https://electroinfo.net

girniy.ru 1 ... 2 3 4 5 ... 7 8

Балдағы сахарозаны анықтау. Ара балын қант сиропының қосылғандығын балдағы сазарозаның мөлшеріне қарап анықтауға болады. Гүлден алынған балда сахароза – 5 %, ал шіре балында - 10% аспау керек. Бұл әдіс балдың құрамындағы сахарозаның глюкоза мен фруктозаға жасанды айналуға негізделген.

Анықтау әдісі.

Колбаға (250 мл) 5 мл 10% бал ерітіндісі және 45 мл дистилденген су құяды. Колбаны су ваннасына (800С) қояды. Колбаның ішіндегі температура 68-700С-қа жеткен кезде, оған 5 мл тұз қышқылын қосып араластырып, осы температурада 5 мин ұстайды. Содан соң колбаға 1-2 тамшы индикатор метилоранж құямыз, оған 10% натриий гидрооксидінің ерітіндісін қосып, қызғылт сары түс пайда болғанша титрлейміз. Колбаның ішіндегісін 200 мл дейін сумен толтырып, одан алынған 0,25% бал ерітіндісін 3 қайтара ауыстыру арқылы араластырады.

Мынандай формула бойынша анықтайды:


С= (X-Y)*0,95


Мұндағы, С – сахароза, %;

Х – инверттелген қанттың инверсияға дейінгі мөлшері;

У – инверттелген қаннтың инверсиядан кейінгі мөлшері;

Дәріс №12

Бал араларының вирустық, бактериалдық және өте ұсақ саңрауқұлақтар-зеңдік жұқпалы аурулары. (Америкалық және еуропалық шіріме, қапшықты тұқым, перицистоз, аспергилез, меланоз, паратиф және т.б.) осы ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринариялық санитариялық бағалау.


Жоспар

I. Кіріспе

II. Бал араларының инфекциялық аурулары

1) Қоздырғышы

2) Ауру белгілері

3) Ауруды анықтау

4) Сақтандыру шаралары мен санитарлық бағасы

III. Қорытынды


Ара шаруашылығы жоғарғы қоректік өнім бал мен бағалы техникалық шикізат воск беретін ауыл шаруашылығының табысты көзі.

Сонымен қатар, араларды ауыл шаруашылық культураларын себу арқылы жоғары өмім алуына жағдай туғызады. Сондықтан, бұл ауыл шарашылық бөлімінің өсуі халық шаруашылығына пайдалы.


Ара семьясы біртұтас биологиялық тіршілік көзі. Сондықтан сақа араларға немесе личинкаларға ұрықтарға әсер етуші ауру қоздырғышы ұядағы байырғы тіршіліктің бұзылуына әкеп соқтырады. әр ұядағы аралар азайып, әлсірейді, ауру етек алып басқа ара семьяларын қамтуға дейін барады. өкінішке орай, зоотехникалық мал дәрігерлік жоғары білімі бар мамандар ара ауруларының пайда болу себептерін, алдын алуды, емдеу тәсілдерін толық біле бермейді. Сол себептен ара өсіретін шаруашылықтарға едәуір экономикалық зиян келеді.

Инфекциялық аурулар

Америкалық шіріме

Ауру қоздырғышы бірінші рет осы континентке анықталғандықтан осылай аталған. Бұл ауруға шалдыққан ара ұрықтары есейіп қуыршақалды (предкуколда) немесе қуыршақ (куколка) стадияларына ауысатын кезеңінде жаппай қырылады.

Қоздырғышы – Bac.liarve микробы. Ауру көбінесе жаздың екінші жартысында оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстардың омарталарында жиі ұшырасып, едәуір экономикалық зиян келтіруде. Індет көзі - ауырған немесе өлген личинкалар. Ауру бір личинкадан екіншісіне ұя тазалаушы, қоректендіруші аралар арқылы, сондай-ақ омартаға адасып енген аралардан, «барымташы» аралардан, әр түрлі жәндіктерден, паразиттерден сондай-ақ ауру ара семьяларынан алынған кәрез, көзгенектерді сау ұяларға қоюдан, омарташының немесе тексеруші мамандардың қалай болса солай жұмыс салдарынан жұғады.

Аурудың белгілері: бұл ауру ұрғашы, еркек және жұмысшы аралардың личинкаларына бірдей залалын тигізеді. Микроб ұяға түскен соң өсіп-өнеді де бір жеті-он күннен кейін кәрез ұяшаларының әр жерінде бірлі-жарым ұяшаның жабылмағаны, немесе аралардың кеміріп ашып тастағаны, сондай-ақ ішінде өліп жатқан өсіп қалған личинка байқалады. Осындай ұяшалар күннен күнге көбееді де, кәрез беті ала-құла болып, сау личинкалардың жас мөлшері біркелкі болмай шығады. Кейбір жабық ұяшалар ойыстанып, қақпақшасы 2-3 жерден тесіледі. Ауруға шалдыққан личинкалар сарғыш тартып білеуленіп, теңбілденбей қалады. Тіпті 2-3 күн өткен соң күңгірт тартып, қарая бастайды. Сыртқы терісі жыртылып, қоймалжың шірікке айналып, ұя түбіне жабысып қалады. Шығарғанда 5-10 сантиметрге дейін сағыздай созылып күлімсі иіс (ағаш желімі немесе шіри бастаған алманың иісі тәріздес) шығып тұрады.


Ауруды анықтау. Ауру тегін егжей-тегжейлі білу үшін кәрез бетінің ауырған личинкалар басым жерінен 10*15 см кесіп орамай жәшікке салып мал дәрігерлік лабораторияға жөнелтеді. Жолдама хатта материалдың қай кезде алынғаны, омартаның тұрған орны, ара семьясының номері, байқалған өзгерістер, шаруашылық аты, байланыс бөлімшесінің инексі көрсетіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарық бағасы. Егер америкалық шіріме бұл омартада тұңғыш рет, онда да бір ара семьясында ғана пайда болғаны анықталса, онда сол ұяның араларын күкірт түтіні немесе формалинмен уландырып өртейді. Ал ауру көптеген ара семьяларын қамтып, етек ала бастаса омартаны бір жылға карантинге жабады. Барлық ара семьяларын жаңа немесе зарарсыздандырылған таза ұяға көшіріп мынадай дәрілердің бірімен емдейді: норсульфазол натрий 1-2 г, сульфантрол 2,0 г, биомицин, неомицин, тетрациклин, эритромицин, окситетрациклин, мономицин, стрептомицин 500 мың, канамицин 400 мың, метицилин 350 мың ЕД өлшемімен алынып, 1 литр қант ерітіндісіне қосылады да қашан жазылғанша әр 4-5 күннен соң беріледі.

Басқа омартадағы ара семьяларының балы сау болып есептеуге болады, оларды жеке арнайы орындарда сақтайды, аралардан бөлек. Осындай бал қыс кезінде тоқашнан және кондитерлік өнімдер өндірісінде қолданылады. Араларға осындай балды қоректендіруге болмайды.

Еуропалық шіріме

Қазақстандағы көптеген омарталарда кездеседі. әсіресе оңтүстік аймақтарда, жаздың бірінші жартысында жиі байқалады. Шіріменің бұл түрінде негізінен жас, ашық ұяшалардағы личинкалар ауырып, қырыла бастайды.

Қоздырғышы. Вас альвей, стр.апис.көп жағдайда стр.плутон микробтары қосылып, ауруды едәуір асқындырады. Ауру жоғарыда айтылғандай жаздың бірінші жартысында кездеседі. Егер ара семьясы күшті, өсіп-өнуі жақсы болса, ауру өзінен өзі басылады. Кей жағдайларда шіріменің екінші рет күз айларында қайталануы мүмкін. Бұл жағдайда асқынаасқына аяғы америкалық шірімеге ұштасып, ұяда ұрықтардың, балапан аралардың санын азайтып, ара семьясына орасан зор зиян келтіруі мүмкін. Аурудың көзі - ауырған ара семьясы. Бөлек ұяларға ауру үйір бөлінгенде, «барымташы» аралар, құрт-құмырсқа, айырқұйрық және басқа жәндіктермен де таралады. Кейбір жағдайда ұяның суықтығы, ұзақ уақыт ара семьясының ашығуы, қоректік заттардың тапшылығы, еркек, ұрғашы аралардың туыстық жақындығы аурудың жіті түрінің өршуіне әкеп соқтырады.


Аурудың белгілері. Ауру алғаш басталғанда кәрездердің ашық ұяшаларында бірлі-жарым (1-4) жас личинкалардың орындарынан қозғалғаны, түсінің солғындап, сарғайғаны байқалады да 2-3 күннен кейін осы ұрықтар күреңденіп қоймалжың шірікке айналады. Ұядан шығарғанда созылмай жыртылып, қоңырсыған иіс пайда болады. Кейіннен шіріген личинкалар кеуіп ұяшалар түбінде бос жатады, олар оңай алынады. Оңтүстікте орналасқан омарталарда (Шымкент, Қызылорда, Жамбыл) шіріменің екі түрі бірдей кездессе, ашқылтым иіс омартаға жақындағанда-ақ сезіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Америкалық шірімемен бірдей.

Осы жағдайда балды, воскты, ара семьяларын және аналық араны сатуға, ара уын, пчелинное молочконы дайындауға болмайды.

Паратиф (Қылау)

Сақа араларды кенеттен қатты мазасыздандырып, ішін өткізіп, өлімжітімге ұшырататын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы. Ентеробактер хафние. Ол жабайы араларда да залалды.

Бұл ауру Қазақстанның қысы ұзақ аймақтарында көбінесе ерте көктемде немесе жазғытұрым қайталанған суықтардан соң кездеседі. Ауру көзі - ауырған ара семьялары, жеке аралар. Бір ұядан екіншісіне кәрез ауыстырғанда, жалпы суатты пайдаланғанда, аралар адасып басқа ұяларға ауысқанда жұғады. Кейде ауру ұяның сыз тартып дымқылдануынан, аралардың лас шалшықтардан су ішуінен (әсіресе қора маңында) де пайда болады.

Аурудың белгілері. Ара денесіне түскен қоздырғыштың азкөптігіне, залалдығына қарай аурудың алғаш клиникалық белгілері 3-15 күннен кейін ғана белгілі бола бастайды. Ауруға шалдыққан аралар ұя ішіне, қондырма, кәрез т.б. заттарға мезгілсіз іш босатуынан ұядан күлімсі иіс шығып тұрады. Көптеген аралардың қанттары сіресіп, ұша алмай ұя төңірегінде жорғалап қалады. Осы жағдайдан бүкіл ара семьясындағы сақа аралардың 40-60 проценті қырылып қалуы мүмкін.

Ауруды анықтау. Лабораторияға әр ұядан 20-30 ара жіберіледі.

Емі, сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Омартаны таза сумен және тұз қосылған сумен қамтамасыз етіп, ұя төңірегін тазалап сыпырып, ара өлекселерін жинап өртейді. әр ара семьясын үстеп қоректендіріп, жалпы жағдайын жақсартады. әрбір күн сайын бір литр қант ерітіндісіне қосып 0,2 г левомицитин, 100 мың ЕД биомицин немесе 200 мың ЕД стрептомицин береді. Омарта мүліктерін - киім, құрал-саймандарды түгелдей зарарсыздандырады.


Паралич

Бұл ауру аралардың «май айындағы ауруы» немесе «орман омартасының ауруы» деген атпен Қостанай, Семей, Павлодар, Шығыс Қазақстанда кездеседі. Көбінесе сақа аралар жаппай қырғынға ұшырайды.

Қоздырғышы - вирус.

Аурудың белгілері. Жаз айларында шығады. Кейбір аралар қатты мазасызданып, ұя төңірегінде домалай бастайды да, кілт тоқтай қалып, қанаттарын қимылдатуға әрекеттенеді. Қондырма тақтайшадан, ұя кіреберісінен мұндай араларды сау аралар жабылып итеріп тастап, қайта кіргізбей жатады. Көптеген аралар қарайып, бас, көкірек, құрсақ қылшықтары түсіп, жылтырланады. Бөксесі көтерілмей сүйретіліп «сал» болып қалады.

Ауруды анықтау. Мал дәрігерлік лабораторияларына 15-20 тірі араны 3 проценттік глицерин немесе вазелин майы құйылған құтымен жөнелтеді.

Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудан алдын алу.

Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Әрбір ара семьясының жалпы малдәрігерлік-санитарлық жағдайын дұрыстайды, омартаны карантинге жауып, сыртпен қарым-қатынасты түгел тияды.

Аспергиллез

Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды да қамтитын жұқпалы ауру.

Қоздырғышы. Аспергилла тұқымдас грибоктар тобы.

Аурудың белгілері. Ауру қыстың аяқ шеніне қарай немесе ерте көктемде кездеседі. Личинкалар барлық өсу сатыларында да ауруға шалдығып, қоңырқай тартады да ақыры өліп қалады. Қоздырғышы ара ұрықтарының желке тұсынан жарақаттап, бүкіл мойын, көкірегіне ауысады. өлген личинкалар семіп, кішірейіп кетеді. Зақымдаушы грибоктың тегіне қарай өлген личинкалардың денесі әр түсті болады (ақ сары, жасыл, қара). Ал сақа аралар ауырғанда денесін үлбіреген ақ мақта тәрізді түк жауып кетеді. Мұндай ауру, әсіресе ерте көктемде ұясының іші ылғал ара семьяларына тән.

Ауруды анықтау. Оны жай көзбен анықтауға болады. Сондай-ақ 20-30 ара өлексесін, 10*15 см кәрез бетін кесіп мал дәрігерлік лабораториясына жөнелтеді.


Емі. Жоқ. Ең дұрысы аурудың алдын алу.

Сақтандыру шаралары және санитарлық бағасы. Ең алдымен, ұяны құрғақ ұстау керек. Ауырған семьяларда грибок өсіп, көгерген кәрездерді, қымтауға қойылған заттарды түгел ауыстырып, араларды 67 проценттік қант ерітіндісімен қоректендіреді.

Аспергилл грибоктары адамға да қауіпті. Сондықтан ауырған ара семьяларын тексергенде омарташы тазалық сақтап, ауыз, мұрнын ылғал дәкемен жауып алғаны дұрыс.

Зақымданған омартаны көзін жояды немесе жоғарғы температурада воскқа өңдейді. Ұялардың көгерген жылулыққа арналған материалдарын алмастырады. Ұяларды қысқартып, жылытады. Аралар азықтандыруын күшейтеді. Негізгі профилактикалық шаралар пасектерді құрғақ жерлерге орналастырады. Қыс пен көктемде ұяларда ылғалдылықты қадағалап отыру керек. Бал, воск, ұялар мен барлық құралдарды зарарсыздадырады.

Дәріс №13

Инвазиялық ауруларға байланысты ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау. Бал араларының ( акарапидозы, амебиазы, браулезі, мелеозы, физоцефалезы,нозематоз, варроатоз және т.б.) инвазиялық аурулары, осы ауруларға ара өнімдерін ветеринарлық санитарлық сараптау және санитарлық бағалау.

Жоспар


  1. Ауру анықтамасы және қоздырғышы

  2. Ауруды анықтау

  3. Емі және алдын алу шаралары

  4. Санитарлық баға

Браулез (ара биті) – Браула соска жәндігінің аналық немесе жұмысшы ара денесіне жабысып, қатты мазасыздандырып, ақырында тез арада өлтіріп тынатын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – Браула соска. Ол қызыл-күрең түсті, көлемі 1,1-1,3мм, денесі түкті, өте қозғалғыш үш жұп аяқтылы жәндік. Ара ұясында үш аптада толық өніп-өседі. Сақа браулалар артқы аяқтарымен аналық, жұмысшы аралардың басына мықтап жабысады. Алдыңғы аяқтарымен аралардың үстіңгі ернін тырналайды. Осының салдарынан ара аузына жем салғанда қатты мазасызданып, аузындағы шырынды қайта құсады. Осы сәтті аңдып тұрған браулалар дереу сорып алады. Браулалар өте қозғалғыш бір жерден екінші жерге еркін ауысады. Ара денесінен сыртқа түссе 2-3 күн тіршілік ете алады. Кейде бір аналық араға жүзден астам браулалар жабысып, бүкіл тыныс мүшелерін бітеп тастайды. Бұл жағдайда аналық ара жұмыртқалауын тоқтатып, әлсіреп өледі. Ал браула жабысқан жұмысшы аралардың гүл тозаңын, шырын жинау қабілеті төмендейді.


Ауруды анықтау – үшін браулаларды жинап алып, балға, глицеринге немесе спиртке салып лабораторияға жөнелтеді.

Емі – ауырған ара семьяларын фенотиазин түтінімен ыстайды, 1,5 г фенотиазинді қызарып шоқталған түтіндеткішке салып ақшыл қызғылт түтін шыққанда әр ұяның есікшесінен 30-40 рет үрлейді. Келесі ара семьясын осы әдіспен емдеп, ең соңында екі ұяға да қосымша 20 будақтан түтін жібереді. Емдеу жұмыстарын үш күн ұдайы кешке қарай жүргізіп, 10 күннен соң қайталайды. Ұядағы төселген қағаз үстіне құлап түскен браулаларды жинап өртейді.

Алдын алу шаралары омартаны карантинге жауып мал дәрігерлік- санитарлық қағидаларға сәйкес төмендегідей жұмыстар жүргізеді.

Карездерді ұялардан алып уақытша қоймаға апарып қою арқылы браулалардың личинка, қуыршақтарын өлтіреді. Араға он күн салып қя едендерін, рамаларды тазалайды. Бал жинаған ұяшалардың бетін пышақпен кесіп ашып, браулалардың жүретін жолдарын бұзады.

Санитарлық баға араларды, ара аналықтарын және ара өнімдерін басқа шаруашылыққа және райондарға сатуға қатаң тиым салынады. Ұяшықтардан паразитті және личинкаларын тазалау мақсатында іс шаралар жүргізу қажет. Браулалардан басқа араларда басқа да паразиттер кездесуі мүмкін: шыбын личинкасы сенотаинии, қоңыздардың мелае тұқымының личинкасы, восктік қаракүйе (үлкен және кіші) және тағы басқа.

Мелеоз – сақа аралардың денлеріне қоңыз (майка) личинкаларының жабылуынан туындайтын инвазиялық ауру.

Қоздырғышы – қоңыз личинкалары ара денесіне әр түрлі шөптерден (әсіресе күнбағстан) гүл тозаңын, шырын жинағанда жабысады. Сондықтан оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарда орналастырылған омарталарда жиі кездеседі.

Араларға әсіресе шұбар қоңыздың личинкалары қатты залалын тигізеді. Олар ара денесінің қатпар аралық жарғақтарына кіріп емін-еркін ара денесінің өлін сорып қоректенеді. Үлкендігі 3 -5 х 1 – 2мм ғана осы личинкалар ара денесіне қоныстанып, оны тез арада өлтіреді де, басқа араларға жабысады. Қоңыздың бір личинкасының өзі 3-4 араны өлтіре алады. Көінесе әлді семьядағы аралар қатты жарақаттанады.

Аурудың белгілері – аралар мазасызданып жүгіреді, секіреді, денесін тазалауға тырысады. Ұя түбіндегі қондырмадан көптеген ара өлекселерін көруге болады. Қоңыздың биологиялық өніп-өсу мерзіміне қарай мелеоз ауруы, көбінесе негізгі бал жинау кезеңінде омартаға зиянын қатты тигізеді. Әр семьядағы бал, гүл тозаңдарын жинағыш араларды күрт азайтады.



<< предыдущая страница   следующая страница >>