https://electroinfo.net

girniy.ru 1


Ф КГМУ 4/3-04/02

ИП №6 УМС при КазГМА


от 14 июня 2007 г.


ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасы


ДӘРІС


2 Кредит


Тақырыбы: «Эпидемиологиядағы статистикалық зерттеу әдістері.».


Пәні: «Эпидемиология»


Мамандығы: 051102 «Қоғамдық денсаулық сақтау»


Курс: 5


Уақыт: (ұзақтығы) 1 сағат




ҚАРАҒАНДЫ – 2011ж.




Кафедраның мәжілісінде бекітілді

Хаттама № __1____

"__01___" ____09______ 2011ж.


Эпидемиология және коммуналды гигиена кафедрасының

меңгерушісі к.м.н., доцент _______________ Шайзадина Ф.М.


Тақырыбы: «Эпидемиологиядағы статистикалық зерттеу әдістері.».


Мақсаты: эпидемиологиядағы статистикалық зерттеу әдістерін меңгеру.


Дәріс жоспары:

  1. Ғылыми-тәжірибелік және ғылыми зерттеулердегі статистикалық әдістер.

  2. Статистикалық зерттеулер эпидемиологиялық зерттеулердегі “динамикалық техника” негізі ретінде.

  3. Мүмкін болатын қауіп факторлары мен сырқаттанушылық туралы мәліметтерді статистикалық өңдеу және топтастыру.

  4. Абсалютті шаманы, интенсивті және экстенсивті көрсеткіштерді, сондай-ақ көрнектілікті салыстырмалы сандарын қолдану.


Дәріс тезистері:


Ғылыми-тәжірибелік және ғылыми зерттеулердегі статистикалық әдістер.

Эпидемиологиялық зерттеулердің міндеттерінің бірі - әр түрлі аурулардың жиілігін зерделеу. Сырқаттанушылықтың жиілік көрсеткішін (интенсивті көрсеткіштері) әр түрлі жолдармен есептеп анықтайды, олар белгілі бір тұрғындар топтары арасында жаңа аурулардың жалпы санын сипаттауы мүмкін. Таралу көрсеткіштері белгілі бір уақыт аралығында, нақты берілген аурулармен тұрғындардың қандай бөлігі зардап шегетіндігін көрсетеді. Ал сырқаттанушылық көрсеткіштері, керісінше, белгілі бір уақыт арасында аурудың жаңа жағдайларының пайда болу жиілігін сипаттайды.


Эпидемиологиядағы негізгі көрсеткіштер: сырқаттанушылық көрсеткіші, еңбекке жарамсыздық, мүгедектік, өлім көрсеткіштері, сондай-ақ аурушаңдық (науқастық немесе зақымданеу, таралу, валенттік көрсеткіштері). Сырқаттанушылық және таралу көрсеткіштерінің арасында тығыз байланыс болады. Жаңа ауру жағдайларының пайда болуы және сырқаттанушылықтың өтуінің ұзақтығы аурудың таралу көрсеткіштерін ұзартады. Экстенсивті көрсеткіштер немесе құрылым көрсеткіші (таратылуы), бүтінді құрайтын бөлшектерге таратылуын сипаттауға мүмкіндік береді. Осылай тұрғындардың сырқаттанушылығының аурулар топтары және белгілі бір кластары бойынша құрылымын анықтайды, ал белгілі бір кластарды – аурудың нозологиялық түрлері бойынша анықтайды. Аурудың нақты нозологиялық түрінің сырқаттанушылық құрылымы аурудың өту ауырлығы бойынша, ауырғандардың жастық құрылымы, кәсіптік етекшелігі, инфекция көзі және т.б. көрсеткіштері бойынша берілуі мүмкін. Экстенсивті көрсеткіштер әр түрлі топтағы тұрғындар арасында және динамикада талданатын мәселелердің салыстырмалы маңыздылығы туралы толық көрініс бермейді, сондықтан себеп-салдар байланысын анықтауға жарамайды.

Сонымен, эпидемиологиялық зерттеулерде статистикада қолданылатын жалпы қабылданған статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Оның негізгілері абсалютті сандар, интенсивті көрсеткіштер және орташа шама болып табылады. Ерекшеліктеріне байланысты экстенсивті көрсеткіштерді, көрнекіліктің салыстырамалы санын, қарым-қатынас көрсеткіштері және стандартталған көрсеткіштер.

Статистикалық зерттеулер эпидемиологиялық зерттеулердегі

“динамикалық техника” негізі ретінде.

Ұйымдастыру формасы бойынша сатистикалық зерттеулердің 2 түрін бөледі: арнайы ұйымдастыру және есеп-беру арқылы жүргізу. Соңғысы эпидемиологтың күнделікті тәжірибесінде кеңінен қолданылады және біріншісінен зерттеудің кейбір сатылары мен элементтері жоғыр орындарда жүргізіледі де дайын құжаттар ретінде ұсынылады (тіркеу формалары, өңделген кестелер және т.б.).



Статистикалық зерттеулерге келесі негізгі сатылар кіреді:


  1. Бақылауды ұйымдастыру және мәліметтерді жинау;

  2. Бақылау мәліметтерін толықтыру, яғни мәліметтерді топтастыру және біріктіру;

  3. Мәліметтерді сандық өңдеу (көрсеткіштерді есептеп шығару, оның сенімділігін бағалау және т.б.);

  4. Алынған мәліметтерді талдау (сонымен бірге гафикалық талдау);

Арнайы ұйымдастырылған зерттеу жүргізген кезде (мысалы, ғылыми-тәжірибиелік жұмыс) бірінші сатысына кіреді:

    • зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;

    • бақылау объектісін және бірлікті таңдау;

    • бақылаудың мерзімін және орнын таңдау;

    • бағдарламаны құру, яғни тіркеу және зерделеуге жататын белгілер мен сұрақтардың тізімін құру;

    • бақылау бланкісін құру (мәліметті жинауға арналған тіркеу құжаттары);

    • көлемі бойынша бақылау формаларын таңдау (толық немесе толық емес), толық емес бақылаудың таңдау әдісін қолданған кезде таңдауды есептеу жүргізіледі;

    • зерттеуді жүргізуге арналған күштер мен құралдарды дайындау және анықтау.

Бірінші саты орындалғанан кейін мәліметтерді жинауға кіріседі. Есеп беру-тіркеу арқылы зерттеу кезінде осы мақсатта эпидемиолог ошақтың эпидемиологиялық тексеру картасын, жедел хабарлама (уч. Ф 058/У), профилактикалық егулерді тіркеу картасын (уч. Ф 063/У) және басқа да құжаттарды қолданады. Мәліметтерді жинау нақты құжаттардың, сондай-ақ толығымен тіркеу құжаттарын толтырылу сапасымен мәліметтің жеткіліктілігін тексерумен аяқталады. Бұл кезде әр түрлі әдістемелік құралдарды қолданады (мысалы, емдеу-профилактикалық мекемелерге, МСЭБД тіркелген ауырғандарды және басқаларын фамилиялары бойынша таңдаулы тексеру).


Мүмкін болатын қауіп факторлары мен сырқаттанушылық туралы мәліметтерді статистикалық өңдеу және топтастыру.

Осыдан кейін қауіп факторы мен сырқаттанушылық туралы мәліметтерді статистикалық өңдеу және топтастыру және өңдеу.


Топтастыру әр түрлі көріністердің объективті бір топқа ойша бөлу. Топтастыруға арналған белгілерді таңдау зерттеудің мақсатына байланысты, ал оның сапасы - маманның білімділігіне байланысты. Эпидемиологиялық топтастырудың негізгі принципі нақты тұрғындар топтарының зақымдалу мүмкіншілігін көрсететін, бір топтан екінші топқа ауысқан кезде сырқаттанушылық көрсеткіштерінің (инфицирлену, зақымдалу және сол сияқты) сандық өзгеру заңдылықтарын анықтау болып табылады.

Топтастыру типологиялық (атрибутты) және санды белгілері бойынша жүргізілуі мүмкін.

Типологиялық белгілер – бұл қасиетін, сапасын, жағдайын білдіретін жазбалы белгілер (мысалы, аурулардың жынысы бойынша, кәсібі бойынша бөлу, аурудың ауыр формад өтуі бойынша бөлу, белгілі бір әлеуметтік топқа жататын және с.с.).

Сандық белгілер деп – нақты өлшем бірлігіменкөрсетілетін белгілерді атайды. Сандық белгі бойынша топтастыру белгінің өлшемі (көлемі) негізінде жүргізіледі (мысалы, аурулардың жас топтары бойынша бөлу, бір адамға тұрғын көлемі бойынша ошақтарға бөлу, қабылдағы егу саны бойынша ауырғандардың сипаты және т.с.с.).

Белгілерді таңдау арқылы топтастыру жоғары кәсіптік компетенцияны талап етеді, сондықтан зерттеудің бұл сатысы дәрігер –эпидемиологпен орындалады.

Материалды топтастыру мәліметтері статистикалық кестеге енгізіледі. Олар қарапайым топтастырылған және комбинирленген.

Қарапайым кестелерде материалды бір ғана белгісі бойынша орналастырады, сондықтан олар негізінде инфекциялық түрде болады. Топтастырылған кестеде бір-бірімен байланысқан екібелгісі бар топшалардың түрі беріледі. Комбинирленген кестеде үш немесеодан да көп бір-бірімен байланысқан топтық белгілері бар мәліметтер орналастырылған, сондықтан олардың арасындағы байланысты тереңірек анализдеуге мүмкіндік береді. Бір кестеде төрттен көп белгілер бірден орналастырылса, оны талдаудың қиындығы туындайтын есте ұстау керек және көптеген бақылау саны керек болады.



Абсалюттік шамаларды, интенсивті және экстенсивті көрсеткіштер, сонымен қоса көрнекіліктің салыстырмалы сандарын қолдану.

Үшінші саты – сандық өңдеу.

Абсалюттік өлшемдер құбылыстық жиілігі мен құрылымы туралы толық мәліметтер бере алмағандықтан талдау үшін тиімді емес. Сондықтан эпидемиологиялық талдау жүргізу кезінде салыстырмалы өлшемдерді есептеу ұсынылады.

Ең жиі қолданылатындар:


  1. Интенсивті көрсеткіштер (жиілік көрсеткіштері);

  2. Экстенсивті көрсеткіштер (құрылымдық көрсеткіштер);

  3. Көрнектілік көрсеткіштері;

  4. Қатынастық көрсеткіштер.

Интенсивті көрсеткіштер құбылыстың деңгейін, таралуын көрсетеді және берілген құбылыс кездесетін ортаның белгілі бір саны есептелінеді.

Мысалы: 150 000 тұрғыны бар қалады іш сүзегімен 7 адам ауырып қалды.

Ауруханалық көрсеткіші:

7x100 000 = 4,66 100 000 тұрғынға

150 000

Интенсивті көрсеткішті есептеу үшін тұрғындардың орташа саны алынатын есте сақтау керек (жылдың басына және аяғына тұрғындар санының ½-і).

Экстенсивті көрсеткіштер бүкіл бөліктің құрамдық бөлікке таралуын көрсетеді, көбіне пайызбен (%), кейде промильмен (0/00) немесе бірлік бөлігімен беріледі.

Мысалы дезентериямен сырқаттанушылықтың этологиялық құрылымы.

1 кесте.


Аурудың қоздырғышы

Ауырғандар саны

Абсалюттік саны

Зонне шигеллалары

Флекснер шигеллалары

Ньюкасла шигеллалары

64%

25%

11%

36

14

6

Барлығы

100,0%


56





Көрнекілік көрсеткіштері дамудың негізгі тенденциясын зерделеу үшін қолданылады; қайта құрылым абсалюттік сандар немесе салыстырмалы өлшемдер болып табылады. Осы кезде салыстырмалы шамалардың бірі 100% (немесе 1) деп алынып, қалған қабылданған негізге сәйкес есептеледі.

Мысалы: 1976-1979 жылдары іш сүзегімен ауырғандар саны 100 000 тұрғынға 13,8; 11,2; 9,8 болса, онда көрнектілік көрсеткіштері сәйкесінше 100,0%, 81,2%, 71,0%-ға тең болады.

Қатынастық көрсеткіштер. Бір-бірімен генетикалық байланыспаған екі құбылыстың қатынасы. Олар тұрғындардың дәрігер кадрлармен, ауруханалық төсектермен және де басқа материалдардың ресурстарымен қамтамасыздандырылғандығын бағалау үшін қолданылады.

Мысалы: 180 000 тұрғыны бар Н. қаласының ауруханаларында 2000 төсек бар. Сәйкесінше тұрғындардың ауруханалық төсектермен қамтамасыздандырылуы:


төсек 1000 тұрғынға.

Стандартталған көрсеткіштер.

Жалпы интенсивті көрсеткіштер, шамалар түрлі факторларға тәуелді, соның ішінде тұрғындар құрамы (жасы, жынысы, кәсібі және т.б. бойынша), сырқаттанушылық деңгейіндегі (инфицирленушілік, жарақаттанушылық, т.б.) айырмашылық себептері туралы дұрыс қоытынды жасау үшін стандартты көрсеткіштерді есептеп шығару керек.

Көрсеткіштерді стандартизациялау жалпы интенсивті көрсеткіштер шамасына салыстырылатын тұрғындар топтарының құрамындағы айырмашылықтар әсерін болдырмауға мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда стандартталған көрсеткіштер жалпы көрсеткіштердің қандай болатынын анықтайды. Егер салыстырылатын тұрғындар топтары құрамы бойынша біркелкі болса (жасы, жынысы, және т.б. бойынша) стандартталған көрсеткіштер көріністің жиілігін талдау үшін қолданылмайды (мысалы, сырқаттылық деңгейі мен сырқаттылық және өлім деңгейі), себебі шартты өлшемдері, көлемі, қабылданған стандарт деңгейіне байланысты.


Көрсеткіштерді стандартизациялау 3 әдіспен жүргізіледі:

Мүмкін: тікелей, жанама және қайтымды зерттеушінің қандай соңғы мәліметке сүйенуіне тәуелді. Бұлардың ішінде ең нақты болып жанама әдіс табылады, нақты емес – қайтымды әдәс.

Стандартты көрсетулердің 2 формулары бар:

1 формула:


СК= нақты науқастардың көлемі x стандартталған сырқаттылықтың

науқастардың мүмкін болатыны жалпы көрсеткіші.



2 формула:


СК= тұрғындардың мүмкін болатын саны x стандартталған сырқаттылықтың

тұрғындардың нақты саны жалпы көрсеткіші.



Мысалы, жанұялық хатақханадағы 18 жасқа дейінгі тұрғындардың ішінде дезентерияның сырқаттылығы 35,6% болған, ал көп пәтерлі үйдегі тұрғындардың арасында 27,1%, тұрғындардың жас айырмашылығын ескере отырып, тікелей әдісті қолданып сырқаттылықтың стандартты көрсеткіштерін анықтау қажет; стандарт деп тұрғын үйлердің екеуінде тұратын балалардың жалпы санын қабылдау керек.

2 кесте.


Жасы (қалада)

Жанұялық жатақхана

Көп пәтерлі үйлер

Тұрғындардың жалпы саны

стандарт, %

Науқастардың мүмкін болатын саны

Тұрғындар саны

Науқастар-дың саны

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 адамға

Тұрғындар саны

Науқастар-дың саны

Сырқаттанушылық көрсеткіші 100 адамға


Жанұялық жатақхана

Көппәтерлі үйлер

2 жасқа дейінгі

95

79

83,1

137

108

78,8

232

24

19,9

18,9

2-3

22

5

92,7

45

19

42,2

67

7

1,6

3,0

4-18

158

14

8,8

497

57

11,4

655

69

6,1

7,9

Барлы-ғы

275

98

35,6

679

184

27,1

954

100

∑26,6

∑29,8


∑ - сумма белгісі.

Есептеп шығару келесі түрмен жүргізіледі.

  1. Интенсивті жастық көрсеткіштері.

Жатаханаларда 2 жасқа дейінгі 95 баланың ішінен 75 ауру, ауру 100 балаға санағанда интенсивті жас аралық сан құрайды.


79 x 100 = 83,1 және т.б.

95


Көп пәтерлі үйлерде 2 жасқа дейінгі 137 баланың ішінен 108 ауру, ауру 100 балаға санағанда интенсивті жас аралық сан құрайды.


108 x 100 = 78,8 және т.б.

137


  1. Екі жақтағы тұрғындардың да жас бойынша жалпы санын анықтайды. Содан кейін құрылымын анықтайды да стандартты анықтайды. Егер 2 жасқа дейінгі балалар 954-тің ішінде 232 болса 100 баланың арасында стандартта болады.


232 x 100 = 24 және т.б.

954


  1. Науқастардың мүмкін болатын санын стандартты анықтау. Жанұялық жатаханада тұратын 2 жасқа дейінгі 100 баланың ішінде 83,1 ауру, 24 баланың ішінде стандартты ауырады.


X= 83,1 x 24 = 19,9

100


Көп пәтерлі үйде тұратын 2 жасқа дейінгі 100 баланың ішінде ауырады:


78,8 – 100 x= 78,8 x 24 = 18,9 және т.б.

x - 24 100


  1. Барлық тұрғындардың жасы бойынша мүмкін болатын науқастардың санын қосып стандартты көрсеткішін алады. Берілген мысалда тұрғындардың стандартталған сырқаттанушылық көрсеткіші көп пәтерлі үйлерде жоғары болып табылады. Сонымен бірге, егер жатахана мен көп пәтерлі үйде тұратын баланың жастары бірдей болса, онда жатақхананың сырқаттанушылығы жатақханада көп пәтерлі үйлерден жоғары болмас еді.

Мысалы, дезентерияның сырқаттылығы балаларда К. Қаласында 109,7 болды, ауылды райондарда 42,1 1000 балаға. К. Қаласындағы баланың жалпы саны 22,300 адам, ауылдық районда 1,330. Осының арасындағы айырмашылықты ескере отырып стандартты көрсеткіштерді анықтау қажет. Стандартизацияны қайтымды әдіспен жүргізу керек. Стандарт деп - абсалют бойынша барлық балалардың дезентериямен сырқаттанушылық көрсеткішін алу қажет.


3 кесте.


Балалар тобы

Науқастар саны

Ауданда орташа 1000 баланың абсал. көрс.

Мүмкін болатын балалар қауымының саны.

К. қаласы

Ауылдық район

К. қаласы

Ауылдық район

Балалар мекемесіне барады

1633

39

81,1

20136

481

Балалар мекемесіне бармайды

815

17

19,1

42670

890

Барлығы

248

56

42,4

∑ 62806

∑ 1371


Қалада және аудандарда ауршаңдылық көрсеткіштері бірдей деп шартты түрде алсақ және балалар мекемесіне баратын және бармайтын ауырған балалар саны туралы мәліметтеріміз болса, қаладағы және аудандағы әр топтағы балалардың күтетін санын есептеп шығарады.

Стандарт бойынша балалар мекемелеріне баратын балалардың ауыршаңдылығының көрсеткіші облыс бойынша 1000 балаға 81,1%, қалада осы контингент арасында 1663 бала ауырып қалды, сондықтан қаладағы балалар мекемелеріне баратын балалардың “күтетін саны”:


Ауданда балалардың ауыршаңдылығы стандартты көрсеткіші кезінде облыс бойынша 1000 балаға 81,1%, есепте 39 ауруға, балалар мекемелеріне баратын балалардың “күтетін” саны:




Қалада және аудандарда балалар мекемелеріне бармайтын балалардың “күтетін” санын алдыңғы ұқсас есеппен шығарады, стандарт көрсеткішінен балалар ауыршаңдылығы 19,1% және аурғандар саны (815 және 17 сәйкесінше). Алынған сандар қаладағы және аудандардағы кіші тұрғындардың жалпы “күтетін” санын біріктіреді және табады.

Ары қарай стандартталған көрсеткіштерді есептеп шығарады:


К. қаласы үшін :

Аудан үшін:

Стандартизациядан кейін көрсеткіштер ара-қатынасы және қалада тұратын балалардың аурушаңдылық көрсеткіші ауылда тұратын балалар ауыршаңдылық көрсеткішімен салыстырғанда бұрынғысынан бірінші рангілік орынды алады, көрсеткіштер айырмашылығы балалар мекемелеріне бару бойынша кіші тұрғындардың құрылымына байланысты емес екені туралы қорытынды жасап, басқа себеп іздеу керектігін көрсетеді.


Иллюстрациялы материалдар: (слайдтар)


Әдебиеттер


  1. Әміреев С.Ә, Темірбеков Ж.Т. Эпидемиология. Т.1. Жалпы эпидемиология. – Алматы: Ғылым, 2000.- 551 б.

  2. Әміреев С.Ә., Момынов Т.Ә., Черкасский Б.Л., Оспанов К.С. Жұқпалы аурулардың стандарттық анықтамасы және атқарылатын шаралар алгоритмдері. 1 т. Алматы, 2009.

  3. Амиреев С.А. Эпидемиология. 2 т. Алматы, 2002.

  4. Черкасский Б.Л. Руководство по общей эпидемиологии – М.:Медицина, 2001. – 560 с.
  5. Покровский В.И., Пак С.Г., Брико Н.И. и др. Инфекционные болезни и эпидемиология. Учебник для медицинских вузов. 2-е издание.-М.-ГЭОТАР.-МЕД, 2007.- 816с.


  6. Белозеров Е.С., Иоанниди Е.А. Курс эпидемиологии: Учеб. пос. для леч. и пед. фак. медвузов // Элиста: Джангар, 2005.-136с.


Бақылау сұрақтары (кері байланысы)

  1. Интенсивті көрсеткіштер (жиілік көрсеткіші).

  2. Экстенсивті көрсеткіштер (құрылым көрсеткіші).

  3. Көрнекілік көрсеткіші.

  4. Қатынастық көрсеткіші.