https://electroinfo.net

girniy.ru 1

2008 жылдың І тоқсанының  бақылау жұмысының  нәтижелері

1 -Тарау . Жұмыс жоспарының орындалуы.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу басқармасы  2008 жылдың 1 тоқсанында жұмыс жоспарымен көзделген барлық  объектілерге тексеру жүргізді. Нақты, басқарма  133 объектіге  тексеру  жүргізді, оның   құрамында: мемлекеттік мекемелер бойынша-84, оның ішінде: 14- республикалық бюджеттен, 70-і жергілікті бюджеттен, ал, 49-ы  шаруашылық жүргізуші субъектілерден. Сонымен қатар тексерулердің жалпы саны -141 құрады, жоспардан тыс  кешенді бақылау облыс бойынша  17 объектіге жүргізілді, олар Комитетте 2008 жылға жоспарланған.

2-Тарау. Жоспардан  тыс іс-шаралар.

Есеп  беру кезеңі  бойынша  жоспардан тыс  тәртіпте  40- объектіге  ішкі  бақылау жүргізілді, олар:


  1. жоғары тұрған  ұйымдардың тапсырмалары бойынша-22;

  2. құқыққорғау  органдарының қаулылары  бойынша-14;

  3. жеке және заңды тұлғалардың үндеулері бойынша -2;

  4. басқалар-2.

3-Тарау. Бақылау қортындылары.

Жүргізілген ішкі  бақылау қортындылары бойынша жалпы  сомасы 420644,4  мың теңгені құрайтын  қаржылық бұрмалаушылықтар  анықталды, оның  қатарында:
- бюджет қаражаттарының   негізсіз   жұмсалуы бойынша  -223161,3 мың теңге, оның ішінде: жергілікті  бюджет  бойынша –215400,3 мың теңге,  меншіктің  мемлекеттік  емес  түрі бойынша-7760,5 мың теңге;
-ТМҚ және  ақшалай  қаражаттардың жетіспеушілігі- 551,3 мың теңге; оның  ішінде республикалық бюджет бойынша –281,2 мың теңге, жергілікті бюджет  бойынша – 246,7 мың  теңге, мемлекеттік емес  меншік -23,4 мың теңге;

-бюджет  қаражаттарын тиімсіз  пайдалану бойынша-23186,2 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет бойынша -4462,2 мың теңгеге, жергілікті бюджеттен – 15699,0 мың теңге, мемлекеттік емес  меншік түрінен – 3025,0 мың теңге  сомасындағы бұрмаланушылыққа жол берілген.

- мақсатсыз пайдаланылған  бюджет қаражаттарының   барлығы166970,7 мың теңге, оның қатарында: жергілікті бюджет бойынша –159416,6 мың теңге, мемлекеттік емес  меншік түрі обьектілерінде – 7554,1 мың теңге;

-бюджетке түсім бойынша бұрмалаушылықтар (салықтан  тыс  түсімдер) –6774,9 мың теңге, оның  ішінде   республикалық бюджет  бойынша-123,9 мың теңге, жергілікті бюджет бойынша –462,6 мың теңге, мемлекеттік емес  меншік түрі – 6188,4 мың теңге;

Сонымен қатар, қаржылық есептілікті құрастыру рәсімін,  ережелері мен шарттарының   сақталуы  бойынша  -7261717,0 мың теңгеге, қаржы  активтерін  пайдалану бойынша -241631,2 мың теңгеге, мемлекеттік сатып алуды өткізу бойынша - 2772486,7 мың теңгеге бұрмалаушылықтар анықталды,
Осылайша, 2008 жылдың 1 тоқсанында анықталған қаржылық бұрмалаушылықтардың сомасы өткен жылдың сәйкес кезеңіндегіге қарағанда 168103,7  мың теңгеге  немесе 60,0 %-ға  артты.

Талдаудың көрсетуі  бойынша, қаржылық бұрмалаушылықтардың ортақ сомасынан  республикалық бюджет есебінен тұратын обьектілердің  үлесі  4867,8 мың теңгені (1,2 %), жергілікті  бюджеттен 391225,2 мың  теңгені (93,0 %), мемлекеттік  емес меншік түрі  24551,4 мың теңгені (5,8 %) құрады.




2-сурет.  Бюджет кесіміндегі анықталған бұрмалаушылықтар бойынша  нысандар үлесі.
Сонымен, мысалы:
«ШҚО Денсаулық сақтау  департаменті»ММ-де жалпы сомасы  78927,6 мың теңге қаржылық бұрмалаушылық анықталды, олардың ішінде:

-«2006-2007 жылдарға тегін медициналық жәрдемнің кепілдендірілген көлемін сатып алу қорытындысы туралы» хаттамаларда бекітілген нормативтерден тыс жүргізілген  шығыстар, оның ішінде: 4 облыстық және 2 қалалық кәсіпорындар бойынша жалпы сомасы 78693,8 мың теңгеге тегін медициналық жәрдемнің кепілдендірілген көлемі бойынша мемлекеттік тапсырыс қаражаты негізсіз бөлінген. Сонымен қатар, жалпы сомасы 233,8 мың теңгедегі келісімнің шарттарын сақтамағаны, яғни  медициналық құрал-жабдықты  уақытында жеткізбегені  үшін тұрақсыздық айыбы түріндегі салықтан тыс төлемдер орын алған. Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында жалпы сомасы  40153,8 мың теңгеге рәсімдердің бұрмалануына жол берілген.

Қабылданған шаралар бойынша тұрақсыздық айыбының сомасы (233,8 мың теңге) жергілікті бюджет  кірісіне толығымен өндірілді.
-«ШҚО Мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінде 2007 жылдың соңында, ағымдағы қаржы жылының міндеттемелері бойынша  жеке қаржыландыру жоспарымен бекітілген қаражаттың шегінен асатын, тауарлар мен қызметтер қарызға алынған, ал ол  01.01.2008ж.  жағдай бойынша жалпы сомасы 16 321,3 мың теңгедегі кредиторлық берешектің пайда болуына әкеп соққан. Осы  тұста, 2006 жылдың желтоқсан айында 262007000 «Театр және музыка өнерін қолдау» бағдарламасы бойынша 8 800,0 мың теңгеге бейнефильмдер алынған, бірақ  оған  халықтан сұраныс болмағандықтан, прокатқа берілмеген, яғни аталған  сомадағы  бюджет қаражаты тиімсіз пайдаланылған.
 -«№2  балалар ауруханасы» КМҚК-де  жалпы сомасы 1995,1 мың теңгеге  қаржылық бұрмалаушылықтар анықталды, оның  ішінде мемлекеттік сатып алуды өткізу кезіндегі негізсіз пайдаланылған бюджет қаражаты-1508,1 мың теңге, негізсіз есептен шығарылған негізгі құралдар- 253,9 мың теңге, еңбекақыны артық төлеу- 1,3 мың теңге, салықтан тыс түсімдер- 231,8 мың теңге. Сонымен қатар,  4256,0 мың теңгеге мемлекеттік сатып алу рәсімі бұзылғаны  анықталды.
Қабылданған шаралар бойынша  өндірілуге тиісті бұрмаланған қаражат (1995,1 мың теңге) толығымен  бюджет кірісіне қайтарылды. Жіберген бұрмалаушылықтары үшін бақылау объектінің басшысының бұйрығымен 1 лауазым иесіне  қатаң сөгіс, 2-еуіне  сөгіс жарияланды.
Аурухананың бас дәрігеріне  177-1 бап бойынша  әкімшілік құқықбұзушылыққа  хаттама жасалып,  іс Өскемен  қаласының   Әкімшілік сотына  қарауға тапсырылды.  Сол сияқты, бақылау материалдары ШҚО бойынша ЭСЖҚД-ге жіберілді.
-ШҚО онкологиялық  диспансері» КМҚК-да  жалпы сомасы  3326,8  мың теңгедегі қаржылық бұрмалаушылыққа жол берілген, олар:
-2379,8 мың теңге- салықтан тыс түсімдер;
-947,0 мың теңгеге- бюджет қаражатын негізсіз пайдаланған;

Осы тұста, жалпы сомсы 68981,1 мың теңгеге  мемлекеттік сатып алу рәсімінің бұзылуына  жол берілген.

Бақылау барысында және кейін де, бюджетке өндірілуге тиісті қаражаттың (2856,9 мың теңге) 2636,1 мың теңгесі бюджетке қайтарылды. Бақылау объектісінің  бастығының бұйрығымен 2 қызметкер  тәртіптік жауапкершілікке тартылды, біріне- қатаң сөгіс, екіншісіне сөгіс  жарияланды. Бас  есепшіге, бас дәрігердің орынбасарына, кадр жөніндегі  инспекторге 178 және 177-1  баптар бойынша   әкімшілік  құқықбұзушылық хаттамасы жасалып, олардың, бас есепшіге 5,8 мың теңгедегі  әкімшілік айыппұл салынды, ал қалған істер  Әкімшілік сотының қарауында.
Сонымен қатар, бақылау материалдары ШҚО бойынша  Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне шешім қабылдау үшін жіберілген.
-«ШҚ облыстық  сәулет- этнографиялы және табиғи-ландшафты мұражай-қорығы» КМҚК-да жалпы сомасы 6721,4 мың теңге қаржылық бұрмалаушылық анықталды, оның ішінде: бюдет қаражатын негізсіз пайдалану-3696,4 мың теңгеге, тиімсіз пайдалану-3025,0 мың теңге. Сонымен қатар, жалпы сомасы 8247,2 мың теңгеге  мемлекеттік сатып алу рәсімі бұрмаланған.
Бақылау барысында өндірілуге тиісті  қаражаттың (3260,8 мың теңге)  594,6 мың теңгесі бюджетке қайтарылды. Қайтадан жіберілген нұсқаманың негізінде бақылау объектісінде  қалған қаражатты  аудару кестесі  жасалды.
Жіберілген бұрмалаушылықтар үшін  бақылау объектісінің басшысының  бұйрығымен 4 кінәлі лауазымдық тұлғаларға  сөгіс жарияланды.
Бақылау материалдары ШҚО бойынша ЭСЖҚД-ге  тиісті шаралар қолдану үшін  жіберілді;

-«ШҚО Кәсіпкерлік және өнеркәсіп  департаменті» мемлекеттік мекемесінде жеткізуші- «Саяхат-Восток» ЖШС-мен   9000,0 мың теңге  сомасына 2007 жылы 24-мамырда №15  келісім шарт бекітілген, бірақ бұл келісім шарт қазынашылық органдарында  тіркеуден өтпей қаплған. Жеткізуші  негізсіз  шот  беріп, мекеме  сол бойынша 9000,0 мың теңге төлеген, ал  Қазынашылық органдарында   тіркелген    15.05.2007 жылғы №15 келісім шарттағы көрсетілген сомасы 5000,0 мың теңгені құраған. Осылайша, Мекеме  жалпы сомасы 4000,0 мың теңгеге  негізсіз  төлем жүргізген,  06.06.2007 жылғы №371 төлем шоттары бойынша 15000,0 мың теңшге жалпы сомадан 30 пайыздық алдын ала төлеу түріндегі және 3500,0 қалған қаражат  04.07.2007жылғы №441 шот бойынша аударылған.

Сонымен қатар,  2007 жылға  арналған  қаржыландырудың  бекітілген детальды жоспарына сәйкес 007-000 «Индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша, Мекемеде,  көрме  өткізу үшін облыстық бюджеттен бөлінге 27561,0 мың теңгедегі қаражаттың 6899,0 мың теңгесі  шығысталған.
Кейіннен, 21.12.2007 жылғы №26 рұқсатқа сәйкес 20662,0 мың теңгедегі пайдаланылмаған  қалған  қаражат көрменің өткізілмеуіне байланысты, облыстық бюджетке қайтарылды. Осылайша, көрме өткізілмей, тауар-материалдық құндылықтар  қажетсіз сақталуда тұрғандықтан  6899,0 мың теңге сомасындағы  тауарлар мен  қызметтерді сатып алуға  бағытталған  бюджет қаражаттары тиімсіз пайдаланылған.
Бақылау материалдары ШҚО бойынша  ЭСЖҚД-ге  тапсырылды;

-«ШҚО  Жолаушы көлігі және  автомобиль жолдары департаменті» мемлекеттік мекемесінде  72150,2  мың теңгедегі бюджет қаражаты  мақсатына сай жұмсалмаған. ҚР Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын    және  ҚР Үкіметінің 24.12.2004 жылғы №1362 «Қазақстан Республикасындағы бірыңғай  бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы» қаулысын бұза отырып, 2006 жылы  Глубокое ауданының Предгорное селосында  ауыл ішіндегі жолды жөндеу және көшені жарықтандыру бойынша  42407,5 мың теңге сомасындағы шығыстар облыстық бюджеттің есебінен, атап айтқанда,  268-003-000 « Автомобиль жолдарын  іске қосуды қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы  бойынша іске асырылған, ал  көрсетілген  шығыстар аудандық бджеттің қаражатының есебінен жүргізілуі тиіс болған. Осыған ұқсас, 2007 жылы  облыстық бюджеттің есебінен, 268-003-015 «Жергілікті бюджет  қаражатының есебінен бағдарламаны іске асыру» бағдарламасы бойынша  Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылының ішкі жолдарына  күрделі жөндеу жұмыстарына  29742,7 мың теңгеге шығыстар жүргізілген. Көрсетілген шығыстар да сол сияқты  ауандық бюджеттің есебінен жүргізілуі тиіс болған.
Бақылау материалдары ШҚО бойынша  ЭСЖҚД-ге  тапсырылды;

-«ШҚО Әкімі аппаратының істерін басқару» КМҚК-де  7000,0 мың теңгедегі бюджет қаражатын  мақсатсыз  пайдалануға жол берілген. 2007 жылы  ҚР  Бюджеттік Кодексінің 132 бабының 3 тармағын бұза отырып, 120-001-009 «Облыс Әкімінің қызметін қамтамасыз ету. Мемлекеттік органдарды материалды-техникалық жарақтандыру» бағдарламасының, «Заңды тұлғаларға  капиталды трансферртер» 461  спецификасының  7000,0 мың теңге сомасындағы  қаражаты  негізгі құралдарды, ғимараттар мен тұрғын-жайларды  және т.б. ұстауға және қызмет көрсетуге, яғни  120-001-003 «Облыс Әкімінің қызметін қамтамасыз ету. Жергілікті органдар аппараты» бағдарламасы, «Заңды тұлғаларға  субсидиялар»  311  сспецификасымен қаралған  шығындарға  бағытталған.

Сонымен қатар, ҚР Қаржы Министрінің  2000 жылғы 1-маусымдағы  №266 «Қазыналық кәсіпорынның бухгалтерлік есебі мен есептілігінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде орындалатын операцияларды көрсету ережесін бекіту туралы» бұйрығының 3 тарауының 12 тармағын  бұза отырып,  бақылау жүргізу кезінде,  кәсіпорынның 2007 жылы  1540,1 мың теңге сомасындағы сметадан тыс алынған табыстарды облыстық бюджетке  аудармағаны анықталды.  Мемлекеттік сатып алуды жүргізу барысында  176786,5 мың теңге сомасына   рәсімдердің  бұрмалануына жол берілген.
«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы»  Кодекстің 177 бабының 3 тармағы бойынша Бас есепші Т.Л.Черниковаға қатысты  хаттама жасалды.

2008 жылдың 1 тоқсанында  қолданылған шаралар арқылы  өтеуге тиісті 21795,9 мың теңгеден жалпы сомасы  9683,4 мың теңгенің (44,4%)   жетіспеушіліктері мен заңсыз  шығындары  өндіріліп, орны толтырылды, оның қатарында:


  1. бюджеттік ұйымдар бойынша 1918,6 мың теңге,

  2. шаруашылық жүргізуші субьектілер бойынша 7764,8 мың теңге.

294 лауазымдық тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, олардың 4-уі  лауазымдарынан босатылды.
Сонымен қатар,  74 лауазым иелері (оның қатарында: 2-еуі орындарынан алынды) тәртіптік жауапкершілікке тартылды 10 лауазым иелеріне жалпы сомасы 121,5 мың теңге  мөлшерінде  айыппұл төлеу түріндегі  әкімшілік жаза  қолданылды, оның 92,7 мың теңгесі  өндірілді.

4-Тарау. Құқыққорғау органдарына тапсырылған бақылау материалдарының   қозғалысы

Құқыққорғау органдарына жалпы сомасы  111051,4 мың теңгені құраған 28 бақылау материалдары тапсырылды, оның ішінде  ішкі істер органдарына- жалпы сомасы 281,2 мың теңгенің 2 материалы, ШҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментіне –жалпы сомасы 110770,2 мың теңгенің 25 материалы және  прокуратура органдарына- 1 материал  тапсырылды.

2. 2008 жылдың 1 тоқсанындағы   мекеменің   жұмысы туралы есебі.


2008 жылдың 1 тоқсанына ШҚО бойынша ҚБжМСБ-ның бақылау қорытындылары туралы есебі


Жол коды

I.Бақылау ауқымы

барлығы

оның ішінде

Бюджеттік мекемелер

 

республикалық бюджет

жергілікті бюджет

Шаруашылық жүргізуші субъектілер

 

бақылаумен қамтылғандар саны:

 

 

 

 

1

бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

39

8

31

 

2

бюджеттік бағдарламалар

213

15

198

 

3

бақылау объектілері

133

14

70

49

4

бақылаумен қамтылған, бюджет қаражатының сомасы


104788754

7330587

97458167

 

 

II. Бақылау шараларының нәтижелері

 

 

 

 

5

анықталған қаржылық  бұрмалаушылықтардың сомасы,барлығы

420644,44

4867,84

391225,2

24551,4

 

оның ішінде:

 

 

 

 

6

тауар-материалдық құндылықтар мен  ақшалай қаражаттың жетіспеушілігі

551,3

281,2

246,7

23,4

7

бюджет қаражаттардың, гранттардың, кепілдендірілген мемлекеттік займдардың негізсіз пайдаланылуы

223161,34

0,54

215400,3

7760,5

8

бюджет қаражаттарымен гранттардың, кепілдендірілген мемлекеттік займдардың мақсатсыз жұмсалуы

166970,7

 

159416,6


7554,1

9

бюджет қаражаттарын тиімсіз  пайдалану

23186,2

4462,2

15699

3025

10

бюджетке түсімдер бойынша бұрмалаушылықтар

6774,9

123,9

462,6

6188,4

11

ережелер, шарттар және рәсімдерді сақтау барысында анықталған бұрмалаушылықтар

7261717

2728,3

7257353

1635,8

 

Оның ішінде:

 

 

 

 

12

бюджеттік есеп жүргізу ережесін, қаржылық есептілікті  жасау ережесін бұзу

7261717

2728,3

7257353

1635,8

13

бюджеттік кредиттерді , мемлекеттік кепілдіктерді ұсыну  шарттары мен  рәсімдерін бұзу

 

 

 

 

14

Қаржы  активтерін пайдаланумен байланысты бұрмалаушылықтар

241631,2


 

 

241631,2

15

мемлекеттік сатып алулар бойынша заңнаманың бұрмалануы арқылы жүргізілген  мемлекетік сатып алулар (лоттар) рәсімдерінің  саны

857

89

142

626

16

мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманың бұрмалануы арқылы жүргізілген  ақшалай қаражаттың саны (лоттар бойынша)

2771629,68

74271,7

2079953

617405

17

Бұрмалаушылықтардың жалпы сомасынан  бюджетке қайтарылуға,   өндірілуге  жататыны

21795,94

405,64

8795,1

12595,2

 

III.Қолданылған  шаралар

 

 

 

 

18

бюджетке  өндірілген,қайтарыл
алынған  қаражаттың сомасы

9683,44

88,34

1830,3

7764,8

 

оның ішінде:

 

 

 


 

19

өндірілді

347,7

 

324,3

23,4

20

бюджетке қайтарылды

9335,74

88,34

1506

7741,4

21

құқыққорғау органдарына жіберілген бақылау материалдарының саны

28

5

13

10

22

сомасы

111051,4

281,2

98651,5

12118,7

23

салық огандарына жіберілген бақылау материалдарының саны

 

 

 

 

24

сомасы

 

 

 

 

25

бақылау оъектілерінің әкімшілік жауапкершілікке тартылған  лауазымдық тұлғаларының саны

10

 

6

4

26


салынған айыппұлдар сомасы

121,5

 

39,74

81,76

27

оның ішінде бюджетке түскені

92,68

 

28,44

64,24

28

Бақылау қорытындысы бойынша  тәртіптік жауапкершілікке тартылған тұлғалардың саны

74

11

30

33

29

оның ішінде жұмыстан босатылғаны

2

1

1