толғамдар.- Алматы, 1996.

Медетбеков Т. Әр сөздің тасасында асылы бар: (Ақын Ж.Нәжімеде-нов) //Нәжімеденов Ж. Ұрпағым, саған айтам.- Алматы, 1988

Серікқалиев З. Темірқазық: ( Жұмекен Нәжімеденов) //Серікқалиев З. Жандауа.- Астана, 2004.

***


Бекмұратұлы С. Жұмбағы мол Жұмекен ақын: тірі болғанда 75 жасқа толар еді- ау //Алматы ақшамы.- 2011.- 26 қараша.

Дарынды ақынның даналық поэзиясы: (Жұмекен Нәжімеденов тура-лы) // Ана тілі.- 2010.- 22 қыркүйек.

Есдәулет Ұ. Жыры жұмбақ Жұмекен (Нәжімеденов) //Қазақ әдебие-ті.- 2010.- 31 желтоқсан.

Нәжімеденова Н. Арқалы жырдың тұғыры: (Ақын Жұмекен Нәжімеде-

новтың жарымен / сұхбаттасқан Қ.Кенжеғалиқызы ) // Қазақ әдебиеті.- 2010.- 26 желтоқсан.

Нұрғазыұлы А. Жаңа эпос : (Ақын Жұмекен Нәжімеденов туралы)

//Алматы ақшамы.- 2009.- 26 қараша.

Шыныбеков Ж. Елім деп жерім деп жырлап өткен ақын: (Жұмекен Нәжімеденов) //Алматы ақшамы.- 2010.- 21 қыркүйек.


Ниязбеков Рафаэль

(1943)


Өрт түсірмей елімнің өзегіне,

Арна болып тартылдым өзеніне

Көктем болып жүгірдім қарсы алдынан

Көкжал болып қарамай көжегіне.

Араласып ардагер ел есіне

Төгіп өттім нөсер боп егісіне.

Желбіреген туы боп тұрмасам да,

Желі болып тартылдым жемісіне.

Жұлдыз шашып қараңғы түндеріне,

Жарқын жүзбен қарадым күнде еліме.., -

деп жазған Рафаэль Ниязбеков алпысыншы жылдардың аяғы, жетпісінші жылдардың басында қазақ әдебиетіне келген тегеурінді толқынның алдыңғы легінен көрінген ақындардың бірі.


Ол алғашқы өлеңдерімен- ақ әдебиет сүйер қауымды елең еткізген болатын. Өмірдің өзінен ақиқат іздеген балаң ақынның алғашқы өлеңдері таудан аққан кәусар бұлақ тәрізді болса, енді сол бұлақтардан арналы өзен құралғандай Рафаэль Ниязбеков шығармашылығы кемеліне толып терең дарияға айналып отыр. Оны бұл биікке көтерген сүйікті поэмалары, таби-ғатты қорғауға арналған өлеңдер циклі, халқымыздың мұңы мен зарын дөп басқан жырлары. Содан бері 1969 жылы шыққан «Келер күндер» өлеңдер жинағынан кейін бірнеше жыр кітаптары жарық көрді: «Қаратау мен Алатау» (1971), «Темірқазық» (1973), «Жалын кешкен» (1975), «Жер жанары» (1977), «Биіктей бер, тауларым» (1983), «Бәйтеректер жел өтінде тұрады» (1989), «Жетіген» (1990), «Тамұқ отына жанбаған» (1977).

Рафаэль Ниязбеков 1943 жылы Жамбыл облысы, Талас ауданының Жданов атындағы совхозында дүниеге келген. Әдеби жолын Талас аудандық газетінен бастаған.

1978 жылы ҚазГУ- дің филология факультетін тәмамдаған. 1967 жы-лы Қазақ радиосы әдебиет редакциясында қызметке орналасқан. 1971- 77 жыл-дар аралығында «Жұлдыз» журналында қызмет істеген, кейін «Жазушы» баспасында редактор болды.

Рафаэль Ниязбеков проза жанрына да сүбелі үлес қосты. Оның «Ота-ғасы» (1978), «Қаңтар» (1981) повестері, «Қызыл үй» романы (1986), «Тас құдай» (1996) шығармалары проза өлкесіне көрнекті қаламгердің келгенін тағы бір көрсетті. Рафаэль Ниязбековтың шығармаларының тақырыбы ау-қымды: «Отағасы» повесі Отан соғысынан кейінгі ауыл өмірі жайлы баян-даса, «Жауатарда» туған халқымыздың басынан өткен тарихи бір кезең шынайы суреттеледі. Ал «Тас құдай» романында коллективизация кезеңін-дегі ауыл өмірі, Голощекин саясатынан аштыққа ұрынып, қырылған қазақ халқы жайлы ащы шындық турасында баяндалады.

Рафаэль Ниязбековтың шығармашылығына тән қасиет- оның ақты ақ, қараны қара деп шырылдаған шындықты сескенбей жазуында, осыған куә «Тамұқ отына жанбаған» поэмасы . Поэма ел азаматы Асанбай Асқаровтың қызыл империя кесапатына ұшырап, азап шеккен қилы тағдырын шынайы суреттейді.


Ақынның 2002 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Қыдыр ғұмыры» халқымыздың аяулы азаматы Дінмұхаммед Қонаев өміріне ар-налған. Ақынның «Шешендер» атты поэмасына Ичкерияның мемлекеттік сыйлығы берілді (1998).

Рафаэль Ниязбеков- Қазақстан Жазушылар одағы Ілияс Жансүгіров атындағы сыйлықтың лауреаты.

Шығармалары:


Ниязбеков Р. Келер күндер: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1969.

Ниязбеков Р. Қаратау мен Алатау: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1971.

Ниязбеков Р. Темірқазық: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1973.

Ниязбеков Р. Жалын кешкен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1975.

Ниязбеков Р. Жер жанары: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1977.

Ниязбеков Р. Отағасы: Повестер.- Алматы: Жалын, 1978.

Ниязбеков Р. Өркен: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1980.

Ниязбеков Р. Қаңтар: Повестер.- Алматы: Жалын, 1981.

Ниязбеков Р. Биіктей бер, тауларым: Өлеңдер.- Алматы: Жазушы, 1983.

Ниязбеков Р. Қызыл үй: Роман.- Алматы: Жазушы, 1985.

Ниязбеков Р. Бәйтеректер жел өтінде тұрады: Өлеңдер.- Алматы: Жалын, 1989.

Ниязбеков Р. Шешендер: Шер дастан.- Алматы: Жібек жолы, 1996.

Ниязбек Р. Тас құдай: Роман, повесть, әңгімелер.- Алматы: Жазушы, 1996.

Ниязбек Р. Тамұқ отына жанбаған: Поэмалар мен өлеңдер.- Алматы: Мерей, 1997.

Ниязбек Р. Тыңда мені, замана! – Алматы, Сөздік- словарь, 2001.

Ниязбек Р. Қыдыр ғұмыр.- Алматы: Жалын, 2002.

Ниязбек Р. Жүрегімде- ғасырлардың салмағы: Өлеңдер.- Алматы: Қазақпарат, 2003.

Ниязбек Р. Жібек жолы: Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: Жазушы, 2005.

Ниязбек Р. Айбозым менің: (Елбасы жайлы өлең- роман).- Астана: Күлтегін, 2006.

Ниязбек Р. Күркіреп өткен күндерім: Өлеңдер мен поэма.- Алматы: Жазушы, 2008.


Өмірі мен шығармашылығы туралы:

Ниязбеков Рафаэль //Советтік Қазақстан жазушылары: Биобиблио-


графиялық анықтамалық.- Алматы, 1987.

Ниязбеков Рафаэль //Қазақстан жазушылары. ХХ ғасыр: Анықта-

малық.- Алматы: Ана тілі, 2004.


***


Дүйсенбайұлы Е. Егемен елдің ержүрек ақыны : (Р.Ниязбек шығарма-

шылығы туралы) //Егемен Қазақстан.- 2010.- 2 қыркүйек.


Нұржекеұлы Бексұлтан

(1941)


Қалың оқырмандардың көкейіне қонақтап, көңілдерін суаратын шығармаларымен кең танымал бүгінгі күн жазушыларының бірі- Бексұлтан Нұржекеұлы. Оның өзге жазушылардан оқшауланып тұратын үрдісі бар. Ол – мәңгілік махаббат тақырыбы. Осынау қасиетті ұғымды жазушы қыз- келін-шектер бейнесі арқылы алға тартудан бір танбай келеді. Әйел затының асылдығын шебер ұқтыратын Б.Нұржекеұлы туындылары сол үшін де елдің аузынан түспейді.

Бексұлтан Нұржекеұлының алғашқы әңгімелер мен повестер жи-нағы «Күй толғақ» деген атпен 1972 жылы жарық көрді. Кейін «Күтумен өткен ғұмыр» (1974), «Бірғана махаббат» (1977) сияқты көлемді повестері «Бір өкініш, бір үміт» (1980), «Ерлі- зайыптылар» (1989), «Жау жағадан алғанда» (1990), «Әйел жолы жіңішке» (1999) атты күрделі романдарға жалғасты. Бұл туындылардың қамтыған тақырыптары саналуан.

Кеңес үкіметі кезеңдеріндегі күйзелістер, асыра сілтеу, ашаршы-лық, соғыс сойқаны, тылдағы тынымсыз еңбек, шындық пен жалғанның, махаббат пен зұлымдықтың бітіспес күресі, елдік, ерлік бәрі де қамтылған. Бақыт пен бақытсыздық, үміт пен өкініш, қуаныш пен қайғы- заман тынысы арқылы да, адам тағдыры арқылы да терең суреттеледі.

Б.Нұржекеұлы шығармаларында адамның өзін- өзі немесе өзгені түсінуі немесе түсінбеуі, бұдан туындайтын өзара келісім, не тартыс сырлары ерекше сыршылдықпен суреттеледі.

Бексұлтан Нұржекеұлы 1941 жылы 22 ақпанда Алматы облысының Октярь ауданындағы Жамбыл атындағы колхозда туған. 1965 жылы КазГУ- дің филология факультетін бітірді. 1965- 68 жылдар аралығында Панфилов ауданына қарасты Үшарал орта мектебінде мұғалім, оқу ісінің меңгерушісі болған, кейін Панфилов аудандық комсомол комитетінде екінш, бірінші хат-шы қызметін атқарған.


Б.Нұржекеұлы 1972 жылы «Жалын» альманағы проза бөлімінің меңгерушісі, ал 1973- 76 жылдары «Жұлдыз» журналының очерк және пуб-лицистика бөлімінің меңгерушісі болды. 1976 жылдан 1986 жылға дейін «Жалын» баспасында бас редактордың орынбасары, бас редакторы болды. Осы жылдары Б. Нұржекеұлы қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жинақтап, толықтырып кітап етіп шығарды. Сондай- ақ ақын Қастек Баян-баевтың ұсынысымен «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасын» жүйелеп шығарғандығын баспа жұмысындағы бір елеулі табысы деп санауға болады.

Бексұлтан Нұржекеұлы кейіпкерлерінің тұлғасын, болмыс- бітімін шынайы суреттейтін, терең махаббат сезімдерін әдемі етіп әспеттеп мү-сіндеуі арқылы оқырман жүрегіне жол тапқан жазушы.

Бексұлтан Нұжекеұлы «Құрмет» орденінің, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалінің иегері, Алматы облысының Құрметті азаматы.

Үнемі ізденіс үстінде жүретін жазушының соңғы жылдары «Әйел жолы жіңішке», «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты сезім тебіренісіне толы шығармалары оқырмандардың ілтипатына ие болған көркем туындылар. Белгілі өнер саңлақтары мен қазақ халқының көне тарихына қатысты зерт-теу мақалалары да қалың оқырманға танымал. 1993 жылы жазушының екі томдық шығармалар жинағы басылып шықты.

2002 жылы «Атамұра» баспасынан «Бейтаныс әйелдің құпиясы» атты кітабы жарық көрді. Жазушының бүкпесіз шындықты жазғанын сезген саналы оқырманның оның шығармашылығына деген ілтипаты арта түспек.



<< предыдущая страница   следующая страница >>