https://electroinfo.net

girniy.ru 1






Қазақ

УНИВЕРСИТЕТІ

СУПЕР СТУДЕНТ





/


Инновациялық

патент алған

химик - сгудент

У ниверситетіміздің басшылығы алдымызға үлкен міндет қойды. Олардың қатарында іргелі ғылыми-зерттеу жумыстарын жүргізу, студенттерді осы жумыстарға белсенді түрде араластыру, алынған нәтижелерді дер кезінде жариялау сияқты нақты тап-сырмалар бар.


Әл-Фараби атын-дағы Қазақ ұлттық университетін еңсесі биік, әлемдік білім беру кеңістігіңде өзіне лайық орын алатын зертгеу университетіне айналдыру мақсатында химия және химиялық технологиялар факуль-тетіңдегі жалпы және бейорганикалық химия кафедрасында атқарылып жатқан істер аз емес. Зерттеу университетіне айналу үшін ең басты міндеттердің бірі - импакт факторы жоғары журналдарда ғылыми мақалалар ба-сып шығару болса, екіншісі — ғылыми жаңалықтарға ие зерттеулер жүргізу және олардың нәтижелерін патентгер тұрінде корғау болып табылады. Осыған орай кафедрада ұйымдастырылған «Химик-эколог» үйірмесінде ғылыми тәжірибелер жасап, елеулі нәтижелер алған студенттер баршылық. Аталған факультетгің бейорганикалық заттар технологиясы мамандығьшың 3 курс студенті Айдьш Әбілқас ғыльгми жетекшісімен авторлық бірлестікте «Мыс (I) хлоридін алу тәсілі» атты Қазақстан Республикасының инновациялық патентін алды (Өнертабысқа № 25318 Инновациялық патент // Баешова А.Қ., Баешов А, Сартжан А., Абилкас А.Д. - 20.12.2011, бюл.12). Ұсынылып отырған әдіс көміртек (II) оксидін сорбциялайтын және ацетилеңді тазартуда, соның нәтижесіңде газдарды анализдеуде кенінен қолданылатын негізгі реагент болып табылатын мыс (I) хлоридін алуға арналған. Айта кететін мәселе — бүл қосылысты алудың белгілі тәсілдері қосымша реагентгерді қоддануды талап етеді, ал бүл өз кезегінде қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Ұсынылған әдіс өте қарапайым түрде іске асырылады, косымша реагенттер қолданылмайды, соның нәтижесінде аса манызды сала-ларда пайдаланылатын мыс (I) хлоридін алудын экологиялық таза технологиясының негізін қалай алады.


Қазақстан Республикасының инновациялық патенттері әлемдік деңгейде ғылыми жаңалықтарға ие зерттеу жұмыстарының нәтижесіне берілетіні белгілі, сол себептен осындай іс-әрекеттер университетіміздін денгейін әлемдік кеңістікте жоғарылата тұсетіні тұсінікті. Сонымен катар студенттерді ғылыми жұмыстарға баулу — келешекте білімді де, білікті мамандар дайындауға зор үлес қосатыны анық.

АҚ. БАЕШОВА,

жалпы және бейорганикалық химия

кафедрасыныц профессоры, т.ғ. л.