https://electroinfo.net

girniy.ru 1


ҚММУ Ф 4/3-04/02

ҚММУ БЕ 4/02

2007 ж. 14 маусымдағы

ҚазММА жанындағы

ОӘК №6 НХ


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы




Дәріс 4

Тақырыбы: Буынаяқтылар типі. Жалпы сипаттама және экологиялық жіктелуі.


Пән: Медициналық паразитология.


Мамандығы: «Жалпы медицина»


Курс: 3

Уақыты: 50 минут


Қарағанды 2012



Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында бекітілген


«31» 08 2012ж. №1 хаттама


Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг.: Б.Ж. Құлтанов


Тақырыбы 4: Буынаяқтылар типі. Жалпы сипаттама және экологиялық жіктелуі.

Мақсаты: Өрмекшітәрізділер, Жәндіктер кластарының жалпы сипаттамасын, экологиялық жіктелуін және Кенелер, Бүргелер, Биттер, Қандалалар, Тарақандар отрядтарының медициналық маңызы бар өкілдерінің сипаттамасын, диагностика әдістерін алдын-алу шараларын оқу.

Дәріс жоспары:

  1. Буынаяқтылар типінің және өрмекші тәрізділер класының жалпы сипаттамасы.

  2. Кенелер отрядына жалпы сипаттама.

  3. Кенелер – уақытша қан сорғыш эктопаразиттер.

  4. Кенелер – адам үйінде тұрақтайтындар.

  5. Кенелер – адамның тұрақты паразиттері.

  6. Жәндіктер класына жалпы сипаттама

  7. Медициналық маңызы бар жәндіктер класының өкілдерінің экологиялық жіктелуі.


Дәріс тезисы

Буынаяқтылар типінің (Arthoropoda) медициналық маңызы бар өкілдерін зерттейді. Буынаяқтылар типінің жер бетінде 1,5 млн-дай түрі бар. Олардың қаңқасы - (скелет) денесін қорғайтын хитинді жабын. Денесі үш бөлімді сегменттерден тұрады: бас, көкірек, құрсақ. Кейбір топтарында бас, көкірек бірігіп баскөкірегін құраса, кейбіреулері бөлікке бөлінбеген тұтас болады. Басында түрі өзгерген аяқтары, сезім және ауыз аппараты орналасады. Ас қорыту жүйесі күрделі бездерден тұрады. Жүйелілік орнына және тіршілік ортасына қарай, тыныс алу мүшелерілері желбезек, қапшық тәрізді өкпе немесе трахеядан тұрады. Қан айналу жүйесі ашық, жүрегі денесінің арқасында, құрсақ бөлімінде жүйке тізбектері болады, олар көбісінде ганглиялы. Жүйке тізбектерінің ірілері жұтқыншақ асты және ұсті болып бөледі, денесінің алдыңғы жағында орналасады.


Медициналық маңызы бар буынаяқтыларға екі класс жатады: өрмекшітәрізділер және жәндіктер (насекомдар).

Өрмекшітәрізділер ARACHNOIDEA классы

Осы класс өкілдерінің денесі екі бөлімнен турады: баскеуде, құрсақ және алты жұп аяқтарынан: хелицерлер, педипальпалар және төрт жұп жүргіш аяқтарынан. Өрмекші тәрізділер өкпелері қапшық сияқты кенірдекпен тыныс алады.

Медициналық маңызы барларға жататын бұйі отрядының өкілдері, Scorpiones, ормекшілер Aranei, олардың ішінде адам үшін өте ұлы түрлері болады және кенелер Acari.

Кенелер отряды Acari

Бұл отрядтың өкілдерінің денелері сегменттелмеген. Көп жағдайда ауыз аппараттыры күрделі құрылған тұмсығынан турады, оның құрамына хелицерлер кіреді және қосымша гипостом пайда болады. Педипальпалар иіс сезуін және сезініс қызметін атқарады. Кенелердің дамуы метаморфозбен өиеді. Жұмыртқадан үш жұп аяғымен дернәсіл шығады. Одан кейін нимфа кезеңі, 4-т жұп аяқтарымен, бірақ жыныс жүйесі пісіп жетілмеген. Нимфа үлкен особь- имагоға ауысады, айырмашылығы көлемі үлкен жыныс жүйесі дамыған. Кейбір түрлерінде нимфалар кезеңдері бірнеше болады.

Кенелердің экологиясы әртүрлі болып келеді. Олардың ішінде еркін өмір сүретін жыртқыштар, сонымен қатар өсімдіктердің, жануарлардың және адамның паразиттері өмір сүреді. Кенелердің кейбір түрлері кісі туратын үйде мекендейді. Болашақта әлі паразит болмай, оларда еркін өмір сүретін түрлеріне тән ұйым сақталды. Кенелердің басқа тобы уақытша бейімделушілікті эктопаразитизмге ие болды, бірақ көп уақытың табиғи табиғатта өткізеді. Сондықтан олар терең дегенерациядан өткеді. Кенелердің шамалы санының түрлері адамда тұрақты паразиттейді. Паразитизмге бейімдеушілік және жалпы дегенерациясы оларда айқын көрінеді.

Кенелердің үш жоғарыда көрсетілген топтары бір біріне байланыссыз эволюционерленеді.

Олардың медициналық маңызы әртүрлі.

Кенелер – уақытша қансорғыш эктопаразиттер.


Адамға шабу жасайтын осы топтын кенелері эктопаразитизмге айқын бейімделуімен сипатталады: ауыз аппараты олардың тағайындалған теріні тесуге және қанды соруға, асқорыту жұйесі және дененің жабыны өте созылмалы, сондық тан олар өте сирек көректенеді, кейде тек өмірінде бірақ рет, қатан арнаулы иелері бұл топта жоқ. Олар өте жеңіл қанмен көректенуге әртүрлі жануарларға және адамға ауысып отырады. Кененің бөліп шығарып отыратын слекейі жараға түскенде токсикалық әсерін тигізеді.

Кенелердің көпшілік турінде шабуын жасағанда терінің зақымдануына ғана себебі болмайды, сонымен қатар кенелі дерматиті, ауыр қалтырау жағдайы және жұйкенің бұзылуы байқалады. Тек қана қанмен көректенуі қауыптілік туғызса, сонымен қатар табиғи-ошақты протозойлы, бактериальды, вирусты аурулардың, риккетсиялармен шақырылатын аурулардың қоздырғыштарының тасмалдаушылары болып табылады.

Иксод Ixodidae және Аргаз Argasidae тұқымдастары.

Иксод кенелері қанның соруына байланысты бірнеше миллиметрден 2-і см дейін өте ірі – болып келеді. Шығыңқы болып келеді дененің алдыңғы жағында ауыз аппараты- алдыга қарай. Тұмсығының негізгі компоненті гипостомұзын сүйірленген өсінді болады онда үшкір тісшелер артқа қарай бағытталған. Хелицерлерінің түрлері шанышқы стилет сияқты, латеральды жағынан үшкірленген. Солардың салдарынан иесінің терісінде кесілген жара түзіледі. Сондықтан оған гипостом енгізіледі.

Жараға енгізілген сілікейдің 1-ші порциясы шақканда, тұмсығының маңайында қатып қалуға қасиеті бар. Қорытындысында ажыратылған хелицерлермен гипостом мықты бекінеді. Сондықтан кенелер иесіне жақсы қадалып бірнеше сағаттан бастап 15-20 күнге дейін қан соруы мүмкін. Ортаңғы ішекте көпсанды өсінділер болады, олар көректенгенде қанға толады. Мұнда қан бірнеше жылға дейін сақталуы мүмкін. Аталығының арқа жағы қапталған созылмалы емес хитинді қалқанмен, аналығында қалқаны денесінің сыртқы жағының жартысын ғана жауып жатады, сондықтан қалқаны созылмалы болып келгендіктен қанды көп сорып алады. Көректенгеннен кейін аналықтары орман төсенішіне, жарылған жерге, кеміргінетердің індеріне 1500-20000 жұмыртқа салады. Дернәсілдерінде 3 жұп аяқтары болады. Олар кесерткелердің және кішкентай кеміргіштердің қандарымен көректенеді. Келесі тіршілік циклінің кезеңі-нимфа.


Ол дәрнәсілден анағурлым ұлкен, қояндармен, тиындармен, егеукүйрықтармен, көректенеді. Нимфа түлекеннен кейін пісіп жетілген түрге айналуды. Ересек кене ірі қарамалдардың және жабайы түяқтылардың, түлкілердің, иттердің және адамның қаның сорады. Сондықтан кенелерге келесі тіршілік циклінің кезеңіне өту үшін, бірақ рет көректені керек, иксод кенелерінің көбісі үш иесін ауыстырады. Бұндай даму циклін үш-иесілік деп атайды.

Иксод кенелерінің көбісі иелерін олар 1 метр биіктікте ағаштардың жапрақтарында, бұтақтарында, жануарлар жүретін жол бойында белсенсіз түрде аңдып тұрады. Кейбір түрлері белсенді иелерін іздейді.

Иксод кенелері қауыпты аурулардың қоздырғыштарын тасмалдайды. Аурулардың ішінде өте белгілі көктемгіжазғы кене энцефалиті. Кененің ағзасында көбееді вирустар және аналық жұмыртқа бездері мен слекей бездерінде жиналады. Қанды сорған кезде вирустар трансмиссивті жолмен көректенуиесіне беріледі, ал жұмыртқа салғанда – трансовариальді жолмен келесі ұрпаққа беріледі. Иксод кенелерінің келесі түрлері өте маңызды түрде тасмалдаушылары және қоздырғыштарының резервуары болып есептелінеді.

Тайга кенесі - Ixodes persulcatus. Аталығы 2,5 мм, аналығы – 4мм дейін. Евразияның тайга занасында Дальний Востокдан Орталық Европаның таулы аймақтарына дейін. Өмір 3 жыл сүреді. Кенелердің бұл түрі өте қауыпты, себебі олар адамға жабуыл жасайды.

Ит кенесі - Ixodes ricinus. Аралас, жапрақты ормандарда және Евразияның көп жерлерінің бұта қопаларында өте жиі кездеседі. Тайга кенесінен айырмашылығы кейбір құрылыстарымен және тіршілік циклінің ұзақтығымен – 7 жылға дейін.

Жайылым кенесі - Dermacentor. Көбінесе кездеседі шалғында, жайылымда, орманды-далада және таулы ормандарда. Ixodes туыстас кенелерінен айырмашылығы өте қысқа ауыз аппаратымен, арқа қапталығының бетіндегі ақ түсті эмальды суретімен және фестон тәрізді денесінің шетімен.

Әртүрлі климаттық зоналарда иксод кенелерінің кең таралуы тайга энцефалитінің вирусының орналасуына әкелді. Сондықтан вирустардың тасмалдаушылардың резервуарлы иелерінің әр түрлеріне бейімделуі штаммдардың көбеюіне, тек вируленттігінің дәрежесі бойынша айырмашылықтарына әкелді. Энцефалиттің өте ауыр өтуі 30%- тінде орталық жүйке жүйесінің бұзылуы осы штаммдар арқылы. Оңтүстікевропалық және Шығысавропалық штаммдарында вируланттігі аз, сондықтан аурудын өтуі симптомсыз немесе грипп тәріздес. Көбінесе диагноз қойылмайды.


Ұй жануарлары тайга энцефалитімен көбінесе зақымданады, ешкілер сиырларға қарағанда, жапрақтармен және бұтақтарымен көректенеді, сондықтан оларды кенелер тамақтануына байланысты көп түрде шағады. Ешкілер жеңіл түрде аурады, бірақта энцефалиттің вирусы сұтпен бірге шығады. Осындай сүтті ішкенде адамда зақымданады.

Ешкі сүті арқылы зақымдану ең бірінші рет Оңтүстік- Шығыс Словакияда 1951 жылы бейнеленген, онда Рожнява қаласында бірнеше күннің ішінде 1660 адам энцефалитпен ауырған. Барлықтары дүкеннен сүт сатып алған ол сүтке жақындағы ауылдан 4-т ешкінің сүті қосылған. Сиыр сүттеріде вируспен зақымдалуы мүмкін, бірақта ешкі сүтінде вирустың концентрациясы жоғары, сондықтан эпидемиологиялық жағынан өте қауыпты вирусологиялық зерттеулер көрсетті.

Адамның үйінде мекендейтің кенелер.

Бұл экологиялық топтың кенелері – 1 мм-ден кем өте үсақ жануарлар. Ауыз аппараты-кеміргіш типтес. Тамақ іздеуге белсенді қозғалуға бейімді. Азық қорларымен көректенеді – астықпен, үнмен, кептірілген етпен және балықпен, кептірілген көкөніс және жемістермен, сонымен қатар адамның терісінің бетінен түсетің эпидермальды қабыршақтарымен және зең саңырауқұлақтарының спораларымен қоректенеде.

Адамның денсаулығы үшін бұл кенелер қауыпты болады, біріншіден азықтүліктерді жеуге болмайтындай қылып бұзады. Екіншіден бұл кенелер адамды да шаға алады, сонымен астық қышмасын, бакалея товарларының сатушыларында және тағы басқа дерматиттердің варианттарын шақырады. Азық-түліктермен бұл кенелер адамның асқорыту жүйесіне түсіп, жүрек құсықты айнуды, іштің өтуін шақырады. Кейбір кенелер түрлері анаэробты жағдайларда ішекте сүруге және сонда көбеюге қабылетті. Тыныс алу жолдарына өкпеге шаңменбірге түскенде бұл кенелер акариоз шақырады. Осы кенелер тобынан өте белгілі түрлері бұл ұн кенесі және сыр кенесі.

Қазіргі уақытта матрацтарда, кілемдерде, жұмсақ жиғазда, төсектерде мекендейтін ұй кенелеріне көңіл аударылады. Өте белгілі ұй кенесі Dermatophagoides pteronyssinus . Өлшемі 0,1 мм жуық, ал 1 гр. ұй шанында 100-500 экземпляр осы түрдің кенелері табылады. Есептелінген бір екі кісі жататын керует матрацында бір мезгілде популяция 2 млн. особьтардан турады.


Аллергологтардың зерттеулері бойынша кененің аллергиялық реакциялары 45-85% бронхиальды астмамен ауратын адамдарда антигендерге байкалынады ал 5-30%-н астмамен аурмайтын кісілерде осы кенелердің антигендеріне реакциясы көрінді. Азық-түліктерде мекендейтін кенелермен ең негізгі күресу жолдары бөлмелерое және олардың тіршілік ортасындағы температура мен ылғалдың өмендеуі. Ұй кенелерімен күресу жолдары біріншіден бөлмелерді жиі ылғалды тазалау, жиһаздарды синтетикалық материалдардан істелінген жастықтарды және матрацтарды мен пайдалану керек, себебі оларда кенелер тұра алмайды.

Кенелер – адамның турақты паразиттері.

Кенелердің бұл экологиялық тобына онша көп түрлері кірмейді. Жалпы олардың белгілері денелерінің көлемі 0,1-0,4 мм, аяқ-қолдарының редукциясы, аз қозғалуы және даму циклі, иесінде түгелімен өтуі. Бұл топтың кенелері қоздырғыштардың тасмалдаушысы болмайды. Адамда турақты мекендеп және сыртқы ортамен байланыспай, олар адамның ізімен барлық жерде таралған.

Оларға қышма кенесі жатады Sarcoptes scabiei— адамныңсы қышеманың қоздырғышы. Ұй және жабайы жануарларда жақын түрлері қышманы шақырады, бірақта иесіне қатал арнаулы (специфичность) ие болмайды. Жылқылардың қойлардың, түйелердің, иттердің және басқа жануарлардың қышыма кенелері адамдарды зақымдай алады. Олар теріні зақымдалуын тудырып, бірақа адамда көп турмайды және көбеймейді.

Қышма кенесінің аналығының ұзындығы 0,4 мм дейін жетуді аталығы – кішірек. Бүкіл денесі ұзындығы әртүрлі түтікшелермен жамылған және аяқтарында сорғыштары болады. Ауыз аппараты эпидермистің қалындығында кеміруге бейімделген, сонда ол паразит мекендейді. Аналығы өмір бойы 50 жұмыртқа салады, ол 15 тәулікте дейін созылады. Қышма кенелері терінің әр жерінде орналасуы мүмкін, бірақ көбінесе – терінің нәзік жерінде, саусақтар арасында, қолдын бұрылыс жерінде, жыныс мүшелерінде. Терінің қалың жерінде жылжығанда, кенелер жұйке жүйесін тітіркендіреді, соның салдарынан мыдамсыз дуылдап қышу шақырады, әсіресе түнгі уақытта. Кенелер салған жолдар қышығанда олар терінің басқа бөліктеріне ауысады немесе басқа адамғада жұғды мүмкін. Осылай кенелердің иесінің денесі бойынша таралуы өтеді және сау адамдарды қышмамен зақымдалуы байқалады. Аурудың киімдерін, тосек орындарын және жеке заттарымен пайдаланғанда қышмамен зақымдалуға болады.


Қышманың диагностикасы қарапайым, себебі терінің кенелермен зақымдалуы өте тән. Олар тікелей немесе бұралан жол-жол кіршең-ақтүсті болып көрінеді. Жолдың басында көпіршік орналасады, онда қышыма кенесі орналасады. Бұл көпіршікті 50% - глицерин ерітіндісінің тамшысы бар заттық шыныға тасымалдауға болады.

Қышыма кенесінің алдын-алуы – жеке бас гигиенасын сақтау; науқас адамдарды анықтап және емдеу; киімдерді, жеке бас құралдарды, орамалдарды дезинфекциялау; жануарлармен қатынаста сақ абай болу болып табылады.

Demodex folliculorum — безсу (железница угревая) – қоздырушысы демодекоза. Ұзындығы 0,4 мм болатын, пішіні құрт тәрізді кенелер. Олар май бездерінде және бет, мойын, иық терісіндегі шаш фолликулаларында тіршілік етеді. Кейде сау адамдарда да кездеседі. Бірақ аллергияға бейім және иммунитеті төмендеген адамдарда олар жиі кездеседі және де олар тез көбейіп май бездерінің өзектерін бітейді. Нәтижесінде теріде алқызыл түсті ішінде іріуі бар безеулер пайда болады. Демодиказа диагностикасы үшін – май берінің ішіндегісі немесе жұлынған кірпікті бензин тамшысы бар заттық шыныға салып, микроскоппен зерттейді. Осылайша ересек формалары, нимфа, дернәсілдері және де паразит жумыртқалары анықталады. Бұл паразиттер адамдардан қатынас кезінде жонасу жолы арқылы жұғуы мүмкін, және 40-60% адамдарда безеу (угрица) адам ағзасында комменсал ретінде тіршілік етеді. Сондықтан оның алдын алуы – негізгі ауруды емдеу болып табылпды, аллергиялық реакциясы бар және әлсіз адамдарды емдеу.

Гамаз тұқымдасарті кенелері - өте ұсақ, мөлшері 0,2-2,5 мм жететін кенелер. Олар жыртқыштық және эктопаразиттік тіршілік етеді. Кейбір түрлері тіпті эндопаразиттікке бейімделген. Бүкіл денесі ұзын қылтанақтармен ( кірпікшелермен) жабылған. Аяқтары ұзын, жақсы дамыған. Хелицерлері шағып-сорушы стилетке айналған.

Паразиттік гамаза кенелерінің шағулары адамдарда терінің аймақтық зақымдалуын – дерматитті шақырады. Бұл кенелердің кейбір түрлері вирусты, риккетсиозды және бактерияды аурулардың қоздырушылары болады. Олардың ішіне – егсуқұйрықты бөртгелі сүзек, Ornitonyssus кенесімен гиақылылатын вирус, тауық кенесі тудыратын Q — лихорадка риккетсиозы және туляремия кең тараған.


Қан сорғыш кенелермен күрес – эпидемияға қарсы бағытталған шаралардың бірі болып табылады. Рационалды күреске – биологиялық күрес жатады. Бұл әдіс биогеоценозге жалпы әсер етпей, тек белгілі бір паразитке әсер етеді. Күрестің тағы 1 әдісі – паразиттердің тіршілігін жоятын немесе оны төмендететін жануарларды қолдану болып есептеледі.

Ал эпидемиологиялық қалайсыз аймақтарда сақтайтын арнаулы киімдерді, репиллентаен сіудірілген костюмдерді кию қажет.

Ал жануарлар мекендейтін жерже, құстардың ұясындағы арғазды және гамазды кенелерді химиялық препараттарды қолдануы мүмкін.


Жәндіктер (насекомдар) класы (Іnsесtа)

Бұл жануарлар класы ішіне саны жөнінен ең көп түр. Олардың саны 1 мл ға жуық.. Жәндіктер денесі негізі 3 бөліктен тұрады:бас, құрсақ,, құйрық . Сезімтал мүшесі бас бөлігінде орналасқан. Оларға тоқталар болсақ:көзі, мұршасы және жәндіктердің қоректенуіне байланысты :кеміргіш , сорғыш , шұқып-сорғыш т.б дан тұратын күрделі ауыз қуысынан құралған. Жәндіктердің құрсақ бөлігі 3 сигменттен тұрады.Олар жүру және қозғалы мүмкіндігіне байланысты,әрқалай орналасқан жұп аяқтардан тұрады. Көпшілігі еркін өмір сүрушілер. Мұндай жәндіктердің құрсақ бөлігінде жұп қанаттары болады,дегенменде кейбір топтарда паразиттік омір жолына кеткендіктен оларда қанат жойылып кеткенСоның бірі бүргелерде аяқ болмайды. Жәндіктердің тыныс алу жүйесі-трахея. Ал қалған мүшелері буын аяқтыларға сәйкес келеді. Жәндіктердің өсіп дамуы толық емес-метафазадан басталады яғни жұмыртқадан жұлдыз құрт шығып ересек түрге немесе имагоға айналады. Бірнеше сызықтардан кейіе және толық яғни антогенез кезінде жұмыртқа стадиялары жұлдыз құрт, қуыршақ және имаго болып өзгереді.


Жәндіктердің ішінде медициналық маңызға иелері, мынаңдай топтарға бөлінеді:

а) паразитті емес синантропты түрлері

б) уақытша қан соратын эктопаразиттер

в) тұрадықты қан сорғыш паразиттер

г) тіндік және ішқуысындағы ларвальдық (личинкалы)
паразиттер



Паразитке жатпайтын синантропты түр. Мұндай жәндіктер тобыны тарақандар және синантропты шыбындар, құмырсқалар сонымен бірге қоңыздар кіреді. Олармен күресу шараларына: тұрып жатқан баспананың жайлылығы және күнделікти жасалынуы тиіс тазалық , азық-түліктің осындай жәндіктерден алыс жерде сақталынуын айтсақ болады.

Тарақандар-көлемі үлкендеу келген улы жәндік.Тропикалық жәнее субтиропикалық аймақтарда тарақандар,табиғатта қалай таралса солай үй ішінде кездеседі. Осы аймақта әртүрлі көптеген тарақандардың түрлері кездеседі. Өлі аймақта тарақандардың тек екі түрі,қара тарақандар Blatta orientalis сары тарақан Blattella germanica кездеседі.

Қара тарақанның көлемі шамамен 19-26 мм, түсі құйынды-қара, ал сары тарақан қара тарақаннан кішілеу келеді шамамен 11-12мм, түсі сары болшады.

Тарақан денесі қалыңдаған,алақанында үшкір тырнақ пен сорғылар ьолады. Осының арқасында жәндіктер тар тесіктер мен қандай жағдай болмасын түрлі тесіктерден өтіп кете алады. Олардың қанаттары жақсы дамымаған сол себепті олар ұша алмайды. Тарақандардың даму кезеңі 20-50 тәулікте өтеді де,кононның беткей терісі жарылып ішінен молдір реңді ұрықтар шығады.Жыныстық жетілуге дейін олар бірнеше рет түлейді.Олар кез келген азық-түліктермен, сонымен қатар қағаздер, маталар және жүндермен қоректене береді. Тарақандарды жойудың жалпы әдісінен бөлек, оларды тағам арқылы мысалы, нақты оъект етіп кез келген азық-түлік түрін алып оны борлы умен сүртіп тарақандарға қарсы қолдануға болады. Бұл олардың улы химиялық заттарға


сезімталдығын томендетеді және кеңірдегінде бөгде ауа қоспалары түскен жағдайда жабылып қалатын қақпақшалары болады. Олардың ұзақ уақыт аш жүруге шыдамдылығы және кең генетикалық полиморфизм,адаммен ұзақ уақыт қатынасы барысында қалыптасады.

Қанмен қоректенетін жәндіктердің өзіндік антикоагулянтты қасиетіне ие сілекей солдері бар. Олар қышыну мен сол жерде бөртпелердің шығуына алып келеді. Тарақандардың шағуынан кейбір адамдарда аса ауыр аллергиялы риакцияларға алып келуі мүмкін.


Жартықаттықанаттылар отряды немесе қандалалар. Қандалалардың өзіне тән ерекшелігіне қанаттарының құрылысы мен ауыз құрылысы тән. Алдыңғы проксималды жағында қанаттары хитинделген, ал дистаоьды жағы –мөлдір. Оның шұқып сорғыш ауыз қуысы екі канал түзеді. Олардың бірі сұйық тағамдарды сору үшін ал келесісі секретті бездерді бөліп шығару қызметін атқарады. Қандалалар тұқымдасына Triatoma және Cimex оларға жақынырақ тұқымдастар медицинада маңызды болып табылады.

Төсектің бүргесі Cimex lectularius бұл паразиттік өмірге бейімделген түр болып саналады.Денесі дорсальді-вентральді бағытта қысыңқы және қатты созылмалы хитинді қабықпен қоршалған. Адамға қандалалар әсіресе түнде шабуылдайды, күндіз абойлар мен жиһаздарда тығылып отырады.Сол олар көбейеді. Олар бірнеше айға дейін аш жүре алады.Қандалалардың ағзасында көптеген трансмессивті аурулардың қоздырғаштары, тіршілікке қабілеттілігін ұзақ уақытқа сақтайды. Қандалалардың туғызатын ауруларға:бөртпе сүзегі, рекеция және спирохеталар,висцеральді лейшмания және оба қоздырушылары. Бірақ бұл ауруларды тасымалдауда қандалалардың рөлі нақта анықталмаған. Бірақ P.Cimex қандаласы шаққанда нәжіс бөлінбей қалады.

Төсек қандалаларынан бөлек осы туыстастыққа жататын, тышқан мен құстардың денесінде паразитті өмір сүретін қандалаларда адамдарға шабуыл жасайды. Күмәнсіз бұл туыстастыққа Triatoma оңтүстік америкалық сүйісу қандаласы үлкен қызығушылық тудырады. Бұларға аса ірі ұзындығы 4 см ге жететін, түнде өмір сүретін, ашық боялған жәндіктерді жатқызуға болады. Олар күндіз әртүрлі қорғандарда жасырынады.Бұлар Чага немесе оңтүстік трипаносомозауруларды спицификалық таратушы болып табылады. Адамға жұғуының биологиялық ерекшелігі қандаланың шаққаннан кейін бір егесінен екіншісіне өтіп мұрын жағындағы ине тәрізді тістегішімен теріні шағады.Содан трипано-сомның инфозивті формасы қанға түсі қамтамасывз етіледі.Қандалалармен күрес үйдің тұрмыстық жағдайлардың жақсаруы, қабырғалар мен жиһаздар және т.б да, заттардың ұзақ әсер ететін конттакті улармен жүргізіледі (хлорофос, метафос т.б ).



Қосқанаттылар отряды. Осы отряд өкілдерінде жұп қанаттары,

өсімдік және жануар ұлпаларынан сұйық тағамды соруға немесе оны беткейінен жалауға арналған пілтұмсық тәрізді ауыздық аппараттары бар. Паразит болып табылмайтын, синантропты қосқанаттылар.

Шыбындар - ауруды тез қоздарытын активті механикалық тасымалдағыштар. Барлық қосқанаттыларда сияқты, бір жұп алдыңғы қанаттары болады, оның дамуында толық метаморфоз жүреді. Маңызды медициналық мағынасы бас шыбынның бірі – бөлме шыбыны Musca domestica. Бүкіл табиғат зоналарында кездесетін адам тұрақтарында кездеседі. Дене көлемі 6 – 8 мм, түсі сұрғылт – қызыл. Кеудесінде төрт қара көлденең сызықтар байқалады. Сорғыш типті ауыздық аппараты. Шыбын тек сұйықтықпен қана емес, сонымен қатар қатты тағамды сілекеймен жібітіп қоректене алады. Аналық органикалық шірік жиналатын жерлерде жұмыртқа салады. 5 – 10 тәулік ішінде жұмыртқа дамиды, ал 4 – 7 тәулік ішінде – қуыршақ. Шыбын қабыршағынан шыққан қуыршақ, 5 – 6 тәулік аралығында жартылай піскен түрде болады. Бүкіл өмірінде бір аналқ 600-ге жуық жұмыртқа салады. Тарақандармен салыстырғанда шыбындар ауру қоздырғыштарының қауіпті механикалық тасымалдағыштары. Себебі шыбындар өздерінің қорек көздерін және келу аймағын жылдам өзгертеді, олардың бұқаралық шығу аймағы қоймалар, жуындылар және кір жерлер болып табылады. Шыбын денесінің беткейінде және оның ас қорату трактінде,

бір мезгілде 35 000 000 микроағзалар кездесуі мүмкін.

Бөлме шыбынынан басқа көк және сұр етті, жасыл, подальды және басқа да шыбындар да осындай мағына береді. Қоқыс жәшіктерінің аббаттануы және тұрғылықты үйдің жалпы гигиенасын сақтау – шыбындар мен күресудің негізгі шарасы болып табылады.

Нағыз шыбындар. ( сем. Muscidae) Қансорғыш түрлерінің бірнешеуі ажыратылады. Қызығушылық танытатын шыбындар – күзгі жигалка және це-це шыбыны.

Осенняя жигалка – сұр түсті, орта көлемді, бұрғылауыш тұмсықты шыбын. Аналық шыбындар, аталық шыбындар сияқты қанмен қоректенеді. Жұмыртқалары көңде дамиды. Шыбындырдың бұқаралық белсенділігі жаздың аяғымен күздің басында байқалады, ал тропикалық аймақтарда – жыл бойы. Әсіресе жануарлар меке ететін комплекстерде жануарларға да, адамға да үлкен қауіп төндіреді. Бұқаралық жигалкалардың көбеюуімен күресу үшін, үй жануарларының тазалығын сақтау, ал олардың шағуынан қорғану түрлі қорғаныс заттарымен жүзеге асырылады.


Це-це Шыбыны. Це-це шыбыны экваторлы Африкада кең тараған. Аса ірі ұзындығы 13,5 мм дейін жететін шыбындар. Ауыздық аппараты күзгі жигалкамен ұқсас келеді, тірі туатын аналық , күніне белгілі бір уақыт аралығында, біден қуыршақталатын бір дернәсілдерін салады, олар жерге көмкеріледі. Үш аптадан соң имагинальды форма пайда болады. Олардың көбеюуі су қоймаларының жағаларында және ағаштардың көлеңкелерінде жүзеге асады. Це-це шыбынының туыстас түрлері бір-бірінен түс ерекшеліктерімен ажыратылады, ал негізгі биологиясы: шыбындардың бір түрі, адам мекен ететін ортада қоныстанып және негізінде оның және үй жануар қанымен қоректенеді. Басқалары – нағыз табиғатта мекен етіп, жабайы жануарлардың қанымен қоректенуді қалайды, ал адамды байқаусыздан шағады. Шыбындардың барлық түрлері африкандық трипаносомозаның қоздырғышы болып табылады. Негізгі қорғану шарасы жеке шағулардан қорғану.

Қосқанатты – ұлпалық және ауыздық эндопаразиттер.

Жәндіктердің жоғары дәрежелік ұйымына байланыстыжәндіктерге эндопаразиттік тіршілік тән емес. Бірақ қосқанаттылар отрядынан лечинка қатары өліктерде, органикалық қосылыстардың шірік қалдықтарында және жерде дамиды. Олардың кейбіреулері паразиттік тіршілікке тән болып, ішкі орта ұлпаларында мекендейді.

Қосқанаттылар тобының дернәсілдері анаэробты диссимиляцияға және иесінің ағзасында қозғалуына бейімді болып келеді. Қуыршақтануы ішкі ортада,ал ересектері сыртқы еркін ортада өмір сүреді.Кішісінің яғни қуыршақтарының үлкен бөлігі ересектерінің қанаттарының болуымен ерекшеленеді. Дернәсілі арқылы жұғатын ауру миазим деп аталады.

Вольфартив шыбыны Wohlfahriti magnifica Европанаң оңтүстігінде, Шығыс жағалауында және Орталық Азияда мекен етеді. Ересектері кейбір гүлдер түрімен қоректенеді. Олар бір мезгілде 150-190 тірі дернәсілді дүниеге әкеледі. Дернәсілдерінадамдармен сүтқоректіжануарлардың денесіндегі ашық жараларда салады. Дернәсілдері егесінің терісіне белсенді түрде еніп, сол жерде қоректеніп қатерлі заңдарға әкеледі. Бірнеше тәуліктен соң дернәсілдер қожайынын тастап, қуыршақ күйінде жерге түседі.


Американың тропикалық зонасында тіршілік ететін басқа шыбын- Dermatobia hominis, оз егесіне зақым тигізуге аса бейім болады.Аналықтары жұмыртқаларын аталықтарының денесіне және жигалка шыбынына салады.Осы қан сорушы шыбындардың шабуылынан, адам және үйжануарларының жоғарғы дене температурасынан олардың дернәсілдері өз жұмыртқасын жарып шығып, зақымдалмаған тері арқылы ұлпаларға енеді. Әрі дамуы дәл вольфартов шыбыны секілді өтеді.

Кейбір басқа шыбындардың дернәсілдері- кей кезде теріге де еніп жаралармен тырналған жерлерді айнала тіршілік етіп тері миазинін жұқтырады. Ол залалсызданбаған лас су мен бүлінген тағамдар арқылы ас қорыту мүшелеріне еніп, соңы өзіндік емделуге әкелетін, қатерсіз ішек миазинін туғызады.

Соналар (сем. Tabaniabae)-ірі көлемді қосқанаттықан сорғыш,ұзындығы 30 мм жетеді. Жалпы түрде ірі шыбындарды еске түсіреді. Ауыз қуысы жалағыш, тесіп- сорғыш қасиетке ие. Бүкіл денесі жұқа қабатпен қапталған.Барлық жерлерде таралған.Солтүстік аймақтарда олар бактерия таратушылар болып табылады,яғни солтүстік язва және тулярми ауруын қоздырушы, ал тропикалық айиақтарда филяр-қоздырушы және лоаза. Америкалық соналар адам мен жануарлардың дәл басын, яғни микрофилярлары бар бөлігін шығарады. Соналар- жарық сүйгіш және жылу сүйгіш болады. Олар ыстық күндері белсенді болып,солтүстік аймақтарда тек жаз айларында шығады. Ал тропикалық аймақта кез келген жыл мезгілдерінде кезднсе береді. Адамдарға соналар көбіне су жағалауларында шабуыл жасайды. Аналығы жұмыртқаларын суға жақынырақ жерлердегі өсімдіктерге салады.Дернәсілдері өз дамуын ылғал мен су жағалауларында аулап өтеді. Өмір сүру циклі 1 жылға дейін жетеді.Индивидуальді қорғаныс сонаның шағуына қарсы эффективті күш.

Бөгелектердің өзіндік топтары. Жартылай ұлғайған бөгелектер мүлдем қоректенбейді, сондықтан олардың аузы болмайды.Олар аттың, бұғының және қойдың терілерінде немесе сілекей қабығында жұмыртқалайды.Әртүрлі бөгелектер дернәсілдері тері астындағы клетчаткада, асзазан қабырғасында,мұрын және көз қабырғаларында дамиды.Фекальдары немесе тері жамылғысы арқылы сыртқы ортаға дернәсілдері шығып, жерге түсіп қуыршақтанады.Адамдар бөгелектермен сирек зақымдалады және ұлпаларда (адам)бөгелектердің толық дамуы жүрмейді,бірақ кей кезде бөгелектер миазы өте зиянды бет,көз және ішкі мүшелердің зақымдалуына әкеледі.


Қосқанатты- уақытша қан сорушы паразиттер. Бұл отряд жұқпалы аурулады таратушылығы және уақытша қан сорушылығы көптеген маңызды көріністері болып табылады.Бұл отрядтың көптеген түрлері, жаз айларында тайга мен тундрада өте көптеп көбейеді де, адам өмірін қиындатады. Бүкіл қосқанатты қан сорушы паразиттер гнус атымен біріктіріледі.Қосқанатты қан сорушы паразиттер,аналықтары өсімдіктердің шырынымн қоректенеді,ал аталықтары адамдар немесе жануарлар қанымен қоректенеді. Көптеген жағдайларда аналықтары жұмыртқаларын қан сорып болғаннан соң барып салады.

Шыбындар(сем.Culicidae) Оларда жіңішке ғана шағын денесі, ұзын аяқтары,аса үлкен емес басы және ауыз қуысы бар. Олар бүкіл жер шарында таралған. Олар 50 ге жуық вирустық,бактериялық және паразиттік қоздырушыларды өз ағзасында сақтап оларды адам немесе жануарларға бере алатын қасиетке ие. Аналықтары жұмыртқа салғаннан соң қоректене алатын егесін іздейді.Ол егесін 3 мм әріден сезе алады және көре алады.Температурасы жоғары ауру адамдарды масалар қана немесе рақаттана шағады.

Әлсіз азаңғы және кешкі жарықта масалар өз егесін шағу үшін іздей бастайды.Осыған байланысты масалар адам баспаналарының жарық айнасына жақындайды.Ал түскі ыстық құрғақ кезде масалар қоректенбей жарықтан қорғанып тығылып отырады.

Масалар су жағалауларында немесе суда жұмыртқалайды. Дернәсіл немесе қуыршақтары бастапқыда суда өмір сүреді,бірақ трахейя арқылы атмасферамен тыныс алады.Дернәсілдері суда ұсақ жәндіктермен қоректенеді. Аса танымал маса туыстастарынан Culex,

Aedes(маларсіз масалар)- япондық энцефалит қоздырушылары,солтүстік язвасын, сары аурулар, а Anopheles (малярлы масалар)-бұл спецификалық малярлы плазмодия жұқтырушылары. Масалардың малярина ауруын қоздырушылығы немесе жұқтырушылығы генотиптік және тұқым қуалаушылық екекндігі дәлелденді.Малярлы және малярлы емес масалар бір-бірінен айқын айырмашылыққа ие.

Масалармен күрес оның суда қуыршақ немесе дернәсіл кезінде тиімді.Ол суға үлкен көлемде улы химиялық заттарды шашу арқылы жүргізіледі.Малярлы масаларға қарсы шаралардың тағы бір түрі мемлекеттік және биологиялық шаралар. Осы шараларды қолдану арқылы Солтүстік Закавказ елдерінде маляр ауруынан азат етілді.Индивидуальді қорғаныс жұқа маталар мен сеткілер қолданылды.


Москиттер (сем.Phlebotomidae). Аса ұзақ жәндіктердің бәрі шамамен 1,5-3,5 мм ге жетедін, кішкене шағуға беиімделген инесі, алдыңғы шығыңқы төмпешігік тәрізді кеуде бөлігі және түсінкі арқа бөлігінде ұсақ талшықтардан құралған қанаттары болады. Москиттер бүкіл континентке, тропикалық және субтропикалық аймақтарда кездеседі.Олар әртүрлі лейшмания, паппапочи қоздырғышы және басқада тұқым қуалайтын жұқпалы ауруларды тудыратын, жұқтыратын жәндіктер.

Москиттер көп ұшып жүре алмайды, сондықтан табиғи аурулардың ошағы, саналмалы паразиттер жұқтыратын аса көлемі болмайды.

Москиттер жұмыртқаларын, кемірушілердің ұяларына,басқа қараңғылау ұяшықтарға органикалық заттар бар жерге салады.Дернәсілдерін 2 айдай уақытта дамып, қуыршақтанады.10-12 апта ішінде дернәсілдері жертылай өскен дернәсілдерге айналады.

Лейшмания және көптеген басқа жұқпалы ауруларды жұқтыратын ошақтарды жою арқылы маскиттерден күресу жүргізіледі. Ол кемірушілердің ұяларын, маскиттер ұялаған орындарды , баспана мен құрылыстар жүргізіліп жатқан орындардың үстін инсектициттеу жүргізеді. Эффективті әрі индивидуальді заттар арқылы маскиттердің шағуына қарсы алдын алуға болады.

Шіркейлер ( сем. Simuliidae). Ұзындығы 2-6 мм ге жететін ,аса ұзақ қан сорушы жәндіктер. Ауыз қуысы кішкентай және мықты олтеріге тығып қан сору